Декоративті гүлдендіру ІІ бөлім Әдістемелік нұсқау Қостанай, 2012 ббк 42. 374 Т 22



жүктеу 0,57 Mb.
бет1/4
Дата28.02.2018
өлшемі0,57 Mb.
#10899
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Биология және химия кафедрасы

Г.С. Тасбулатова, Г.Ж. Султангазина



ДЕКОРАТИВТІ ГҮЛДЕНДІРУ

ІІ бөлім


Әдістемелік нұсқау

Қостанай, 2012



ББК 42.374

Т 22

С 85


Құрастырушы:

Тасбулатова Гүлім Сапарбекқызы, биология магистрі, биология және химия кафедрасының оқытушысы, Султангазина Гүльнар Жалелқызы б.ғ.к., биология және химия кафедрасының доценті



Рецензенттер:

Жарлығасова Г.Д., экология кафедрасының доценті, б.ғ.к.

Оразбаев К.Ш. , агрономия кафедрасының профессоры, а. –ш.ғ.к.

Тасбулатова Г.С.

Т 22

Сұлтанғазина Г.Ж.


С85 Декоративті гүлдендіру. – Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2012.-33бет.


«Декоративті гүлдендіру» пәнін меңгерудегі әдістемелік нұсқауда гүлдендірудің негізгі бөлімдері бойынша тәжірибелік жұмыстар берілген. Гүлді өсімдіктердің тарихын, гүлді және әсемді жапырақты өсімдіктердің құрылысын, салқын, жылы бөлмелерде өсетін өсімдіктерді, үлкен бөлмелерге арналған өсімдіктерді, біржылдықтар, көпжылдықтарды, тамырсабақты өсімдіктерді көктету, әртүрлі топтағы өсімдіктерге күтім көрсету ерешеліктерін, гүл шоқтары және композиция жасаудың негізгі принциптерін меңгеруге аса мән берілген.

Әдістемелік нұсқау «Биология» мамандығының студенттеріне арналған.

Биология және химия кафедрасы отырысында қаралған және ұсынылған

. .2012ж. Хаттама №

Аграрлық-биологиялық факультетінің әдістемелік кеңесімен мақұлданған:

. .2012ж. Хаттама №

© А.Байтұрсынов атындағы

Қостанай мемлекеттiк университетi

Мазмұны


Кіріспе ....................................................................................................................

4

1

Гүлді өсімдіктердің тарихы, гүлді және әсемді жапырақты өсімдіктердің құрылысы................................................................................

5

2

Салқын, жылы бөлмелерде өсетін өсімдіктер..............................................

8

3

Үлкен бөлмелерге арналған өсімдіктер........................................................

10

4

Суару - топырақтың механикалық қасиетін есепке ала отырып топырақты ылғалдату дәрежесі.....................................................................

11


5

Біржылдықтар, оларға сипаттама..................................................................

12

6

Көпжылдықтар, оларға сипаттама................................................................

16

7

Екі жылдық өсімдікті көктету.......................................................................

17

8

Тамырсабақты өсімдіктерді көктету.............................................................

18

9

Кесілген бұталарды көктету..........................................................................

20

10

Әр түрлі топтағы өсімдіктерге күтім көрсету ерешеліктері.......................

21

11

Үйдегі гүлді алқап..........................................................................................

24

12

Өсімдіктерді үйлестіру. Балконды көгалдандыру.......................................

27

13

Гүл шоқтары және композиция жасаудың негізгі принциптері. Гүл шоқтары, композиция жасауда жалпы ережелер.........................................

29


14

Бақша жолдарын безендіру............................................................................

31

Әдебиеттер тізімі...................................................................................................

33

Кіріспе


«Декоративті гүлдендіру» курсы «биология» мамандығы студенттерімен оқып үйренуін көздейді:

а) көптеген өсімдіктердің мәдениетінің енгізу тарихы мен олардың адам өміріндегі орнын

б) гүлдерді символ ретінде, кескіндемедегі бағыт ретінде пайдалану

в) дәстүрлі медицинада, тағамда, косметикада пайдалану.

Сәндік гүлдендіру биологиясына қарағанда, өсімдік сәндігінің сапасына үлкен көңіл бөледі. Көптеген мектептер белгілі бұл ағылшын және голландия мектептері композицияларды дайындайтын және сәндік гүлдейтін дақылдардың агротехникасы.

Курстың міндеті:



  1. Өсімдіктердің отырғызу учаскісін дайындау ерекшеліктерін оқып үйрену, күту тәсілдері, зиянкестермен және аурулармен күрес;

  2. Әр түрлі дақылдардың белгілі бір жағдайда ұсталуы, олардың биологиялық ерекшеліктері;

  3. Учаскілердің дайындау түрлерін қарастырып, іріктеп алу тәсілдері және өсімдіктерді жинақтау, бір шоқ гүлдерден және кесілген мен кептірілген гүлдерден композицияларды құрастыру.

Гүлді өсімдіктер адамның сұлулыққа қажеттілігін қанағаттандыруын ғана емес, сонымен қатар олар оның физикалық күйіне және оның моральдығына игілікті әсер етеді.

Студенттер жақсы білім алып оны тәжірибе түрінде де қолдануы мүмкін. Берілген курстың басқа да пәндермен пән аралас мынадай курстармен байланысы бар, олар «Ботаника», «Қолданбалы биология», «Топырақтану негіздерімен» саналады.



1 тақырып Гүлді өсімдіктердің тарихы, гүлді және әсемді жапырақты өсімдіктердің құрылысы

Мақсаты:

Гүлді өсімдіктерді өсіру және әсемді жапырақты өсімдіктерді өсіру тарихына шолу жасау. Гүл құрылысын қайталау



Жоспар:

  1. Гүл өсіру және өсімдіктерді өсіру тарихы

  2. Гүлді өсімдіктің құрлысы

  3. Тамыр

  4. Тамырдың түрлері

  5. Сабақ

  6. Өсімдік бүршігі

  7. Жапырақ

  8. Гүл

  9. Жеміс

Керекті құрал-жабдықтар:

Бөлме өсімдігі


Жалпы түсініктеме
Гүл өсіру және өсімдіктерді өсіру тарихы. Ежелгі гректер өздерінің үйлерін құмыраға салынған гүлдермен безендірген. Мың жыл бұрын Қытайда бонсай - атауымен белгілі аласа ағаштарды керамикалық ыдыста өсіре бастаған. Ортағасыр Еуропада қысқы бақшада гүл өсіру тәжірибесі белгілі болды. Әйгілі географиялық ашылу дәуірі Европалықтар үшін өсімдіктер түрлерін көбейтті.

1240 ж. Европадағы алғашқы қысқы бақша танымал бағбан Альберт Магнустың өнерімен құрылды. Бұндай көрініс үшін Магнусты сиқыршылыққа кінәлады. Қысқы бақтарды құру жөнінде бірінші тәжірибе сәтті өтті, кейінірек Европалық монархиялар бағбандарды әйнекті гүл-жай жасауға және оларда жабайы өсімдіктер өсіруге мәжбүрледі. Алдымен апельсиндер (французша - “orange”) өсірілді, осыдан барып «оранжерея» атауы шыққан. Бірінші Петр де бұған қызығып қыста цитрусты өсімдіктерді өсіру үшін шағын павильон жасады. Еуропаның жағалауында баданалы және түйнек жуа, сондай-ақ картоп, тұқымы ұзаққа сақталынатын өсімдіктер өсіріле бастады.

Бөлмеде гүл өсірудің бағалылығы ағылшын Н.Уордтың бақылауында байқалынды, ол шағын шыны ыдыста нәзік қырыққұлақтардың өзі жақсы сезінетіндігін байқаған, ал бұның себебі ауаның ылғалдылығының жоғары болуында.

1834 ж. Н.Уорд өсімдіктерді тасымалдауға «чемодан» құрастырып шығарды. Өсімдіктерді сирек суаруға болатын болды және олар тұзды шашырандылардан қорғанатын болды. Енді Еуропаға нәзік тропиктік өсімдіктер әкелуге болатын болды: қырыққұлақ, орхидея. Голландия мен Англия дүниежүзінде гүлдерді өндіру жөнінде бірінші орында. Корольдық ботаникалық бақша Кью тропиктік өсімдіктерді өсіру жөнінде ең ірі бақша болып қала берді.



Гүлді өсімдіктің құрлысы.

Тамыр өсімдіктің өстік, көп симметриялы жер асты мүшесі. Ол ұзақ уақыттар бойы ұзындыққа шексіз өсіп отырады. Тамырдың ұшын тамыр оймақшасы қорғап тұрады. Тамыр еш уақытта жапырақ түзбейді. Оның бұтақтануы, бүршіктенуі ішкі жағынан басталады (эндогенді).

Тамыр әртүрлі қызметтер атқарады: суды және онда еріген минералды тұздарды, кейде тіптен органикалық заттарды да топырақтан өз бойына сіңіріп, сабаққа жеткізіп отырады. Өсімдікті жерге бекітіп тұрады, кейбір органикалық заттарды синтездейді, өсімдіктің топырақтағы микроорганизмдермен (саңырауқұлақтармен, бактериялармен) байланысын қамтамасыз етеді, артық қор заттарының жиналатын орны болып табылады, өсімдіктің вегетативтік жолмен көбеюін қаматамасыз етеді.



Тамырдың түрлері:

Бүйір тамыр - негізгі тамырдың жанынан өсіп шыққан тармағы.

Тірек тамыр - бірқатар өсімдіктердің діңінен, бұтағынан қосымша шыққан тамыр. Оның бір бөлігі жер бетінде болады.

Түп тамыр - тамыр тармақтарының ең үлкені.

Тыныс тамыр - сулы жердегі өсімдіктердің сыртқа шығып тұратын тамыры. Ол тыныс алу қызметін де атқарады.

Шашақ тамыр - шашақ сияқты тарамдалып өскен тамыр.

Жуан тамыр - қоректік зат жиналатын етті тамыр.

Кіндік тамыр - дараланып, жуан болып өскен тамыр.

Сабақ қалыпты жағдайда шексіз өсетін полисимметриялы өстік мүше болып табылады. Оның ұзындыққа өсуін төбелік және қыстырма меристемалары қамтамасаз етеді. Бұтақтануы және бүршіктерінің пайда болуы сырт жағынан (экзогенно) жүзеге асады. Сабақта жапырақтар мен бүршіктер орналасады.

Сабақ жапырақтар мен тамырдың арасын байланыстырып тұрады, жақсы жетілген ассимиляциялық системаның түзілуіне мүмкіндік туғызады және жапырақтардың оларға күннің сәулесі жақсы түсетіндей жағдайда орналасуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге сабақ артық қор заттарының жиналатын орны болып табылады.

Ағаштардың сабақтары мен тамырлары 4-6 мың жыл өмір сүре алады (мамонт ағашы, айдахар ағашы). Кейбір шөптесін өсімдіктердің сабағы 30-45 күн ғана өмір сүреді (эфемерлер).

Өсімдік бүршігі. Бұл қысқарған өркен. Ол өсу конусымен аяқталатын (сабақтың бастамасы) меристемалық өстен және жапырақ тұмсықшасынан (жапырақтың бастамасы), яғни алғашқы метамерлердің сериясынан тұрады. Төмен орналасқан, дифференцияланған жапырақтар, өсу конусымен жапырақ тұмсықшасын қоршап жауып тұрады. Өсу конусының вегетативтік-репродуктивтік бүршіктері алғашқы гүлдің немесе гүл шоғырының бастамасына арналған. Гүл түзетін (репродуктивтік) бүршіктер тек алғашқы гүлдің немесе гүл шоғырының бастамасынан тұрады. Мұндай бүршіктерге фотосинтез процесі жүретін жапырақтардың нышаны (бастамасы) мүлдем болмайды.

Орналасу ерешеліктеріне қарай бүршіктерді төбелік және бүйірлік деп бөледі. Соңғысы шығу тегіне қарай, қолтықтық және қосалқы болып бөлінеді. Қолтықтық бүршіктер жапырақ тұмсықшаларының қолтығының өсу конусында экзогенді (сырттан) қалыптасады. Ұзақ уақыттар бойы өркен бермейтін, қолтықтық бүршіктерді бұйыққан бүршіктер (спящие почки) деп атайды. Қолтықтық бүршіктер не жалғыздан, не бірнешеден топтасып орналасады. Қосалқы бүршіктер сабақтың кез келген бөлігінен меристемалық клеткалардың белсенділігінің (тіршілік әрекетінің) нәтижесінде, эндогенді (іштен) жолмен пайда болады.

Кейде қосалқы бүршіктер жапырақта пайда болып, бірден қосалқы тамырлары немесе баданалары бар (пияз) кішкентай өркендер береді. Мұндай қосалқы бүршіктерді өнім бүрлері деп атайды.

Жапырақ - өсуі шектелген бүйірлік мүше. Ол қыстырмалы меристеманың белсенділігінің нәтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі. Ағаштар мен бұталарда бұл уақытша мүше.

Жапырақтың атқаратын қызметтері: фотосинтез, газдың алмасуын және судың булануын реттеу болып табылады. Сонымен бірге жапырақтарда артық қор заттары жиналады, жекелеген жағдайларда жапырақ вегетативтік көбею қызметін де атқарады.



Гүл - өсімдіктің көбеюін іске асыратын мүшесі. Өсімдік гүлі көбінесе түрлі түске боялған көрікті болады. Ол микро- және мегаспоралар, гаметалар түзуге және айқас тозаңдануға бейімделген. Тозаңданудың және одан әрі жыныстық процестің (ұрықтанудың) негізінде тұқым мен жеміс түзіледі.

Гүлдің сабақтық бөлігі сағақтан және гүл тұғырынан (табанынан) тұрады. Гүл тұғырының формасы алуан түрлі болады. Конус тәріздіден жалпақ тақтаға, кейде тіптен ойыс бокал тәрізді формаға дейін кездеседі. Гүл тұғырына түрі өзгерген жапырақтар (гүл жапырақшалар) орналасады: тостағанша жапырақшалар, күлте жапырақшалар, аталықтар, аналықтар.



Жеміс дегеніміз тұқымды қорғауға, ал кейбір жағдайларда оларды таратуға арналған мүше. Жеміс гүлден, ұрықтану процесінен кейін, ондағы жүретін өзгерістердің нәтижесінде пайда болады. Жемістің түзілуінде негізгі рольді гинецей атқарады. Кейбір өсімдіктер, ұрықтану процесі жүрмесе де жеміс береді. Мұндай жемістерді партенокарпты деп атайды, олар әдетте дән байламайды (жүзімнің, алмұрттың, цитрус тектестердің кейбір сорттары). Жай жемістерден біріккен жемістің айырмашылығы сол, ол бір-бірімен біріккен (қызылша), бірнеше гүлден немесе түгелдей гүл шоғынан пайда болады (тұт, инжир, ананас).

Тапсырма:

  1. Гүлді өсімдіктің жер асты мүшелерімен танысу

  2. Гүлді өсімдіктің жер үсті мүшелерімен танысу

Бақылау сұрақтары:

  1. Европадағы өсімдіктерді өсіру тарихына жалпы шолу жасаңдар

  2. Бөлмеде гүл өсірудің тарихы жөнінде мағлұмат беріңдер

  3. Гүлдің құрылысына сипаттама беріңдер


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бабин Д. Комнатное цветоводство. -Смоленск: Русич, 2002. -448.

  2. Бехтхольд Ф. Всё о комнатных растениях. -М.: БММ АО, 2000. -160с.:илл.

  3. Гилберт Р. Комнатные растения: практическое руководство. -М.: Слово, 2001. -144 с.: ил.

  4. Рокош Е.В. Комнатные растения. -М.: Мартин, 2003. -448с.

  5. Сенин Б.К. Химия для вас и вашего дома. -Ростов н/Д: Феникс, 1999. -352с.


2 тақырып Салқын, жылы бөлмелерде өсетін өсімдіктер

Мақсаты:

Салқын, жылы бөлмелерде өсетін өсімдіктер түрлерімен танысу, оларға сипаттама беру



Жоспар:

  1. Салқын орындарда өсетін өсімдіктер

  2. Жылы орындарда өсетін өсімдіктер

Керекті құрал-жабдықтар:

Салқын, жылы бөлмелерде өсетін өсімдіктер


Жалпы түсініктеме
Салқын орындарда өсетін өсімдіктер. Қараңғылау, салқын және құрғақ жерлерге өсімдіктердің кейбір түрлерін, бірақ төзімділерін ұсынуға болады. Әдетте бұл өсімдік мықты, жұмсақ жапырақтары бар өсімдіктер, өсімдіктің жапырағына жарық аз түсетін, хлорофилл мөлшерінің көп болуына байланысты қою жасыл өсімдіктер. Бұл түрлерге биік аспидистра, қызыл жапырақты бегония, тостаған жапырақшалы бриофиллюм, лигуструм, дримиопсис, сансевьера, традесканция, пальма хамеропс.

Жылы орындарда өсетін өсімдіктер. Біз бұнда тропикалық аймақтарының өсімдіктері жөнінде айтып кетеміз. Онда климаттық тұрақтылық байқалады. Яғни температураның көбіне тұрақты болып келуі. Бұндай жағдайларды жылы орындарда өсетін өсімдіктерге жасау керек. Егер егілген орында қыста отын жағып, тұрақты 18-25 0С температураны сақтаса өте жақсы өседі. Керісінше кішкене суықты жақсы көретін өсімдіктер өле бастайды. Тропикалық өсімдіктердің көпшілігі ауа құрғақтығын, желдетуге, суық ауаның көп мөлшерде соғуына байланысты өзгешеліктер болуы мүмкін. Мүмкіндігінше өсімдіктерді басқа орынға көшіруге болады.

Аглаонема. Отаны Шығыс Үндістан мен Малазия аралдары. Мәдени түрде аглаонеманың бірнеше түрлері белгілі. Олар сәнді гүлдерімен ерекшеленеді.

Түрі өзгерген аглаонема. Отаны Молулукс және Сулавеси аралдары. Жапырақты өсімдік, биіктігі 50 см. Жапырақтары ланцетті, ұшына қарай істіктелген, күрең жасыл, қоңыр дақтары бар. Гүлдеу уақытынан кейін қызыл тұқымдар сәнділігін арттыра түседі.



Аглаонема Робелина. Отаны Малакка түбегі. Жапырақтары ірі, дөңес, күрең жасыл, көлденең жылтырауық сызықшалары болады. Жемісі ашық қызыл.

Аглаонема трейба. Отаны Жаңа Гвинея аралы. Жапырақтары жіңішке, дөңес, күрең жасыл, шашыранды жылтыр сызықшаларымен.

Бұл өсімдік өте жақсы күтімді қажет етеді, яғни тұрақты суару, күннің тура түсуі, өсірілетін орынды желдету т.б. мұқият сақтаған жөн. Көктемде өсімдікті араласқан топыраққа егеді.



Антуриум. Бұлардың гүлденген кезі құйрықшаны елестетеді. Бұлардың 500-ге жақын Орталық және Оңтүстік Америкадағы мәңгі жасыл түрлері, кейбір түрлері ғана өте сәнді болып мәдени түрі таралған. Шерцер антуриумы, андер антуриумы және олардың сорттық формаларының құрылымы мен көңіл аударғыштығымен ерекшеленеді. Басқа түрлері сәнді – жапырақты түрде құнды болып келеді.

Шерцер Антуриумы. Ылғалды тропикалық жерлерде, Коста-рики және Гватемалы ормандарында өседі. Бұл өсімдік қысқа сабақшасымен, күрең жасыл жапырақшаларымен ерекшеленеді.

Андер антуриумы. Отаны - Колумбия. Сабағы қысқартылған. Жапырақтары дөңес, ланцетті, үстіне қарай істіктелген болып келеді. Гүлдері сары гүл шоғы болып жиналған.

Хрустальды антуриум. Сәнді – жапырақты өсімдік. Колумбияның ылғалды тропикалық ормандарында өседі. Қысқартылған сабағында жалпақ жүрек тәрізді, жасыл, ақшылт – жасыл сызықшалы жапырақтары бар.

Ахименес. Бұл әдемі, сәнді – жапырақты, сәнді – гүлдегіш көпжылдық, шөптесін өсімдіктер. Олар тропикалық аймақтарда өседі: Мексика, Бразилия, Гватемала. Ахименес грек тілінен аударғанда «суықтан қорыққыш» деген мағынаны білдіреді. Ахименестің 50 шақты түрлері саналады.

Ұзын гүлді Ахименес. Отаны – Мексика. Жапырақтары күңгірт, дөңес, үстіңгі жағына қарай үшкірленіп келеді. Гүлдері үлкен, диаметрі 6,5-ге жетеді, түстері көгілдір, қызғылт және ақ түсті болып келеді. Жазда және күз айларының басында гүлдейді, әр түрлі сорттары бар.

Ақ Ахименес. Кішкене келген сабағы мен жұмыртқа тәрізді жапырақтарымен ерешеленеді, гүлдері үлкен емес, диаметрі 1-1,5 см болып келеді. Жазда гүлдейді.

Бегония. Бұл өсімдіктің мыңнан астам түрлерін ажыратады. Бұл өсімдіктің түрлері көптеген континенттерде кездеседі: орталық және оңтүстік Америка, оңтүстік-шығыс Азия, Африка.

Ақ дақты бегония. Отаны Бразилияның тропикалық ормандары. Жапырақтары ланцентті, ұзындығы 5-7 см, жуандығы 1,5-2 см, күрең жасыл, көптеген жылтырауық дақтармен астарланған. Гүлдері өте үлкен емес, ақшылт жасыл, 25-35 болып жиналған.

Гибридті элатиор бегониясы. Бақшалы форма. Жиделі дрейга мен пирс түрлерімен сұрыптау нәтижесінде алынған. Бірнеше сорттары бар. Гүлденуі бойынша ерекшеленеді.



Тапсырма:

  1. Салқын орындарда өсетін өсімдіктердің түрлерін қарастырып, оларға сипаттама беріңдер

  2. Жылы орындарда өсетін өсімдіктер түрлерін қарастырып, оларға сипаттама беріңдер

Бақылау сұрақтары:

  1. Салқын бөлмелерде өсетін өсімдіктерді атаңыз?

  2. Жылы бөлмелерде өсетін өсімдіктерді атаңыз?

  3. Антуриум, Ахименес өсімдіктеріне сипаттама беріңдер?

  4. Бегония өсімдігінің қандай түрлері кездеседі?

  5. Ақ дақты бегонияға сипаттама беріңдер?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Гилберт Р. Комнатные растения: практическое руководство. -М.: Слово, 2001. -144 с.: ил.

  2. Голубев В.: Экологическая культура помещений: Комнатные растения. //Флора. 2002. №4. –С.4-9.

  3. Соколова Т.А., Бочкова И.Ю. Декоративное растениеводство. -М.: Изд. Центр «Академия», 2004. -432с.

  4. Чуб В.В., Лезина К.Д. Полная инциклопедия комнатных растений: Справочные издание. -М.: ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. -415с.: ил.


3 тақырып Үлкен бөлмелерге арналған өсімдіктер

Мақсаты:

Үлкен бөлмелерге арналған өсімдіктерді білу, оларға сипаттама беру



Жоспар:

  1. Көп жылдық астра

  2. Гелениум

Керекті құрал-жабдықтар:

Үлкен бөлмелерге арналған өсімдіктер


Жалпы түсініктеме
Көп жылдық астра. Қашқаргүл тұқымдастары Оңтүстік Европадан, Азиядан және Солтүстік Америкадан әкелінген. Күшті бұтақталған сабақтарының биіктігі: 1,6 м-ге жетеді. Жапырақтары қоңыр-жасыл, үлкен емес, ұзын. Гүл шоғыры ақ, көкшіл, көк, күлгін. Гүл шоқтарының диаметрі 1,5-4 см, дәржарнаққа жиналған. Күзде кеш гүлдейді. Әсемдігін жоғалтпай аздаған қолайсыз температураға шыдайды.

Бұталарын бөлу арқылы және тұқыммен көбееді. Көп жылдық астра тұқымдары өсімталдық қасиетін тез жоғалтады, сол себепті бұларды жинап алысымен қыс басталудан бұрын ашық топыраққа немесе булыжайға сеуіп тастайды. Көктем шығысымен көшіріп отырғызады. Күзде немесе келесі көктемде тұрақты орынға отырғызады. Отырғызу арақашықтығы 30 см-ден 40 см-ге дейін. Әрбір 3-4 жылда жетілген үлкен өсімдіктерді бөліп, ауыстырып отырғызады.

Көп жылдық астра жарық немесе жартылай жарық жерде ылғалы мол тыңайтылған жерде жақсы өседі және гүлдейді.

Гелениум. Қашқаргүл тұқымдасына жатады. Солтүстік Америкадан әкелінген. Гүл шаруашылығында негізінен өсіріп таратылатыны – күзгі гелениум. Өсімдіктің биіктігі 1м-ден 1,8 м-ге дейін өседі. Жапырақтары отырықшы, ланцет тәріздес, жиегі ирек. Гүл шоғының диаметрі 3 см–ден 6 см-ге дейін. Гүлдері: сары, қызғылт сары, қызыл, қоңыр.

Тамыздан бастап аяз түскенге дейін гүлдейді, шамалы аязға төзеді. Гүл шоғы гүлдеп болғаннан кейін өсімдіктің әсемдік бағасы төмендейді.

Түбірлердің бөлінуі арқылы көктемде немесе күзде, бұтақтану арқылы көктемде көбееді. Гелениум тұқымдарыменде көбееді. Алынған өнім әсемдік жағынан бір келкі емес. Сондықтан өсімдіктің вегетативті көбею түрі жиі қолданады. Тұрақты орнына отырғызғанда ара қашықтығын 30-40 см-ден отырғызады. Бір орнында 3-4 жыл өсіреді. Күн көзі мол түскен жерде жақсы өседі және гүлдейді. Құрғақшылыққа төзімді немесе ылғалды қажет етуі орташа. Биік болып өсетін сорттарын құламас үшін байлап қою керек. 2-3 жыл өсіргенде қоректендіретін топырақ себу керек.

Тапсырма:


  1. Гелениум өсімдігінің морфологиялық құрылысымен танысу

  2. Гелениум өсімдігінің көбею жолдарымен танысу

Бақылау сұрақтары:

1. Көп жылдық астра қандай тұқымдасқа жатады?

2. Көп жылдық астраның Отаны?

3. Көп жылдық астраның гүлдеу уақыты?

4. Көп жылдық астра жапырақтарының пішіні қандай?

5. Гелениум қандай тұқымдасқа жатады?

6. Гелениумның Отаны?

7. Гелениум өсімдігінің биіктігі?

8. Гелениумның гүлдеу уақыты?


жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау