Ұйымдастыру формаларына байланысты жіктелуі . Өздік жұмыстың формалары : 1.Фронтальды (ұжымдық ) . 2. Топтық 3 Жекеше болып жіктеледі Сабақ үстіндегі топтық өздік жұмыстың ұйымдастыруына тоқталайық . Оқушылардың пән бойынша білімі негізінде сабақ алдында топтар қалыптастырылады . Топтар құруда психологиялық сыйысушылық , қызығушылықтар бағыты , көш басшысы беделі сияқты факторлар да ескеріледі . Тәжрибе көрсетуі бойынша ең тиімді топ 4 оқушыдан тұратын топ деп есептеледі .
Мұндай топтық жұмыстың ерекшелігі : Мақсаттың болуы және түсінуі ( жалпы топтық тапсырма ) Жалпы мақсатқа сәйкес әр топ мүшесінің жеке тапсырмаларды орындауы ; Жұмыс нәтижелерін өзара тексеру және бір - біріне туындаған қиындықты шешуге көмектесуі ; Әр топ мүшесімен алынған нәтижелерді біріктіріп , бір толық қорытынды жасалуы ; Жұмыстың мақсатына алынған қортындының сәкестендіру . Әрбір топтағы оқушылардың пән бойынша деңгейі әр қалай , ал топтар бір деңгейлес болады . Топтың жұмысын көш басты бағыттап отырады . Көш басшыға қойылатын талап , ол пәнді жақсы білуі керек . Оның басшылығымен барлық оқушылар алған тапсырмамен жұмыс істейді , берілген зертханалық жұмыстарды орындайды , ұсынылған әдебиетпен жұмыс жасап , тақтада ауызша жауап беруге немесе жазбаша жауап беруге әзірленеді . Жекеше өздік жұмысты ұйымдастыруда оқушылардың даму міндеті шешіледі . Қабілеті мен дайындық деңгейі әртүрлі оқушылардың бірдей ритммен жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі Мысалы 8 сыныптың аяғында немесе 9 сыныптың басында оксидтер , қышқылдар , негіздер мен тұздар туралы дараланған тапсырмалар беруге болады . Төменгі деңгей үшін
Құрылымдық формуласын келтір. Жоғары деңгей тапсырмасы : Темірдің ( ІІІ ) күкірт қышқылымен орта , негіздік , қышқылдық тұзының формуласын , құрылымдық формуласы азып атын ата . Темір ( ІІ ) окиді мен гидроксиді формуласын жазып курылымдық формуласын келтір . Орта деңгей тапсырмасы : Магнийдің көмір қышқылымен орта , негіздік , қышқылдық тұздарының формуласын жаз , құрылымдық формуласын келтір . Жекеше өздік жұмыстар кейде оқушылардың біраз бөлігін қамтыса , кейде бүкіл сынып оқушыларына арналып құрылады . Тапсырмалар жоғарыда келтірілгендей әр деңгейлі болуы мүмкін ( саралап оқытуда ) немесе қиындығы бірдей бірақ орындалу уақыты әр қалай болады ( программаланған оқытуда ) . Білім көздеріне байланысты жіктелуі Білім көздеріне байланысты жіктелуі төмендегідей , Оқулық және анықтамалар мен жұмыс істеу . Оқыған тақырып бойынша жоспар жасау , Баяндама жазу Үлестірмелі материалмен жұмыс істеу . Химиялык тәжірбиелер жасау . Химиялық диктант жазу . Ауызша , жазбаша сандық және сапалық есептер шығару . Графиктік жұмыс . Өз бетімен жұмыс жасау үшін берілетін тапсырмалар . Оқыту мен тәрбиелеудің ең маңызды элементтерінің бірі сабақтан тыс уакытта берілетін өздік жұмыс тапсырмалары Оның мақсаты : -сабакта алынған білімді тереңдету және бекіту ; -әдебиеттермен жұмыс жасауды үйрету ; -кесте , сызба , графикалык мәліметтерді тани және оқи білу , талдай алу ; -іріктеу және салыстыру , ой қорыту , тужырым жасау сиякты танымдық қабілеттерін дамыту болып табылады . Өздік жұмыс окушыларды тәртіпке , ұқыптылыкка , тиянактыққа тәрбиелейді. Өздік жумысты орындалу , окушыдан жеке жұмыс жасап , оған көп көңіл аударуды , уақыт жумсауды талап етеді . Ол тапсырманың мазмұнын ұғынады , оның сапасына қойылатын талапқа сай орындайды , белгілі бір әдебиеттерді актарады . Үлгерімі орташа оқушылар өз деңгейлеріне сәйкес : тапсырмалар алады , ал улгерімі жоғары окушылар қиындығы жоғары тапсырмалар алады . Өздік жұмысын жиі өткізу оқушылардың білімін бекіте түседі , Өздік жумысының мазмұны төмендегідей : бағдарламалық материалдар оқулық және қосымша ( анықтамалық , техникалық , көркем ) әдебиеттерге сүйеніп жасалынады ; окушылардың алатын білімін кеңейтеді , тереңдетеді ; өткен материалы кайталауа арналады ; күнделіктерден және практикадан мысалдар алынады ; турлі графикалық жұмыстар ( кесте , сызба , диаграмма , сызба сызу және тузу ) орындалады ; шығармалар алдамалар мен рефераттар жазылады ; жалпы қорытынды мен тұжырым шығару үшін деректер мен мысалдар жинакталады ; практикалык жумыстар жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |