Жалаєаш ауданыныѕ 013 жылдыѕ аќпанына



жүктеу 79,6 Kb.
Дата21.05.2018
өлшемі79,6 Kb.
#15588

Жалағаш ауданының 2018 жылдың 1 қаңтарына

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

және алдағы міндеттер туралы

АНЫҚТАМА

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштерінде өсім бар.

Көрсеткіштер бойынша:

Өнеркәсіп өнімін өндіру

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары 2018 жылдың 1 қаңтарына 4 080,0 млн.теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді, 2017 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 8,7 пайызға артты.

Облыста өнеркәсіп өндірісінің физикалық индекс көлемі бойынша Жалағаш ауданы бірінші орынды иеленіп отыр.

Өнеркәсіп өнімдеріне талдау жасағанда төмендегі мөлшерде өнеркәсіп өнімдері өндірілді: өңдеу өнеркәсібі 5,7 пайызға, электрмен жабдықтау 3,2 пайызға, сумен жабдықтау 60,3 пайызға артты.


Негізгі қорға тартылған инвестицияның бағалау көлемі 2017 жылдың 12 айында 5 908,0 млн.теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 301,4 пайыз. Негізгі қорға тартылған инвестиция көлемі жеке тұрғындардың құрылыс жұмыстарына тартылған қаражат, бюджет және қарыз қаражаты есебінен орындалып отыр.

Ауылшаруашылық саласы

Аудан бойынша 13895,7 млн.теңгенің ауылшаруашылығы өнімдері өндірілді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 4,4 пайызға артты. (былтыр осы кезеңге 12 588,2 млн.теңге).



Егін шаруашылығы

Аудан бойынша барлығы 35439,4 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде 22475 гектар күріш егіліп, өнім толық жиналды. Бір гектардан 55,3 центнерден 124352 тонна өнім алынды. Сонымен қатар, егілген басқа да дақылдардан 604 гектар жаздық бидай, 20 гектар арпа, 811 гектар мақсары, 663,4 гектар картоп, 700 гектар көкөніс, 1034 гектар бақша дақылдары толық жиналды.

5412 гектар ескі жоңышқаның 400 гектары тұқымға қалдырылып, 5251 гектары орылып, әр гектардан 35,6 ц/га 19 290 тонна жоңышқа шөбі, 3520 гектар жаңа жоңышқаның әр гектардан 9,3 ц/га 3268 тонна өнім, барлығы 22958 тонна жоңышқа шөбі жиналды.
Аудан бойынша 2017 жылы орналасқан егіс көлемі


Дақылдар атауы

Нақты егілгені, га

Орта өнім, ц/га

Жалпы өнім, тонна

Жаздық бидай

604

7,9

480

Күріш

22475

55,3

124352

Арпа

20

3,5

7

Мақсары

811

5,0

409

Жаңа жоңышқа

3520

9,3

3268

Ескі жоңышқа

5612

35,6

19290

Картоп

663,4

109,5

7262

Көкөніс

700

174

12182

Бақша

1034

210,4

21756

Барлығы

35439,4






«Магро» фермер қожалығы 2017 жылы 100 гектар бақша (оның ішінде 50 га үлбір асты (под пленкой), 5 гектар көкөніс дақылдарын егіп, 907 тонна қауын, 110 тонна көкөніс дақылдарынан өнім жинады. Жиналған бақша өнімдерінің 550 тоннасы Ресей Федерациясына, 40 тоннасы Ақтөбе қаласына, 17 тоннасы Астана қаласындағы жәрмеңкеге, 300 тоннасы Қызылорда қаласындағы жәрмеңкеге жөнелтілді. 574 тонна қауын, 191 тонна болгар бұрышы Ресейге экспортталды.

2017 жылдың егісі үшін 6833 тонна аммоний сульфаты, 3696 тонна карбамид, 2524 тонна аммофос минералдық тыңайтқыштары, 81,7 кг Гулливер, 2480 литр Солито, 15102 литр Рейнбоу, 87 литр Номини гербицидтерімен толықтай қамтамасыз етілді.

2017 жылы егін шаруашылығы бойынша аудан шаруышылықтарына 884,6 млн. теңге субсидия берілді (оның ішінде басым дақылдарға 361,8 млн.теңге, тұқым шаруашылығын дамытуға 177,5 млн.теңге, минералды тыңайтқыштарға 243,0 млн.теңге, гербицидтерге 102,3 млн.теңге).

Аудан шаруашылықтары бойынша күзгі егін жинау науқанына барлығы 221 комбайн, 309 доңғалақты трактор, 159 трактор тіркемелері, 97 жатка, 73 астық таситын автомашиналар қатысты.

Мал шаруашылығы

2018 жылдың 1 қаңтарына МІҚ – 31 902 басты (103,5 пайыз), жылқы –12 468 басты (108,6 пайыз), түйе – 500 басты (114,2 пайыз), қой-ешкі – 51 077 басты (99,9 пайыз), шошқа – 260 басты (100,0 пайыз), үй құстары – 8 526 дананы (106,9 пайыз) құрады.

Мал шаруашылығы өнімі есепті мерзімде ет өндіру 2,6 пайызға, сүт өндіру 1,5 пайызға, жұмыртқа 1,3 пайызға артты.

Кооперативтер туралы

Аудан бойынша биылғы жылы 146 шаруашылықтың бірігуімен 40 кооператив құрылып, барлығы 1342 адам жұмыспен қамтылып отыр. Оның ішінде 21 кооператив тікелей егін шаруашылығымен, 4 кооператив егін және мал шаруашылығымен, 4 кооператив мал шаруашылығымен, 11 кооператив аралас ауыл шаруашылығымен айналысады.



Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

2018 жылдың 1 қаңтарына ауданда 2 373 шағын кәсіпкерлік субьектілері тіркелген Бұл шағын кәсіпкерлік субъектілерінде 8 482 адам жұмыс істейді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлер саны 208-ға, ал жұмыс істейтін адамдар саны 490 адамға өскен.

Өндірілген өнім 1131,1 млн.теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,7 пайыз. Бюджетке түскен түсім 133,2 млн.теңге, өткен жылмен салыстырғанда 136,5 пайыз болды.
Әлеуметтік сала

2018 жылдың 1 қаңтарына экономикалық белсенді халық саны 17585 адамды құрады, жұмыссыздар саны – 911 адам.

2017 жылы 680 жаңа жұмыс орындары ашу жоспарланған, есепті мерзімге 781 жаңа жұмыс орындары ашылды немесе 114,8 пайыз (оның 739-і тұрақты).

Жалпы жұмыссыздық деңгейі үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына 5,2 пайызды құрады. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.

2017 жылға «Өрлеу» шартты ақшалай көмекке жергілікті бюджеттен 1,7 млн.теңге, республикалық бюджеттен 5,4 млн.теңге қаржы қаралған. 2018 жылғы 1 қаңтарына «Өрлеу» жобасына 48 отбасы (309 мүшесі) тартылды, олардың 44-і тұрақты жұмысқа, 4-уі қоғамдық жұмысқа орналастырылды. Бұл мақсатқа бюджеттен 5,4 млн.теңге төленді.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша

Әлеуметтік жұмыс орнынан 54 мекемеден 113 адамға жұмыс орны ұйымдастырылды. Оған 15,3 млн. теңге жұмсалды.

Жастар тәжірибесіне 79 мекемеге 166 адамға жұмыс орны ұйымдастырылды. Оған 33,0 млн. теңге жұмсалды.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 34,0 млн.теңге қаржы қаралып, оның 34,0 млн.теңгесі игерілді. Есепті мерзімге 560 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды. Оның ішінде 126-і (22,5%) 16-29 жас аралығындағы жастар.

Жұмысқа орналастырылу бойынша мемлекеттік қолдау шараларынсыз жұмысқа орналасқандар саны 764 адам. Оның 252-і (33%)16-29 жас аралығындағы жастар.

Есепті мерзімге «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі 12 рет өткізілді. Нәтижесінде 77 жұмыс берушілерден 169 жұмыс орындары ұсынылып, 169 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 42-і (24,9%)16-29 жас аралығындағы жастар.



Білім саласы

Аудан бойынша 38 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Олардың 10-ы мемлекеттік (780 бала), 15-і жеке балабақшалар (971 бала) және 13-і мектептер жанындағы шағын орталықтар (315 бала). Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда қамтылған 1-6 жастағы бала саны 2066.

3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткіші 100 пайызға толық орындалды.

Үстіміздегі жылдың қазан-қараша айларында Мәдениет тіректі елді мекенінен 50 орындық «Жанайым», кентте «Інжу бөбек» 60 орындық 3 жасқа дейінгі, Таң елді мекенінде мемлекеттік –жекеменшік әріптестік аясында «Таң бөбегі» 90 орындық жеке балабақшалар ашылды. Олардан 50 жаңа жұмыс орны ашылды.



Денсаулық сақтау

Денсаулық саласы бойынша ауданда 2018 жылдың 1 қаңтарына дүниеге келген бала саны 699, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 балаға кем туылған. Шетінеген бала саны 5, былтырғы жылмен салыстырғанда 1 балаға көбейген. Сонымен қатар, жалпы қайтыс болған адам саны 194, былтырғы жылмен салыстырғанда 20 адамға азайған. Туберкулезбен ауырған 24 адам тіркеліп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6 адамға азайған.



Қаржы-салық саясаты

Аудан бюджетінің нақтыланған жалпы түсімдер болжамы 7 555,0 млн. теңге, орындалғаны 7 584,5 млн. теңге немесе 100,4 пайыз.

Оның ішінде жергілікті бюджет кірістерінің жоспары 1 196 576,2 мың теңге, орындалғаны 1 221 439,1 мың теңге, немесе 102,1 пайыз.

Аудан бюджетінің шығындар бөлігі төлемдер бойынша жоспары 7 620,3 млн. теңге, кассалық атқарылуы 7 606,5 млн. теңге немесе 99,8 пайызды құрады.



Мәдениет саласы

Аудандық мәдениет саласы бойынша 2131 мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, оған 184 991 көрермен тартылды. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде кітап қоры 368 793 оқырман саны 18 640.



Сәулет және қала құрылысы

Есепті мерзімге жылжымайтын мүлік объектісіне 286 мекен-жай анықтамасы берілді.

Тапсырылған тұрғын үй есебі бойынша 2017 жылдың 12 айында 93 тұрғын үй, жалпы алаңы 10 717,0 м2 берілді, былтырғы жылмен салыстырғанда 4,3 пайызға артты.

Жер қатынастары

2018 жылдың 1 қаңтарына 465 арыз-өтініштер тіркелді. Оның 408-і жеке тұлғалар, 57-ы заңды тұлға. Тіркелген арыз-өтініштердің 465 қолданыстағы Жер кодексі талаптарына сәйкес өз мерзімінде шешімін тапты.

Үстіміздегі жылдың 12 айында жалпы көлемі 5974 га құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 44 жер учаскесі, кәсіпкерлік мақсатындағы 12,6 га жер учаскелері аукцион арқылы сатылып, жергілікті бюджетке барлығы 26,5 млн.теңге қаржы түсірілді.

Спорт саласы

Денешынықтыру және спорт бөлімі арқылы бекітілген кестеге сәйкес 93 спорттық шара өткізіліп, оған 15 748 спортшылар мен мектеп оқушылары қатыстырылды.



Қоғамдық қауіпсіздік

Ауданда ағымдағы жылдың 1 қаңтарына тіркелген қылмыс саны 281-і құрап, былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 104,4 пайыз, немесе 12 қылмысқа көбейген.



Бөлім басшысы Ж.Баймаханова
жүктеу 79,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау