25
2. Кеден тарифтері дамушы елдер үшін қосымша қаражаттар табу, ал
дамыған елдер үшін сыртқы сауданы реттеу немесе ұлттық өндірушілерді
қорғау құралы
болып
отыр.
Мемлекеттің импорттық
экспорттық
операцияларын реттейтін тиімді құралы баж алымы, мемлекеттік баждың көп
түрлілігі, оны сыртқы сауданы реттейтін икемді құралға айналдырып отыр.
Кедендік баж импорттық, экспорттық, транзиттік болып 3- ке бөлінеді.
Ең жиі қолданылатын салықтың түрі- импорттық тауардан алынатын кеден
бажы. Дамушы елдерде импортқа салықтар қаражат табу көзі болып саналады.
Экспорттқа салықтар сирек қолданылады. Олардың мақсаты – мемлекеттік
қазынаны толтыру үшін қосымша валюталық түсімдер келтіру. Экспортқа
салықтар дүниежүзілік нарықта тауардың құнын өсіріп, бәсекелестік
мүмкіндігін төмендетеді. Транзитті кеден бажы ұлттық територияны кесіп
өтетін тауарлардан алынады. Бұл салықтар қазіргі кезде көп қолданылмайды.
Олар тек халықаралық жол қатынасының жұмысына зиян келтіретін тауарларға
ғана салынады. Кеден баждың деңгейін анықтау үшін негізінен 2 әдіс
қолданылады:
1) Кеден бажы тұрақты түрде тауардың бір өлшемінен алынады. Мысалы:
1 ц астыққа 1 доллар кеден бажы. Мұндай салық арнайы салық деп аталады.
2) Кеден бажы сатушының декларацияда көрсеткен тауарлар құнынан %
түрінде алынады.
Кеден бажының жинақталған тізімін кеден тарифі деп атаймыз.
Дүниежүзілік сауда қарым – қатынастары дамыған сайын кеден тарифінің
құрылымы да күрделене түседі.
- Макродеңгейде сандық шектеулер импорттың көлемін қатаң қадағалап,
валюта шығынының мөлшерін болжауға мүмкіндік береді. Импорттың
көлемін сандық шектеуді квота (үлес) деп атайды. Импортық квоталар тұтыну
деңгейін төмендетіп, тауар бағасының жоғарылауына әсер етеді. Жекелеген
тауардың импортына қатысты сандық шектеулер жалпы квоталар деп аталады.
Олар бір жылдың ішінде импортталатын тауардың нақты мөлшерін белгілейді.
Импорттық квотаның мақсаты- сыртқы бәсеке қаупін жою. Экспорттық
квотаның мақсаты: шикізат жергілікті жер өңдеуді ынталандыруүшін оны
шетке шығаруды қысқарту, дүниежүзілік нарықтағы сұраныс деңгейінің
төмендеуіне сәйкес экспортты азайту, ішкі нарықта нақты тауар бағасының
өсуіне экспорттың әсерін қадағалау, әскери – саяси мақсаттарды қамтамасыз
ету т.с.с.
Экспортты квоталау Қазақстанда да кеңінен қолданылады. Экспортына
квота белгіленетін тауардың жалпы көлемі 90 ж. республикада бірнеше өсті.
Шикізат тауарын квоталаудың мақсаты, олардың ішкі нарықта қолданудың
деңгейін төмендетпеу, арзан шикізатты пайдаланатын өнеркәсіб салаларына
көмектесу.
- Квота беруде анықтау қиын болатын ретсіздіктердің алдын – алу
мақсатында мемлекет импортқа лицензиялар береді.
Лицензия деп – шетелден тауар және қызмет көрсетулер түрлерін әкелуге
немесе шетелге шығаруға мемлекет орындары беретін рұқсатты айтамыз.
Реттеудің бұл формасы квотаға қарағанда көп байқалмайды, бірақ тиімділігі
26
жоғары болуы мүмкін. Лицензиялар жалпы, жеке және автоматты болып 3 – ке
бөлінеді.
Жалпы лицензия қандай тұлғаға болса да, тауарларды ешбір шектеусіз
әкелуге немесе көрсетілген елден ұзақ уақыт бойы жеткізуге берілетін рұқсат.
Жеке лицензия, нақты фирмаға әкелуге рұқсат етілген тауардың көлемі,
жеткізілетін уақытты және атауы көрсетіліп беріледі. Автоматты лицензия
берілген фирманың қандай және қанша тауар жеткізетіндігін, оның көлемін,
сапасын мемлекет тұрақты түрде белгілеп, бақылап отырады. Лицензияның
тиімділігін анықтайтын әдістерге ашық конкурс, басым артықшылық беру және
шығынды әдістер жатады. Бұл әдістің ішіндегі ең тиімдісі лицензияларды ашық
конкурс арқылы бөлу әдісі. Қазіргі кезде кең тараған әдіс – басым артықшылық
беру әдісі. Бұл жағдайда лицензиялар мемлекет тарапынан ерекше жеңілдіктер
алған фирмаға беріледі.
Шығынды әдіске сәйкес лицензиялар өндірістік қуаттары мол, жұмысшы
күші жеткілікті фирмаға беріледі.
Теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар
1. Дамыған елдердің сауда саясаты
2. Дамушы елдердің сауда саясаты
3. ТМД және Қазақстан сауда саясаты
4. Баж салығы, оның функциялары
Негізгі түсінік
Квота
Кедендік баж
Кедендік тариф
Еркін сауда
Сыртқы сауда саясаты
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Мамыров Н.К., Мадиярова Д.М., Калдыбаева А.Е. Халықаралық
экономикалық қатынастар, А.:Экономика, 1998.
2. Халықаралық экономикалық қатынастар/Елемесов Р,Е. Бас. Ред.,
А.:ҚазҰУ, 2002.
3. Кругман П., Обстфельд М. Международная экономика. Теория и
политика, М.,1997.
4. Сальваторе
Д.
Международная
экономика:
Пер.с
англ./Под
ред.Г.Н.Котова.-М., 1998.
5. Шимко П.Д. Международная экономика: практикум- Ростов н/Д: Феникс,
2004.
6. Международные экономические отношения./Под ред.Р.Е.Елемесова.-
Алматы: қазақ университеті, 2001.
27
8-ТАҚЫРЫП. КАПИТАЛДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУ
Дәріс мақсаты - халықаралық несиелеу сипаттамасы мен капиталды шетке
шығарудың мәнін түсіндіру
Дәріс жоспары:
1. Капиталды шетке шығару және халықаралық миграция түсінігі.
2. Капиталды шетке шығару себептері.
3. Халықаралық несиелеу түрлері.
1. Капиталды шетке шығару дегеніміз - капиталдың бір бөлігін ұлттық
айналымнан шығарып, тауар немесе ақшалай нысанда басқа бір елдің өндірістік
процесі мен айналымына енгізу.
Ең алғаш капиталды шетке шығарумен өнеркәсібі дамыған елде
шұғылданды. Олар өз капиталын дүниежүзілік шаруашылықтан шет жатқан
мемлекеттерге шығарды. Капиталдың шетке шығарылуы елдер арасындағы
оның белсенді миграциясы – қазіргі кездегі дүниежүзілік шаруашылық пен
халықаралық эканомикалық қатынастың өте маңызды белгілерінің бірі. Ол
тауардың шетке шығарылуы монополиясын ығыстырады. Негізінен
тауарлардың шетке шығарылуын толықтырды және сыртқы нарықта жеңіп алу
құралы ретінде қолданылады. ХХ ғасырдың II жартысында капиталды шетке
шығару үнемі өсіп келеді. Қазіргі кезде өзінің өсу қарқыны бойынша капитал
экспорты тауар экспортын да, өнеркәсібі дамыған елдің ішкі жиынтық өнімі
өсуінің қарқынын да артта қалдырды. Капиталды шетке шығару процесінің
жедел өсуі оның халықаралық миграциясын күшейтті.
Капиталдың халықаралық миграциясы (ауысуы) дегеніміз - капиталдың
меншік иелерінің табыс көзі ретінде, елдер арасындағы қарама-қарсы
қозғалысы. Мұның өзі бір мезгілде әр бір ел капиталды экспорттаушы да,
импоттаушыда болатын жағдай, яғни, қарама - қарсы инвестициялар.
2. Капиталды шетке шығару себептері мыналар:
1. Шетке шығарушы елдегі капиталдың мол қоры.
2. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс
пен ұсыныс арасындағы тепе- теңдіктің бұзылуы.
3. Жергілікті нарықты морополизациялау мүмкіндігі.
4. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінінің болуы.
5. Саяси тұрақтылық пен қолайлы инвестициялық жағдай.
Капиталды шетке шығаруға мүмкіндік беретін және оны ынталандыратын
факторларға мыналар жатады:
1. Капиталды шетке шығарудың қозғаушы күші ұлттық экономиканың
өзара байланысы мен өзара үйлесуі.
2. Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы. Бұл трансұлттық корпорацияның
еншілес компанияларды қаржыландыруы.
Достарыңызбен бөлісу: |