Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет47/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   100

3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
 
Шешуді қажет ететін қиын сұрақтар 
Ресурстардың дұрыс бөлінбеуі  
Ресурстарды бөлу оқушылар мен мектептердің нақты қажеттіліктерін жақсы ескеруі керек  
Ресурстарды бөлу оқушылардың немесе мектептердің нақты қажеттіліктерін есептеу дәрежесі 
бойынша  шектеулі.  Оқушылардың  арасындағы  теңдікті  қамтамасыз  етуге  арналған  нормаларды 
қатаң  қолдану  қаржыландырудың  тиімді  әрі  әділетті  бөлінуін  төмендетеді.  Мектептер  мен 
жергілікті  білім  жүйелерінің  қажеттіліктеріне  сәйкес  ресурс  комбинацияларын  бөлу  бойынша 
мектептер  мен  жергілікті  атқару  органдарының  мүмкіндіктеріндегі  қатаң  шектеулер 
қаржыландыруды шарасыздан тиімсіз қылады. Мектептер мен аудандардың кадрларға инвестиция 
ұлғайту  бөлігінде  еркіндігі  аз  (кадрлық  қамтамасыз  етуді  ұлғайту  немесе  мұғалімдердің 
еңбекақысын көтеру арқылы), егер олар осындай салымдар қажеттілігіне зәру болса, немесе басқа 
жағынан  алғанда,  материалдық-техникалық  базаға  инвестиция  ұлғайту  бөлігінде  (мектеп 
ғимараты,  мектеп  құрал-жабдықтары,  мысалы,  «ақылды  тақталар»),  егер  қолдағы  ресурстар 
жеткіліксіз немесе ескірген болса.  
Оқушылар мен мектептердің нақты қажеттіліктеріне деген шектеулі қамқорлық та теңсіздікке 
әкеледі. Нашар немесе оқытуда қиындықтары бар оқушылар санатына бағытталған бағдарламалар 
мен  ресурстар  өте  аз.  Бұл  нашар  немесе  үлгерімі  әлсіз  оқушылардың  тең  емес  жағдайда  екенін 
білдіреді. Егер қаржыландыру жүйесінің құрылымы оқушыларды оқыту құнындағы кейде көрініп 
тұрған айырмашылықты есепке  алмаса,  мектептер    сапасы  аздау  оқытуды ұсынады  немесе  ақша 
құралдарын  жинаудың  басқа  жолдарын  іздеулері  мүмкін,  олар  теңдікке  зиян  келтіруі  мүмкін. 
Оқушылардың түрлі санатына қызмет көрсететін мектептер арасындағы қолда бар ресурстардағы 
айырмашылықты  эксперттер  атап  өтті.  Жылдам  урбанизация  мен  нормалардың  қатаң  сақталуы 
әдетте  лық  толған  сыныптармен  бірнеше  ауысымда  жұмыс  істейтін  қала  мектептеріне  баратын 
кейбір  оқушыларды  қолайсыз  жағдайға  қояды.  Ұқсас  жағдайда  белгіленген  нормаларға  сәйкес 
оқушылардың  санына  қарамастан  алғаш  бөлінгенінен  бастап  екі  жыл  өткен  соң  оқулықтардың 
20%-ы  алмастырылады,  сондықтан  оқушылар  контингентінің  тез  өсуі,  лық  толы  мектептердегі 
кейбір оқушыларға тегін оқулықтар тимейтіндігін білдіреді. 2012 жылы 15 жастағы оқушылардың 
шамамен  12%-ында  негізгі  пәндер  бойынша  оқулықтардың  (ЭЫДҰ,  2013a)  болмағанын  PISA 
мәліметтері көрсетеді.  
Нашар оқушылардың бар концепті тым тар қолданылады  
Инклюзивті  білім  концепциясы  Қазақстанда,  мүмкін,  тым  тар шығар,  өйткені  ол  мүгедектік 
пен өте төмен әлеуметтік экономикалық жағдайға ғана тар топтастырылған, қолдауға құқығы бар 
оқушылардың аз санына әкеледі. 15 немесе одан төмен жастағы шамамен 4,5 миллион баланың тек  
220 000 – 260 000 (шамамен 5%) әлсіз санатына жататынын эксперттерге хабарлаған. 1600-ден аса 
бала  оқитын  бір  мектепте,  тек  100  оқушы  (6%)  ғана  ағымдағы  нормаларға  сәйкес  тегін 
тамақтануға  құқылы  болған.  Нашарлық  санатына  көбірек  балаларды  қосуға  немесе  нашар 
оқушылардың  көбірек  санын  қолдау  үшін  ресурстарды  ұлғайтуға  қолданыстағы  нормалар  аз 
мүмкіндік береді. Нашар оқушылардың немесе оқытуда қиындығы бар оқушылардың үлкен үлесі 
бар  мектептер  қосымша  ресурстар  алмайды.  Сол  кезде,  тиісті  деңгейде  жетілдірілген  және 
қаржыландырылған білім берудің өтемдеуіш бағдарламалары, табысты және нашар мектептер мен 
оқушылар  жетістіктері  арасындағы  алшақтықты  азайтуы  мүмкін  екендігін  халықаралық 
зерттеулер нақты көрсетеді (Макэван, 2008). Бұның Қазақстан үшін үлкен мағынасы бар, өйткені, 
әртүрлі  санаттағы  оқушылардың  үлгеріміндегі  айырмашылықты  оқушылар  мен  мектептердің 
әлеуметтік-экономикалық жағдайы түсіндіретінін дәлелдеу базасы көрсетеді (1-Тарауды қарау). 
Қазақстанда инклюзивтілік концепциясын кеңейту бойынша шаралар қолданылып жатса да, 
қазіргі жүргізіліп жатқан талқылаулар Экономикалық ынтымақтастық пен даму Ұйымы елдерінде 
қабылданған  әделеттілік  концепциясынан  әлі  де  болса  алшақ  екендігі  туралы  эксперттерде  пікір 
қалыптасты.  Оқыту  үдерісіне  кедергі  келтіруі  мүмкін  көптеген  әлеуметтік-экономикалық 


3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
мәселелерге  нашар  оқушылардың  үлесі  көп  мектептердің  бейімдірек  болатынын  ЭЫДҰ  елдері 
мойындайды.  Сонымен  қатар,  нашар  оқушылардың  көп  үлесі  мектептегі  ахуалға  теріс  әсерін 
тигізуі және оқытудағы олардың қиындық деңгейін арттыруы мүмкін (Луптон, 2004). 
Нашар үлгеретін оқушыларға қолдау аз беріледі  
Нашар  үлгеретін  оқушыларды  оларды  оқытуда  қолдау  бойынша  жүйелі  саясат  немесе 
нұсқаулық  жоқ.  Бұл  жағдай  оқытудағы  қиындықтар  күрделендірілген  әлеуметтік-экономикалық 
жағдайдың нәтижесі болуы мүмкін фактісі туралы  білім беру саясатының жеткіліксіз түсінуімен 
қатар  жүреді.  Оқытуда  қиындығы  бар  жекелеген  оқушыларды  қолдау  мектептің  бастамасы 
бойынша  ұсынылады,  бірақ  нашар  үлгерімді  оқушылардың  көп  үлесі  бар  мектептер  қосымша 
ресурстар алмайды. Жүйелі қолдаудың жоқтығы, мектептерді күрделі оқу ортасы мен жеткіліксіз 
ресурстар арасындағы амалсыз жағдайға тірейді.  
Мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін инклюзивті білім беру әлі де болса шектеулі  
Қазақстандағы мектептер мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін жағдайды қамту мәселелерінде 
ілгері  көп  жылжымаған  сияқты.  Мүмкіндігі  шектеулі  оқушылардың  қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға  қатысты  тиімділік  мәселелері  бұл  Шолудың  басты  тақырыбы  болып 
табылмайды,  олар  өткен  ЭЫДҰ  Шолуында  Қазақстан,  Қырғызстан  мен  Тәжікстандағы  ерекше 
қажеттілігі  бар  және  мүмкіндігі  шектеулі  оқушылар  бойынша  жете  талданған  болатын  (ЭЫДҰ, 
2008a).  Қазақстанда  ерекше  қажеттілігі  бар  және  мүмкіндігі  шектеулі  оқушыларға  қызмет 
көрсетудің  басты  мәселелері  жекелеген  түзету  мектептеріне  қарағанда,  көбіне  қарапайым 
мектептерге тиесілі, және  ерекше қажеттілігі бар және мүмкіндігі шектеулі балалардың көпшілігі 
қандай  да  бір  мектептерге  бармайды,  мейлі  ол  арнайы  немесе  қарапайым  болсын,  және  сапалы 
білімді  үйінде  аз  алушылар  немесе  мүлдем  алмайтындар  Шолуда  атап  өтілді.  Жекелеген 
мектептерде балаларда, бәлкім, толық мектеп бағдарламасы бойынша оқытуда, басқа балалармен 
қарым-қатынас  жасау  мен  қабылеттері  мен  мүмкіндіктерін  дамытуда  басқа  балаларға  қарағанда 
мүмкіндіктері  аз  шығар.  Шолуда,  көптеген  балаларды  қарапайым  мектептерде  оқытуға 
бағытталған және мамандандырылған мектептерде тек мүгедектігі салмақты балалар үшін оқыту 
қарастырылған,  ЭЫДҰ  елдері  мен  басқа  да  елдерде  басымды  «қажеттілігі  ерекше  балаларға 
арналған  білім»  концепциясын  кеңірек  қабылдау  ұсынылды.  Қажеттілігі  ерекше  балаларды 
қарапайым  сыныптарға  қосу  олардың  сыныптастарының  жетістіктері  үшін  нейтралды  немесе  оң 
әсер бергендігін жақында жүргізілген мета-талдау көрсетті (Руйс пен Питсма, 2009). 
Соңғы жылдарда қабылданып жатқан шараларға қарамастан, Қазақстанда ерекше қажеттілігі 
бар және мүмкіндігі шектеулі оқушыларды толықтай қосу жолы ұзақ сияқты. Мүмкіндігі шектеулі 
балалар  қарапайым  мектепте  оқығанның  өзінде  де,  олар  арнайы  сыныптарға  бөлінеді.  Шамамен 
400-дей  мектепте  осындай  арнайы  сыныптар  бар,  оларда  «дамуында  бөгелісі»  бар  8000  бала 
оқиды.  Оның  үстіне,  қажеттілігі  ерекше  көптеген  балалар  әлі  де  болса  арнайы  мектеп-
интернаттарға  бөлінеді  немесе  өздерінің  жергілікті  мектебінде  емес,  үйлерінде  оқиды.  Мысалы, 
2012-2013жылдары белгіленген, мүмкіндігі шектеулі шамамен 39 000 баланың жартысына жуығы 
-  мектеп-интернаттарда  оқитын  мүмкіндігі  шектеулі  жетім  балалар,  үштен  бірі  -    мектеп-
интернаттарда  оқитын  мүмкіндігі  шектеулі  басқа  балалар,  және  шамамен  бестен  бірі  –  үйінде 
оқитын балалар, шындығында, тәжірибелік көзқараспен қарағанда, бұл  балалар оқыту үдерісінен 
қалып  қойғанын  көрсетеді  (АТО,  2014).  Мектепке  дейінгі  білім  беруді  қамтудың  төменгі 
коэффициенті,  балалар  бастауыш  мектепке  барғанға  дейін,  көп  балаларда  ерекше  қажеттіліктер 
диагностикаланбай немесе елеусіз қалуына әкелуі мүмкін. Мүгедек балаларды мектепке барғанға 
дейін немесе оқыту барысында қолдау көрсету бойынша қызметтердің қатты жетіспейтіндігі бар; 
мүгедек балалармен жұмыс істеу үшін білім беру мамандары өте аз; қажеттілігі ерекше балаларды 
қолдау үшін мектептерде техникалық мүмкіндіктер жоқ; дамуында күрделі мәселелері бар балалар 
үшін  медициналық  көмек  ұдайы  қол  жетімді  емес.  Құрылыс  пен  модернизациялаудың  жаңа 
нормалары физикалық қабылетсіз балалар үшін жағдай жасау мақсатында мектептерді физикалық 
өзгертуді көздегенімен, бұл нормалар дәйектіліксіз орындалуда. Заманауи мектептерде пандустар 
немесе лифттердің жоқтығына куәленді, ал ескі мектептер тегіс емес едендері мен баспалдақтарда 
таяныштың  болмауымен  қауіп  тудырады.  Сонымен  қатар,  үйлерінде  білім  алатын  қажеттілігі 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау