Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет43/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   100

3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Президентпен  және  оның  Әкімшілігімен  құрылып,  мұқият  бақыланатын  Назарбаев  зияткерлік 
мектептері (НЗМ), дарынды балалар үшін мектептер желісі – ең беделділердің бірі (3.2-ендірмені 
қараңыз).  Дарынды  балаларға  бейімделген  басқа  мемлекеттік  мектептер  гимназияларды, 
лицейлерді,  сонымен  бірге  мамандырылған  мектептерді  қамтиды.  Бұл  мектептер  әдетте 
оқушыларды  қабылдауға,  ұжымды,  басқарудың  нақты  механизмдерін,  қаржыландыру 
механизмдерін  таңдауға  қатысты  және  білім  саясатында  ерекше  қатынаспен  дербестіктің  ең 
жоғары  дәрежесіне  ие.  Осы  мектептерге  баратын  оқушылар  тереңдетілген  бағдарлама  бойынша 
оқытылады  және  мамандықтың  бір  немесе  бірнеше  пәндері  (мысалы,  математика,  физика, 
биология,  қоғамдық  ғылымдар)  бойынша  тереңдетіп  оқытылу  үшін  көбірек  мүмкіндіктерге  ие 
болады. 
Мүмкіндігі шектеулі оқушылар   
Қазақстанда  қажеттіліктері  айрықша  және  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  бөлек 
«коррекциялық»  мектептерде,  кәдімгі  мектептерде  бөлек  сыныптарда  немесе  үйде    білім 
беріледі.2012 жылы 106 коррекциялық мектептер 15 261 оқушыға қызмет көрсететін; 388 кәдімгі 
мектептерде жалпы алғанда 1 219 арнаулы сыныптар болатын, оларда 8 825 оқушы білім алатын; 
жеке бағдарламамен үйінде оқытылатын 7 923 оқушының белгісіз үлес салмағы, немесе отбасында 
білім  алатын  156  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  болатын  (АТО,  2014).  Арнайы  сыныптарда 
оқытылатын  оқушылардың  шамамен  90%    дамуда  кешеуілдеуі  бар,  тек  мүмкіндігі  шектеулі 
балалар санатына жатпайтындар болып табылады (АТО, 2014).  
Соңғы  жылдары  Қазақстан  қажеттіліктері  айрықша  және  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға 
кәдімгі мектептерде инклюзивті білім беруге қатысты кейбір шараларды қолға алды. Мүмкіндігі 
шектеулі  балалар  егер  олардың  ата-анасы  сондай  шешімге  келсе,  кәдімгі  мектептерге  баруға 
құқылы,  және  осындай  балаларға  бағытталған  мектептердің  нысандарының  үлес  салмағы  2010 
жылы  10%, 2013 жылы 23% көбейді. 2020 жылы мемлекет: 70% мектеп инклюзивті білім беретін,  
20%  кедергісіз  енгізетін,  және  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  50%  кәдімгі  мектептерде  білім 
алатындай жағдайға жетуді жоспарлап отыр. (ҚР БҒМ, 2010). Түрлі топтарға қолдау көрсету және 
жағдайын  жақсартуға  (мысалы,логопед  көмегіне  зәру  балалар)  және  арнаулы  білім  беру 
бағдарламасын,  құлағы  нашар  еститін  балаларға  арналған  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік 
құралдарды жаңартуға мән берілмек (АТО, 2014).  
Физикалық ресурстар  
Мектептердің инфрақұрылымы   
Көптеген  мектептік  нысандар  Кеңестер  Одағы  кезінде  құрылған.  Мектептердің  физикалық 
инфрақұрылымын қаржыландырудың орта-немесе ұзақ мерзімді келісілген стратегиясы жоқ, және 
жалпы капиталдық шығындары  2011 жылы орта білім берудің жалпы бюджетінің тек  2,5% ғана 
құраған (3.1-суретті қара). Соңғы жылдары мектептердің құрылысы мен жаңғыртуын қажет ететін 
аудандарға  баса  мән  беріліп  келеді.  Қазақстан  Президентінің  2007  жылғы  «100  мектеп,  100 
аурухана» бағдарламасы шеңберінде 106 жаңа мектеп салынып, еліміз бойынша 86 000 қосымша 
оқу  орнын  қамтамасыз  етті.  Республикалық  бюджеттен  дамуға  бөлінген  тікелей  трансферттер 
арқылы қаржыландырылған бағдарламаның мақсатына үш бағыт енді: (i) үш ауысымдық оқытуды 
қолдануды  азайту;  (ii)  құлағалы  тұрған  мектептердің  санын  азайту;  (iii)  мектептердегі  оқушы 
орнының  жетіспеушілігін  азайту  (АТО,  2014).  Соның  нәтижесінде,  үш  ауысыммен  оқытылатын 
мектептердегі оқушылардың саны 2007 мен 2011 жылдардың аралығында екі есеге азайды.     
Техникалық  қамсыздандыруға  толық  инвестиция  салмаудың  сақталуы  және  мектептерді 
жаңғырту  жетілдіруді  қажет  ететін  ғимараттардың  санын  көбейтті.  2012-2013  оқу  жылында 
күрделі  жөндеуді  қажет  ететін  мектептердің  саны  1  461  (20%)  құрады,  ал  189  (2,6%)  апатты 
жағдайда  деп  танылды.  (3.1-кестені  қараңыз)  (АТО,  2014).  Ауылдық  жерлерде  жедел  жөндеуді 
қажет ететін ғимаратта орналасқан мектептердің саны алты есе көп. Мектептердің үштен бір бөлігі 
апатты  жағдайда  деп  танылғандары  бар-жоғы  төрт  аймақта  шоғырланған:  Оңтүстік  Қазақстан, 
Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында. Еліміздегі мектептердің жартысының 
барлығында  дәретхана  далада  орналасқан;  осы  мектептердің  барлығы  ауылдық  жерлерде 


3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
орналасқан.  Ашығын  айтқанда,  қажетінше  жабдықталған  (37%)  ауыл  мектептерінің  саны 
жабдықталмағандықтарынан екі есе көп (63%).  
Технологиялар, зертханалар мен оқу материалдары  
Қазақстанда  мектептердің  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялармен  (АКТ)  және 
мектептердің  Ғаламтор  желісіне  қосылуына  баса  мән  беріледі.  2010  жылы  жарияланған 
электронды  оқыту  бағдарламасы  шеңберінде  мектептердің  бірнеше  тобы  компьютерлік 
қондырғымен және бағдарламамен, мультимедиямен, интерактивті ақылды тақталармен қамтылды 
және  мұғалімдер  де  соған  сәйкес  оқытылды.    2013  жылды  алып  қарағанда  мектептердің  99% 
Ғаламторға қосылған, оның 75% соның өзінде кең көлемде қолжетімді болды  (ауылдық жерлерде 
соның өзінде – тек 52%).Жалпы алғанда мектептерде 246 000 компьютер (13 оқушыға біреуден),  
орнатылды,  бірақ  оның  әрбір  бесіншісі  ескірген  және  жаңартуды  қажет  етеді.  Дегенмен 
электронды  оқыту  бағдарламасы  елімізде  кең  көлемде  қолданыс  тапқанымен,  мектептердің  тек  
16%  және  ТжКБ  мекемелерінде  ғана  жүзеге  асырылған.  Оның  жүзеге  асырылуының  созылуы, 
қамтылудың  аймақтық  ерекшелігіне  әкелді,  тіпті  көршілес  аймақтарда.  Мысалы,  2013  жылы 
қамтылу  Астанада  58%  құраған  кезде,  көрші  Ақмола  облысында  қамтылу  елімізде  ең  төмен 
дәрежеде- тек 6% ғана құрады (ҰБСБО, 2014).  
Мектептерде  сондай-ақ  ғылыми  зертханалармен  жарақтану  үнемі  жақсарып  отырады.  2012-
2013  оқу  жылында  мектептердің  50%  заманауи  физика  зертханалармен,  40%  -  биология 
зертханаларымен,  30%  -  химиялық  зертханалармен  жарақтанды  (АТО,  2014).  Жаңа  қондырғы 
алған мектептердің шамамен екіден үш бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан. Білімді дамытудың 
мемлекеттік  бағдарламасы  (БДМБ)  аясында  2020  жылға  қарай  мектептердің    80%  заманауи 
зертханалармен қамту көзделген.  
Оқушылардың  барлығына  оқулықтар  тегін  таратылады  және  оның  қамтылу  коэффициенті 
жалпыоқыту  болып  табылады.  Білім  туралы  заңға  сәйкес  (6-бап)    аудан  мен  қала  деңгейіндегі  
ЖАО  олардың  мемлекеттік  білім  ұйымдарына  тіркелуіне  орай  оқулықтар  тізіміне  сай  барлық 
оқушылардың оқулықпен қамтуға міндетті саналады. Қазақстан Республикасындағы білім беруді 
дамыту  мемлекеттік  бағдарламасында  2015  жылға  қарай  оқулықтармен  толық  көлемде 
жалпыұлттық қамту көзделген. 2013 жылы Қазақстан оқушыларының 98% оқулықпен қамтылды. 
Көптеген  аймақтарда  ол  толық  көлемде  жүзеге  асты,  ал  кей  аймақтар  әлі  де  артта  келеді 
(Солтүстік -Қазақстан облысы елімізде ең соңғы орында– бар-жоғы 90%). Алайда сарапшылардың 
бір  тобы  кей  мектептерде  ата-аналардың  кітаптарды  өз  қаржысына  сатып  алатынын  байқаған. 
Алайда,  есеп  бойынша,  аймақтар  тегін  оқулықтармен  100%  қамтылуы  тиіс  болатын.  2008 жылы 
оқулықтарды,  оқу-әдістемелік  материалдар  мен  құралдарды  тексеру  және  басудың  тәртібі 
енгізілген  болатын,  және  мыңнан  астам  оқулықтар  жаңа  стандарттарға  сай  емес  деп  танылды 
(Сингх,  2012).  
Күшті жақтар 
Мектептерді қаржыландыру формуласын енгізудің шаралары қолға алынды    
Қаржыландырудың  жаңа  моделі  мектептерді  қаржыландыру  жүйесінің  анағұрлым  тиімді 
және  дұрыс  дамуына  бірінші  қадам  болып  табылады.    Ұсынылған    формула    дайындаудың  ұзақ 
процесінің  нәтижесі  саналды,  оның  құрамына  пилоттық  кезең  мен  жергілікті  сарапшылардың 
(Сандж-ФСК қара, 2012) және халықаралық сарапшылардың кеңес енді ( мысалы, ЮНИСЕФ 2012 
қара).  Оның  соңғы  формасы  ҚР  БҒМ  және  оның  ведомстволық  ұйымдарының  өз  сараптамалық 
күшінің  нәтижесі  болды,  сондықтан  қазақстандық  білім  жетекшілерінің  талаптары  мен 
ерекшелігін көрсетті. Қаржыландырудың жаңа моделінің жақсы жақтары да бар. Шығындарды екі 
бөлікке бөлу, орталық және жергілікті биліктен төлеу, дәл осы, өзге елдерде де қолданылады және 
жергілікті  жағдайлар  мен  шығындар  деңгейіне      бейімделуге  ықпал  етеді  (3.А1  және  3.А2 
қосымшасын  қара.).  Сонымен  қатар,  формула  әрбір  жеке  мектепке  қаржы  бөлуді  қарастырады 
және  қолданыстағы  нормативті-құқықтық  құжатарды  да  толық  есепке  алады.  Шағынкомплектілі 
мектептерді фомуланы қолдану саласынан  шығару, ақырғы шара, процесті мақұлдаудың басында 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау