Оқушылардың танымдық әрекетіне байланысты типтері . Оқушылардың танымдық белсенділігінің сипаты тұрғысынан өздік жұмыстың төмендегідей үш типін ажыратуға болады :
1. Репродуктивті ( копирующие ) ; 2. Ішнара -ізденушілік ( эвристические ) ; 3. Зерттеушілік ( исследовательские ) . Таным әрекетіне орай оқушыларға тапсырманы саралап , даралап беруге болады- жақсы оқитын оқушылар үшін күрделі , орташа және нашар оқитын оқушылар үшін өз күштеріне орай тапсырма беріледі . Негізінде тапсырманы оқушылар өздері таңдап алады . Бірінші ретті қиындықтағы тапсырмалар нұсқасында теориялық жағынан келуді талап ететін тапсырмалар болады . Мысалы теориялық көзқарас тұрғысынан химиялық құбылысты түсіндіру болжамын ұсынып , соңынан эксперимент жүзінде дәлелдеу . Ал үшінші ретті тапсырмалар негізінен репродуктивті сипатты . Ал екінші ретті тапсырмалар бірінші мен үшінші ретті тапсырмалар аралығынан орын алады. Әрбір тақырыпты оқып зерттеудің алғашқы кезеңінде химияның негізгі ұғымдарын игеру үшін бәрінен бұрын репродуктивті сипаттағы тапсырмалар орындалады . Ондай тапсырмалар келесі жеке ізденіс , яғни эвристикалық сипатты тапсырмаларды орындауға негіз болады , Танымдық белсенділіктің қалыпттасуының дәрежесі окушының әр түрлі тапсырмаларды орындау барысындағы өз бетінше жұмыс істей алу қабілетімен , денгейімен анықталады . Оны тағайындау үшін мынадай көрсеткіштерді пайдалануға болады : тапсырма өз бетінше орындалған ; оны орындауда біршама көмек керек ; тапсырманың орындалуы кезінде үнемі көмек көрсетіледі , Танымдық белсенділігі төмен оқушылар игерілетін материалдың негізгі мәнін ашып бере алмайды , логикалық байланысты таба алмайды . Бұндай оқушылар заңдар мен заңдылықтарды формальды түрде игереді , өз білімін тәжірибеде қолдана алмайды .
Оқу - танымдық белсенділіктің орта деңгейі қалыптасқан оқушылар жалпы заңдылықты игеруге және қорытындылауға біраз қабілеті бола тұра , тақырып мазмұнының негізгі өзегін ашт бере алмайді дегенмен үлгі бойынша және стандарттық емес , біраз қиындығын бар тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындай алады , бірақ шығармашылык тапсырмаларды орындау үшін олар едәуір күш жұмсайды . Сондықтан бұндай тапсырмаларды орындауда оқушыларға үнемі көмек қажет . Қалыптасудың жоғары деңгейіне ие оқушылар қорытындылауда жоғары дәрежеге жетеді . Әр түрлі тапсырмаларды орындауда , теориялық материалды игеруде белсенділік пен ынталылық танытады . Игерілген тақырыптың логикалық байланысын еркін игереді . Олар стандартты және стандартты емес тапсырмаларды дербес орындайды Шығармашылық тапсырмаларды не өзі , не мұғалімнің көмегімен орындайды . Осындай деңгейге ие оқушылардың білім дәрежесі жоғары , олар өз білімін тәжірибеде еркін қолданады , тапсырма орындаудағы және мазмұн игерудегі қиындықтарды қиналмай жеңеді
Достарыңызбен бөлісу: |