«Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасы



жүктеу 399,99 Kb.
Pdf просмотр
бет3/14
Дата01.12.2017
өлшемі399,99 Kb.
#2497
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

8

Салыстырмалы  артықшылық  теориясы,  егер,  елдер  басқа  елдермен 

салыстырғанда, аз шығынмен тауар түрлерін өндіруге маманданса, онда сауда 

бұл  тауарларды  өндіруге  елдің  абсолютті  артықшылығы  бар  немесе 

жоқтығына қарамастан екі  жаққа да  пайдалы болады. Сыртқы  сауда жағдайы 

нақты елдің экспорттық бағасының импорттық бағаларына қатысты:

1. Нақты елдердің экспорттық бағасының қозғалысын көрсететін индекс –

Р

х 



=∑ х

і

 Р



і

Мұндағы:  х

і 

-  белгілі  і  тауардың  ағымдық  жылдағы  соммалық 



экспортының үлесі.

Р

і 



–  нақты  тауардың  ағымдағы  бағасының,  белгілі  і  тауардың  ағымдық 

жылдағы бағасына қатысты.

2. Нақты елдің импорттық бағалық қозғалысын көрсететін индекс.

Р



=∑ m

і

 Р



і

Мұндағы: m

і 

– белгілі тауардың бағалық жылдағы соммасының импорттық 



үлесі.

Р

і 



– нақты тауардың ағымдағы бағаның белгілі і  тауардың бағалық жылға 

бағасына қатысады.

3. Сыртқы сауда жағдайы.

Т= Р


х 

/ Р


m

Бұл  көрсеткіштер  нақты  елдің  сауда  жағдайының  жақсаруын  немесе 

нашарлауын көрсетеді.

2.2. Бәсекелестік артықшылық теориясының пайда болуына себепші болған 

факторлар:

1)  Әлемдік  экономикада  және  халықаралық  бәсекеде  нақты  өзгерістер 

болды.  Бұрынғы  классикалық  теория  бәсекелестік  артықшылықты  сипаттауға

қабілеті болмады.

2) Техникада өзгерістер болды.

3) Жаңа индустриялды елдер пайда болды.

4)Өндірістің интернационализациялануы  жүрді. (Фирмалар тек орналасқан 

елдер  артықшылығын  ғана  емес,  олардың  қаржылары  салынған  елдің 

артықшылығын да пайдалана бастады.)

  Бәсекелестік артықшылықтың негізгі детерминанттары:

1. Факторлы шарттар елдің келесі өндіріс факторларын иемденсе;

а) Адам ресурстары: жұмысшы күшінің саны, квалификациясы және құны, 

жұмыс мақсаты, еңбек этикасы.

б)  физикалық  ресурстар:  пайдалы  қазбалар,  судың,  жер  учаскілерінің, 

орман  ресурстарының,  гидроэнергетика  ресурстарының  және  т.б.  саны  мен 

сапасы, елдің географиялық орны мен климаттық жағдайы. 

2. Сұраным шарттары келесідей 3 түрде құрылады.

а) Ішкі сұраным құрылымы.

б) Ішкі сұранымның өсуінің сипаты мен көлемі

в) Сұранымды қалыптастыру (интернационализациялау)

Ішкі нарық құрылымына өз кезегінде келесі факторлар әсер етеді:

-  Нарықтың  сегменттік  құрылымы:  тұрғынның  жасының,  жынысының 

белгілері бойынша орналасқан орны т.б.




9

-  Тұтынушының  талап  етушілігі  және  талқылау  мүмкіндігі,  тұтынушы 

неғұрлым талапты болған сайын тауар құрылымы соғұрлым дамыған.

-  Тұтынушының  болжамды  қажеттілігін,  егер,  елде  бір  тауарға  деген 

қажеттілік осы тауарға деген басқа елдердегі қажеттіліктің алдында болса, онда 

бұл елдердің бәсекелестік артықшылығы болады. 

Ішкі  сұранымның  өзінің  сипаты  мен  көлемі, әсері  келесі  көрсеткіштер 

бойынша анықталады:

1. Сыйымды нарық, масштаб тиімділігін пайдалануға мүмкіндік береді.

2. Нарықтық кеңеюі, бұл технологияның дамуына мүмкіндік береді.

3. Нарықтың толығуы фирмаларды экспортқа қозғайды, тауарды жаңартуға 

ынталандырады. 

Сұранымды 

интернационализациялау 

бәсекелестік 

артықшылыққа жетуге маңызды факторлар болып табылады. Себебі, мобильді 

тұтынушылар,  яғни,  көптеген  елдерді  аралайтын  нақты  елдер  азаматтары, өз 

мемлекетінің ішкі нарығына тән стандартты қызметтер және тауарларды талап 

етеді.

3. Детерминант.  Сабақтас  және  қолданушы  салалар;  шектес  салалардың



жоғары  дамуы. Осы  саланың  дамуы  талпындырады  және  оның  негізгі  базасы 

болып табылады. 

Қолданушы  салалар,  бұл  жабдықтаушы  салалар,  яғни  жинақтаушы 

өнімдерді,  жартылай  дайын  өнімді  және  т.б.  жеткізудегі  өндірушімен 

байланысы  бар.  Ал  сабақтас  салалар,  бұл  фирмалар  құндылығы  тізбегінің 

құрылу процесі негізінде өзара іскерлікті жүзеге асыратын өзара толықтырушы 

материалдар қызмет ететін салалар.

4. Фирма 

стратегиясы, 

оның 


құрлымы 

немесе 


бәсекелестері,

мотивацияның  және  тиімді  құрлымының  болуы  бәсекелестік  артықшылықты 

құруға және сақтауға мүмкіндік береді.

2.3. АҚШ-тың  саяси  экономикалық  классигі  А.  Смит  «Табиғатты  зерттеу 

және  халықтың  баю  себептері»  деген  еңбегінде  сауданың  теориялық  негізін 

қалады.  «Егер,  кез -  келген  басқа    бір  ел,  бізді  қандай  да  бір  арзан  тауармен 

қамтамасыз  етсе,  онда  біз  үшін  өз  өнеркәсіптік  еңбегіміздің  бір  бөлігіне  сол 

елдің тауарын сатып алған тиімді болар еді»- деп атап көрсетті. Смиттің бұл 

көзқарасы  абсолютті артықшылықтар  теориясы  деп  аталады.  Бұл 

теориядағы  негізгі  идея,  еңбек  бөлінісі  - ұлттық  байлықтың  негізі,  яғни, 

мемлекеттер халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысуы тиіс. Халықаралық 

еңбек  бөлінісінің  өндірістік  өнімге  мамандануы  нәтижесінде,  халықаралық 

сауда 


шығады 

деген 


мағынаны 

береді. 


Маманданудың 

көптеген 

варианттарының ішінен қайсысын алу тиімді. Осы кезде экспортқа не шығару 

керек  және  импортқа  не  алу  керек  деген  сұрақ  туындайды.  Бұл  теорияны 

талдауда келесідей артықшылықтар мен кемшіліктер анықталады.

Артықшылықтары: 

1. Өндірудің  мүмкіншіліктері,  сол  өндірістің  жүзеге  асырылуының 

қолайлы жағдайлары табиғи факторлармен анықталады.

2. Егер табиғи артықшылықтарға жаңа техниканың жетіспеушілігін қоссақ, 

онда теориялық маңызы арта түседі. 

Кемшіліктері:



жүктеу 399,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау