3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
жалпы шкаласына сәйкес анықталады (3.3-кестені қараңыз). Мұғалімдер еңбекақыларының
есептеріне ұқсас, мектептердің басшылық ұжымының негізгі лауазымдық айлығы негізгі
лауазымды еңбекақысын жұмыс өтіліне негізделген коэффициентке көбейту арқылы есептелінеді.
Ең жоғары еңбекақысын алу мақсаттарында олар әдетте сабақ беруді жалғастырады немесе
аптасына 9 сағатқа дейін жүктемесімен мектептегі қосымша қызметтерді орындайды (мысалы,
сынып жетекшісі, сыныптан тыс шараларды өткізу, оқудағы ерекше қажеттіліктерге мұқтаж
балалар үшін сабақ беру). Басшылық қызметкерлері сонымен бірге басқа мемлекеттік салалардағы
мұғалімдер мен мамандар сияқты, ауылды мекенде жұмыс істей отырып, жәрдем мен тұрмыстық
көмек ала алады. Күрделі мектептерде жұмыс жасау үшін жоғары біліктілікті басшылық
кадрларын жұмылдыру, нәтижелер негізінде мадақтау мен жеке дамуға сыйақы беру үшін ынталар
жүйесі жоқ. Осыған қарамастан, мектеп директорларының табыстарын жалпы қабылдау жүйесі
бар. 2012-2013 оқу жылында мектеп директорларының 21% Министрліктің медальдарын немесе
үздік белгілерін алған (АТО, 2014).
Мекенжай саясаты және оқушылардың кейбір санаттарын қолдау
Аз қамтамасыз етілген отбасылардан және тәуекел тобына жататын отбасылардан шыққан
балалар
Мектеп директорларына сәтсіз оқушыларды қолайлы ортамен қамтамасыз етуге
жауапкершілік жүктеледі. Мектептер аудандардың қосымша қаржыландырылуын жалпы
бюджеттің 1%-дан кем емесін құрайтын Жалпыға ортақ міндетті білім қорынан алады және аз
қамтамасыз етілген отбасылардан және тәуекел тобына жататын отбасылардан шыққан
оқушыларға қолдау көрсету үшін көзделген. Бұл қаржыландыруды нақты түрде қолдау көрсету
(мысалы, киім, аяқ киім, оқулықтар, оқу құралдары, мектептегі тамақтандыру, жазғы лагерьлер,
мәдени немесе спорттық шараларға қатысу) немесе қаржылық көмек түрінде пайдалануға болады.
Оқушылар немесе олардың ата-аналары мектеп директорларына осы ресурстарды алу үшін өтінім
жазуы тиіс.
Мектептегі тамақтандыру сәтсіз деп танылатын оқушылар үшін тегін ұсынылады. Сәтсіз
оқушылардың келесі санаттары анықталған: мемлекеттік мекенжайлық әлеуметтік көмек алуға
құқықтары бар отбасылардан шыққан балалалар; өмір сүрудің ең төмен деңгейінен төмен
табыстың орташа деңгейімен отбасылардан шыққан балалар; жетімдер мен ата-аналар
қамқорлығынсыз қалған балалар және төтенше жағдайларға байланысты жедел көмекке мұқтаж
отбасылардан шыққан балалар. Мектептер сонымен қатар сәтсіз оқушылардың қосымша
санаттарын да анықтауы мүмкін. Мекенжайлық бағдарламалар, әдетте, ресурстар мұқтаждықты
ескермей барлық халық арасында бөлінетін бағдарламаларға қарағанда, тиімдірек және мұндай
бағдарламалар Қазақстанда қолданылады. Алайда, мектеп ішінде балаларды мекенжайлық қолдау
алушылардың стигматизациясына әкелуі мүмкін, және, мысалы, тек аз қамтамасыз етілген
отбасылардан шыққан балалар үшін тегін тамақтануды ұсыну сәтсіз оқушыларды баршаға
көрінерліктей анықтаудың ең айқын әдістерінің бірі болып табылады (Банди және басқалары,
2009). Тегін тамақтандыру бүкіл Қазақстан бойынша сәтсіз оқушыларға ұсынылған уақытта, бес
өңір пен Алматы қаласында тегін тамақтандыруды барлық оқушыларға ұсыну туралы шешім
қабылданды.
Қазақстанда жетімдер олардың сәтсіз жағдайының орнын толтыру үшін ерекше шарттармен
қамтамасыз етілуі тиіс айрықша қажеттіліктері бар балалар санаттарына жатады (ЭЫДҰ, 2014b).
2012 жылы мектептердегі жетім балалар саны 18 017 құрады, соның ішінде 9 659 – қалаларда және
8 358 – ауылды мекенде. Жергілікті атқарушы органдар жетімдер немесе ата-аналар
қамқорлығысыз қалған балаларды асырауға қамқоршыларға ай сайынғы жәрдемақы бөледі.
Жетімдер жоғарыда аталған бағдарламалар шегіндегі көмекке құқылы. Сонымен қатар жетімдер
мен ата-аналар қамқорлығысыз қалған балаларға арналған мамандырылған мектептер мен мектеп-
интернаттар бар. Мектеп-интернаттар бюджет пен қайырымдылық есебінен қаржыландырылады
және балаларды тұру үшін жағдайлармен, киіммен, аяқ киіммен, жабдықпен, тамақтандырумен,
оқулықтармен және медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді (АТО, 2014).
3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
Мектепке бармайтын балалар
Қазақстан соңғы жылдары көп күш салған бағыт – «Мектепке жол» және «Қамқорлық»
бағдарламалары шегінде мектептерде кейін қалулардың алдын-алу және мектепке бармайтын
балалар санын қысқарту. Қазақстандық статистикаға сәйкес, 540 бала 2013 жылы мектепке
бармайтын бала ретінде белгіленді, олардың ішінде 76-сы себепсіз 10 және одан да көп рет
сабаққа қатыспаған. «Мектепке жол» бағдарламасы шегінде әр оқу жылының тамыз айында
мектепке есепке тұру маңыздылығы туралы хабардар болуды жоғарылату үшін
сала аралық топтар
қалыптастырылады және әлеуметтік сәтсіз санаттардан оқушыларға материалды көмек
көрсетіледі. 2013 жылы мектепке бармайтын шамамен 300 000 балаға 2 миллирд теңге сомасына
көмек көрсетілді (АТО, 2014). Оқу жылының шамамен ортасында, қаңтар айында, «Қамқорлық»
бағдарламасы шегінде мұғалімдер мектепке бармайтын немесе себепсіз 10 күннен артық мектепке
қатыспаған балаларды анықтау үшін және балаларды қайтадан мектепке оралуға отбасыларға
көмек көрсету үшін өз мектептерінің шағын аударында үй шаруашылықтарының санағын өткізеді.
2013 жылы «Қамқорлық» бағдарламасы шегінде 158 000 сәтсіз оқушыларға материалдық көмек
көрсетілді (мысалы, киім үлгісін, қарындаштар, қалам, дәптер, портфельдер беру). Республикалық
бюджет пен халықаралық қайырымдылық ұйымдары сәтсіз оқушылар үшін білім беру
мүмкіндіктерін жоғарылату бойынша мекенжайлық бағдарламаларды қолдайды. ЮНИСЕФ
Қазақстанда мектепке бармайтын балалар туралы жақын арадағы баяндамасы мектепке бармайтын
немесе бармау тәуекелі бар балалар туралы ешбір сандық және талдау ақпаратының жоқ екенін
және мұндай оқушыларды анықтау және қолдауың қолданыстағы стратгияларының шектеулерін
көрсетеді (қосымша ақпарат Антонович, 2013).
3.2-
ендірме Назарбаев Зияткерлік мектептері
Президенттің басшылығымен қамқоршылық кеңеске бағынысты автономды мектептер болып
табылатын Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ), Білім және ғылым министрлігіне жатқызылатын
мектептермен салыстыру үшін қызықты мысал болып табылады. НЗМ ғылым, технологиялар, инжиниринг
және математиканың саласында оқыту мен сабақ беруді арттыру бойынша зертханалардың рөлін орындау
үшін 2008 жылы негізі қаланды және Назарбаев Университеті үшін «жабдықтаушы-мектептер» болып
табылады. 2013 жылға қарағанда 9700 оқушы Астана (2), Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда,
Павлодар, Шымкент (2), Тараз, Өскемен және Орал қалаларындағы 14 жұмыс істейтін мектепте оқыды.
НЗМ интернатта тұра отырып ауылды жерлерден 1 108 оқушы оқиды.
НЗМ қабылдау конкурстық емтихан арқылы негізделген. 2013 жылы іріктеу процесі математика,
тілдер (қазақ, орыс және ағылшын), математика мен ғылымдарды оқу қабілеті (сандық пайымдау мен
кеңестікті ойлау) бойынша тестілеуді қосты. НЗМ-ға конкурс үлкен, әсіресе қазақ тілді ооқыту
сыныптарындағы орынға келетін оқушылар үшін. 2013 жылы 7 689 адам 884 орынға қазақ тілінде оқитын
7 сыныпта өтініш берген және 2 864 оқушы – 884 орынға орыс тілді оқытуға, яғни қазақ тілді сыныптарға
келу коэффициенті (12%) орыс тілді сыныптарға қарағанда анағұрлым төменірек (31%) (НЗМ жылдық
есебі, 2013). Барлық өтініш иелерінің 50 пайыздан кемі еңбектеріне қарай шәкіртақы алу үшін талаптарды
қанағаттандырды.
НЗМ оқу ресурстары ЭЫДҰ елдерімен салыстырылады - жаңа нысандар мен үлкен кітапханалар
(мысалы, 181 кітап Астананың НЗМ бір оқушысына келеді), шағын телестудия (8 НЗМ), «интерактивті
едендер» (6 НЗМ), жаңа мектептердегі жылдамдықты интернет, интерактивті тақталар, жабдықталған
ғылыми зертханалар сияқты технологиялыр кеңінен қолданылады. НЗМ оқу бағдарламасы халықаралық
серіктестермен ынтымақтастықта әзірленген. НЗМ мұғалімдері конкурстық іріктеу негізінде қабылданады,
және олардың ішінен шамамен 15 пайызы магистр немесе ғылымдар саласында PhDs дәрежесіне ие; 17%
-
шетелдік мұғалімдер. Штатты мұғалімдердің бастапқы еңбек ақылары 120 000 теңгеден (656 АҚШ
доллары) жергілікті мұғалімдер үшін және шетел мұғалімдері үшін 4000-5000 мың АҚШ долларын құрайды.
Оқушылар мен мұғалімдердің қатынасы орташа есеппен барлық НЗМ бойынша 6,4 тең.
Дереккөз:
НЗМ
(2013),
«Назарбаев
зияткерлік
мектептері»
ДБҰ
жылдық
есебі,
2013,
http://nis.edu.kz/en/about/reports/?id=2817.
Дарынды оқушылар
Дарынды балаларға арналған білім қызметтерінің тез өсетін жүйесі бар. 2012 жылы 3 966
мектеп 2011 жылы 1 958 мектептермен және оқушылардың 5%-ымен салыстырғанда, 815 177
оқушылар үшін тереңдетіп оқытуды ұсынды (АТО, 2014), алайда мектептер мен оқушылардың
жалпы санын анықтау – жеңіл тапсырма емес, себебі терминология стандартталмаған.