Курстық жұмыс


Оқушылардың өзіндік танымдық белседіліктерін арттыру әдістері



жүктеу 94,95 Kb.
бет4/15
Дата19.01.2022
өлшемі94,95 Kb.
#33686
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Документ Microsoft Word

2.2.Оқушылардың өзіндік танымдық белседіліктерін арттыру әдістері

Оқушылардың өздік жұмыстарын тиімді ұйымдастыруы сабақ сапасының артуына септігін тигізеді.Теориялық білімнің терең бекіп , жүйелі қалыптасуына өздік жұмысқа берілетін есептер мен жаттығулардың дұрыс таңдап алынып , құрастырылуына байланысты болады . Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен , түрлі анықтамалық кітаптармен , газет журналдар мен жарыс істеуге үйрене бастайды . Өздігінен білім алуға талпынады . Жұмысы нәтижелі болса , оқушының пәнге деген қызығушылығы артады . Оқушылардың өзіндік жұмыс істеуге қабілеттерін қалыптастыру міндетін орындауда бүкіл педагогикалық ұжым үшін проблема туындайды . Ол осы жұмыс мазмұнына оқушыларды мақсатты түрде , әсіресе , бастауыш сынып оқушыларын оқытуда табылады . Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктерімен олардың үй жұмыстары , сыныптық , сыныптан тыс жұмыстары , яғни , олардың барлық сабақтан тыс жұмыстарының барлық түрлері салыстырылуы мүмкін . Олардың барлығы қандайда бір континум құрайтыны айқын (қандайда бірізділік оның полюстері бір жағынан оқушының сыныптық жұмысы , ал келесі жағынан- оқу іс - әрекетінің өзіндік ұйымдастырылу жоғарғы формасы ретінде оның өзіндік жұмысы сияқты берілуі мүмкін . Оқушыларды оқудағы танымдық ізденімпазды мен белсенділігін - қалыптастыру проблемаларын іс жүзінде шешудің әртүрлі жолдары бар; -танымды іс - әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу ; - танымдық іс - әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру ; - іс - әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдер енгізу ; - оқу іс - әрекетін өздігінше бақылауды дамыту ;



Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпай , оқытудың интенсивтендіру процесін жүзеге асыру мүмкін емес екені іс - жүзінде белгілі. Танымдық қызығушылық белгілі компоненттерді қамтитын динамикалық жүйе . Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын анықтаудың негізі мұғалімнің белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығы және педагогика мен психологияның проблемаларына дұрыс бағдар беру болып табылады . Оқушылардың оқу танымдық іс - әрекеттің формаларының бірі - өзіндік жұмыс кірек езде негізгі талап- оқушылардың белсенді іс - әрекетін сезімін оята отырып , оларды басқара білу . Оқушылардың өз бетінше іздену арқылы білімін көтеруі , біліктіліке талшылуы , ептілікке дағдылануы оқу процесінде белсенділігін арттырудың бір жолы екендігі ертеден белгілі .

Өздік жұмыс – оқу іс - әрекетінің жоғарғы формасы : 1.Оқушылардың өздік жұмыстарында мұғалім - оқушы іс әрекетінің қатынасы Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі критерийлерінің бірі – оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру , ал екіншісі оқушыны өздігінен оқып , ой - өрісін тереңдетуге баулу , ғылыми ізден іске жетелеу . Өздік жұмыстарын ұйымдастыруды әр ұстаз өз қалауынша , бірі сабақтың бекіту бөлімінде қолданса , бір оқушының қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып , дамыта оқытуға бағыттайды. Өздік жұмыс ұғымы , белсенді танымдық дағды , зертханалық жұмыс , проблемалық оқыту ұғымдарымен тығыз байланысты . Өздігінен жұмыс істеу кезінде оқушыға мынадай талаптар қойылады : -кез - келген әдебиетпен өздіг жұмыс істей білу ; - өз бетінше талдау жасап қорытындылай білу ; -өз ойын толық айта білу , түсіндіре білу , басқаны үйрете білу ; -басқаны тыңдай білу , ақпаратты қабылдай білу ( ақпаратты терең түсіну , сұрақ қоя білу ) ; - ұжыммен қарым - қатынас жасай білу , ұйымдастыра білу ( өзін - өзі тексере, бағалай білу ) . Осы қасиеттердің бәрін қоғам жеке тұлғалардан маман ретінде талап етеді . Ал ол болашақ маман –жеке тұлға – бүгінгі оқушы . Жеке тұлға ретінде оқушының рухани баюы , адамгершілік , әдептілік қасиеті , оқушы -оқушы , мұғалім -оқушы арасындағы қарым - қатынастың жоғары деңгейде болуы түрлі өздік жұмыстарды орындау кезінде айқын көрінеді . Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар : -мұғалімнің нақты тапсырмалар ( нұсқаулар ) беруі ; -жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі ; - мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері ; - -оқушылардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі ; -оқушының істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі ; – жұмыстың жемісті аяқталуына , оның алдағы нәтижесіне қызығуы , т.б. Егер оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренбесе , оның оқуы жемісті болмайд ол жиі сәтсіздікке ұшырайды . Мұндай жағдайда оқушының оқуға деген ынтасы төмендейді , соның салдарынан үлгермеушілер қатарына қосылады . Өздік жұмыстарға ұйымдастыруға қойылатын талаптар Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын таланттар мыналар : - жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай , оның сапасын арттыруға көңіл аудару ; -оқушылардың жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу ; - оқушылардың тербестігін арттырып , өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту ; -өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды хабарларды енгізу ; - оқушыларды табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын , сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап , түсінуге үйрету ; - оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру ; - оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға , әр уақы дербес және белсенді әрекет жасауға баулу ; - оқушылардың өздігінен дербес жұмыс істеу , еңбек ету дағдысын қалыптастыру . Оқу үрдісі кезінде өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамытуда баға жетпес құралдардың бірі -өтілген сабақтар мен айтылған мәселелерді айналаны қоршаған ортаның шындығымен байланыстыру , сәйкестендіре білу . Оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы –жұмыстарды орындалу , ептілік , іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту . Бұл үш төмендегідей тиісті талаптарды орындау қажет өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін , шығармашылық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді ; жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын , талпынысын оята білуі тиіс . Яғни , оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек ; өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсінетіндей етіп ұйымдастыру қажет . Өз бетінше жұмысты дағдыландыру үрдісі кезінде мұғалім оқушылардың жұмыстың жаңа түрлерін белсене игеруіне күш салады . Сонымен қатар осы мерзімде олардың қол жеткенге масаттанып қанағаттанушылығына , іздену мен үйренуді тоқтатуына жол берілмегені жөн . Яғни , бұл арада бұдан да жоғары дәрежедегі дербестікті талап ететін кезекті жұмыс түрлерін біртіндеп игере беруін , жақсы өнегелі істерді бойларына сіңіруін қадағалау шарт . Оқушыларға тәрбие берудің басты міндеттерінің бірі олардың бойында өз бетінше ойлау жүйесін қалыптастыру . Мектеп оқушыларды жүйелі білім алу тәртібіне және өз бетінше білімін толықтыруға , ғылыми ақпараттарды жетік әрі тез игере білулеріне жол аша білуге әзірлеуі керек . Бұл үшін оқу жұмысында тиімді формалар мен әдістерді пайдалана отырып , оларды пай іске деген талпынысын ояту қажет .


жүктеу 94,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау