Еңбек миграциясы Қазақстанда: қазіргісі мен болашағы



Дата30.12.2019
өлшемі61 Kb.
#25498

Еңбек миграциясы Қазақстанда: қазіргісі мен болашағы
Қалдыбаева Т.Ж.,ә.ғ.д., профессор,

Магистратура және PhD докторантура институты

Саясаттану және әлеуметтікфилософиялық пәндер кафедрасы

Абай атындағы Қаз ұлттық педагогикалық университеті

Миграция және еңбек миграциясы жаһанданушы әлемнің заңдылықты әлеуметтік-экономикалық және саяси, мәдени құбылысына айналып алды. Ол әлем елдері арасындағы және ұлттық мемлекеттердің өз ішіндегі әлеуметтік қатынастардың аса маңызды және елеулі ықпалды факторы болып отыр. Халықаралық еңбек Ұйымының есебі бойынша қазіргі жағдайда 300 млн. адам көшіп қонушылар қатарында, ал оның 105 млн. өз елінен сыртқы қоғамдық ортадағы айналымда жүр. Неліктен? Біріншіден, әлем елдерінің бай және кедей болып бөлініп отыруынан. Жұмыссыздық, кедейшілік, күн көріс көзін іздетеді, тіпті қатерлі жағдайлардың болуына қарамастан еңбекке жарамды адамдардың белгілі бір бөлігі көші-қон субъектісіне айналады. Екіншіден, трансұлттық экономикалық, ғылыми, мәдени байланыстар да интеллектуалдық және технологиялық кәсіби активті еңбек күштерін де өз мүмкіндігін тиімді іске асыру мақсатында қоныс аударуға ынталандырады. Көптеген елдердің тек қаржы инвестициясына ғана емес, интеллектуалдық еңбек күші инвестициясына да сұранысы жоғары. Тағы бір себеп – бірқатар дамыған елдердің халқының және қалалардың қартаю үрдісі. Сол себепті экономикасы дамыған елдердің арнайы құрылған институциялық жүйелері басқа елдердің қабілетті және білімді жастарын өзіне тартудың ынталандырушы тетіктерін іске қосуда. Алайда тек еңбек күштері ғана емес, саяси-идеялық ықпал ету (діни, саяси, ұлттық экстремизм) және басқа қылмыстық элементтерінің де шекара асып, тамыр жайып, жекелеген қоғамдарды іштен іріту әрекетіне талпынысы артуда. Кейбір өңірлер мен елдерде экономикалық қауіпсіздік мәселесі де ерекшелене бастады. Осы аталған жағдайлардың өзі қазіргі заманғы миграцияны әлеуметтану ғылымы жан-жақты және терең қарастыруға тиісті елеулі зерттеу құбылысына айналдырып үлгерді. Мәселе адамдар және олардың тағдырлары туралы болып отырғандықтан бұл тек мемлекетаралық емес, ең алдымен әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік орталардағы адамдық арабайланыстар, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси, яғни, әлеуметке тікелей қатынасы бар өмірлік құбылыстар. Миграция социологиясы теориялық, методологиялық, эмпирикалық және праксеологиялық тұрғыда жан-жақты негізделуге, дамытылуға және оқытылуға тиісті білімдік, әлеуметтік танымдық сала.

Мақалада негізінен еңбек миграциясы, еңбекке бағыттау, қабылдау, орналастыру және әлеуметтік қорғау мәселелері, еңбек рыногының әлеуметтік қырлары қарастырылмақ. Басты объект – Орта Азия өңірі. Неліктен осы өңірдегі еңбек көші-қонының мемлекеттер аралық сипат алып, өзекті мәселеге айналып отырғаны, оның Қазақстанға тікелей қатысты бар проблемалық қырлары туралы болып отыр.

Қазіргі жас тәуелсіз мемлекеттер бұрынғы ортақ отанның тез арада ыдырауынан кейінгі онжылдықта барлығыда терең экономикалық дағдарысты, әлеуметтік-саяси, стратификациялық қайта құрылуды, құндылықтардың түбірлі өзгерістерін бастан өткізді. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы деп аталған және осы кеңістікте өзіндік саяси-экономикалық мәні бар әлемдік өңірдің бірінің пайда болуына қарамастан, оның құрамына енген мемлекеттердің даму деңгейі соңғы онжылдықта өзінің әркелкілігімен ерекшеленуде. Аты «Орта Азия» деп аталғанымен заты территориясының басымын азиялық кеңістік құрайтын Ресей елін қоса қамтыған осы бір территориялық-географиялық, саяси-экономикалық кеңістікте еңбек рыногының өзіндік сипаты пайда болды. Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріндегі саяси тұрақсыздықтар мен экономикалық артта қалушылықтар отбасылары мен жеке тұлғалар арасында қазіргі жағдайдағы кездесіп отырған қалың жұмыссыздық пен кедейшілікті тудырды. Еңбекке жарамды жастар арасында өз еліндегі игілікті ертеңіне сенімсіздікті арттырып, оларға жақын және алыс елдерге жол тартқызды, еңбек көші-қоны легін тудырды. Еңбек миграциясы тұрғысынан қарағанда Ресей мен Қазақстан қабылдаушы елге айналды. Алайда еңбек миграциясының мәдениеті лайықты қамтамасыз етілмей, «жасырын» және «заңсыз» мигрант сияқты ұғымдарды тудырды, «адам саудасы», «адамды адамның қанауы», «бала еңбегі» сияқты өткен ғасырлармен бірге кеткен кейбір құбылыстарды қайта оралтты. Оның тек ортаазиялық қана емес, бірқатар әлем өңірлерінде кездесіп отырғаны адамзат өркениетінің жоғары кезеңі болуға тиісті ХХІ ғасырдың әлеуметтік мәдениеттің үлкен олқылығын байқатып отыр.

Еңбек мигранттары мен басқа да жаңа қонысқа көшіп-қонушылардың территориялық қозғалысын ұйымдастырудың неғұрлым жетілдірілген жолдары да бар. Халықтың тығыздығына және адамдардың сұранысына байланысты Ресей мен Қазақстанға және басқа ТМД еліне қайта оралуға ниет білдірген неміс азаматтарын Германияда мемлекет және мемлекет қолдаған үкіметтік емес ұйымдар өз қолдарына алуда. Олар, айталық, Қазақстанның орталық және өңірлік басқару жүйелерімен, қазақстандық жұмысберушілермен алдын ала байланыс жасай отырып, болашақ мигранттарды қажетті ақпаратпен толыққанды қамтамасыз етеді, көшіп қонушылардың мемлекетаралық қозғалысын, жоспарланған жаңа қонысқа жетуін, орналасуын тек қадағалап қана қоймай, қаржы жағынан қамтамасыз еуде. Шет елге жол тартқан отандастарының тағдыры үшін мүдделілік танытылуда. Сөзсіз, еуропалық мигранттардың біліми-мәдени деңгейімен бірқатар жеткіліксіз дамыған елдер еңбек мигранттарының білімі, жалпы мәдениеті мен кәсіби деңгейі арасында елеулі айырмашылықтар да бар.

Қазақстанға көршілес, тарихи тағдырлас елдердегі кедейшілік еңбек ресурстарының эмиграциялық қозғалысына, оны саналы және заңды түрде ұйымдастыру жұмыстарына зор проблемалық сипат беріп отыр. Кәсіби және қаржылық шектелушілік еңбек көші-қонын жеткілікті реттелмеген құбылыс етіп, оның салдарлары жасырын, заңнан тыс жатқан қозғалыстардың, еңбек мигранттарының тұрмыс-тіршілікке қауіп-қатер құбылыстарының туындауына негіз беріп келеді. Сол себепті еңбек миграциясы тек экономиканы дамыту және кедейшілікті азайту факторы емес, ең алдымен ұлттық қауіпсіздік мәселесі ретінде бағалануда, соған сай қабылдаушы мемлекет тарапынан тиісті шараларды қолданылуына әкелуде.

Қазақстан Республикасы Орта Азия елдерінің бірі. Басқа өңірлес көрші елдермен салыстырғанда жоғары дамыған мемлекет ретінде тек миграция мәселесінде ғана емес, жалпы өңірлік мәселелерді реттеуде шешуші факторға айналды. Өзінің салиқалы, ғылыми-практикалық негізделген ішкі және сыртқы саясаты арқылы Қазақстан бүкіл өңірді әлемге жатымды жағынан танымал етті және сыртқы халықаралық ірі саяси-экономикалық күштердің бұл өңірге байсалдылықпен, өркениеттілікпен қатынасуына да зор ықпал етуде. Тек саяси, идеялық, мәдени тұрғыда емес әрі экономиканың дамуының өркениттілігін қамтамасыз ету тұрғысынан да өңірлік көшбасшылыққа қол жеткізді. Мұны бүкіл Орта Азия өңірінің халқы, әлеуметі түсініп, көріп-біліп, және құптап отыр. Қазақстандық қоғам әлеуметтік көпқабаттылық пен көпэтностық жағдайда экономиканы және рухани бірлестікті дамытудың өзіндік өркениетті үлгісін берді. Тарих үшін азғана ғана жылдарда Қазақстан Республикасы ішкі көші-қонды реттеу және шет елдегі отандық қандастарды атажұртына оралуы ісін шешуде де әлемнің бірқатар елдерінің қызығушылығын тудырған тәжірибе жинақтап үлгерді. Бұл қоғамдық өмір шындығы саласында да қазақстандық әлеуметтану ғылымының өзіндік үлесі бар екенін, миграция мәселесінің қазақстандық ғылымда әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар тарапынан елеулі деңгейде зерттеліп келе жатқанын атап айта кеткен жөн деп санаймыз.

Орта Азия өңіріндегі еңбек миграциясы, оның ішкі қарама-қайшылықты жақтары мен болашағы 29-31 наурызда Астана қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық еңбек ұйымының ұйымдастыруымен және Европалық Одақтың қаржылық қолдауымен өткен Субөңірлік симпозиумында мемлекет аралық деңгейде терең талқылынды. Симпозиумның басты назарға алғаны – атқарушы үкіметтер, жұмыс берушілер және еңбек мүддесін қорғаушы кәсіподақтардың, яғни Үшжақты тараптардың еңбек көші қоны мәселесін реттеуге тікелей қатынасын, олардың өзара әлеуметтік әріптестігін орнату. Шараның басты мәні – еңбек миграциясының экономиканы дамытушы фактор ретінде танытуы және соған сай қабылдаушы мемлекеттер аясында еңбек мигранттарының құқықтық және әлеуметтік қорғалуының қамтамасыз етілуі.

Сөз жоқ, қойылым өркениеттілік рухына, еңбек іздеуші және еңбек етуші индивидтер мүддесіне сай. Донор елдер мен қабылдаушы елдер мүдделері бұл мәселеде ортақ. Алайда осы адам үшін игілікті сұраныстарды қабылдаушы қоғамдар тарапынан іске асыруға бөгет болып отырған әлеуметтік шындықтардың да бет-жүзі мен түп тамыры ашыла түсті. Өмір шындығының дәлелі ретінде әлеуметтік фактылер алға тартылып, тараптар жағынан жағдайды терең түсіністікпен талдауға, талдау арқылы жақын болашақты болжауға және сол негізде нақты шаралар мен шешімдерді жүйелеуге жол ашты. Ол қандай шындықтар?

1. Көрші тарихи тағдырлас, территориялық-географиялық өңірлес мемлекеттердің мемлекеттік бюджетінен осы елдерден сырқа шыққан еңбек мигранттарының елге әкелетін пайдасының елеулі деңгейде артып түсіп жатқаны. Бұл, екінші жағынан, елдегі кедейшіліктің де өзіндік өлшемі.

2. Еңбек миграциясының бұл елдердегі жұмыссыздықты азайтудың, жүздеген отбасыларының күнкөрісін қамтамасыз етудің аса маңызды жолы болып отырғандығы.

3. Еңбек миграциясы донорлық әлеуметтік орталар үшін орта және шағын бизнесті дамытудың да маңызды көзіне айналған.

4. Аталған елдердегі экономикалық және саяси ахуал түзеліп, жұмыс күшіне ішкі сұраныс артыла қалған жағдайда елінің сыртында жүрген еңбек миграциясы өкілдері өз отаны үшін білікті еңбек ресурсына айнала алады.

5. Күн көріс үшін, отбасының қамын ойлап және өз мұмкіндігін іске асыру ортасын іздеп шет елге шыққан отандастары тағдыры үшін қамқорлық таныту, қабылдаушы тараптармен бұл мәселені талқылау және оның өркениеттілікпен шешілуіне қол жеткізу – қазіргі мемлекетаралық қатынастардың маңызды саласы және бұл қабылдаушы елдің де мүддесінде.

Біріккен Ұлттар Ұйымы, оның еңбек саласындағы өкілетті ұйымы Халықаралық еңбек ұйымының Орта Азия өңіріндегі еңбек миграциясына назарының артуы да қазіргі жаһандандық арақатынастар талаптарына сай келеді. Аталғандарға қоса, экономикалық жоғары дамыған елдердегі қартаю үрдісінің артуы, демографиялық өсім активтілігін сақтап отырған Орта Азияның өскелең еңбек ресурсына назар аудартып отырғаны да шындық.

Біздің түсінуімізше, еуразиялық өңірдің өз арасындағы еңбек ресурсына мұқият көзқарасы мен қатынасы қажет. Бұл - таусылмайтын ресурстық көз бола бермеуі мүмкін. Оның ұстіне қазіргі қабылдаушы елдердің территориялық іргелес жатқан және менталитеті жақын еңбек ресурстарына сұраныстарының азаюы екіталай. Оған дәлел ретінде келесі бір фактіні атай кетуге болады: Ресей мемлекетіне 2010 жылы 13,5 миллион еңбек мигранттары келсе, 9 миллион еңбек субъектісі сыртқы елдерге жол тартқан. Яғни, еңбек ресурстары мен миграциясы тек жеке тұлғалардың немесе жеке мемлекеттердің ғана мәселесі емес, әлемдік өңірлердің арақатынасына қатынасты ірі проблемалардың бірі. Сол себепті де ол елеулі ғылыми танымдық құбылыс

Назарымызды енді Орта Азия өңіріндегі еңбек миграциясының жоғары мәдениетін қамтамасыз етуге не бөгет болып отырғанына аударайық. Алдымен, бағыттаушы донор елдер тарапынан.

1. Еңбек көші-қоны ресурсының территориялық қозғалысы бағытталған елдердегі еңбек сұранысы туралы, қайда және қаншама жұмыс орындары бар, қандай мамандықтар мен еңбек күштеріне, мамандарға сұраныс артып отырғаны туралы жан-жақты және жүйелі ақпарат ала алмай отырғаны. Әсіресе орталық қалалардан тыс жатқан елді мекендерде;

2. Донор елдің ресурстық еңбек күшін сыртқа бағыттауды өркениеттілікпен және тиімділікпен ұйымдастыратын және мемлекеттік бақылау және реттеумен қызметі үйлестірілген институционалдық жүйе ретінде қалыптаспаған. Жекелеген жеке меншік орталықтар қарапайым еңбеккерлердің мүддесінен гөрі өз мүддесін жоғары қойып келеді. Бұл заңсыз және жасырын миграциялық қозғалыстардың толастамай отыруының бір себебі.

3. Тұрмыс-тіршілік қамымен шекара аспақшы азаматтарды баратын елдің заңдарымен, нормалық негіздермен, еңбек рыногындағы ерекшеліктермен жете таныстыру және денсаулығы мен біліктілігі туралы құжаттарды даярлау мен рәсімдеу ісінің қолжетімділігі қамтамасыз етілмеген.

4. Болашақ еңбек мигранттарының кәсіби біліктілігі негізінен төмен, өз елінде оларды кәсіби даярлау мәселесі реттеліп шешілмеген. Тек Ресей мен Қырғыз елінде өзара бірлесе отырып сұранысты жұмысшы мамандықтарына даярлау мәселесі қарастырылуда. Егер Ресей елінде 500 мың Қырғыз елі азаматтарының еңбек ететінін (Қазақстанда 50мың) ескерсек, бұл қадамның екі жақ үшін де маңызды екенін түсіну қиын емес.

5. Қабылдаушы елдерде еңбек миграциясы мәселесін өркениеттілік негізде шешуге жоғарыда аталған реттелмеген жағдайлар.зор бөгет жасап отыр. Жасырын және басқа да заңнан тыс жатқан миграция мен кәсіби біліктіліктің жеткіліксіздігі бірқатар еңбек адамдарын адам саудасының, қанаудың объектісіне айналдырып, қылмыстық әрекеттерге итермелеуде.

Орта Азия республикаларының саяси-әлеуметтік тіршілігі тұрақсыз, экономикалық дамуы жеткіліксіз және діни экстремистік күштердің ықпалдылығы байқалып келе жатқан қоғамдармен іргелес жатуы да еңбек миграциясы мәселесін ұлттық қауіпсіздік пен ұлтаралық мәселесімен қатар қойғызып келеді.

Қазіргі қалыптасқан өңірлік жағдай қабылдаушы елдердегі еңбек рыногын қорғау мәселесін де өзекті етіп қалдыруда. Мәселен, Қазақстанның Жұмысберушілер Федерациясының Қазақстан Республикасында 2,7 миллион өзін-өзі асыраушы, яғни, қоғамдық ұйымдасқан еңбектен тыс жатқан еңбек ресурсы мен еңбекке жарамды адамдардың 6 пайызы жұмыссыз отырған жағдайында жұмысберушілердің олардың ең алдымен отандық еңбек ресурсының мүддесін іске асыруға тырысатынын мәлімдеуі және бағыттаушы тараптар алдына еңбек ресурсын кәсіптік даярлауға тиісті мән беруге, жасырын миграцияға тосқауыл қоюға щақыруын орынды деп есептейміз.

Сонымен қатар қазақстандық қоғамда отандық іскер ортаның әлеуметтік жауапкершілігін арттыру да өткір өміршең мәселе. Арзан жұмыс күшіне қызығушылық бірқатар жұмыс берушілерді мемлекеттік заңдылықты айналып өтуге, отандық жұмыс күшінің мүддесіне немқұрайды қарауға алып келуде. Еңбек қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету, еңбеккерлердің денсаулығы мен тұрмыстық-санитарлық жағдайына көңіл бөлу, сырттан енген қылмыстық элементтердің елдегі еңбегін шектеу сияқты мәселелер әліде өзінің өзектілігін сақтап, мұндай құбылыстарға мемлекеттік бақылауды арттыру арқылы реттеу қажет болуда.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеті миграция, соның ішінде еңбек миграциясына зор мән беріп отырғанын, 2012 жылдарға дейінгі қабылданған мемлекеттік Миграция Концепциясының негізінен халықаралық нормалар талаптарына және мемлекеттің өзіндік ішкі сұраныстарына сай жасалғанын атап айту керек. Миграция туралы мемлекеттің Заң жобасы қазіргі уақытта жоғарғы мемлекеттік заң шығару органында - Парламентте талқылануда. Мәселе мыңдаған, миллиондаған адамдар тағдырына және мемлекетаралық қатынастарға, қазіргі әлемдегі елеулі өңірдің бірінің әлеуметтік қатынастарына, кедейшілікті азайту және еңбек пен еңбекшілерге қатынас туралы болып отырғандықтан Қазақстанның жаңа заңының мәні тек Қазақстан үшін ғана маңызды емес.

Біздің пікірімізше Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері еңбек миграциясына байланысты бірқатар проблемалардың әліде сақталып отыруына қарамастан, аталған қоғамаралық мәселені заңдылық негізге қоюда, бар проблемаларды мемлекеттік бақылау жағдайында реттеуде және процессті ізгілендіруде бірқатар жатымды тәжірибе жинақтап үлгерді. Халықаралық еңбек ұйымының соңғы үш жыл барысындағы Орта Азия өңіріндегі еңбек көші-қонын терең зерттеуі бұл жинақталған тәжірибелерді назарға алдыруға тиіс. Алайда әртүрлі себептерге байланысты әліде шешімін таппаған проблемалар баршылық. Еуразиялық экономикалық Одақ және Қазақстан, Ресей мен Беларусь елдерінің біртұтас экономикалық аймақ құруына байланысты еңбек миграциясын заңдандыру және реттеу мәселесі тіптен сұранысты бола түсуде.



Адам құқын қорғаушы халықаралық құжаттардың маңыздылығын ескере отырып, ең алдымен ТМД елдері еңбек миграциясы мәселесін өркениеттілікпен шешуге бағытталған, әлем елдерінің көпшілігі үшін қолайлы стандарттық негіздерді, ережелерді толыққанды бейнелей алатын жаңа Еңбек Конвенция жасалуы қажет деген қорытынды жасаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау