|
Мандибаева Лаура Сагидуллаевна
|
бет | 14/23 | Дата | 12.04.2023 | өлшемі | 0,78 Mb. | | #42118 |
| 22.06.20 Мандибаева Л.С. диссертацияәлсіз тұстары:
- энергияға деген сұраныстың өсуі, жетіспеушілігі және өнеркәсіптің дамуына кедергі болатын желілердегі тоқтың жоғалуының жоғарғы деңгейі;
- инфрақұрылымдық нысандардың, сонын ішінде желілер мен коммуникациялардың тозу деңгейінің жоғарылығы;
- ауыз судың тапшылығы;
-экономиканың салалары бойынша экономикалық белсенді тұрғындардың табыстары бойынша жүйесіз жіктелуі;
-экономиканың инновациялық салалары мен өнеркәсіптегі аса қажетті профильді мамандардың жетіспеушілігі;
-құрылыс компанияларының ықпалдастығының төмен көрсеткіші және саланың жоғарғы деңгейлікке қол жетімділігі;
-өңдеу өнеркәсібі мен халықтық тұтыну тауарларын өндіру өндірісіне салынатын капитал көрсеткішінің төмендігі;
-аудан тұрғындарының сырттан әкелінетін тауарларды тұтынудың деңгейінің жоғары болуы;
-шағын және орта бизнестің дамуындағы әлеуметтік-экономикалық кедергілердің тұрақты болуы;
-автомобиль жолдарының нашар жағдайы;
-жағымсыз экологиялық жағдай: өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, жою, жерлеу кездеріндегі қуаттылықтың жоқтығы;
- шикізат саласының әлемдік бағаға аса тәуелділігі;
-азаматтардың тұрғын үйге деген қол жетімдігінің жеткіліксіз деңгейі;
-бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіру қарсанында шетелдік тауарлармен бәсекелестік;
- әлеуметтік инфрақұрылым желілерінің жеткіліксіз даму деңгейі;
-мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы тұрақты түрдегі кері байланыстардың жоқтығы.
мүмкіндіктері:
- экономиканың дамуының кластерлік моделі және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кластерлік құрылымындағы белсенді рөлі өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайтуға және аудан экономикасын диверсификациялауға мүмкіндік береді;
- аудан экономикасының шикізат секторына деген тәуелділігін төмендету;
- аумақтық технопарктерді және АТК қызметін жандандыру өнеркәсіп және инновациялық бағыттардағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді;
- қоғамдық сектордағы ресурстарды тиімді игеру үшін мемлекет пен коммерциялық емес және жеке секторлардың институционалдық әріптестігін дамыту;
- бюджет қаражатын тиімді қолдануды ұлғайту;
-жергілікті мемлкеттік басқаруды жетілдіру, жергілікті атқарушы органдардың қызметтеріне жыл сайын тиімді баға беру жүйесін енгізе отырып, барлық деңгейдегі әкімдердің жауапкершілігін күшейту;
- билік пен бизнестің «кері байланыс» механизмінің тиімділігін құру;
- экономиканың кейбір салаларына маманданған мамандардың тапшығын жою үшін басқа аймақтардан және басқа елдерден жас мамандарды тарту;
- мемлекеттік-жеке кәсіпорындар негізінде лизингтік мекемелер құру;
-облыстағы және жақын аймақтардағы әр түрлі ЖЖО-мен өзара қарым қатынас орнатып, ғылыми-білім беру және мамандар әлеуетін күшейту;
-шағын және орта бизнесті инновациялық stаrt-uр жобалары арқылы дамыту;
-индустриалды аймақ құру арқылы инвестициялар тарту.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|