Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет44/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   100

3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
дұрыс сияқты көрінеді, өйткені қаржыны бөлудің бірыңғай ұлттық формуласын қолдану арқылы 
кішігірім ауыл мектептерін қаржыландыру қарапайым жағдай емес. 
Формула  негізінде  мектептерге  қаржы  бөлу,негізінен,  қолданыстағы  дискреция  мен 
қазақстандық мектептерді қаржыландыру моделінің өсуін қоса алғанда,  өзге әдістерге қарағанда 
тиімді  және  дұрыс  шешімге  әкеледі.  (3.3-ендірмені  қараңыз).  Жан  басын  қаржыландыру  жүйесі 
ресурсты  белгілі бір формула бойынша әр оқушыны есепке алып жасайтынын білдіреді, көбінесе 
математикалық теңдеу арқылы жүргізіледі. Жақсы жасалған формула мектептерді қаржыландыру 
әдісінің белгілі бір жағдайларда тиімді, әділ, тұрақты және ашық болуына әкелуі мүмкін(Левачич, 
2008).  Формула  бойынша  қаржыландыру  бір  типтегі  мектептерді  деңгейлес  әділдік  (мысалы, 
бастапқы  мектептерді)  деңгейінде  қаржыландырады,  және    сатылас  әділдікте-  өзге  типтегі 
мектептер  (мысалы,  жалпыакадемиялық  және  кәсіби  мектептер)  өз  қажеттілігіне  сай 
қаржыландырылады.  Бұл  сондай-ақ  ресурстарды  оңтайлы  пайдалануға  ынталандыруды 
қамтамасыз  етеді.  Қазақстанда  қазіргі  таңда  қолданылып  жүрген  әдіске  тән  ресурстарды 
дискрециялы және өсім негізінде бөлу өте сирек тиімді әрі әділ болады. Мектептер де өз шығынын 
азайту  немесе  олардың  тиімділігін  көтеруге  ынталы  емес.  Шындығына  келгенде,  мектептер  
қаржы тапшылығына қол жеткізгенде, бұл тапшылықты өзгелер жабады деп ойлайды, осылайша 
өз  шығындарын  көбейтіп  көрсетіп,  келесі  жылдары  көбірек  қаржыға  қол  жеткізгісі  келеді.Бұл 
бұрынғы Кеңестер Одағының көптеген елдерінде бар «тапшылық бюджеттеу» тәжірибесі ретінде 
таныс әдіс. Келіссөз процестері жергілікті актерлердің басымдық пен қатыстық артықшылығына 
байланысты,  олар  өздерінің  жоғары  қажеттілігі  туралы  дәлелді  айғақтарын  алға  тартуға  шебер 
келеді. 
Осындай 
ынталы 
бұрмалаушылыққа 
жауап 
ретінде,мектептерді 
біржақты 
қаржыландырудан  қорғау  және  сонымен  қатар  қаржыландыруға  қатысты  күтуді  төмендету  үшін   
қаржыны  реттеу  кең  көлемде  жүргізіледі,(мысалы,еңбекақы,  коммуналдық  қызметтер).  Алайда 
көптеген  жағдайларда  нақты  нормаларды  қолдану  шешім  қабылдайтын  тұлғаларға  қатысты 
болады,  сондықтан  олар  әр  түрлі  қолданылуы  мүмкін.  Сонымен  қатар,  қаржыландырудың 
дискрециялы және өсім моделі,көбінесе, бюджеттің төмен деңгейдегі ашықтығымен қатар жүреді.  
Формула  негізінде  қаржыландыру  әділдік  пен  тиімділікті көтеру  үшін көбірек  мүмкіндіктер 
мен  құралдар  береді,  алайда  оған  ешқашан  кепілдеме  берілмейді.  Ақиқатын  айтқанда,  теріс 
формулалар мен дұрыс бағаланбаған  коэффициенттер тиімсіздікті (мысалы, біріктіруге болатын 
шағынкомплектілі  мектептерді  сақтап  қалады)  және  әділетсіздікті  (мысалы,  көптеген  жылдар 
бойы  көбірек  қаржыландырылып  келген  мектептер  мен  аймақтарға  көбірек  қаржы  бөлуге)   
күрделендіріп  жібереді.  Қол  жеткізілген  әділдік  пен  тиімділік  дәрежесі,  бұдан  басқа,  формула 
негізінде қаншалықты қаржыландырылуына байланысты келесі талаптарға жауап береді:  

 
Коэффициенттер  білімді  ұсынумен  байланысқан  бір  адам басына  әр  түрлі шығындарды 
дұрыс қамтып көрсетуі қажет. Бұл тапсырма, егер сыныптар көлемі ауыл және алшақты 
мектептердің  болуынан  қатты  ерекшеленетін  болса,  қиындай  түседі.  Қиыншылықтар 
сонымен  бірге  формулада  оқушылар  мен  мектептердің  қажеттіліктерін  (мысалы,  оқу 
бағдарламасының  талаптары,  мектеп  жабдығы,  оқушылардың  оқу  қарқындылығы) 
ескерген  кезде  пайда  болады.  Барлық  жағдайларды  көрсететін  қарапайым  формула  мен 
түсінуге  аса  қиын  бола  алатын,  және  түзетуі  күтілмеген  және  жағымсыз  нәтижелерге 
әкеле алатын күрделі формула арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету қажет.  

 
Бюджетті  тәртіп,  егер  бұл  ерекше  жағдайларға  (мысалы,  төтенше  жағдайлар,  қамтудың 
көзделмеген өсуі) байланысты болмаса ғана,  аудандар мен мектептердің шамадан асқан 
шығындарын өтемеуді білдіреді. Бұл оларға бюджеттің негізгі санаттары (жалақы, жылу, 
оқу  құралдары)  үшін  жеткілікті  қаржыландыруды  қамтамасыз  ету  үшін,  өз  бюджетін 
шынайы жоспарлау мен мұқият болуы тиіс екендігін көрсетеді. Сол уақытта, оларға осы 
қажетті шығындарды шектеп,  мектеп дамуына қаражат бөлуге тура келеді. Бұл өте қиын, 
себебі,  бір  жағынан,  бұл  мәселелерді  бастан  кешетін  мектептерді  «әрдайым»  құтқару 
менталитетіне  қарсы,  және,  басқа  жағынан,  қатаң  бюджеттік  шектеулерді  тек  егер 
формула  негізінде  бөлінген  қаржыландырудың  жеткіліктілігі  мен  дұрыстығы  туралы 
жалпы келісім бар болса ғана, қолдануға болады.  


3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Жергілікті  органдарға  ресурстарды  бөлген  кезде қарастыру  құқығын  ұсыну,  шамадан  артық 
реттеусіз  және  нұсқауларсыз,  олардың  қажеттіліктері  мен  басымдықтарына  сәйкес  келу  үшін 
қажетті  басты  шарт  болып  табылады.  Мемлекеттік  нормалар  мектеп  бюджеттерінің  көпшілігін 
анықтағанда,  мұндай  иілгіштік  болмаса,  бюджеттік  тәртіп  тиімсіздік  құралы  бола  бастайды, 
сондықтан ешқандай мемлекеттік ережелер бөлек мектептердің барлық ерекшелігін дұрыс көрсете 
алмайды.  Алайда  формула  негізіндегі  қаржыландыру  іске  асыру  үшін  қиын  болуы  мүмкін, 
мектептердің  барлық  шығындарын  (инфрақұрылым,  еңбекті  өтеу  және  т.б.)  өте  алмауы  мүмкін, 
және  бұл  мөлдірлік  пен  жеткілікті  нақты  және  сенімді  деректерді  талап  етеді  (Левачич,  2008). 
Жоғарыда  аталған  шарттар  әрдайым  толығымен  сақталынбағандықтан,  жалпыдай,  формула 
негізіндегі қаржыландыру басқа әдістерге қарағанда, тиімдірек және әділдірек нәтижелер береді.  
 
3.3-
ендірме Мектептерді қаржыландыру тәсілдері 
Мектептер алатын ресурстардың жылдық көлемін анықтаудың үш негізгі тәсілі бар:  

 
Әкімшіліктік қарау әр мектептің жеке бағалауына негізделген.Бұл мектеп қажеттіліктерін 
нақтырақ көрсете алса да, ол әр мектепті жақсы білу мен ресурстарды артық пайдалануды 
болдырмау бойынша шараларды талап етеді. Бұл әдіс индикаторлар пайдалануды алдын-ала 
қарастыра алған уақытта ол формула негізіндегі қаржыландырудан ерекшеленеді, себебі 
қаржыландырудың соңғы сомасы есептерге сәйкес келмей қалуы мүмкін.  

 
Өсім шығындары – бұл нақты өзгерістерді (мысалы, оқушылар саны, мектептер нысандары, 
ресурстарға бағалар) көрсететін үлкен емес түзетулермен, келесі жылға қаржыландыруды 
есептегенде, алдағы жылдың шығындары есептелінетін, мектептерді қаржыландыру жүйесінің 
тағы бір түрі. Әкімшіліктік қарау мен өсім шығындары жиі бірге үйлесіп, әдетте орталық 
жүйелерде пайдаланылады.  

 
Формула негізіндегі қаржыландыруда әрқайсысына мектептер бюджеттерін анықтауға арналған 
коэффициенттер тағайындалатын ауыспалылар қатарына ие математикалық формула 
қолданылады (Левачич, 2008). Формулалар әдетте ауыспалылардың төрт негізгі топтарына ие 
болады: (1) негізгі: оқушылар саны мен оқу жылына негізделген, (2) қажеттіліктер негізінде, (3) 
куррикулум немесе оқу бағдарламасына негізделген, (4) мектептер мінездемелерінің негізінде. 
Бір адам басына формула негізіндегі қаржыландыру жиі кезде кейбір шығындар бойынша 
қаржыландырудың басқа шығындар (мысалы, өсім шығындары, әкімшіліктік шешімдер) бойынша 
басқа әдістерімен үйлеседі. Осылай, күрделі шығындар қаржыландырудың бір адам басына 
формуласына сирек енгізіледі.  
Дереккөз: ЭЫДҰ (2012), Білімдегі әділдік пен сапа: сәтсіз оқушылар мен мектептерді қолдау,ЭЫДҰ Publishing, Париж. 
http://dx.doi.org/10.1787/9789264130852-en

Мектептердің  үлкен  желісі  мен  мекенжайлық  шаралар  оқушылардың  білімге 
қолжетімділігін қамтамасыз етеді 
Міндетті  білімге  барлық  жаппай  дерлік  қолжетімділік,  орташа  білімнің  бастапқы 
баспалдағынан  жоғарыға  дейін,  қазақстандық  білім  жүйесінің  ең  мықты  жақтардың  бірі  болып 
табылады. Мемлекеттің жаппай оқытуға қатты бейілділігі шағын жинақталған мектептерді ашуға, 
білім  ұйымдастырушылығы  жоқ  ауылдардағы  оқушылар  үшін  мектеп-интернаттарын  және 
көлікпен  қамтамасыз  етуді  пайдалануға  құқығын  ұсыну  жолы  арқылы    кең  жайылған  ауыл  елді 
мекендерін  қамтитын,  мектептердің  кеңейтілген  желілерінің  болуында  көрсетіледі.  Қазақстанда 
мектеп жастағы шамамен 2,5 миллион оқушылардан тек 34 817 (1,4%) оқушы мектептері жоқ елді 
мекендерде  тұрады;  олардың  ішінде  26 738  мектепке  дейін  көлікпен  қамтамасыз  етіледі,  ал 
қалғандардың көбісі мектеп-интернаттарда немесе туыстарында тұрады.  


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау