Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы



жүктеу 70,99 Kb.
Дата21.02.2018
өлшемі70,99 Kb.
#10369



Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 13 шілде N 414-I


       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.12.19.  N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
      Осы заң 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген стажы бар азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған.
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.12.19.  N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
МАЗМҰНЫ 
  1-тарау. Жалпы ережелер
       1-бап. Негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
      1) мемлекеттік арнайы жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген жұмыс стажы бар адамдарға ақшалай берілетін төлем
      1-1)  уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Заңның шарттарымен жәрдемақыларды төлеудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген заңды тұлға;
      1-2)  жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган - орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерi;
      1-3) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      2)  алып тасталды 
       Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20.  N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.04. N  148 (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-баптан қараңыз), 2007.12.19.  N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
       2-бап. Жәрдемақы төлеуге арналған қаражат
      Осы Заңға сәйкес жәрдемақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
       Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
     2-тарау. Жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі
       3-бап. Азаматтардың жәрдемақыға құқығы
      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда көзделген тәртіппен жәрдемақы алуға құқығы бар.
      2. Жәрдемақы ай сайын төленеді.
      3. Жәрдемақы алатын жалақысына қарамастан төленеді.
       4-бап. Жәрдемақыларға құқығы бар азаматтар
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің  N 1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтардың:
      еркектер - 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде;
      әйелдер - 48 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 15 жыл болып, оның кемінде 7 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде, жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің  N 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтардың:
      еркектер - 58 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 25 жыл болып, оның кемінде 12 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде;
      әйелдер - 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде, жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар.
      3. Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің N 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңға сәйкес талап етілетін жұмыс стажы жеткіліксіз болған жағдайда Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің N 1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы жұмыс стажы есепке алынады.
      4. Жәрдемақыға құқық зейнеткерлікке 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жеңілдікті жағдайларда шыққан азаматтарға қолданылмайды.
       Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.12.19.  N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
       5-бап. Жәрдемақы тағайындауға өтініш жасау
      1. Жәрдемақы тағайындауға өтініш жасау жәрдемақыға құқығы пайда болғаннан кейін кез келген уақытта қандай болса да мерзімі шектелмей жүзеге асырылады. 
      Бұл орайда жәрдемақы тағайындауға өтініш жасалған уақытқа дейін жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан жәрдемақы тағайындалады. 
      2. Жәрдемақы тағайындау туралы арызды оны алуға құқығы бар адам тұрғылықты жерi бойынша Орталыққа береді.
      3. Жәрдемақы тағайындауға арналған құжаттарды қарауды жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган тiзбесiн орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
      4. Жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей арыз берушiге ол туралы жазбаша түрде хабарлайды.
      Жәрдемақы тағайындаудан бас тартқан жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган бас тарту себептерiн жазбаша түрде негiздеуге және арыз берушiге құжаттарды қайтаруға мiндеттi.
      5. Жәрдемақы барлық қажетті құжаттар қоса беріліп, өтініш берілген күннен бастап орталық атқарушы орган белгілеген тәртiппен тағайындалады.
       Ескерту. 5-бапқа өзгерісnth енгізілді - ҚР 2004.12.20.  N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.04. N  148 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
      6-бап. Жәрдемақы мөлшері
      1. Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс өтілі бар азаматтарға жәрдемақы 9,42 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
      2. Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс өтілі бар азаматтарға жәрдемақы 8,38 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
      3. Жәрдемақы алушыға зейнеткерлік жасқа толған кезде осы Заңға сәйкес жәрдемақы алу немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау арасында таңдау жасауға құқық беріледі.
      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.03.2014 N 180-V Заңымен (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      7-бап. Жәрдемақы төлеу
      Жәрдемақы төлеуді Орталық ағымдағы ай үшін жүргізеді. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.
      Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға 15,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
      Жәрдемақы төлеу орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.03.2014 N 180-V Заңымен (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
  3-тарау. Қорытынды ереже
       8-бап. Осы заңды күшіне енгізу тәртібі
      Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі.
       Қазақстан Республикасының
      Президенті


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
жүктеу 70,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау