29. 10. 2020.
Қазақ, орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.
Қазақ және орыс тілдерін генеалогиялық жактан алғанда, әр түрлі тілдік топтарға жатады: қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, орыс тілі индоеуропа тілдерініц шығыс славян тобына жатады. Түркі тілдерінде сөйлейтін халықтар Дунайга дейінгі Еуразия далаларын, Орталық, Орта Азия, Сібір, Кавказ, Кіші Азия жерлерін мекен еткен.
Қазақ тілінің түпкі шығу тегі түркі тілдері дамуындағы ең көне Алтай дәуірінен, Хун дәуірінен (біздің заманымыздан бұрынғы III — 1У ғасырлар мен біздің заманымыздын V ғасыры аралығы) және одан бергі көне түркі дәуірінен (біздің заманымыздың V — X ғасырлар аралығы) бастау алады.
Алтай дәуірінде негізі бір ата тілден шыкқан түркі және монғол, түнғыс-маньчжур тілдері бір-бірінен ажырай бастаған. Ал Хун дәуірінде монғол, түнгыс-маньчжур тілдерінен түгелдей ажырап болған түркі тілдері өз ішінен шығыс түркі және батью түркі тілдері болып екі салага бөлінген. Қазақ тілі батыс түркі тілдершщ кыпшақ тобына енеді. Қыпшак тілдсрінің, оның ішінде қазақ тілінің қүрылымы туралы моліметтер Махмуд Қашқаридің «Дивани луғат ат-түрк», Юсуф Баласағүниың «Кутадғу билик», Ахмет Иассауидің «Дивани хикмет» т. б. еңбектерінде кездеседі.
XV ғасырдың аяқ кезі мен XVI ғасырдың басыида қазақ тайпалары қыпшақ қауымынан, ноғай ордасынан бөлініп шығып, дербес халык болып бірігеді. Қазақтың біртұтас халық тілінің қалыптасуы XV — XVI ғасырлардан басталып, XIX ғасырдың екінші жартысына деиін созылды. Осыған байланысты қазақ тілі қыпшак тілдеріне, оның ішінде қыпшақ-ноғай тобындағы тілдерғе тән белгілерді сақтай отырып, өзінің ішкі даму заңымен жетіліп отырған. Қазақ тілінің XV — XIX ғасырлар аралығындағы қүрылысы жайында мәліметтер Алпамыс, Қамбар, Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Көкше т.б. сияқты тарихи эпостар мен тарихи поэзия жырларында берілген. XVIII ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында кітаби тіл элементтерін сақтаған қисса-дастандар, батырлар жайында жырлар пайда болады. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ тілі ұлт тілі болып қалыптаса бастайды.
Оқытушы сөзінен фонетикалық талдау
Оқытушы – 4 буын. О – ашық б. қы – ашық б. ту – ашық б. шы – ашық б.
4 дауысты, 3 дауыссыз
О – Дауысты жуан, ашық, еріндік
Қ – Дауыссыз қатаң
Ы – Дауысты жуан, қысаң, езулік
Т – Дауыссыз қатаң
У – Дауысты жуан, қысаң, еріндік
Ш – Дауыссыз қатаң
Ы – Дауысты жуан қысаң езулік
Сөзде : 7 әріп, 7 дыбыс бар.
Балдырған сөзінен фонетикалық талдау
Балдырған 3 буын Бал – бітеу б. дыр – бітеу б. ған – бітеу б.
6 дауыссыз 3 дауысты
Б – Дауыссыз ұяң
А – Дауысты жуан, ашық езулік
Л – Дауыссыз үнді
Д – Дауыссыз ұяң
Ы – Дауысты жуан қысаң езулік
Р – Дауыссыз үнді
Ғ – Дауыссыз ұяң
А – Дауысты жуан ашық езулік
Н – Дауыссыз үнді
Сөзде 9 әріп, 9 дыбыс бар.
Өскемен сөзінен фонетикалық талдау
Өскемен 3 буын Өс – тұйық б. ке – ашық б. мен – бітеу б.
4 дауыссыз 3 дауысты
Ө – Дауысты жіңішке ашық еріндік
С – Дауыссыз қатаң
К – Дауыссыз қатаң
Е – Дауысты жіңішке ашық езулік
М – Дауыссыз үнді
Е – Дауысты жіңішке ашық езулік
Н – Дауыссыз үнді
Сөзде : 7 әріп, 7 дыбыс бар.
Мұрагер сөзінен фонетикалық талдау
Мұрагер 3 буын Мұ – ашық б, ра – ашық б гер – бітеу б
4 дауыссыз 3 дауысты
М – Дауыссыз үнді
Ұ – Дауысты жуан қысаң еріндік
Р – Дауыссыз үнді
А – Дауысты жуан ашық езулік
Г – Дауыссыз ұяң
Е – Дауысты жіңішке ашық езулік
Р – Дауыссыз үнді
Сөзде : 7 әріп, 7 дыбыс бар.
Құрылыс сөзінен фонетикалық талдау
Құрылыс 3 буын Құ – ашық б. ры – ашық б. лыс – бітеу б
4 дауыссыз 3 дауысты
Қ – Дауыссыз қатаң
Ұ – Дауысты жуан қысаң еріндік
Р – Дауыссыз үнді
Ы – Дауысты жуан қысаң езулік
Л – Дауыссыз үнді
Ы – Дауысты жуан қысаң езулік
С – Дауыссыз қатаң
Сөзде : 7 әріп, 7 дыбыс бар.
Жезқазған сөзінен фонетикалық талдау
Жезқазған 3 буын Жез – бітеу б. Қаз – бітеу б. ған – бітеу б
6 дауыссыз 3 дауысты
Ж – Дауыссыз ұяң
Е – Дауысты жіңішке ашық езулік
З – Дауыссыз ұяң
Қ – Дауыссыз қатаң
А – Дауысты жуан ашық езулік
З – Дауыссыз ұяң
Ғ – Дауыссыз ұяң
А – Дауысты жуан ашық езулік
Н – Дауыссыз үнді
Сөзде : 9 әріп, 9 дыбыс бар.
Достарыңызбен бөлісу: |