16
1. Ағымдық әдіс. Бұл әдістің ерекшелігі - старттық баға жарияланғаннан
кейін, сатып алушының төлем қабілетіне қарай тауарлар бағасы өзінің ең
жоғарғы деңгейіне дейін көтеріледі.
2. Голландтық әдіс. Бұл жоғарыда сипатталған ағылшындық әдіске қарама-
қарсы бағытта жүргізіледі, яғни, жоғарғы старттық баға белгілері қойылып,
сатып алушының төлем қабілетіне қарай тауарлар бағасы төленеді. Бұл әдіс
негізінен сұранысы аз және тез бұзылатын тауарларды сату барысында
қолданылады.
3. Мылқау аукцион. Бұл әдіс бойынша, сатушының бағасы жарияланғаннан
кейін, сатып алушының аукционға қатысуы керек. Мұнда жест, мимика түрінде
көрсетіледі.
4. Сырттай аукцион – оның ерекшелігі аукционға қатысу ұсынысымен,
тауар бағасы жабық конверт арқылы беріледі және ол конвертті аукцион
барысында ғана алады.
Қазіргі кезде келісімнің құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында шет
елдерде сырттай аукционға қатысу, телефон, телефакс байланыстары арқылы
іске асырылады. Инженирингтік сауда – соңғы жылдары сыртқы сауда
операцияларының сипатын алған техникалық қызметтер жиынтығы. Оларды 2
топқа бөлуге болады:
- Кеңес сипатындағы қызметтер. Олар техникалық құжат зерттеу
нәтижелері, құрылысқа арналған бастапқы деректер, экономикалық есептеулер,
сметалар, ұсыныс, кеңестер және т.б.
- Белгілі бір объектінің құрылысына немесе құрал - жабдықтар жеткізуге
тікелей байланысты техникалық қызмет түрлері. Техникалық қызметтердің
толық жиынтығы нәтижесін – «кілтті табыстау» деп атайды.
Консалтингтік сауда – кәсіпорынның, фирманың, ұйымның экономикалық
қызметтің, соның ішінде, сыртқы экономикалық саладағы қызметтің, көптеген
мәселелері бойынша, өнім шығарудағы, сатушыға, сатып алушыға кеңес беру
немесе жобаларды дайындау және жүзеге асыру кезіндегі кеңес беру қызметі.
3. Халықаралық саудадағы сұраныс және ұсыныс ішкі нарықта жүргізіледі.
Сұраныс көлемі мен баға арасындағы қатынас өндіріс, тұтыну, бағалы
есептеудегі шығындар негізінде қабылданған. АҚШ және басқа елдегі өндіріс,
тұтыну бағаға сыртқы сауданың әсер етуі келесі 1 - кестеде көрсетілген.
♠ Баға І
♠ Баға ІІ
♠ Баға ІІІ
А
20 ٠−٠−٠−٠−٠−٠
20 ٠−٠−٠−٠−٠
20 ٠−٠−٠−٠−٠−٠ 10 - - --------------
10---------------- 10 --------------------
0 20 40 60
0 20 40 60 0 40 60 80
17
I – Америкадағы бидай нарығы. Яғни, АҚШ бидайды қымбат бағамен сатып
отыр.
II – Бидайдың халықаралық саудасы.
III – Бидайдың кедендік нарығы.
S
US
– АҚШ - тағы бидайға қисық ұсыныс.
D
US
– АҚШ - тағы бидайға сұраныс.
S
X
– Бидайдың экспортқа ұсынысы.
D
T
–Импорттық бидайға АҚШ - тың сұранысы.
S
F
– Басқа елдердегі бидайға ұсыныс.
D
F
- Басқа елдердің бидайға сұранысы.
٠−٠−٠−٠−٠−٠АҚШ - ғы бидайға қойылған алғашқы баға.
٠٠٠٠٠٠٠٠٠٠٠Басқа елдегі бидайдың алғашқы бағасы
- - - - - - - - - Бидайға жаңа әлемдік баға
♠ - АҚШ –ғы бушердің ярдқа бағасы.
♠♠ - 1 жылда ярд млрд.
Бушер - тоннаға сәйкес келеді.
Ярд – гектарға сәйкес келеді.
АҚШ және басқа елдегі сыртқы сауданың жоқтығынан, бидай нарығында
ұсыныс және сұраныс тепе - теңдігі әртүрлі бағамен қойылады. АҚШ – та
бидай 2 бушерден (тонна) артық 1 ярдқа (гектар) тең (А нүктесі), бұл 1 -
графикте көрсетілген. Қалған елдерде сұраныс ұсыныстың 2/3 бушерьдің ярд
бағасына сәйкес келеді. (N нүктесі 3-ші графикте) Сауда қарым - қатынасының
орнатылуы АҚШ - ты басқа елдің тұрғындарының сұраныс көлемін ішкі өндіріс
көлемімен сай келуі қажеттілігінен босатады. Осыдан кейін, Америка сатып
алушылары, шетелдік жеткізушілері мен жаңа мүліктері пайда бола бастады.
Американың сатып алушылары шет елден сатып алу арзан екенін білді. Ал
шетел жеткізушілері, өз кезегінде АҚШ қа қымбат бағамен сатудың мәні жоғын
түсінді. Кейіннен, олар Америка бидайын шетелдік бидайға алмастыру туралы
келісімге келді. Қисық сұраныс және ұсынысты пайдалана отырып, әлемдік
сауданың нақты тұрақты болашағы анықталды. Әлемдік сұраныс пен
ұсыныстың теңестірілуі 2 - ші графикте көрсетілген. Импортқа қисық сұраныс
және экспорт ұсынысы Е нүктесінде теңеседі. DE=CB=Ig
Теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар
1. Стандартты модельдің негізгі белгілері.
2. Айырбастан түсетін ұтыс.
3. Кіші және үлкен ел арасындағы сауда.
4. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс шеңберіндегі халықаралық сауда
параметрлерін анықтау.
Негізгі түсінік
Экспорт
Импорт
Реэкспорт
Реимпорт
18
Консалтингтік сауда
Биржа
Аукцион
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.«О государственнной поддержке прямых инвестиции» Закон РК от 28
февраля 1997 г
2.Доғалова Г.И. Халықаралық экономика, А:Экономика 2000.
3. Мамыров Н.К., Мадиярова Д.М., Калдыбаева А.Е. Халықаралық экономика
қатынастары
4. Балабанов И.Т. Валютные операции. – М., Финансы и статистика.1993.