3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
бағдарлама, мектептердегі практикадан (бағдарлама несиелерінің 16% кем болмайды; ЭЫДҰ,
2014b), таңдап алынған мамандық бойынша мемлекеттік емтиханнан немесе дипломдық
жұмыстан тұрады.
Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау
Мұғалімдердің жұмысқа кірулері үшін негізгі талап, білімнің тиісті деңгейі және пән
бойынша педагогикалық білімнің болуы. Мектептерде мұғалімдерді жұмысқа алу мектеп
директоры басшылық ететін жалдаудың ашық рәсімі шеңберінде жүзеге асырылады. Мектептер
мұғалімдерді жұмысқа қабылдау және оқу жүктемесін бөлу мәселелерінде дербестікке ие. Бірақ,
мектептер мұғалімдер лауазымдарына, лауазымдық нұсқаулықтарына, талап етілетін біліктіліктер
және жұмысқа алу рәсімдеріне қатысты орталық нормативтік құжаттарды қатаң орындаулары
қажет. Мектеп директорлары ай сайын аудандар мен қалалардың жұмысқа тарту орталықтарына
қолдағы бар бос орындар жайында ақпаратты ұсынып отырады деген болжам бар. Бұл ақпарат
сонымен қатар газеттерде, тиісті мектептің веб-сайтында, аудандар мен қалалардың ресми веб-
сайттарында жариялануы мүмкін. Үміткерлер өз өтінімдерін тікелей мектептерге ұсынады, және
іріктеу рәсімі әдетте мектеп басшылығы және мектептің бірқатар мұғалімдерынан тұратын
комиссия өткізетін әңгімелесуден тұрады.
Қазақстанда мұғалімдерді ауылдық мектептерде жұмыс істеуге ынталандыратын бірқатар
ынталандырушы шаралар бар. Бұл негізгі еңбекақыға қосылатын 25 пайыздық қосымша ақы,
коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған өтемақы (мысалы, жылу), қосымша әлеуметтік қолдау
(мысалы, көтермелеу жәрдемақысы, тұрғын үй жәрдемақысы), малдарға арналған азық. Бірақ бұл
ынталандырулар жергілікті білім органдарының қарастыруына байланысты ұсынылады. Бұдан
басқа, ауылдық жерлерден келген талапкерлерге бағытталған педагогикалық білім
бағдарламаларында оқытуға арналған стипендиялық бағдарлама шарттары бойынша,
стипендиттар оқыту аяқталғаннан кейін ауылдық жерде 3 жылдан кем емес мерзім мұғалім болып
жұмыс істеулері қажет. Осылайша «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы ауылдық жерлерде 5 жыл
жұмыс істейтін ЖОО-дары түлектеріне бағытталған (оның ішінде педагогикалық білімдері бар
түлектерге). Бұл бастамалар еліміздегі өңірлік дамуға көмектесудің ауқымды саясатының бір
бөлігі болып табылады. Бірақ айта кететін бір жайт, орталық нормативтік құжаттарға сәйкес,
15 оқушыдан аз оқушылары бар сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдер (бұл көптеген ауылдық
мектептерге тән) қосымша жұмыстарды атқарғаны үшін (мысалы, үй жұмысын тексеру, сыныпқа
жетекшілік ету; бұдан әрі қараңыз) еңбекақысына қосылатын қосымша төлемдердің 50% ғана
құқылы болады (ЭЫДҰ, 2014b).
Жүктеме және мұғалімдердің уақыттарын пайдалану
Қазақстанды мұғалімдер еңбекақысы олардың педагогикалық жүктемесіне тікелей тәуелді
апта сайынғы педагогикалық жүктеме (ставка жүйесі) жүйесі бойынша жұмыс істейді.
Жүктемелерде есетелінетін шаралар: сабақтар дайындығынан, ата-аналармен әңгімелесуден,
конференциялар мен семинарларға қатысудан тұрады. Басқа жұмыстар жекелей төленеді. Бұл
оқушылардың дәптерлерін және жазбаша жұмыстарын тексеруден, оқу-әдістемелік бірлестіктерге
қатысудан, сыныпқа жетекшіліктен, басқа мұғалімдерға басшылық етуден, зертханаға
жетекшліктен, пәннің тереңдетіп оқытылуынан, ерекше қажеттіліктері бар оқушылармен
жұмыстан, пәнді тереңдетіп оқытудан, жоқ мұғалімдерды алмастырғанда қосымша сағаттарды
оқытудан тұрады. Мұғалімдер оқытудан бөлек сағаттарда мектеп аумағында қалуға міндетті емес.
Бұл мұғалімдер аптасына белгілі бір сағаттары санында жұмыс жасайтын, оның белгілі бір бөлігін
оқытуға арнайтын ЭЫДҰ елдері үшін қалыпты болып табылатын жүктемелер жүйесінен айқын
айырмашылық болып табылады. Басқа уақыттар сабақтарға дайындалу, жұмыста жоқ
мұғалімдердың орнына сабақ өткізуге, үлгерімдері төмен оқушыларға көмектесу, ата-аналармен
кездесу, әкімшілік жұмыстарды орындау үшін пайдаланылады. Әдетте, мұғалім мектепте оқыту
сағаттарына бөлек уақытта да болуы қажет (ЮНИСЕФ, 2011, ставка жүйесінің толығырақ
сипаттамасын қараңыз). Қазақстанның жалпы білім беру мекемелерінің мұғалімдері жылдық
төленетін 56 күндік демалыстарын пайдаланады.
3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
Мөлшерлемелер жүйесі аса ыңғайлы. Мөлшерлеме бірлігі аптасына 18 сағаттық оқытудан
тұрады және мұғалімдер әдетте 0,25 мөлшерлемеден 1,5 мөлшерлемеге дейінгі жүктемемен немесе
белгілі бір жағдайларда (мысалы, мұғалімдер жетпеген жағдайда) 2 мөлшерлемеге дейін жұмыс
істейді. Ең төмен педагогикалық жүктемелер белгіленбеген, бірақ заңнамамен ең жоғары жүктеме
1,5 мөлшерлеме белгіленген. Бұл жүйенің бір кемшілігі, бір педагогикалық жүктемеге
(мөлшерлеме бірлігі) азғантай еңбекақы төленеді, сондықтан мұғалімдер мектепте қосымша
жүктеме алуға және/немесе мектепте немесе басқа жерде қосымша жұмыс алуға тырысады.
Лауазымдар құрылымы
Мұғалімдер Қазақстанда азаматтық қызметкерлер болып табылады. Мұғалімдердің
лауазымдық құрылымдары нақты белгіленген және «мұғалімдерді аттестаттау» деп аталатын,
мұғалімдерді сертификаттау процесін қарастырады (4-бөлімді қараңыз). Мұғалім кәсібі төрт
негізгі кезеңнен тұрады: жас маман (санатсыз), 2-ші санат, 1-ші санат және жоғарғы санат. 2011
жылы 1-ші санатты мұғалімдер үлесі (31%) және 2-ші санатты мұғалімдер үлестері барлық
облыстарда, Алматы және Астана қалаларында шамамен бірдей болғанымен, жоғары санатты
мұғалімдер үлесі (29%) ел бойынша орташа көрсеткіштен (15%) айтарлықтай жоғары болған еді
(ЭЫДҰ, 2014b). Бұдан басқа, төрт облыста (Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау)
санатсыз мұғалімдер үлесі айтарлықтай жоғары болған еді (ел бойынша орташа 25%
салыстырғанда 30%-ды құраған еді). Ауылдар мен қалалар арасында санаттар бойынша
мұғалімдерді бөлуде айтарлықтай айырмашылық жоқ (3.А3 қосымшасы). Келесі үш кезең
басшылық қызметтерді атқаруды білдіреді: әдістемелік кабинет жетекшісі, директордың
орынбасары және мектеп директоры. Жаңа мұғалімдер үш жыл бойына «жас маманның»
(санатсыз) бастыпқы санатынды жұмыс істейді және аттестаттау процесін сәтті өткен жағдайда
келесі санатқа өтеді (4-бөлімді қараңыз). Ал жас маман 2-ші санатқа жұмыстарының жақсы
нәтижелері жағдайында бір жыл жұмыс істегеннен кейін үміткер бола алады.
Мектепке жұмысқа қабылданған жағдайда мұғалімдер бір жылдық шарт жасайды. Бұдан
кейін келесі ретте әдетте мұғалімнің немесе мектептің (мектеп директорының шешімімен)
бастамасы бойынша бұзу мүмкіндігі бар мерзімсіз шарт жасалынады. Жас мұғалімдер үшін сынақ
мерзімі (яғни, мектеп жүйесіне жұмысқа тұрушы мұғалімдер үшін) қарастырылмаған. Мектеп
басшылығының шешімі бойынша сынақ мерзімі, оқыту тәжірибесі бар, жұмысқа қабылданушы
мұғалімдер үшін ғана белгіленуі мүмкін. Жас мұғалімдерға тәлімгерлік ету ұлттық деңгейде
реттелмейді, бірақ мектептің қарастыруына сәйкес ұйымдастырылады. Тәлімгерлік ету
бағдарламасы тәлімгермен бірге дамудың бірлескен жоспарын жасаудан, тәлімгердің сыныптағы
жұмысын бақылаудан және жас мұғалімнің жетістіктері, өзіндік талдау және өзіндік бағалау
машықтарының дамуы туралы пікірлер, есептер ұсынудан тұруы мүмкін. Бірақ бұл тәсілдің
барлық Қазақстан мектептерінде жүзеге асырылуы туралы ақпарат жоқ (ЭЫДҰ, 2014b). 2012
жылы PISA шеңберінде директорлар ұсынған деректер, тәлімгерлік бағдарламасының Қазақстанда
кеңінен таралғанын көрсетеді: оқушылардың шамамен 97% білім алатын мектеп директорлары,
олардың мектептерінде тәлімгерлік бар деп жауап берді, бұл ЭЫДҰ елдеріндегі 72%
салыстырғанда айтарлықтай артық (ЭЫДҰ, 2014а).
Еңбекақы төлемі
Мұғалімдер еңбекақыларын азаматтық қызметкерлерге арналған шәкіл бойынша алады.
Мұғалімдердың еңбекақысы негізгі лауазымдық еңбекақыдан, біліктіліктерін арттырғаны үшін
қосымша ақыдан, қосымша қызметтерді атқарғаны үшін қосымша ақыдан, арнаулы
жәрдемақылардан тұрады.
Негізгі лауазымдық еңбекақы негізгі лауазымдық еңбекақыны, мұғалімге берілген азаматтық
қызметкер санатына (мұғалімнің санатымен байланысты) және жұмыс өтіліне тәуелді, белгілі бір
коэффициентке көбейту жолымен есептелінеді. Анаұрлым жоғары білім беру деңгейі бар
мектептер мұғалімдері G-9 санатты азаматтық қызметкерлер санатына жатады, ал орта және орта
білімнен кейінгі деңгейдегі техникалық және кәсіптік білімді мұғалімдер G-11 санатына жатады.
3.3-кесте азаматтық қызметкерлердің тиісті санаттары қатары бойынша негізгі лауазымдық
Достарыңызбен бөлісу: |