«Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасы



жүктеу 399,99 Kb.
Pdf просмотр
бет14/14
Дата01.12.2017
өлшемі399,99 Kb.
#2497
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

40

Негізгі түсінік

Валюта


Валюталық қатынастар

Еуропалық валюталық жүйе

Бағамдар жүйесі

Паритет


ЭКЮ

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Халықаралық  экономикалық  қатынастар/Елемесов  Р,Е.  Бас.  Ред., 

А.:ҚазҰУ, 2002.

2. Кругман  П.,  Обстфельд  М.  Международная  экономика.  Теория  и 

политика, М.,1997.

3. Киреев А.П. Международная экономика: В 2-х ч.-М.: Межд.отн. ,1997.

4. Кругман  П.,  Обстфельд  М.  Международная  экономика.  Теория  и 

практика. Пер.с англ./ Под ред. П.Д.Шимко.- СПб: Питер, 2003.




41

13 – ТАҚЫРЫП. ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ЖӘНЕ ОНЫ  РЕТТЕУ 

Дәріс мақсаты - Валюталық бағамды  реттеу мен шетел валютасының мәнін 

түсіндіру.



Дәріс жоспары:

1. Валюталық бағам түсінігі.

2. Валюталық бағамды котировкалау (баға белгілеу), түрлері.

3. Шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс.



1. Халықаралық  экономикалық  операцияларды  жүргізу  үшін  ұлттық 

валютаны халықаралық төлем өлшеміне айырбастау қажет. Айырбастау процесі 

белгілі  бір  арақатынаспен  жүргізіледі.  Валюта  бағамы  деп - әртүрлі

мемлекеттің  ақша  өлшемдерінің  арақатынасын,  яғни  басқа  елдің  ақша 

өлшемімен  көрсетілген  бір  елдің  ақша  өлшемінің  бағасын  айтамыз.  Сонымен 

қатар,  валюта  бағамы  халықаралық  валюталық,  есеп  айырысу,  несие  –

қаржылық операцияларды жүргізу үшін қажет. Валюта бағамының қалыптасуы 

көп  факторлы  процесс.  Валютаға  деген  сұраныс  пен  ұсынысқа  әсер  ететін 

факторлар мыналар:

- инфляция қарқыны;

- пайыз мөлшерінің деңгейі;

- бағалы қағаздардың табыстылық деңгейі;

- төлем баланысының жағдайы;

 Бұл  факторлар  елдің  экономикалық  жағдайын  білдіретін  факторлар. 

Сонымен  қатар  валюта  бағамына  әртүрлі  саяси,  саудагерлік,  психологиялық 

факторлар да әсер етеді. Әрбір мемлекет валюта бағамын реттеу әдістердің әр 

түрін қолданады. Ол әдістер мыналар:

-валюталық  интервенция  (орталық банктің  ұлттық  валютаға шетел  валютасын 

сатып алып - сатуы)

-орталық банктің ашық нарықтағы операциялары 

-орталық  банктің  пайыздық  мөлшер  деңгейін  немесе  міндетті  резервтер 

нормасын өзгертуі



2.  Валюта бағамын белгілеу, яғни валюталарды айырбастау пропорциясын 

(қатынасын)  анықтауды  валюталық  котировка  (баға  белгілеу)  деп  атайды. 

Валюта  нарығынды  валюта  бағасын  белгілеудің  2  әдісі  бар:  тікелей  және 

жанама.  Тікелей  котировка деп  –  шетел  валютасының  бағамын  ұлттық 

валютамен  көрсетуді  айтады.  Бұл  әдіс  көптеген  мемлекеттерде  қолданылады. 

Жанама  котировка  деп  – ұлттық  валютаның  бағамын  шетел  валютасының 

белгілі бір санының көрсетуін айтамыз. Жанама котировка әдісін Ұлыбритания, 

ал,  1987  ж.  бастап  АҚШ  қолдануда.  Банк  аралық  валюта  нарығының 

операцияларында  ұлттық  валюталарды  АҚШ  долларына  қарап  бағалау  көп 

кездеседі, себебі, доллардың халықаралық төлем және резервтік құрал ретіндегі 

ролі.  Банктер  сауда-өнеркәсіп  клиенттеріне  валюта  бағамын  белгілегенде 

кросс-курсті  негізге  алады.  Кросс-курс  дегеніміз  –  ол  екі  валюта  бағамының 

үшінші  валютаға  қатысты  арақатынасы.  Банктер  сатушы  және  сатып  алушы 



42

бағамын  белгілейді.  Сатушы  бағамы  –  ол  банктің  валютаны  белгілеген 

бағаммен  сатуға  дайындығы.  Сатып  алушы  бағамы  дегеніміз  –  банктің 

валютаны сол бағамен сатып алуға дайын болуы. Тікелей котировка бойынша 

сатып алушы бағамынан сатушы бағамы жоғары болады. Олардың арасындағы 

айырмашылық банктің пайдасын құрайды. Сонымен қатар, ресми, банк аралық, 

биржалық  валюта  котировкалары  болады.  Ресми  валюталық  котировканы 

орталық  банк  жүргізеді.  Ол  есеп  жүргізу  мақсатында,  кедендік  төлемдерде, 

төлем  балансын  құрастырғанда  қолданылады.  Өнеркәсібі  дамыған  елдерде 

валюталық  операциялардың  негізгі  бөлігі  биржадан  тыс  банк  аралық  влюта 

нарығында  өтетіндіктен,  бұл  елдердің  ішкі  нарығы  қолданылатын  негізгі 

бағамы  –  банк  аралық  баға.  Банк  аралық  котировканы  ірі  коммерциялық 

банктер  белгілейді.  Биржалық  котировка  валютаны  сатып  алу -  сату  үшін 

биржаға түскен қарыздарды салыстыру негізінде құрастырылды. 



3. Жалпы  валюта  бағамының  өзгеруі  ел  экономикасына  екі  жақты  әсер 

етеді.  Ұлттық  валюта  бағамының  төмендеуі  экспортшыға  тиімді,  себебі,  ол 

қымбаттаған  шетел  валютасымен  (мысалы,  доллармен)  түскен  түсімді 

арзандаған  ұлттық  валютаға  айырбастаған  кезде  экспорттық  сыйақы  алады. 

Яғни,  экспортшылар  бағасы  орташа  әлемдік  бағадан  төмен  тауарларды  алып 

кетуді  кеңейту  жолымен  өзіне  түсетін  пайданы  көбейтуге  ұмтылады.  Мұнда 

импортшылар  ұтылады,  себебі,  валютаны  келісім  шарт  бағасымен  сатып  алу 

қымбатқа түседі. Ұлттық валютаның бағамы төмендегенде онымен көрсетілген 

іс-жүзіндегі  қарыз  төмендейді.  Шетел  ақша  өлшемдерімен  салыстырғандағы 

ұлттық  валютаның  бағамының  өсуі  негізінде,  халықаралық  экономикалық 

қатынастарға  кері  әсерін  тигізеді.  Валюта  бағамының  ауытқу  салдары  елдің 

валюта  –  экономикалық  және  экспорттық  потенциалына,  оның  әлемдік 

шаруашылығындағы орнына байланысты болады.

Теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар

1. Валюталық бағамның есептік түрлері. 

2. Көптүрлі валюталық тәжерибе.

3. Тепе-теңдік валюталық бағам. 



Негізгі түсінік

Валюталық бағам

Котировка

Жанама котировка

Тікелей котировка

Сатушы бағамы

Сатып алушы бағамы

Кросс – курс



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «О  государственнной  поддержке  прямых  инвестиции»  Закон  РК  от  28 

февраля 1997 г 

2. Доғалова Г.И. Халықаралық экономика, А:Экономика 2000.




43

14 – ТАҚЫРЫП. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ НАРЫҚТАР

Дәріс  мақсаты - қаржы  нарығының  мәнін және  қарыз  міндеттемелерін 

түсіндіру. 



Дәріс жоспары:

1. Халықаралық қаржы нарықтарының құрылымы.

2. Қарыз міндеттемелері.

1.    Шартты  нарық  әдістермен  жүргізілген  қаржы  - нарықтың  мол  мүмкін 

пайдаларын талап етеді. Қаржы нарығы – мемлекеттің бүкіл ақша қаржысының 

жиынтығы.  Бұл  қаржылар  экономикалық  әр  түрлі  субъектінің  сұранысы  мен 

ұсынысы  әсерінен  өзгеріп  отырады  және  үнемі  қозғалыста  болады.  Қазіргі 

кезде  дүниежүзілік  АҚШ - тың  Еуропа  бірлестігімен  Жапонияның  қаржы 

нарығы  ең  үлкен  қорларды  иемденуде.  Ал, Қазақстан  Республикасының 

нарықтық экономикаға өтпелі кезінде оның қаржы нарығының қоры мол өзінің 

өкендеуіне  жетеді  деуге  әзірше  ерте.  Жалпы  қаржы  нарығы  біріне  бірі 

байланысты  және  бірін-бірі  толықтырып тұратын  бірақ  әрқайсысы  өз  алдына 

қызмет жасайтын 3 нарықтан тұрады:

1) Айналымдағы қолма-қол ақша нарығы және қолма-қол ақша қызметін 

атқаратын қысқа мерзімді төлем құралдары (вексель, чектер, т.б.) жатады. ҚР-ң 

қаржы нарығы қазіргі кезде айналымдағы қағаз ақшаның құнсаздануына, яғни

ифляцияға ұшырауда. Егер, ЖҰӨ сатуда жылына 5%-ға, ал айналымдағы ақша 

6-4% -ға өссе,  онда  ЖҰӨ  сатуда  оңайға  түседі.  Онда  экономикада  жағымды 

өзгерістерді  аңғаруға  болды.  Егер  де,  ЖҰӨ  жылына  5%-ға,  ал  айналымдағы 

ақша  10-20%-ға  және  одан  да  көп  өссе,  онда  қарқынды  инфляция  болып, 

экономика  құлдырап  төмен  кетеді.  Қазіргі  кезде  біздің  мемлекеттің 

экономикасы дағдарыста.

2)  Қарыз  капиталының нарығы, яғни, қысқа  және  ұзық  мерзімді несиені 

қайтарылуына көзі жеткенде ғана жоғары %-дық өсіммен береді. Бұл несиенің 

өзінің айналым қаржысына жоқ кәсіпорындар алуына мәжбүр. Негізгі қорларды 

құруға  және  оларды  жаңартуға  %-дық өсім  өзгеріп,  қайта  қаралып  отыратын 

ұзақ  мерзімді  несие  беріледі.  Сондықтан, қаржы  нарығының  бұл  бөлігіне  де 

дағдарыс тән. 

3) Бағалы қағаздар нарығы бұл нарықтың кейбір белгілері КСРО-да Қазан 

революциясына  дейін  болғанымен,  соңғы  70  жыл  бойы  оның  ешқандай  өсу 

белгісі  болған  жоқ.  Ал,  90  жыл  басында  ТМД  елдерінде,  оның  ішінде 

Қазақстанда басталған нарық қатыстары даму және одан әрі жетілу үшін белгілі 

бір  уақыт  қажет.  Себебі,  нарық  меншік  қатынасын  және  мемлекет  пен 

жергілікті басқару органдары қаржы саясатын өзгертуден басталады. Нарық ең 

бірінші  меншікті  жекеменшіктендіру  және  мемлекеттік  кәсіпорындарды 

акцияландырудан  басталады.  Қазіргі  кезде  егемен  жас  мемлекеттер  болып 

табылатын  тапшылығын  толтыру  мақсатында  бұрынғы  үйренген  әдіс  ақша 

белгісін  шығарумен  шұғылданбай,  оның  орнына  мемлекеттік  бағалы 



44

қағаздардың  бірі  қысқа  мерзімді  мемлекеттік  вексельдерді  шығарумен 

айналысады. Жергілікті басқару органдары да дәл осы жолды пайдалануда. 

2.

Қаржы  міндеттемесін  жеке  тұлғаларда  мемлекетте  және  орталық 

эмиссиялық  банкте  шығарылуы  мүмкін.  Қаржы  міндеттемесінің  шаруашылық 

айналымында  қолдануын  есептеулерді - қаржы  активтері  деп  атайды.  Қаржы 

активтері  мен  оны  айналымға  түсіретін  ұйымдық  түрінің  органикалық 

бірлігін  –  елдердің  қаржы  жүйесі  деп  атайды.  Ұйымдық  тұрғыдан  қаржы 

жүйесінің  негізін  ақша  нарығы  және  капитал  нарығы  құрайды.  Ақша  нарығы 

бір  жыл  мерзімге  дейін  шығарылған  қарыз  міндеттемесін  біріктірсе,  капитал 

нарығы  бір  жыл  көп  уақытқа  шағарылған  қарыз  міндеттемесінің  жиынтығы. 

Бұл инвестициялық қордың нарығы өз кезегінде қаржы нарығы алғашқы және 

екінші  (қосалқы)  нарық  болып  бөлінеді.  Алғашқы  нарықта  жаңадан  шыққан 

қаржы  міндеттемелері  орналастырылса,  екінші  нарықта  оның  бұрынғы 

шыққандары  айналымда  болады.  Демек  алғашқы  нарықта  олар  сатылады,  ал 

екіншіде сатып алынып, қайта сатылады. Артық қаржысы бар және тапшылық 

қаржы жағдайындағы шаруашалық субъектілері үш түрлі тәсілмен байланысты 

болуы мүмкін: тікелей, қаржы делдалдары және қаржы институттары арқылы.

1.Тікелей  қаржыландыру  артық  қаржысы  бар  субъект  басқаға  қаржысын 

несиеге береді. Сөйтіп, несие берушінің біреуі берген қарыз міндеттемелері бойынша 

талабы көбейсе, несие алушының міндеттерін қайтару портфелі ұлғаяды.

2.Делдалдары  арқылы  қаржыландыру.  Мұнда  делдал  ретінде  брокерлер  мен 

дилерлер жүреді. Бұл тәсіл бойынша қор биржасы қызмет жасайды.

3.Қаржы  институттары,  яғни  коммерциялық  банктер,  сақтау  және 

инвестициялық  компниялар,  зейнетақы  қорлары, қаржы  жағдайды, қарама  – қарсы 

субъектілерді делдалдық қызмет атқарады.



Теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар

1. Валютаның халықаралық нарығы. 

2. Несиелік нарықтың құрылымы.

3. Халықаралық қарыз мәселесі



Негізгі түсінік

Қарыз міндеттемелері

Қаржы нарығы

Қаржы активтері

Қаржы институттары

Коммерциялық банктер

Инвестициялық компниялар

Зейнетақы қорлары



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «Об иностранных инвестициях» Закон Рк от 27 декабря 1994 г. № 266.

2. «О валютном регулирования» Закон РК от 24 декабря 1996 г

3. «О государственнной поддержке прямых инвестиции» Закон РК от 28 февраля 

1997 г 

4. Доғалова Г.И. Халықаралық экономика, А:Экономика 2000.




45

15 – ТАҚЫРЫП. ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ

Дәріс  мақсаты  - төлем  балансының  мәнін  түсіндіру  және  төлем  балансына  әсер 

ететін  бірнеше әдістерді қамту.



Дәріс жоспары:

1. Төлем балансының түсінігі.

2. Төлем балансының мемлекеттік реттеу әдістері.

3. Төлем балансының түрлері.



1. Әр  мемлекетке  өзінің  сыртқы  экономикалық жағдайларын  білуі  үшін  оларға 

кезеңдік статистикалық мәліметтер керек. Осы мәліметтерді төлем балансынан көруге 

болды. Төлем балансы дегеніміз – белгілі бір кезеңде сол елдің сыртқы экономикалық 

іс-әрекет балансын анықтайтын статистикалық құжат. Сонымен бірге, төлем балансы 

дегеніміз  –  жекелеген  ел  мен  басқа  бір  ел  резиденттерінің  арасында  белгіленген 

мерзім  ішінде  орын  алатын  барлық  экономикалық  келісімдер  мен  міндеттемелердің 

статистикалық жазбалары. Төлем балансында  елдің төлемдері  мен кірісінің жағдайы 

анықталады.  Ол  жеке-дара  келісімді  емес,  мемлекетаралық  жиынтық  келісімді 

қорытып  көрсетеді  және  бір  календарлық  жылды  қамтиды.  Қазіргі  кезде  төлем 

балансы  елдің  халықаралық  тауарлар, қызмет  көрсетулер,  капитал,  айырбасына 

қатысу ерекшелігін анықтайтын ақпараттың көзі ретінде халықаралық экономикалық 

қатнастар  саласы  мамандарын  зерттейтін  құжаттарына  айналды.  Төлем  балансының 

негізгі қызметі тауарлар мен қызмет көрсетуге сұраныстың өсуімен немесе шетелдің 

валюталық  келуімен  байланысты  келісімдердің  барлық  түрлерін  топтап  көрсеті. 

Сыртқы  экономикалық  іс-әрекеттерді  есептеу  орта  ғасырларда  пайда  болды.  Төлем 

балансы терминін шотландтық экономист (ХVІІғ) Джеймс Стьюарт ойлап тапқан. ХХ 

ғасырдың  басында  төлем  балансын  құрау  әдісі  АҚШ  пен  Англияда  дами  түсті. 

Осыған  сәйкес,  халықаралық  валюталық  қатынастар  барлық  елдер  бойынша  ортақ 

төлем балансын құраудың стандарттық әдістемесін жасаған.

2. Төлем балансына әсер етудің бірнеше әдістері:

1. Тікелей бақылау – бұл импорты және кедендік төлем балансы жинақтарын шетелге 

шетелдік  инвестициялар  арқылы  және  ақшалай  трансферттер  арқылы  жеке  адамның 

пайда келтіруіне тыйым салу және шектеу.

2.  Дефляция  (инфляциямен  күрес)  –  ішкі  экономикалық  міндеттерді  шешуге 

бағытталаған, бірақ жарнама әсері төлем балансының жағдайларын жақсартады. 

Төлем балансы тапшы елдер мынандай саясаттарды қолданады:

Дефляциялық  саясат  –  бюджеттік  шығындарды  қысқартады,  ішкі  сұранысты 

қысқартады, жалақыны, бағаны ұстап тұрады.

Деволюция  (құнсыздану),  бұл  саясатта  ұлттық  валюта  курсының  төмендеуі, 

экспортты ынталандыру, импорттық тауарларды шектеуге бағытталады.

Валюталық шектеу, экспортерлер экспорттан түскен пайданы кеңінен пайдалана 

алмайды. Белгілі бір мөлшерін мемлекеттік ұлттық банкке сатуға тиіс.

Қаржы және ақша - несие саясаты, төлем балансының тапшылығын азайту үшін 

экспортерға бюджеттік субсидия (жеңілдіктер) қолданылады. 

Төлем  балансына  қатысты  қолданылатын  мемлекеттік  ықпалдың  арнайы 

шаралары.  Оның  негізгі  баптарының  сауда  балансының  қалыптасуына  байланысты 

көрінбейтін  операциялар  (әр  түрлі  қызмет  көрсетулер  мен  көлік  тасымалы)  және 

капитал қозғалысы.



46

3. Халықаралық  есептеулерде  елдің  төлем  жағдайын  бағдарлау  үшін  алдымен 

экспорт  пен  импорттың  арақатынасы  анықталады.  Төлем  балансының  мынандай 

түрлері  қолданылады.

1.  Сауда  балансы  –  бұл  шетелден  сатып  әкелінген  және  шетелге  сатылған 

тауарлар  көлемінің  қорытынды  көрсеткіші.  Кедендік  мекемелердің  сауда-саттық 

жөніндегі  жинап,  өңдеген  статистикалық  материалдары  негізінде  сауда  балансы 

есептеледі. Ол халықаралық экономикалық қатынастар көлемінің 80 % - ын құрайтын 

сыртқы сауданың бастапқы көрсеткіші.

2. Ағымдағы операциялар балансы – бұл елдің экономикалық жағдайы туралы 

мол ақпарат береді. 

3. Базистік баланс – бұл ағымдағы операцияларға ұзақ мерзімді аударулар мен 

төлемдерді 

қосқанда 

шығарады. 

Базистік 

баланс 


елдің 

ең 


маңызды 

макроэкономикалық  көрсеткіштерін:  сыртқы  және  ішкі  бағалардың  арақатынасын, 

валюта курсын, табыс көлемін, өсу қарқынын қамтиды.

4.  Автономдық  есептеулер  балансы  –  бұл  базистік  балансқа  қысқа  мерзімді 

капиталдық қозғалысының қосылуы. 

5.  Толыққанды  баланс,  мұны  жасау  үшін  әрбір  келісім  баланста  екі  рет 

көрсетілуі керек. 

  6. Өтімділік  балансы  –  бұл  баланстың  автономдық  баланстан  айырмашылығы 

резидент  еместердің  қолындағы  қысқа  мерзімді  міндеттемелері  ел  резиденттерінің 

шетелдік  қысқа  мерзімді  міндеттері  баптарын  қосу  немесе қоспау  мүмкіндігіне 

байланысты.

7.  Халықаралық  инвестициялық  борыш  балансы,  мұнда  міндеттемелер  мен 

қаражаттары артуы немесе келуі анықталады.  

Теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар

Ағымдағы операциялар шоты.

Шетел валютасының ресми резервтерінің өзгерісі.

Төлем балансының микроэкономикалық рөлі.



Негізгі түсінік

Инфляция


Дефляция

Төлем балансы

Сауда балансы

Базистік баланс

Автономдық есептеулер балансы

Өтімділік балансы



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Доғалова Г.И. Халықаралық экономика, А:Экономика 2000.

2.Мамыров  Н.К.,  Мадиярова  Д.М.,  Калдыбаева  А.Е.  Халықаралық  экономикалық 

қатынастар, А.:Экономика, 1998.

3.Молдабекова А.И. Халықаралық сауда, 2002 ж.

4.Мадиярова  Д.М.  Сыртқы  экономикалық  саясат  және  экономикалық  қауіпсіздік. 

Алматы: Экономика, 2000.



47

Дуйжанова Э.Ш.

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА» 

пәнінен 5В0506 – «Экономика» мамандықтары студенттеріне 

арналған қысқаша дәріс жинағы

Тапсырыс № 213

Таралымы 10 дана

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің

Редакциялық-баспа бөлімі



(Ақтөбе қ., Ағ.Жұбановтар к-сі, 263)

жүктеу 399,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау