Курстық жұмыс



жүктеу 94,95 Kb.
бет3/15
Дата19.01.2022
өлшемі94,95 Kb.
#33686
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Документ Microsoft Word

2.Негізгі бөлім

2.1.Педагогика ғылымында оқушылардың өзіндік жұмысының қалыптасуы,даму тарихы мен бүгінгі жағдайы.

Бастауыш сыныптарды оқытудың маңызды мақсаттарының бірі- оқушыларда өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру . Білімнің негізі бастауыш сыныптарда қаланатыны белгілі . Ендеше осы бастауыш сыныптардан бастап, оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білу іскерлігін де қалыптасуы тиіс . Атап айтсақ : жаза ұғымды , заңдылықты , ережені түсініп , тұжырымдау , есепті талдап , шығара білу , жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта білу , өзінің оқу іс - әрекетін бақылау жасай білу т.б. Осындай іскерліктерді қалыптастыру – оқу барысында мақсатты түрде ұйымдастырылған жұмыстар және жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге асырылады . Бұл мәселенің зерттелу тарихы көне замандардан бастау алады . Көне грек оқымыстылары Архимед Аристоник , Платон , Аристотель баланың білімді өз еркімен , белсенді және ізденпаздықпен меңгеруінің мәнін терең , әрі жан - жақты тұжырымдап берді ұлы ғұламалар өз ой пікірлерінде адамның ойлауы өз бетімен жұмыс істеу әрекетінде ғана дұрыс дамитынын , ал жеке тұлғаны жетілдіру және оның қабілеттерін дамыту өздігінен танып - білудің нәтижесінде ғана мүмкін болатынын ( Сократ ) , мұндай іс - әрекет балаға қуаныш пен ләззат сыйлап , оның жаңа білімді алу немқұрайлы қарауын шектейтінін дәлелдеді . Бұл қағидалары мектеп пен педагогикалық ой - пікірлер дамуының барлық келесі кезеңдерінде көптеген педагог ғалымдар зерттеулерінің пәні болып табылды . Өздігінен жұмыс іс әрекеті проблемала әрі қарай Франсуа Рабе , Мишель Монтен , Томас Морр , Томаза Компонелда еңбектерінде қарастырылады . Бұл ойлар орта ғасырдағы мектептерде схоластика , догматизм , жаттандылықтан арылу үшін баланың ізденімпаздығын қалыптастыру талабынан туындаған еді . Ол үшін балаға өздігінен жаңа білім алып , заттың дәмін өз бетімен татып көру керек (Монтен ) , яғни танымның жолын өзі талағаны жөн . Өскелең ұрпақтың өзіндік іс - әрекетін қалыптастыру мәселесі шетел және отандық педагогиканың көрнекті цикiлдерi мұраларында басты орын алды . Чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменскийдің еңбектерінде оқушыларды өзіндік іс - әрекетке тартудың ұйымдастырушылық - практикалық мәселелері терең қарастырылды . Мұнда проблеманың негізгі қағидаларының теориялық тұжырымдамасының пәні - оқыту , оқушының іс әрекетінің табиғатын терең зерттемей және талдамай мұғалімнің әрекет етуі болады , ол бірнеше жылдар бойы жемісті дамыты және қазіргі дидактикада да белгілі орын алады . Я.А.Коменский « Выход из школьных лабиринтов » атты еңбегінде оқушылардың дербестігі табиғи нышанында дейді . Ол оқушылардың білім дербестілігі мен өзіндік әрекеттілігінің әрбір кезеңдерін грек терминдерімен белгілейді , атап айтқанда : 1. Автопсия ( өзіндік бақылау ) ; 2. Автопрaсия ( практикалық жүзеге асыру ) ; 3. Автохресия ( алған білім , біліктілік және дағдыларын жаңа жағдайларда қолдану ) ; 4. Автолексия ( өз іс - әрекеті нәтижелерін өз бетімен баяндай білу іскерлігі ) Бірақ Я.А.Коменский балалардың табиғи нышандарын оқыту әдістерімен байланыстыра алмады . Оқыту барысында оқушылардың өзіндік іс - әрекеттерінің жекеленген аспектілерін ашып көрсетуге , оқытудың тәсілдерін бірізділікпен сипаттауға , оны оқушылардың өзіндік іс - әрекетін қалыптастыру мақсатында пайдалануға және оған философиялык - психологиялық , физиологиялық және дидактикалық тұжырымдама беруге талпыныстар мен ұмтылыстарды ең алғаш рет К.Д.Ушинский , Л.Н.Толстой және XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы озық ойлы педагогтар жасады . К.Д. Ушинстони Халық мектебі білімінің міндеті балалардың ақыл - ой қабілетін дамыту , айналасын қоршаған табиғат пен қоғамдық қатынастарға олардың табиғи түрде дұрыс көзқарастарын қалыптастыру , олардың өздігінше құратын өмір мен әрекетке қабілетін дұрыс жетілдіру дейді . Ол мектеп білімі арқылы ақыл - ой қабілетін , ойлауын , сөзін т.б. қаншалықты дамыту ( формальдык білім теориясы ) қажет болса , оны заманың жүйеге түскен білімдерімен қаруландыру ( материалдық білім беру ) да соншалықты қажет екендігін айтты . Білім берудегі бұл екі міндет бір - бірінсіз болуы мүмкін емес , сол сияқты оларды бір - біріне қарсы қою да теріс . Сондықтан білімнің осы екі бағыты бірігуі тиіс , яғни ол баланы Ақыл - ой және адамгершілік жақтарынан дамытатын тұтас процесс болғандықтан , оқу үстінде баланың тиісті білімдерімен қоса ақылын да байыту , сол сияқты формальды әрекеттерді , дағдылары және қабілеттерін де дамыту ісі жүргізілуі тиіс деп дәлелдеді . Сөйтіп , ол дидактиканың негізгі проблемасы - формальдық және материалдық білім мәселесін дұрыс қойып , ғылыми түрде шешті . К.Д. Ушинский оқытудың догматикалық әдістері мен мектепте құрғақ жаттауды қатты сынады . Ол мұғалімнің де , оқушының да жұмысын , іс - әрекетін шығармашылық процесс деп карастырды .Ал оның негізі - ойдың , ақылдың жұмысы .Оқу еңбек және күрделі еңбек болуға тиіс бірақ оқудың қызықтылығы терең ақыл ой жұмысына байланысты болатындай толық мәндегі еңбек болатын болсi деген талап қойып , оқушылардың өзіндік іс - әрекетін тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлді .Оқушылардың өзіндік іс - әрекетін , олардың өзіндік жұмыстарды орындауын К.Д.Ушинский « қандай да болмасын жемісті оқудың бір таша берік негізі » - деп есептеді .Бұл жерде оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу қажеттігін атап көрсетеді : « үнемі балаға өзінің әлі жететіндей жұмыс беру керек және оған тек күші жетпей жатқанда ғана көмектесу қажет , бұл көмек баланың жасы өскен сайын әлсірей түсуі тиіс » .Мұның барлығы К.Д.Ушинскийдің педагогикалық теориясында өзінен бұрын өмір сүрген және сол кезеңдегі әріптестеріне қарағанда оқушылардың өзіндік жұмысы ілімінің дамуында маңызды қадам жасалғанын дәлелдейді .Оқушылардың өзіндік жұмыс идеясы біршама басқаша аспектіде Л.Н.Толстойдың мектептегі тәжірибесінде дамытылды. Немістің теориялық оқытуынды етек алып , Батыс - Европа мен орыс мектептерінің іс - тәжірибесінде таратылған оқыту теориясы мен практикасындағы интеллектуализмді сынай отырып Л.Н.Толстой балаларды оқытудың құнды тұжырымдамасын жасайды .Бұл тұжырымдаманың негізгі қағидасы - баланың өмірлік тәжірибесін есепке алу , оқыту процесіндегі өзіндік жұмыс арқылы оның әрекетіне ерік беру .Өзіндік іс - әрекет теориясын педагогика , физиология және психология ғылымға байланысы негізінде жасаған К.Д.Ушинскийден айырмашылығы Л.Н.Толстой бұл мәселеде өз тәжірибесіне сүйенді .Дербестікті дамытудың негізгі факторлары Л.Н.Толстой окушының жеке тәжірибесі мен оның қоршаған ортасын ерекше атап өтті .Н.К.Крупская , А.И.Луначарский , П.П.Блонский , С.Т.Шацкий , А.П.Пинкевич , М.С.Пистрaк және т.б.еңбектерінде өзіндік жұмыс проблемасы білімдік , дидактикалық және жалпылама тұрғыдан терең қарастырылады .Н.К.Крупская бұл теорияны оқушылардың дербестігін қалыптастыру проблемасын табысты шешу оқытуды өмірмен тығыз байланыстыру арқылы ғана жүзеге асырылады деп тұжырымдады .Бұл кағида А.В.Луначарскийдің , П.П.Блонскийдің және т.б.еңбектерінде жан - жақты нақтыланып , сапалы түрде айқындалды .20-30 жылдары педагогика ғылымында өзіндік жұмыстың мәнін айқындауға , өзіндік жұмыстарды пайдаланудағы мектеп тәжірибесін сипаттауға көңіл бөліне бастады .Бұл кезең өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік аспектісін жасау , сіресе оқулықпен және кітаппен өздігінен жұмыс істеу дағдылтірың калыптастыру мәселелеріне бай болды .Дәл осы кезенде Н.К.Крупскаяның " Кітап теккан айлар , өздігінен жұмыс істеу керек " мақаласы жарық көрді , ол педагогикалық ортаға како и виды мал болды .Бұл мақалада кітаппен жұмыс істеудің әдістемесі жан жақты беріледі .Педагог - теоретиктер мен мұғалім- практиктердің күш салуының арқасында бұл кезеңде кітаппен жұмыс істеудің белгілі бір жүйесі қалыптасып , оның нақты түрлері боліп көрсетілді сыныпта оқылған параграфты әңгімелеп беру , оқылған материал бойынша жоспар құру , оқулықтағы суреттер бойынша жұмыс , оқулықтың материалы негізінде схемалар , кестелер , диаграммалар құру және т.б. 30 - шы жылдардың аяғы мен 40 - шы жылдардың басында алдыңғы қатарлы педагогтар Р.М. Микельсон , Е.Я. Голант . Пн . Труздев , кейіннен 50 - ші жылдардың ортасы мен 60 - шы жылдардың басында ит . Оороденко В. М.Н. Скаткин және т.б. сабақта оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын кеңінен қолдануға жүйелі түрде кірісіп , өзіндік жұмыстың дидактикалық әдістемелік аспектілерін ашып көрсетуге көп көңіл бөлді . Осы кезеңде өзіндік іс - әрекет процесі мен құрылымының мәнін зерттеу не жаңа материалды меңгеру барысында оқушылардың психикалық процестерін , не өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдерін қарастыруды көздеді , әсіресе соңғы проблемаға көпте теориялық және эксперименттік зерттеулер арналды . Мұндай зерттеулердің тақырыптары сан алуан бола отырып , орта мектептегі барлық сыныптарда оқу процесінің бөлімдерін қамтыды . Мұнда сабақ жүйесіндегі өзіндік жұмыстардың рөлін түсіндіруге , жаңа материалды мұғалімнің түсіндіру барысында оқушыныњ өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі мен олардың мазмұнын анықтауға , жаңа, материалды өздігінен оқып - үйрену , білім , білік , дағдыны бекіту , қайталау білім , білік , дағдыны кезектегі тексеру , оқулықпен және қосымша алгебиеттермен жұмыс істеу және т.с.с. кезеңдерінде өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға көп көңіл бөлінді .


жүктеу 94,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау