«Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасы


– ТАҚЫРЫП. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ ТАБЫСТАРДЫ БӨЛУГЕ



жүктеу 399,99 Kb.
Pdf просмотр
бет7/14
Дата01.12.2017
өлшемі399,99 Kb.
#2497
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

19

5 – ТАҚЫРЫП. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ ТАБЫСТАРДЫ БӨЛУГЕ 

ЫҚПАЛЫ

Дәріс мақсаты - Самуэльсон  теоремасын меңгеру және өндірістік факторлар 

теорияларының кезеңдерін анықтау. 



Дәріс жоспары:

1.  Поль Самуэльсон тоеремасы .

2.  Рыбчинский теоремасы

1.  Егер,  жұмыс  күшінің  саны  басқа  факторлармен  қатынасында  артық 

болса,  онда  мемлекет  артық  жұмыс  күшімен  қамтамасыз  етілген  деп 

есептелінеді.  Б.Олин  бекіткен  бұл  теорияны  кейіннен  Нобель  сыйлығының 

лауреаты  Поль Самуэльсон  нығайтты.  Ол  Хекшер  –  Олиннің  тұжырымын 

дәлелдейтін математикалық шарттар шығарды.

1948 жылы Самуэльсон келесі теорема арқылы тұжырымдады: өндірістегі 

факторлардың  бір  қалыптылығында  ұқсастығы  жетілген  бәсеке  толық 

мобильдік  тауарлар  халықаралық  айырбаста  мемлекеттер  арасындағы 

өндірістік  факторлардың  бағасымен  теңестіріледі.  Үш  экономистің  атымен 

аталған  HOS  (ХОС)  теоремасы  өндірістік  факторлар  теорияларының  негізін 

қалады.

Негізінде,  өндірістік  факторлар  мемлекеттен  мемлекетке  ауысып 



отыратынын  тәжірибе  көрсетті.  Халықаралық  айырбас  кезінде  пайда  болған 

шығындар  маманданудың  дамуын  төмендетеді  және  өндіріс  факторларының 

бағасын теңестіруге кедергі жасайды. Өкіметтің араласуы және  экономикалық 

өмірдің  әлеуметтік  құрамдас  бөліктері  де  HOS  теоремасынан  таралуы  керек. 

Әлеуметтің бір қалыпты қозғалысына жалпы әсер етеді.

Екінші  өнімнің  «кеңеюі»  кезеңінде  ішкі  нарықтағы  сұраныс  жедел  өсіп, 

өнім  көпшілікке  танымал  бола  бастайды.  Жаңа  тауардың  үлкен  партиясын 

көптеп шығарады.

Үшінші «кемелдену» кезеңінде ішкі нарық көлемі жоғары деңгейге жетеді. 

Өндірістік  технология  стандартталады.  Бұл  біліктілігі  төмен  жұмыс  күшін 

пайдалануға,  өндіріс  шығындарын,  бағаны  төмендетуге,  тауар  пайда  болған 

елдің  ішкі  нарығына  ене  бастаған  жаңа  фирмалардың  тауар  өндірісіне  қол 

жеткізуге мүмкіндік береді.

Циклдың соңғы кезеңінде өнім «қартаяды», оны өндіру қысқара бастайды. 

Бағаны  бұдан  әрі  төмендету,  «кемелдену»  кезеңіндегі  сияқты  сұраныстың 

өсуіне әкелмейді.

Технологиялық  үзіліс  теориясы  өндіріс  факторларына  бірдей  ие  елдер 

арасындағы  сауданың  дамуы  елдердің  бірінде  технологиялық  өзгерістер 

арқылы пайда болады делінеді.

Ұқсастықты қалау  теориясында  елдер  қандай  да  бір  тауарларды 

кемелденудің  әр  түрлі  кезеңінде  өндіру  мен  экспортқа  шығындарды 

мамандайды.




20

2. Рыбчинскийдің теоремасында сипатталатын факторлар ұсынысының бір 

қалыпты  емес  өсуінің  мына  тұрғыдағы  маңызы  ерекше:  басқа  да  өзгермелі 

факторлардың  тұрақтылығы  кезіндегі  ұсыныс  факторлары  бірінің  өсуі  осы 

факторды  қарқынды  пайдалану  барысындағы  тауар  өндірісінің  өсуіне  және 

басқалай тауарлар өндірісінің қысқаруына әкеледі.

Бұл  жағдай,  мысалы,  егер  капитал  өсімі  байқалатын  болса,  Португалияда 

зауыттық өндіріс кезінде қалыптасуы мүмкін.

Рыбчинский  теоремасы  іс  жүзінде  бірнеше  рет  дәлелденді.  Осылайша 

Голландияның  –  «голландиялық  сырқаты»  индустриялизациясыздандырудың 

хрестоматиялық  сипатына  айналып  үлгерді.  Бұл  проблема  Голландияның 

белсенді  түрде  кен  орнын  ашып,  пайдалануына  байланысты  пайда  болды. 

Сөйтіп,  табиғи  газды  өндірудің  өсуіне  орай,  Голландияның  өнеркәсіптік 

экспорты қысқара түскендей әсер қалдырды; ал жылу отынының барлық түріне 

(табиғи газды қоса алғанда) әлемдік нарықтағы бағаның өсуі бұл тенденцияны 

күшейте  түсті.  Бұл жағдай  Рыбчинскийдің мына  теоремасынан тарайды: жаңа 

сектор  ресурстардың  басқа  салалардан  неғұрлым  жоғары  еңбекақы  мен  осы 

сектордағы соғұрлым жоғары табыстың есебінен кері қайтуына әсерін тигізеді. 

Соның  нәтижесінде, өңдеуші  өнеркәсіптің  өнімі  қысқарды.  Осылайша, 

дүниежүзілік сауданың ұнамды жақтарымен қатар, ұнамсыз салдары да болуы 

мүмкін. Бұл, әрине, сыртқы сауда саясатында еркін сауда және протекционизм 

тәрізді екі бірдей тенденцияның бар екенін көрсетеді.

Теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар

1. Елдің ішкі бағасы мен әлемдік бағасы арасындағы айырмашылық. 

2. Халықаралық саудадан алатын таза ұтыс. 

3. Өндіріс фактрлары теориясындағы табыстарды бөлу. 



Негізгі түсінік

Поль Самуэльсон тоеремасы .

Рыбчинский теоремасы

HOS (ХОС) теоремасы



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Мамыров  Н.К.,  Мадиярова  Д.М.,  Калдыбаева  А.Е.  Халықаралық 

экономикалық қатынастар, А.:Экономика, 1998.

2. Халықаралық  экономикалық  қатынастар/Елемесов  Р,Е.  Бас.  Ред., 

А.:ҚазҰУ, 2002.

3. Кругман  П.,  Обстфельд  М.  Международная  экономика.  Теория  и 

политика, М.,1997. 

4. Линдерт  П.  Экономика  мирохозяйственных  связей:  Пер.с  англ  / 

общ.ред. и предисл. О.В.Ивановой.-М.: Прогресс, 1992.

5. Миклашевская  Н.А.,  Холопов  А.В.  Международная  экономика./  Под 

общ.ред. А.В.Сидоровича. –М.: Изд. «Дело и Сервис», 2000.



21

6 – ТАҚЫРЫП.    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ АЛЬТЕРНАТИВТІК 

ТЕОРИЯСЫ

Дәріс мақсаты - халықаралық  сауданың альтернативтік теорияларын қамту.

Дәріс жоспары:

1. Жаңа технологиялық теориялар.

2. Халықаралық сауданың альтернативтік теориялары.

1. Ғылыми  ізденістерді,  техникалық  құрал  жабдықтарды  қажет  ететін 

салалардың  дамуы  және  олардың  халықаралық  айырбасының  өсуі  жаңа 

технологиялық  бағыттар  теориясының қалыптасуына  жол  ашты.  Мұнда 

американың  зерттеушілер  Робок  және  Симмондс мынадай  пікір  айтты  –

«Сауданың

дәстүрлі  теориясының  өндірісті  жандандыру  процесінің 

маңыздылығы 

артуын


түсіндіру 

мен 


болжаудағы 

қабілетсіздігін, 

жеткіліксіздігін  мәселенің дұрыс  қойылмауымен  шамалап  түсіндіруге  болады. 

Сауда теориясы ұлттар неліктен сауда жасайды деп сұрақ қояды. Бұған шешім 

қабылдайтын ұлт емес, коммерциялық кәсіпорындар».

Сыртқы  операцияны  жүргізуде  айырбастаудың  фирма  ішіндегі  үлес 

салмағы  осындай  тәсілдердің  объективті  негізі  болып  табылады.  Мысалы: 

мәліметтер бойынша фирмаішілік байланыс үлесіне бүкіл әлемдік сауданың 70 

%-ы сатылатын лицензиялары мен патенттің 80-90%, ал капитал экспортының 

40  %-ға жуығы тиісілі болды, сонымен қатар, зерттеулер мына сұраққа жауап 

беруге тырысты. Фирма қандай жағдайда сыртқы нарыққа шығып, оны жаулап 

ала  алады?  Бұл  сұраққа  жауап  бергеннің  бірі  американдық  ғалым  Стефан 

Линдер. 60  жылдың басында ол түрлі нарықтар сипаттамасын ескере отырып, 

Монтьевтің  талдауын  әрі  қарай  жалғастырды.  40-50  ж  американдықтар 

еуропалық  нарыққа  алып  шыққан  тоңазытқыш,  теледидар  сияқты  техникалық 

жаңа  тауарлар  өзіндік  ерекшеліктерін  қарастыра  отырып  Линдер  тауарлар 

жасауға  негіз  болған  басты  жаңалықтарды  Еуропалықтардың  ашқанына  назар 

аударды.  Осы  жаңалықтар  іс-жүзінде  Америкада  жаңа  тауарлар  техникасы 

жүзінде  жүзеге  асырылып,  кейін  Еуропадағы  сыртқы  нарықты  жаулап  алды. 

Линдердің  пікірінше,  фирма  техникалық  жағынан  күрделі  бұйымдарды 

қолданардағы қажеттілікке қарай, яғни ішкі нарық қажеттілігіне жауап ретінде 

өндіре  бастайды.  Сондықтан  фирма  ең  бірінші  ұлттық  өнімді  нарыққа  арнап 

шығарып,  екінші  ішкі  нарықталғаннан  кейін  ғана  өнімді  шетелге  сатумен 

айналысады.  Бірақ  Линдердің  теориясы  толық  дәлелденбеді.  Ол  сыртқа 

нарыққа техникалық күрделі тауарды жеткізудің бір немесе шектеулі аспектісін 

ғана қамтиды.



2.   Халықаралық    сауданың  альтернативтік  теориялары  мыналарды 

қамтиды:


1) Ауқым нәтижесі немесе төмендеуші шығындар теориясы.

2) Тауардың өмірлік цикл теориясы.

3) Техникалық үзіліс теориясы.

4) Ұқсастықты қалау теориясы 




жүктеу 399,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау