«Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасы


 – ТАҚЫРЫП. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАДАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК



жүктеу 399,99 Kb.
Pdf просмотр
бет5/14
Дата01.12.2017
өлшемі399,99 Kb.
#2497
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

13

4 – ТАҚЫРЫП. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАДАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК

Дәріс  мақсаты  - сыртқы  сауда  операцияларының  мәнін  анықтау  және 

халықаралық саудадағы тепе-теңдікті түсіндіру.



Дәріс жоспары:

1. Сыртқы сауда операциясының түрлері.

2. Халықаралық сауданың құрылымы.

3. Халықаралық саудадағы сұраныс пен ұсыныс.



1.    ҒТП  ықпалымен  экономикадағы  өзгерістер  өнеркәсіп  өндірісінің  

дамуымен  ұжымға  бірігуі  ұлттық  шаруашылық  қарым-қатынасын  күшейтеді. 

Мұның  өзі  халықаралық  сауданың  дамуына  ықпал  жасайды.  Халықаралық 

тұжырымда сыртқы сауда операциялары 4 бөлімнен тұрады:

1)    Экспорттық –  шетелдік  контрагентке  (сатып  алушыға)  тауарды  сатып, 

олардың шетелге шығуын қамтамасыз ету. 

2)  Импорттық –  шетелдік  сатушылардан  тауарды  сатып  алу  және  оларды 

шетелден алып келу.

3)  Реэкспорт –  бұрын  импортталған  және  қайта  өңдеуден  өтпеген  тауарларды 

шетелге шығару арқылы сату.

4)  Реимпорт – бұрын экспортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды 

шетелден әкелу арқылы сатып алу.

Сыртқы  саудада  операцияларды  ұйымдастыру  келесі  іс-әрекеттерден 

тұрады:


1.    Сыртқы  сауданың  жұмысын  бақылау,  өзінің  тауар  өндіру  мүмкіндігін 

бағалау.


Нарық  жағдайын  талқылау  сыйымдылығы,  құрылымы,  тауарларды 

сатудың коммерциялық шарттары.

2.  Сыртқы  нарықта  сату  үшін  экспорттық  тауарды  дайындау, 

контрагенттерді  таңдау,  олармен  келісімге  отыру,  сыртқы  сауда  операциясын 

жүзеге асыру.

Контракт құру  оферта, акцепт. Оферта ( латын тілінен аударғанда ұсыныс

деген  мағынаны  білдіреді).  Акцепт  –  есеп  айырысуда  төлеушінің  өз  қарызын 

төлеуге жазбаша берген келісімі. Оферта акцепт арқылы іске асырылады. Оның 

дүниежүзілік саудада 3 түрі белгілі.

1)   сатушының  нақты  ұсынысына  сатып  алушының  келісімі,  яғни,  сатып 

алушы сатушының барлық ұсынысына келісе отырып, оны жазбаша бекітеді.

2)  сатып  алушының  ұсынысына  сатушының  келесімі.  Егер,  сатып  алушы 

сатушының ұсынысына толық келіспесе, онда ол сатушыға контроферта (қарсы 

ұсыныс)  жасайды  және  онда  өзінің  шартын  көрсетеді.  Сатушы  келіскен 

жағдайда  ол  офертаны  жазбаша  түрде  акцептендіреді  және  оны  актімен 

тұрақтандырады.

3)   еркін  оферта  оның  шартымен  сатып  алушының  жазбаша  келісімі  мен 

сатушының акцептенуі.




14

Тауарды сату және сатып алу келісім шарты келісімді орындаудың негізгі 

құжаты болып табылады және екі жақтың келісімге отырған уақытынан бастап 

олардың  міндеттемелері  мен  заңды    күшіне  енеді.  Егер,  келісімге  екі  жақ 

қатыспай,  хат  арқылы  хабарласса,  онда  келісімнің  заңды  күшіне  енуі  әр  елде 

әртүрлі.  Мысалы:  АҚШ,  Англия,  Жапония,  Швецарияда  жазбаша  акцепт 

келісім жіберген күннен бастап, күшіне енеді. Ал, Франция, Германия, Австрия 

акцепт алған күні күшіне енеді.

Келісім  шартта  екі  жақтың  ең  маңызды  шарттары  мен  міндеттері  түгел 

көрсетіледі. Халықаралық тәжіребеде негізінен 13 бөлімі қамтылған:

1. Преамбула  (кіріспе  бөлімі).  Мұнда  контрактіге  отыратын  жақтың  аты,

орналасқан жері, яғни реквизиттері көрсетілген.

2. Келісім шартқа отыратын тауардың аты көрсетілген.

3. Сатылатын  тауар  көлемі  және  оны  анықтау  жолдары,  яғни, өлшем 

бірлігінің салмағы, көлемі, ұзындығы, данасы бойынша көрсетілген.

4. Тауардың сапасы.

5. Жеткізілу мерзімі.

6. Базистік жеткізілу шарттары. Тауарды тасымалдау кезінде шығындарды 

кімнің өтейтіндігі көрсетіледі.

7. Баға бөлімі. Тауардың бағасын анықтауда өлшем бірлігі, баға валютасы, 

баға деңгейі көрсетіледі.

8. Есеп айырысу шарттары қолма - қол, аванстық несиелік есеп. 

9. Тауарды айырбастау, өткізу, қабылдау реті.

10.Кепілдік  немесе  санкция  (жазалау  шарттары)  –  мұнда  сатушының 

кепілдеме көлемі, мерзімі, тауардың ақауы (брак) байқалады.

11.Арбитраж.  Бұл  шартта  екі  жақтың  арасындағы  келіспеушілік  туындау 

тәртібі көрсетіледі.

12. Форсмажорлық  жағдайлар.  Яғни,  келісім  шарттың  орындалуына 

кедергі  келтіретін  жағдайларда,  шарт  жасасқан  жақтарды  өз  міндеттемесінен

босатуға рұқсат береді. 

13. Тасымалдау  шарты.  Транспорттың  қай  түрімен  жүргізілетіні

көрсетіледі.



2. Халықаралық  сауданың түріне мыналар жатады: 

1) биржа 

2) аукцион

3) инжиниринг

4) лизинг

5) консалтинг және т.б.

Биржа –  нарықтық  ұйымның  түрі.  Онда  сұраныс  пен  ұсыныс  негізінде 

тауарлармен,  бағалы  қағаздармен  сауда  жасалады  немесе  қызметкерлерді  

жалдаумен айналысатын сауда түрі. Биржа латынша «қалта» дегенді білдіреді. 

Ең бірінші биржа 1531 жылы Белгияда Антверпен қаласында құрылды. Биржа 

түрлері мына 4 түрге бөлінеді:

1) тауар  биржасы -  сапасы  жағынан  стандартқа  толықтай  сай  келетін 

белгілі  бір  тауарды  сатып  алу  және  сату  үшін  ұйымдастырылады.  Нақты 

қамтамасыз ететін саудагер ассоциациясы болып табылады.




15

2) қор  биржасы -  бағалы  қағаздарды  сату  және  сатып  алу  операциялары 

жүретін орын және жеке кәсіпкерлік принципте жұмыс істейді.

3) валюта биржасы - бұл валюта нарығы негізінде болады. Орталықтарына 

Лондон, Нью-Иорк, Токио, Париж, Сингапур биржасы жатады.

4) еңбек  биржасы -  жұмысшы  күшін  жалдау  кезінде  кәсіпкерлер  мен 

қызметкерлер арасындағы делдалдық қызмет атқарылуын орындайды.

Тауарлар биржада жасалатын келісім шарттары бойынша 2 топқа бөлінеді:

1) нақты тауарлар келісімі.

2) мерзімдік келісім.

      Тауарлар биржасындағы келісім.

1. Нақты тауарлар келісімі

2. Мерзімдік келісім. болашақта

1.1 споттық келісім (кассалық)

жеткізу үшін

1.2 форвардтық

          2.1 келісімге отыру

1.3 бартерлік 

          2.2 опциондық

1.4 шарттық

2.3 фъючерстік

1.5 несиелік

2.4 несиелік

1.1.  Споттық  келісімнің  ерешелігі  –  есеп  айырысудың  екі  жұмыс  күні

ішінде жүргізілуі. 

1.2. Форвардтық келісім - кепілдік бере отырып келісімге отыру.

1.3. Тауарлар қолма - қол ақшасыз негізінде алмастырылады. 

1.4.  Бартерлік  келісімге  өте  ұқсас,  яғни  келісімге  отырған  жоқ.  Тауардың 

бір түрін сата отырып, орнына басқа тауарлар түрін сатып алуға міндетті. Бірақ 

есеп айырысу нақты ақша бойынша жүргізіледі.

1.5.  Қысқа  мерзімді  несие,  тауарды  белгілі  бір  қысқа мерзімге  % -  дық

өсіммен қарызға беру.

2.1.  Келісімнің  бұл  түрі  әлі  өндірілмеген  тауарларға,  бағаға  сәйкес 

жүргізіледі. 

2.2.  Келісімнің  бұл  түрінде  сатып  алушы  сатушыға  сыйлық бере  отырып,

опциондық құқық алады. Ондағы мақсаты қалаған тауарларын таңдап алу.

2.3.  Фъючерстік  келісімнің  ерекшелігі  - келісімнің  бұзылмайтынын 

дәлелдеу мақсатында келісімді 3 - ші жақ арқылы қамсыздандыру.

2.4.  Ұзақ  мерзімді  несиелер,  тауарды  белгілі  бір ұзақ  мерзімге  % -  дық

өсіммен қарызға беру.

 Аукцион –  алдын  ала  көрмеге  қойылған  тауарларды  белгілі  бір  уақытта 

және белгіленген орында сату формасы. Аукцион тауардың белгілі бір түрлері 

бойынша өткізіледі: бағалы аң терісі, өнер туындылары, көне бұйымдар, бағалы 

заттар  және  т.  б.  Аукциондық  сауда  дегеніміз  –  нарықтық  сауданың  түрі. 

Мұндай сауда кезінде, сатушы сату барысында көп пайда алуды көздеп, саудаға 

қатысқан бірнеше немесе көптеген сатып алушылардың тікелей бәсекелестігін 

пайдаланады. Аукцион 4 түрге бөлінеді:



жүктеу 399,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау