Пәннің ОҚУ-Әдістемелік материалдары «Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің



жүктеу 498 Kb.
бет1/5
Дата20.11.2018
өлшемі498 Kb.
#22285
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ

БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ



«Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің

5В011300«Биология» мамандығының

Семей қаласы,

2014 ж.

Құрастырған: жалпы биология кафедрасының аға оқытушысы Мукаева Г.Т


Жалпы биология кафедрасы отырысында бекітілген

№ __ «__» _____20 ж.

Кафедра меңгерушісі _______________

Жаратылыстану ғылымдар факультетінің оқу әдістемелік мәжілісінде талқыланды
№ ___ хаттама «__»_____ 20 ж.
Жаратылыс-математика ғылымдар факультетінің оқу әдістемелік кенесінің төрайымы

б.ғ.к., доцент ________ Абдишева З.В.

Жаратылыс-математика ғылымдар факультетінің ғылыми кеңесінде бекітілді.
№ ___ хаттама «__»_____ 20 ж.

Пәннің мазмұны

Дәріс сабақтарының мазмұны

Биологияны оқыту әдістемесі

Дәріс №1  Биологияны оқыту әдістемесі пәні, мақсаты, міндеті. Орта мектепте биологияны оқыту мақсаттары мен міндеттері.  Ғылыми-зерттеу әдістері. Мектеп құжаттары

1.              Биологияны оқыту әдістемесі пәні.

2.              Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы.

3.              Биологияны оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеті.

Биологияны оқыту әдістемесі – мектепте өтілетін пәндерді оқыту және тәрбиелеу процесі туралы ғылым.

Методика – оқу пәнінің мазмұнын  оқыту мен тәрбиелеудің формасын, әдісін қарастырады. Методика – оқу жұмысына керекті құрал-жабдықтарды анықтайды.

Биология пәндерін дұрыс оқыту үшін жақсы жабдықталған бөлме, тірі табиғат бұрышы, мектеп жанындағы оқу –тәжірибе алаңы керек.

Биология оқыту методикасы - жалпы методика және жеке пәндердің методикасы деп екіге бөлінеді.

Жалпы методика лекция түрінде беріледі, бұл жаратылыстану пәнінің шығу тарихын, алғашқы шыққан оқулықтар, методиканың даму тарихын, түрлі тәрбиелер, оқыту әдістерін, сабақ-оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы екендігін, биологияға арналған сыныптан тыс жұмыстарды (үйірме жұмыстары және көпшілік-қоғам жұмыстары т.б.), биология кабинетін жабдықтау, тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру, жабдықтау, мектеп жанындағы оқу-тәжірибе алаңын жоспарлауды қарастырады.

Жеке пәндердің методикасы – зертханалық сабақтар түрінде жүргізіледі және олар: оқытудың әдісін анықтау, оқу материалының мазмұнын толық меңгеріп, оған қажетті көрнекі құралдарды іріктеп алу және қосымша материалдарды  пайдалану, тәжірибесін қою, жасау, тақтаны пайдалану т.б.



Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы. Биологияны оқыту әдістемесі психология пәнімен  тығыз байланысты. Әр сыныптың оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты мінез-құлқын біліп, әр жасқа әртүрлі түсіндіре білу. Психиканың заңдылықтарын білу оқыту мен тәрбиелеудің тиімді құралдары мен әдістерін табуына көмектеседі.  Соңғы кездері әдістемелік зерттеулер кеңінен психология мәліметтеріне негізделеді.

Әдістемелік ғылым, психология мәліметтері дидактиканың заңдылықтары мен принциптері тікелей және жанама әдістері арқылы қолданады. Әдістемелік ғылым ішіндегі негізгі психологтың бірі А.С. Выготский өз еңбегінде «.....білім беру оқушының кешегі күніне емес, ертеңгі күніне көзделуі керек. Демек, дұрыс ұйымдастырған оқыту үрдісі алда жүріп, даму процессін жетілдіру керек» деген.

Биологияны оқыту әдістемесінің тіл әдебиетпен байланысы.

Сабақтың мазмұнын түсіндіргенде әдеби тілмен жатық, түсінікті сөйлеуге тырысу. Кейде тақырыптың мазмұнына байланысты тіл әдебиет пәндерінен үзінді келтіруге болады.

Оқыту әдістемесінің география пәнімен байланыстылығы.

Сабақтың мазмұнына байланысты объектілердің кездесетін материктерін көрсету, мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын көрсетуге болады.

Биологияны оқыту әдістемесі пән ретінде мектеп, гимназия колледждердің биолог оқытушылары мен ұстаздарын дайындауда аса маңызды болып есептеледі.

Әдістеменің міндеттері. Әдістеме көмегімен жасалған теориялық жағдайларды практикалық әрекеттер түріне айналдыру.

Биологияны оқыту әдістемесі биологияны оқытудың заңдылықтарын белгілейді.

Орта мектептегі білім мен тәрбие берудің маңызын анықтайды.

Оқу пәнінің мазмұнын қайта қарайды, толықтырады, жақсартады. 

Оқытудың әдістерін жасап береді.

Сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстардың мазмұнын, әдістерін жақсартады.

Алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін негізге ала отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жақсартуға жөн сілтеген жаңа әдістер жасайды.

Биология кабинетінің, тірі табиғат мүйісінің, оқу-тәрбие алаңының ұйымдасуын, керекті көрнекі құралдармен жабдықталуын практика жүзінде тексеріп отырады.

Әрбір ұстаз биология ілімінің терең сырын, маңызын қоғамдағы, өмірдегі және әрбір жеке адамның күнделікті қызметіндегі орнын түсіне отырып қана, жаңа жас ұрпақты тәрбиелей алады. Сондықтан биология пәнінің мұғалімін – осы білімді насихаттаушы деп есептеуге болады. Тек биология курсы пәндерін оқыту арқылы ғана, әдістерін жетілдіру нәтижесінде тереңдете дәйекті түрде адамның табиғаттағы ролін ашып  көрсетіп, экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттырып, өз өміріне сауаттылықпен қарауды жолға қоюға болады.

Әрбір ғылымның пайда болуы мен дамуы адамның тіршілік тілегін қанағаттандыруға бағытталған практикалық қызметіне байланысты.

Сондықтан БОӘ биологияны не үшін оқыту қажет, қалай оқыту керек, нелерге оқыту керек және биологияны оқыту процесінде балаларды қалай тәрбиелеуге болады деген сұрақтарға жауап беретін ғылым ретінде пайда болған.


Биологияны оқыту әдістемесі – мектеп пәнінің ерекшелігіне байланыс-

ты оқыту және тәрбиелеу процесінің жүйесі туралы ғылым.



БОӘ- рационалді әдістер мен тәсілдерді орнатады, және биология пәнінен мұғалім оқушыға оқу материалын сапалы түрде меңгертіп, тиянақты білім беріп, оны өмірде қолдана білуге үйретеді.

БОӘ- оқу пәнінің мазмұнын, оқыту және тәрбиелеу әдістері мен үлгілерін қарастырады. Бұл тараулар бір-бірімен байланысты және бірін-бірі толықтырады.

БОӘ- мен оқу жұмысының жабдықтары мен тәсілдері белгіленеді.

Биология оқу пәні ретінде оқыту әдістері мен формаларының ерекшелігімен өзге пәндерден айырмашылығы бар. Бұнда нақтылы объекттер мен күрделі табиғат құбылыстары, және табиғаттың дамуы зерттеледі.

Материалдық ерекшелігі оның тәрбие мүмкіндіктерін де белгілейді (анықтайды).

Оқушылар ойын дамытуда биологиядан жүргізілетін мектептік курстың маңызы зор.Биологияның басқа оқу пәндерінен ерекшелігі,ол қарапайымнан күрделіге өту жолын байқап,отыруға,бөлік пен бүтіннің құрылысы мен қызметінің өзара байланыстылығы және өзара тәуелділігін айқындауға, табиғаттағы құбылыстардың аса күрделі байланыстылық себептерін түсінуге мүмкіндік береді.

Кез келген басқа оқу пәндері тәрізді биология курсын меңгерген кезде оқушы әр түрлі ойлау процестерін атқарады:бақылап, салыстырады, анализ жасайды,қорытындылайды, өздері бақылаған құбылыстардың себебі мен салдарын белгілейді.

БОӘ-сі жалпы БОӘ мен жеке (арнаулы) әдістемелерге бөлінеді (табиғаттану,ботаника,зоология,тәнтану,физиология,адам гигенасы және биоло-

гия).

1.БОӘ биологиялық ғылыммен тікелей байланысты.



Мектептегі биология пәнімен биология ғылымының арасында үлкен айырмашылық бар. Бұлардың мақсаттарымен көлемі, құрылымы және баяндау әдістерімен формалары өзгеше.

Биология ғылымының мақсаты- зерттеу арқылы табиғат туралы жаңалықтар, жаңа білім алу.

Мектеп биологиясының мақсаты- оқушыларды даяр ғылыми фактілермен заңдылықтармен таныстыру.

Мектепте биологияны оқытуға белгілі ғана уақыт бөлінген, сондықтан оқушыларды нақты ғылыми негіздермен таныстырады және ғылыми проблемаларды артық информациясыз түсіндіреді.

Биология ғылыми өзінің даму кезеңінде жеке ғылымдарға бөлінсе (анатомия,систематика,т.б.),дифференциалданса, мектеп биологиясын-

да жеке ғылымдардың элементтері біріктірілген, интеграцияланған.

“Ғылымды ғылыми және педагогикалық баяндау- екі түрлі заттар”, К.Д. Ушинский.

Биология агрономиямен медицинаның негізі болып саналады.

2.БОӘ балалар психологиясымен байланысты.

3.БОӘ педагогика мен байланысты.

Өз пәніне қызығушылығы болмай, оқытушы биологияны оқыту процесінде әсіресе биология материалында тәрбиелеу процесінде мақсатына жете алмайды.

“Ғылыммен оқушыны тәрбиелегін келсе, өз ғылымыңды сүй және біл, сонда оқушылар өзіңдіде ғылымды да ұнатады, және сен оларды тәрбиелей аласың; егер өзің ғылымды сүймесен, қанша оқуға мәжбір етсеңде, ғылымның тәрбиелік әсері болмайды ”- Л.Н. Толстой.


Дәріс №2 Отандық биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы мен дамуының тарихы.

  1. Революциядағы дейінгі кезең.

  2. 19-ғасырдың 2-ші жартысындағы жаратылыстанудың жағдайы

  3. Советтік кезең

  4. Қазақстандық ғалымдардың биологияның дамуына қосқан үлесі

Революциядағы дейінгі кезең. Жаратылыстануды оқу пәні ретінде мектепке еңгізудің себептері. В.Ф.Зуев 1-ші жаратылыстану оқулығының авторы. 1804 жылғы мектеп реформасы. Мектеп жаратылыстанудағы суретті-жүйелілік бағыты, оның мазмұнында К.Линней системасының көрініс табуы. 19-ғасырдың 2-ші жартысындағы жаратылыстанудың жағдайы. Жаратылыстануда оқыту әдістемесіндегі Любендік және эволюция-биологиялық бағыт. Рулье К.Ф. жұмыстарының, Ч.Дарвин жаңалықтарының мектеп жаратылыстануындағы табиғатка деген метафизикалық көзқарастарға қарсы күрестегі ролі. Д.Н.Кайгородов, оның табиғатты зерттеудегі көзқарастары. В.В.Половцев, оның отандық жаратылыстану әдістемесін дамытудағы ролі.

Б.Е.Райков, оның революцияға дейінгі және советтік кезеңдердегі отандық жаратылыстану әдістемесін дамутыдағы ролі.

Советтік кезең. Советтік жаратылыстану әдістемесінің тууы. Мектеп жаратылыстануына қойылған жаңа талаптар. Оқушыларда коммунистік тәрбие мен материалістік көзқарасты қалыптастыру, атеистік тәрбие. Мектептегі биология курсының негізі. Оқытудағы өлкетану принципі. Биологияны оқутыдағы оқушыларды политехникалық принципте оқыту және еңбекке тәрбиелеу.

Биологияны оқыту әдістемесінің одан әрі дамуындағы М.М.Беляев, П.П.Боровицкий, В.В. Всесвятский; М:М. Мельников, В.Ф.Нотали, И.П.Полянский, Б.Е.Райков,М.Я.Цузмердің және т.б. еңбектері, маңызы.

50-ші жылдардағы биологияны оқыту әдістемесінің дамуы, Н.М.Верзилиннің, Н.А.Райковтың, В.М.Корсунская және т.б. еңбектері. Пәнаралық байланысты жетілдіру. 1960-1980-ші жылдар.

Биология ғылымының жаңа бағыттарындағы: (цитология, биохимия, генетика, экология және табиғат қорғау) жетістіктері пайдалана отырып, биологияны оқыту мазмұнын жетілдіру. Биологиялық білім бері құрылымындағы өзгерістер, Мектепте жаңа «Жалпы биология» пәнінің, оқушыларға арналған оқулықтардың және студенттермен мұғалімдер үшін әдістемелік көмекше құралдардың пайда болуы. Орта білім беру жүйесіндегі биологиялық білім берудің қазіргі заманға сай, қоғам сұрасына қарай өзгерістері. Қазақстандық биолог ғалымдар мен әдіскерлердің және озат пән мұғалімдерінің іс тәжірибесі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тіршіліктану ғылымының бөлімі 1946 жылы ұйымдастырылды. Қазақстанда тіршіліктану ғылымының дамуына ірі жетістіктер енгізгені үшін көптеген ғалымдар әр түрлі сыйлықтардың иегерлері атанды. Қазақстан ғалымдары мал шаруашылығын дамытуда, малдың жаңа тұқымын шығаруда көрнекті нәтижелерге жетті. Малдың 10 жаңа, атап айтқанда: қойдың - 4: сиырдың 3, жылқының - 2, шошқаның - 1 қолтұқымдары шығарылды. Мал санын көбейтуде зоотехник, профессор, ВАСХНИЛ академигі, В. А. Бальмонт (1901- 1971) алғашқы отандық етті-жүнді қой тұқымы - қазақтың биязы жүнді қойын шығарды (1946). М. С. Бутарин, Е. А. Большакова, Ә. Е. Есенжолов және А. Ы. Жандеркиндердің басшылығымен отандық етті-биязы жүнді қой тұқымы қазақтың арқар-меринос қолтұқымы өмірге келді (1950). Қазақтың оңтүстік мериносын шығарған бір топ ғалымдар: А. И. Петров, О. Есалисн, Н. А. Маллицкий, Л. И. Цой, A. М. Якушкинаны атауға болады. Республикамызға кең таралған сиырдың етті - тұқымы қазақтың ақбас сиырының авторлары: Б. М. Мусин, Н. 3. Ғалиакберов, М. Ф. Гордиенко, К. А. Акопян: С. Я. Дудин. Қостанай қолтұқымды жылқысын шығарудағы ауыл шаруашылық ғылымының докторы, профессор Г. Г. Хитинковтың 6 еңбегін ескермеуге болмайды. Биолог-генетик, биология ғылымдарының кандидаты Н. С. Бутарин (1905-1961) будандастырылған шошқаның қазақ қолтұқымы топтарын шығаруда үлкен үлес қосты. Республикамыздағы ботаника ғылымының және ботаниктер мектебінің негізін қалаушы және ұйымдастырушы, ботаник, биология ғылымының докторы, профессор ҚазССР FA-ның академигі Н. В. Павлов (1893-1971) Ресейдің еуропалық бөлігіне, Кавказға, Байкал сыртына, Камчаткаға, Монғолияға, Орта Азия мен Қазақстанға экспедиция (қосын) жасады. Ол «Қазақстанның өсімдік шикізаттары» еңбегін жазды. Қатал климатқа төзімді өсімдіктерді зерттеген, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, ҚазССР FA және ВАСХНИЛ академигі, ауыл шаруашылық дақылдарының 17 іріктемесін шығарған В. П. Кузъмин( 1893-1973) егістікдақылдардың жаңа іріктемелерін шығарды.

Қазақстанда өсімдік физиологиясын зерттеу ісі ерекше жолға қойылып, өсімдіктің тұзбен улануының биохимиялық тетігін (Л. Қ. Қылышев және оның шәкірттері), кексағыз бен таусағызды физиологиялық тұрғыда зерттеу (А.А. Прокофьев, К. М. Мыңбаев), бидайдың қолайсыз жағдайға төзімсіздігі, түсімділігі, сондай-ақ физиологиялық белсенді заттардың өсімдікке тигізетін әсерін зерттеу (Ф. А. Полымбетова, Л. К. Маманов), темекі будандарының ата-енелік формаларына қарағанда сапасының артық болатынын дәлелдеу (М. Ф. Тамаровский, Ж. Қ. Калекенов, т. б.), жабайы алманың сұрыптау барысында құнды тектік қор екені дәйектеліп, таулы жерлерде алма өсіру жолдарын зерттеу (А. Ж. Жанғалиев, Ж. Жатқанбаев, т. б.) мәселелері жан-жақты тексерілді.

Республикамызда микробиологияны дамытуға Д. Л. Шамис, X. Ж. Жуматов, Н. Қ. Шоқанов, Ү. А Сартбаева, К А. Тілемесова, М. X. Шығаева, A. Н. Илялетдинов, т. б. көп еңбек сіңірді және зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. X. Ж. Жуматов Қазақстанда вирусологиялық зерттеулерді алғаш ұйымдастырып, одан әрі дамытты.

Хамза Жұматұлы Жұматов (1912-1972) вирусолог, медицина ғылымының докторы, профессор, КСРО Медицина ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, ҚазССР ҒА академигі, «Тұмау миксовирустарының молекулалық биологиясы» еңбегін жазды.

Қазақстанда жануарлар дүниесін зерттеу ХVІІІ ғасырдың орта кезінен басталды, соның нәтижесінде сүтқоректілердің 179 түрі, құстардың 479 түрі бар екені анықталып, омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түршелері, сондай-ақ бунақденелілердің - 96, шаянтәріздестердің - 1, былқылдақденелілердің - 6, құрттардың 2 түрі қорғауды қажет ететіні белгілі болып, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелді. «Қазақстанның қансорғыш кенелері» монографиясын паразитолог, биолгия ғылымының докторы, ҚазССР ҒА академигі И. Г. Галузо (1899-1977) жазды. Ол Қазақстандағы протозоологиялық ғылымының дамуына тікелей үлес қосты. Қазақстанда ондатрды жерсіндіруде A. А. Слудский, И. А. Долгушин еңбек етті. A. А. Слудский, А. Бекенов, В. А. Фадеев «Бөкендердің санын қалпына келтіру және қорғаудың биологиялық негіздері, оларды Қазақстанның халық шаруашылығына тиімді пайдалану» атты еңбегі жоғары бағаланды. И. А. Долгушин (1908-1966) - орнитолог, биология ғылымының докторы, профессор. Э. И. Гаврилов, A. Ф. Ковшарь, М. Н. Корелов. М. А. Кузьмина, B. Ф. Гаврин, И. А. Долгушин 5 томдық «Қазақстан құстары» монографиясын басып шығарды.

Ғ. Қ. Ерғалиев - геология-минералогия ғылымының докторы, Ақсай мемлекеттік геологиялық қорықшасым (қаумалын) ұйымдастырды (1985). Ғ. X. Ерғалиев, Н. К. Ившин, И. Ф. Никитин, P. А. Борукаев: С. М. Бандалеmoe, В. Ф. Беспалов «Қазақстан төменгі палеозойының стратиграфиясы және палеонтологиясы» еңбегін жазды.

Қазақстанда тіршілік еткен қазынды омыртқалылар мақұлықаты (фаунасы) мен қазынды нәбетатын (Флорасын) зерттеу нәтижесінде (Э. P. Орловская, Б. С. Қожамқулова, Н. М. Мақұлбеков, т. б.) 300-ден астам жылдан бұрынырақ тіршілік еткен жануарлардың 500 түрі (бұлардың 112 түрі жаңа) және 400 өсімдіктер түрі (бұлардың 150 түрі жаңа) анықталды.

Радиобиология саласында да бірқатар мәселелер зерттелуде. Жасуша популяцияларының радиосезімталдығы салыстырмалы түрде зерттеліп, сәулемен емделудің тиімділігін арттыру мақсатында радиомодификация тәсілдері ұсынылады. Ісік төзімділігін кемітуге жағдай туғызатын әсер ретінде ісіктің өсу жылдамдығы мен гетерогендік дәрежесі түбегейлі зерттелуде (С. Б. Балмуханов және оның шәкірттері). Лазерлік сәулені денсаулық сақтау ісіне, түрлі ауруларды емдеуге қолдану жан-жақты зерттелуде.



Дәріс № 3. Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері. Орта мектеп оқулықтары мен бағдарламаларына талдау.

1.  Ботаника пәнінің құрылымы мен мазмұны және оқыту әдістемелері.

2.    Тәнтану пәнінінің мазмұны мен құрылымы және түсіндіру әдістері.

3.    Жалпы биология пәнінінің мазмұны мен құрылымы және түсіндіру әдістері.

Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері, мазмұны және жүйесін қарастырмас бұрын, оқу процессіне анықтама берелік.

Оқу процессінің және оқулықтың мазмұны дегеніміз - адамзат баласының ғасырлар бойы жинаған білім саласындағы байлықтарынан сараптап отырып, жас ұрпақтарды оқыту.

Оқытудың мақсатын анықтау (не үшін оқыту? – деген сұраққа жауап) – бұл оқулық пәнінің дидактика мен әдістемесінің негізгі бір проблемасы болып келеді. Оның шешілуі биология пәнінің құрылысы, мазмұны, оқыту әдісі және жалпы бағытына байланысты.

Биология пәнінің мұғалімі жалпы биология және әр курс бойынша оқыту мақсатын білуі қажет.

Биологияны оқыту мақсаты ‑ қазіргі мектептерде негізінен оқушыларды тәрбиелеу мен жалпы оқыту мақсатымен байланысты. Мектепте білім берудің  мазмұнын қалыптастыруда үлкен маңызы бар мәселенің бірі әлеуметтік жүйелер мен ғылымның жетістіктері болып табылады. Биологияны оқыту әдістемесі бойынша зерттеу нысандары негізінен мектептегі педагогикалық үрдіс болып, ал зерттеу пәні биологиялық пәндерді оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі таңдағы ең өзекті деген проблемалары болып табылады.

Мектептегі биология пәнінің мазмұнына оқулықтар мен бағдарламалардағы жақсы сипатталған білім, біліктілік және идеялық көзқарас ұғымдары кіреді. Дәстүр бойынша мектепте білім берудің мазмұнын қалыптастыруда үлкен маңызы бар мәселенің бірі әлеуметтік жүйелер мен ғылымың жетістіктері болып табылады.

Оқу процессін ұйымдастырушы, анықтаушы фактор ‑ мектеп. Жалпы мемлекеттік стратегия жеке білімнің дамуына байланысты. Білім берудің мазмұны екі бағытта: ұлттық және жалпы адамзаттық мазмұнында жүргізілуі тиіс. Бұл білім берудің  негіздерімен, гумманизациялау, жекелеу, біріктіру, жаңа ақпараттық оқу технологиясын қолдану және жеке тұлғаларды қалыптастыру болып есептеледі. Білім берудің тиімділігі және танымдылықты арттыру мақсатында білім берудің спиральды құрылымымен мазмұндау ерекшеліктерінің бірі, оқушы өзінің көз алдына басты проблемаларды ұстай отырып, білімдік мәселелерді біртіндеп кеңіте береді.              

Ботаника «Өсімдіктану» пәнінің құрылымына келер болсақ, ботаника жақсы дамыған ғылымдардың бірі. Ботаника өзінің мазмұны және құрылымы жағынан да өте күрделі, ғылыми маңызды. Көптеген ғылыми зерттеулердің арқасында нақтылы материалдардың жинақталуына байланысты ботаника ғылымынан бірнеше жеке салалар дами бастады. Қазіргі ботаника ғылымының 20‑ға жақын негізгі бағыттары мен тараулары бөлініп жеке бір салаларына айналды (альгология, микробиология).

Балдырлар, саңырауқұлақтар, қыналар  және мүктер қазіргі ботаниканың жеке бір саласы болып табылады. Балдырларға келетін болсақ ол топырақ жасалу процессіне қатысумен қатар су экосистемасының динамикалық тепе‑теңдігін сақтауға қатысады. Ал осы топтағы өсімдіктердің практикалық маңызын, қызық факторларын оқушыларға айтуға болады. Мысалы, жасанды тоғандарда балдырлар балық үшін ең бір азық қоры болып есептеледі. Балдырларды пайдалана отырып сулардың, тоғандардың әртүрлі ластануын табиғи жолмен тазартуға қолданылатыны да үлкен маңызды іс. Көптеген балдырлар биоиндикаторлар. Олар арқылы топырақтың, сулардың ыластануын анықтауға болады. Ғылыми жаңалықтар бойынша балдырлар ластанған суқоймаларынан ауыр металдарды сіңіріп, фиторемедиацияға қатысады.

Оқушыларды биологиялық ғылымдардың негіздері мен ауылшаруашылық өндірісі және басқада ғылымдармен байланысты халық шаруашылығы салалары туралы біліммен қаруландыру. Өздігінен білім алуға қажетті біліммен біліктілікті қалыптастыру. Адамгершілік, патриоттық, интернационалистік, гумандық және табиғатқа деген көзқарасты қалыптастыруға бағытталған тәрбие беру. Оқушыларды әдептілікке және эстетикалық талғамға тәрбиелеу. Оқушыларың тұлғалық қасиеттерін дамыту: табиғатқа қызығушылық, оның ресурстарын сақтау мен көбейтуге талаптану, еңбек тәртібі, есте сақтау қабілеті мен зейін және т.б. «Оқу пәні» ұғымы. Биологиялық циклдегі оқу пәндерінің жүйесі. Орта мектеп оқулықтарымен программаларын таңдау. Биологиялық цикл пәндерінің мазмұны мен құрылымының ерекшеліктері, олардың сабақтастығы. Мектеп биология курсының пәнаралық және пән ішілік байланыстары. Қазақстандық төл оқулықтар мен бағдарламаларға талдау.

Дәріс №4. Мектеп пәнінде биологиялық ұғымдарды дамыту теориясы мен әдістемесі. 

1.Теориялық және эмпирикалық ұғымдар

2.Ұғымдарды дамыту теориясы

3.Ұғымдарды дамыту әдістемесі.

 

Ұғым – білімнің  жинақталған  түрі  және  сонымен қатар  биологияны меңгеру  үрдісінде  оқушылардың   ойлау  формасы.    



Жекеленген  деректерді,  сыртқы   белгілерді және   қасиеттерді  жазып  алу,  оларды   қорту  және   жіктеу   эмпирикалық  ұғымдарға  әкеледі,  оның   жай  түсініктен    айырмашылығы     шамалы.  Бұл   деректі   жазып   алатын  білім,   ол  тек   құбылыстардың  сипаттауын  ғана  береді,   олардың  мәнін ашпайды.  Таным   тарихында  бұл  білімдері  мен   практика  бірте-бірте  теориалық  ұғым  (білім)  құралатын  қор  болды.

Мектептегі   биологиялық   білім беруде   әдетте  барлық  білім    эмпирикалық  ұғым  қатарына   шығарылады.  Ұғымдарды   дамыту   әдіснамасы   принциптері: 

Табиғи  нысандардың   немесе   олардың  көріністерін  қабылдаудан→олар  жөніндегі  түсінікке дейін, түсініктен→ұғымға дейін  қарапайым  ұғымдардан→күрделі   бірнеше элементтерден  тұратын   : арнай ұғымдардан→ жалпы биологиялық ұғымдарға дейін. Таным теориясында ұғымдар абстрактлық ойлау сатысында шындықты бейнелеудің формаларының бірі.

Құбылыстарды сипаттайтын эмпирикалық білімге қарағанда, теориялық білім ғылымды түсіндіріп, мәнін ашады және ғылыми  дүниетанымға, әлем бейнесіне және практикалық проблемаларды тиімді шешуге негіз болады.

Эмпирикалық танымнан теориялық танымның айырмашылығы,ол біртұтастықтан шығады да оның құрылымын түсінуге, элементтерінің   байланысын,олардың қызметі  мен  дамуын   түсінеуге  себеп болады.Теориялық  білімді   қалыптастыру  жолы-абстрактылықтан  нақтылыққа    өрлеу   (шыңына шығу).Абстраклық-айқын  емес,  анық көрінбейтін,  бірақ   әйткенімен   де   таным   нысанын   толық   анықтайтын, оның  жетілмеген ұрықтық формасы,бөлшегі .

Танымның негізгі кезеңі –сезім (түйсік),қабылдау және елестету.

Сезім –ол шындық дүниені бейнелейтін түйсіну формасы ,ол барлық таным үрдесінің алғашқы баспалдағы.Олардың негізінде нысанның тұтас кейіпін беретін ,оның сыртқы ерекшіліктерінің жиынтығын көрсететін (яғни жалпы алғанда зат)қабылдау болады.Қабылдау ол  ұғыну сезімі үрдісінің бастауы . Қабылдау негізінде елестету пайда болады .Елестету –заттармен құбылыстарды адам санасында тікелей қабылдау барысында еске түсіру (жаңарту).Осыдан ұғым пайда болады деуге болады.             

Ұғымның күрделілік дәрежесі заттар   мен құбылыстардың  толық көрінуімен анықталады. Ұғым күрделі болған сайын ,оның мазмұнында көптеген заңдар болады. Осы жағдайдың оқушыларды  оқытуда маңызы зор, өйткені ұғым неғұрлым күрделі болған сайын (яғни, оның көлемі толығырақ), соғұрлым оқыту үрдісінде оны ашу жолы ұзақ болуы тиіс. Бұл – эволюциялық, эклогиялық, цитологиялық және т.с.с. көптеген  биологиялық ұғымдарға тән.

«Күрделірек ұғым» деген сөз  ол ұғымда көп белгілер,  көп ақпараттар бар деген сөз. Сонымен қатар ұғым мазмұнының күрделілігі тек ондағы белгілерді көрсететін элементтер құрамымен ғана емес, олардың сапалық  әртүрлілігімен, мінез- қылығымен және байланыстармен де анықталады. Осы ерекшелік әсіресе жалпыбиологиялық ұғымдарға тән. Сондықтан мектептегі білім беру үрдісіне тән ерекше бір жағы ол- ұғым мазмұнының құрылымы  болып табылады.

Биологиялық теориялық ұғымдар.  Биология пән ретінде  логикалық ретпен  дамитын және өзара  байланыста  болатын  ұғымдар жүйесі болып есептеледі. Теориялық ұғымдарды  қалыптастастыру  кезеңдері мынадай: алғашқы тұтастық  абстракцияның құрылуы («жасушаның») – оның  байланыстарын үзбей бақылау—оларды абстрактылық  анықтамаларда көрсету – анықтамалар синтезі. 



Сондықтан оның дамуы  теориялардың алмасуы барысында  жүзеге асады,  өйткені оның оның мәнін  теория ашады. Мысалы, ген ұғымы  әуелі абстракция ( тұқым қуалау бірлігі) сияқты қалыптасады, онан соң хромосомалық  теория деңгейінде  нақтыланып  содан әрі  генлік деңгейге дейін дамиды.

Теориялық білімді түсінуге  ықпал  ететін  не екенін де ескерген  орынды. Ол ақпараттың  нақты  логикалық  құрылымы, абстракциялар мен  ұғымдардың  пайда  болуы  үрдістістерінің  ойша айтылуы  және абстракциялардың  әлем бейнесімен  және эмпирикалық  материалдармен ара қатынастарын  белгілейтін бейнелер (нобайлар). Әрбір ұғым бірте-бірте  дамытылады , күрделенеді. Мысалы, «жапырақ» ұғымы  тақырып  бойынша  бірінші сабақта  әлі қарапайым , алғашқы,  тек бір ғана  білім  элементі бар ұғым . Оқушылар  жапырақтың  жасыл тақтасы  мен сағағы барын , яғни , сыртқы формасы  жайлы ғана қарапайым  ұғым алады.

Осы тақырыпты оқу соңына қарай «жапырақ»  ұғымы күрделеніп  оқушылар олардың суды  буландыруын, әртүрлі өсімдіктер  жапырақтарының  бейімделу белгілерін (түк басу жапырақ  тақтасының кішіреюі, инеге  айналу т.б.) біледі.  «Жапырақ»  деген  күрделі  ұғым морфология , анатомия, физиология  және  жапырақ  экологиясы сияқты  ұғымдарды  жинақтап қорытады.

Ұғымдарды  дамыту теориясы.

Ұғымдарды дамыту дегеніміз – шын мәнінде  білімді бірте – бірте  толықтыру мәселесі береді ,  олай  болса  оқытудың  қандай да бір кезеңінде  оқу пәніндегі ұғым мазмұнын кеңейтеді. Биологиялық  ұғымдарды дамыту қарапайымнан күрделіге қарай немесе  нақтыдан  талданып  қорытылғанға  абстрактылыққа  қарай  жүруі мүмкін.

Жалпы биологиялық  заңдылықтар жөніндегі  ұғымдар: ағзалардың жасушалық  құрылысы,  мүшелердің  формасымен функциясымен байланысы, ағзалардағы зат және энергия айналымы, өзін-өзі реттеуі , өзін-өзі тудыруы, көбею, органикалық  дүниенің дамуы т.б.

Оқыту міндеттері –ұғымдарды жоспарлы тудыру мен оны дамыту болып есептеледі. Ұғымдардың  көпшілік бөлігінің дамуы бағдарлама  мазмұнына,тақырыптардың логикалық тізбектестігіне байланысты сияқты. Дегенмен осы өткен жылдарда анықталғандай осы ұғымның дамытылып жылжуында біраз ақтаңдақтар  бар. Мысалы ,балалар 6-шы сынып курсы соңында өсімдіктер мен  жануарлаға тән ерекше белгілерді олардың қызметін байланыстыра алмайды. Оқушылар  біліміндегі осындай олқылықтар  мен  білімді меңгерудің әлсіздігі олардың білімінің қабылдау  деңгейінде немесе алғашқы  қарапайым түсінік деңгейінде қалуынан болады . Бір сабақта немесе бір тақырыпта  қалыптастырылған ұғым басқа  ұғымдармен байланыстырып әрі қарай дамытылмайды . Ал «әрбір оқу пәнін оқыту дегеніміз білім жүйесінің үздіксіз үрдісі » екенін есте ұстаған орынды (К.Ушинский). Ұғымдарды дамыту үшін ұстаз шеберлік танытып,көп күш жұмсап үнемі мқсатты бағытталған түрде әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы шығармашылқпен еңбек ету керек.                                                  

Биологияны оқыту әдістемесінде ұғымдарды қалыптастыру  мен дамытуға бұрыннан бері зор көңіл аударылады. Н.М. Верзилиннің жетекшілігімен  «Биологиялық ұғымдарды дамыту теориясы» жасалды (1956). Бұл еңбек  биологияны оқыту әдістемесіне  маңызды оқиға болды.  Теория мектеп  курстарында  және жалпы алғанда биология  пәнінде оқу  материалын   таңдауды анықтауда  және орналастыруда ғылыми  қор (база) жасады,  оқыту әдістері мен тәрбиені қайта қарауға әсер етті. Ұғымдарды дамыеу  теориясы арнайы зерттеулер  аясында, оның ішінде биологиялық ұғымдардың  арнайы топтарын (табиғаттанушылық, , экологиялық, эволюциялық  физиологиялық, систематикалық, генетикалық т.б.) дамудың  тиімді әдістемесін  жасауда,  оқушылардың өз беттерімен  ойлай алуын дамытуда, орта мектепте  биологияны  оқыту  әдістерін  дамытуда  біраз бағыттарды  белгіледі.

Мұғалім  ұғымды жетілдірудің  барлық  жолдарын, оның бір-біріне  араласуы,  қосылуы жағдайларын білуі керек. Жалпыбиологиялық  басты ұғымдарды ажыратып,  олардың тақырыптан тақырыпқа ,  курстан курсқа қарай жылжуын бақылап отырған дұрыс.

Жасуша жөніндегі  тақырыптарда оқушылар  жапырақтың қарапайым  құрылысымен танысып, жекелеген ұлалар жөнінде  мағлұматтар алады. «Жемістер» және «Тұқым» тақырыптарында олардың түрлерімен,  құрылыстармен танысып  қарапайым  түсініктер алады. «Тамыр» тақырыбында құрылысы мен  суды сору  қызметі жөнінде мағлұмат  алады,  «Жапырақ» тақырыбында  оның ішкі  және сыртқы  құрылысы жөнінде түсініктер бар. Осы сыныпта берілетін зат алмасу «Фотосинтез», «Жапырақтың суды буландыруды» және «Өсімдіктердің тыныс алуы» деген тақырыптар күрделі де маңызды зат алмасу  ұғымы  жөнінде мағлұмат береді, бұл тіршілік әрекеттерімен  және тіршілік жағдайларымен  байланысты болғандықтан ерекше көңіл  аударуды  қажет етеді.  Осы жердегі  ұстаздың  міндеті ұғымдардарды  дамытуда жалпы өсімдіктерде қандай үрдістер жүретіндігі және олардың  байланысының қандай  жағдайларын түсіндіру.

Ұғымның дамуына себін тигізетін: оқу материалын баяндау логикасы: қорытындылауды талап ететін мәселелерді  қою:  анықтау, салыстыру, жіктеу сияқты қабілеттерді жаттықтыру:  ескі білімді жаңамен байланыстыратын  қайталау жүйесі, шығармашылық  сипаттағы тапсырмалар, сұрақтар беру.

Биологиялық ұғым тек  сол уақытта дұрыс қабылданады, егер оқылатын құбылыс  не зат жөнінде  анық түсінік  болса, яғни тікелей  қабылдау, бақылау, көру болса. Биологияны оқытуда оған тән ерекшелік- оқылатын затты қарау және зерттеу.

Ұғымдардың алғашқы пайда болуына аса маңызды  болатын- тірі нысандарды көру. Ұғымдарды одан әрі дамытуда тірі нысандардан  басқа, әртүрлі жасанды көрнекіліктер: кестелер, сызбанұсқалар, суреттер, кинолар жақсы көмек болады.


жүктеу 498 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау