Ұлттық ТӘрбие негізі -балабақшада әдістемелік қҰрал



жүктеу 0,66 Mb.
Pdf просмотр
бет23/25
Дата19.11.2018
өлшемі0,66 Mb.
#21015
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Енші (салт). «Оған бай қалың беріп, қатын әперді де, кейін енші беріп бөлек шығарады» 
(С.Мұқанов). Балаларды ержетіп, жеке үй болғанда ата – анасы оған отау тігіп, дүние – мүлікті 
«жасау» дейді. 
 
Жеті ата (дәстүр). Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел). Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі 
ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және оны үйреткен, жаттатқан. Мұның әлеуметтік зор мәні 
болған. Екіншіден, қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғыадамдар бір – бірімен 
танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Сондықтан әр қазақ баласы өз ата-
тегін білу тектілік әрі ұлттық тәртіп пен жөн білудің бір саласы болып саналған. 
 
Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Оның дәлелі: «Жеті атасын білген ұл, жеті 
жұрттың қамын жер» деген қазақ даналығына тоқталсақ, әр адам өзінен кейінгі баласының, 
немересінің, әрі кетсе шөбересінің, атын білер. Одан ары білу үшін адам 100 жылдан астам өмір 
сүруі керек емес пе? Ал, ғасырдан аса беретін адам бар ма? 
 
Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. (Ата-тек деген 
сөз осыдан шыққан сөз). («Жеті қазына» 34 бет. 2001ж.).Мысалы осы кітапта жазушы өз жеті 
атасын былай таратады: Сейіт-Кенжеахмет- Құттыгелді- Нұрет-Байтоғай-Аманбай-Дербісәлі-Солтан 
(жетінші ата) Таңғұлы-Жылқайдар (ру аты, ол Арғынға жатады). Жеті атаны тарату осылай 
жіктеледі. 
 
Тұсаукесер (салт). 
 
Тұсауыңды кесейін, 
Күрмеуіңді шешейін 
(Тұсаукесер жыры) 
 
Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін 
арнайы ала жіп дайындалады. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап оны аяғын жылдам 
басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы 
қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата – анасы тұсау кесушінің кәдесін 
береді. Тұсаукесердің арнаулы жыры бар. 
 
Мысалы: 
Қаз – қаз балам, қаз балам, 
Қадам бассаң мәз болам. 
Тағы, тағы баса ғой, 
Тақымыңды жаз балам. 


Қаз баса ғой, қарағым, 
Құтты болсын қадамың! 
 
Тұсау кесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере 
берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын 
деп ала жіптен де жасайды. 
 
Иткөйлек (салт). Иткөйлегі жоқ. Өзім тігіп беріп едім. “Ә.Нүрпейсов”. Жана туған нәрестенің 
алғашқы көйлегін “иткөйлек деп атайды”. Өйкені ол кәдімгідей көйлек сияқты тігілмейді, 
жөрмелеп, іліп қана тігеді. Бала қырқынан щығарылғаннан кейін әлгі көйлекке тәтті түйіп оны 
иттің мойнына байлап жібереді. Итті балалар қуып жетіп, шақырып, ұстап, тәттісін боліседі. 
”Иткөйлекті” баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады. 
 
Иткөйлек атының шығуы оның иттің мойнына байлағанында емес, халық итті “жеті қазынаның” 
бірі деп бағалауында жатыр. Сонымен бірге “баламыз көп болсын” деп, “қиындыққа берік 
болсын” деген ырым бар. Қазақта итжанды деген сөз оның беріктігі мен төзімділігін айтқаны. 
 
Қырқынан шығару (салт). «Баланың қырқынан шығар тойына Сегіз сері шақырылып, одан балаға 
ат қойып, бата беруді өтінеді» (Н.Әбдуалиев). Қазақ халқының ғұмырында жеті, тоғыз, отыз, 
қырық бір сандары қасиетті деп есептеледі. Мысалы “Жеті жарғы”, ”Жеті қазына”, “Бір тоғыз”, “Үш 
тоғыз”, “Қырықтың бірі-қыдыр”, деген қағидалар бар огсы сандық ұғымынан пайда болған. Соның 
бірі- баланы “қырқынан шығару” дәстүрі. Әдетті баланың туғанына қырық күн толган соң оны 
ыдыска қырық бір қасық су құйып шомылдырады. Бұл ресми дәстүр. Оған үлкен әжелер, әйелдер 
қатысады, кәде беріледі, дастархан жайылады. Сәбидің қарын шашы алынып оны сәбидің өзінің 
киіміне матаға орап қойады. Мұндағы мақсат ертеде сурет болмағандықтан баланың, сәби 
кезінен ескерткіш ретінде сақтаудан шыққан. 
 
Тыштырма (дәстүр). Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, 
тәттілер өткізіп «тышты, тышты» деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды. 
«Тыштырманы» әйелдер ырымдап бөлісіп алып, бала-шағаларыны үлестіріп береді. 
 
Бесік салу салт Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. «Ел іші – 
алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз 
үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесеелдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, 
әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап «тыштырма» жасап алып, баланы бесікке 
бөлейді.Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға «бесікке 
салар» яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады: 
 
Ат қою (ғұрып). «Содан әке – шешесі ырым көріп, жақсы үмітпен қадірлі қонағының есімін қойған 
дейді» (А.Сейдімбеков). Жаңа туған сәбиге ат қою – ерекше салтанатты ғұрыптардың бірі. Ат қоюға 
қазақ халқы ерекше көңіл бөлген. Әрине алдымен жақсы есімдер мен елге әйгілі адамдардың 
атын қойған. Сонымен бірге бала есімін жақсы, беделді кісілерге қойғызып, батасын алуды да 


ұмытпаған. Мәселен, Қаныштың әкесі туғанда атасы Сәтбай Сегіз серіні әдейі шақырып, 
баласының атын қойғызған. Сонда Сегіз сері Иманжан деп ат қойып «бұл баланы еркелетсеңдер 
Имантай деп атарсыңдар» деп балаға былай деп бата береді: 
 
Қалжа (дәстүр). Менің сорлы шешеме қалжа қайда, 
 
Қой сат деп әкем барды көрші байға. (С.Торайғыров). 
 
Жас босанған әйелге арнаулы мал сойылып берілетін тамақ «қалжа» деп аталады. Жақын 
адамдар да «қалжа» әкеледі. Бұл - әрі сыйластық, құрмет әрі босанған әйел белін тез бекітіп, 
сауығып кетсін деген тәрбиелікмақсаттан туған елдік дәстүр, ғұрып. 
 
Кіндік кесер (салт). «Кемпірлер кіндік кесе бастады». («Жас алаш» газеті). Ел ішінде «кіндік 
шешесі» немесе нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер дайын турады. Кейде олардың 
«жол менікі» деп таласатын кездері де болады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс. Байыпты 
әжелердің шешімімен кіндік кескен әйелге «кіндік кесер» кәдесі беріледі. Бұл да жолы бөлек 
кәде. Кейін де «кіндік шеше» деп аталатын әлгі әйел сол баланың анасы есепті құрметке ие 
болады. Кіндік баласын оның өз анасынан кем санамауы керек. «Кіндік шеше» кейін келіп бала 
үйінен өз қалауын да ала алады. 
 
Баланың кіндігі түскеннен кейін де жасалатын халықтық ырымдар көп. «Елдің қорғаны болсын» 
деп ер баланың кіндігін атшаптырым жерге апарып көмеді. «Қыз отбасының тірегі болсын» деп от 
орнына немесе табалдырыққа көмеді. 
 
Сүйіндір (салт). Келіншек босанғаннан кейін оның анасы кәде, жорасын алып әдейі келуге тиіс. Бұл 
– қалыптасқан салт және ананың міндетті парызы. Мұны қызын қияға қондырған әр қазақ әйелі 
білуге және орындауға міндетті. Ана болған өз баласының (қызының) қасында болып, оған рухани 
күш беріп, сенім туғызып, жас сәбиді емізу, күту жолдарын үйретеді, ақылшысы, сүйеніші, 
қамқоры болады. Құда – құдағиларының немерелі болған қуанышына ортақтасады, нәрестеге 
арнаған бұйымдарын, сәлем - сауқатын ұсынады. Құрметті қонағы да болады. 
 
Шілдехана (салт). «Сәрсенбай зор қуанышта болып, шілдеханаға қанша қыз – бозбала жиып... 
баланың есімін Жамал қойып еді» (М.Дулатов). «Аманжол атакем ауылына шілделікке кеткен» 
(С.Көбеев). Кей жерлерде «шілделік» деп те атайды. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын 
ойын – сауық, той. Мұнда «балаңыздың бауы берік болсын» дегендей құтты болсын айтылады, 
жастар жиналып ән салып, домбыра тартып, өлең, жыр айтады. «Шілдеханаға» шақырумен де, 
шақырусыз да бара береді. Шілдехана - өмірге адам келгенінің және оған қуанудың бір белгісі. 
 
Тұмар (ғұрып). 
 


жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау