ЖОБА
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім»
кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім» кәсіби стандарты білім
беру бағдарламаларын оның ішінде әзірлеуге, білім беру ұйымдары
персоналдарын оқытуға, білім беру ұйымдары қызметкерлері мен түлектерін
сертификаттауға арналған.
2.Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
2.1. Қауымдастырылған профессор (доцент), профессор – жоғары оқу
орындарының немесе ұйымдардың өтініші негізінде білім беру саласындағы
уәкілетті орган ғылыми бекіткен ғылыми атақ.
2.2. Бакалавриат – бакалавр академиялық дәрежесі немесе бакалавр
біліктілігі берілген бакалавр дипломымен расталған жоғары білім.
2.3. Тәрбие – әлеуметтік-мәдени нормативтік моделдеріне сәйкес қоғамдық
және мәдени өмірге араласуға даярлау мақсатында тұлғаны бағытты
қалыптастыру.
2.4. ЖОО – жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беретін, сонымен
қатар ғылыми қызметпен айналысатын оқу орны.
2.5. Жоғары білім – 1) білім, жалпы орта білім немесе техникалық және
кәсіптік, немесе орта білімнен кейінгі азаматтың алған білімі; 2) жоғары оқу
орнын бітіргені туралы дипломмен формальді расталған жалпы орта білім
базасында техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру
мамандығы бойынша біліктілік деңгейі.
2.6.Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор –тиісті мамандықтар
бойынша докторантураның кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгерген және
диссертация қорғаған адамдарға берілетін ғылыми дәреже.
2.7. Докторантура – ғылыми және педагог кадрларды дайындауға
бағытталған философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор ғылыми
дәрежелері берілетін жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары.
2.8. Ғылым кандидаты, ғылым докторы – ізденушінің диссертация қорғауы
нәтижесінде берілетін ғылыми дәрежелер.
2.9. Біліктілік деңгейі – еңбек қызметінің стандарттан басқа болуы,
жауапкершілігі
мен
дербестігі
бойынша
сараланатын
қызметкерлер
құзыреттілігіне қатысты талаптар жиынтығы.
2.10. Біліктілік – қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде еңбек
міндеттерін сапалы орындауға дайын болуы.
2
2.11.Магистратура- ғылыми және педагог кадрларды даярлауға бағытталған
мамандығына сәйкес «магистр» академиялық дәрежесі берілетін жоғарғы оқу
орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары.
2.12. Ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында құпталатын
біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
2.13. Ұлттық біліктілік жүйесі (ҰБЖ) – еңбек нарығы тарапынан
мамандардың біліктілігіне сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және
институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы.
2.14. Салалық біліктілік шеңбері (СБШ) – салада құпталатын біліктілік
деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы.
2.15. Сала/негізгі топ – шығарылатын өнім, өндіріс технологиясы, негізгі
қорлар мен жұмыс істейтін адамдардың кәсіби дағдыларының ортақтығына тән
кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы.
2.16. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім: 1) жоғары білімі бар азамат алатын
білім.
2.17. Кәсіптік топ – жалпы интеграциялық негізі бар кәсіптік кіші топтардың
бірлесуі және (ұқсас немесе жақын міндеттер, объектілер, технологиялар, оның
ішінде еңбек құралдары) еңбек функциялары мен оларды орындау үшін
құзыреттіліктердің ұқсас жиынтығын көздейтін кәсіптік кіші топтардың
жиынтығы.
2.18. Кәсіптік кіші топ – еңбек функцияларының тұтас жиынтығынан және
оларды орындауға қажетті құзыреттерден қалыптасқан кәсіптер жиынтығы.
2.19. Кәсіби стандарт (КС) – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік
деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына
қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт.
2.20. Кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда
болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап
ететін еңбек қызметінің түрі.
2.21. Маман (дипломды маман) – арнайы оқу бағдарламаларын меңгергеннен
кейін біліктілігі бар тұлға.
2.22. Еңбек функциясы – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше міндеттерін
шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы.
3. Аталған кәсіби стандартта келесі терминдер, қысқартулар мен
анықтамалар қолданылды :
3.1 ҚР-Қазақстан Республикасы.
3.2 ОПҚ-оқытушы-профессорлық құрамы.
3.3 ОӘК-оқу-әдістемелік кешен.
3.4 НҚА-нормативтік құқықтық акті.
3.5 Ұлттық біліктілік шеңбері-(ҰБШ)
3.5 СБШ-салалық біліктілік шеңбері.
3
2. Кәсіби стандарттың паспорты
4. Кәсіби стандарттың атауы: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білім.
5. Кәсіби стандартты әзірлеу мақсаты: жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру жүйесі қызметкерлеріне қажетті білім мен құзыретті, білік пен
дағдыны сипаттау.
6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: стандарт жоғары және жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде кадрларды педагогикалық және
әдістемелік қызметке кәсіби және ғылыми даярлау талаптарын қамтиды.
7. Негізгі топ: білім беру.
Кәсіби топ: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім.(7-8 деңгей
СБШ)
3. Кәсіптер карточкалары
1. Кәсіптер карточкаларының тізбесі:
педагог (мамандығы: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
лауазымы: профессор, қауымдастырылған профессор, доцент, аға оқытушы ,
оқытушы, ассистент)- СБШ-ның 7-8 деңгейлері;
әдіскер (мамандығы: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
лауазымы:әдіскер, эдвайзер ) - СБШ-ның 7-деңгейі.
Кәсіптер карточкалары Кәсіби стандарттың қосымшасында берілген.
4
Қосымша
«Жоғары және жоғары орнынан
кейінгі білім» кәсіби стандартына
КӘСІП КАРТОЧКАСЫ
«Педагог (мамандық: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім)»
Кәсіп коды 2310
Кәсіп тізбесі
«Педагог (мамандық: жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім)»
СБШ
бойынша
біліктілік деңгейі
7
КС бойынша
біліктілік деңгейі
4
Кәсіби деңгейі
жоғары оқу орнынан кейінгі білім (мамандығына
сәйкес ғылыми-педагогикалық магистратура)
Еңбек функциялары: 1) оқыту
2) ғылыми-зерттеу жұмыстары
3) ғылыми-әдістемелік жұмыстары
4) тәрбие жұмыстары
5) әлеуметтік-педагогикалық жұмыстары
1-Еңбек функциясы
Оқыту
Біліктері мен дағдылары:
1.Өз
бетінше курстың мақсатына сәйкес оқу
сабақтарының түрін, әдісін және жабдықтарын
(семинарлық, практикалық, зертханалық) анықтай
біледі.
2.Өз
бетінше курстың мақсатына сәйкес оқу
сабақтарының түрін, әдісін және жабдықтарын ,
курстың белгіленген мақсатын анықтай біледі
(модуль).
3.профессор немесе доценттің тікелей жетекшілігімен
лекциялық материалдардың мазмұнын (кафедрада
бекіту үшін) анықтайды.
4.өзіндік жұмысты жоспарлап, ұйымдастыра алады.
Білім:
1.Жоғары мектеп дидактикасында білімі бар.
2.Арнайы салада.
2-Еңбек функциясы
Ғылыми-зерттеу
жұмыстары
Біліктері мен дағдылары:
1.Жаңа
білімді
дамыту
үшін
психологиялық-
педагогикалық зерттеу жүргізе біледі.
2. Әр саладағы ғылыми білімді кіріктіре алады.
3. Студенттер мен магистранттардың ғылыми
зерттеулеріне жетекшілік етеді. (профессормен бірге).
5
Білім:
1.Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдіснамасы.
2.Ғылыми
нәтижелерді
ресімдеу
тәртібі
мен
ережелері.
3.Зерттеу нәтижесінде алынған ғылыми нәтижелерді
коммерциялау тетіктері мен технологиясы.
3-Еңбек функциясы
Ғылыми-әдістемелік
жұмыстары
Біліктері мен дағдылары:
1.Курстың мақсатына сәйкес оқу материалдарын
әзірлеу.
2.Ғылыми зерттеу нәтижелері оқу материалдарын
жобалау.
3.Инновациялық технологияларды оқытуда қолдану.
Білім:
1.Педагогикалық
кіріктіру
теориясы
мен
технологиясы.
2.Арнайы пәндерді оқыту теориясы мен әдістемесі.
4-Еңбек функциясы
Тәрбие жұмыстары
Біліктері мен дағдылары:
1.Шешендік қабілеті бар.
2. Өзінің ойын жазбаша және ауызша түрде дұрыс
логикалық түрде құра біледі. Жеке және академиялық
ортада идеяларды еркін талдай және талқылай біледі.
3.Басқаларды сендіру, талдап қорытынды жасай біледі.
4.Пәндік саланың әлеуетін жеке тұлғаның әлеуметтік
басым сапасын тәрбиелеу үшін қолдану (оқытылатын
пәндер) (қазақстандық патриотизм, төзімділік, зорлық-
зомбылыққа төзбеу, адамдардың еркіндігі мен
құқығын құрметтеу және т.б.)
5.«Мәңгілік
Ел»
ұлттық
идеясын
контексте
оқытылатын пән мазмұны ретінде ұлғайтып көрсету.
Білім:
1.Психологиялық-педагогикалық ғылымдар саласында
жүйелі және кіріктірілген білім.
2.ҚР білім және ғылым саласындағы базалық заңнама.
5-Еңбек функциясы
Қоғамдық-
ұйымдастырушылық
жұмыстары
Біліктері мен дағдылары:
1.Кәсіптік және әлеуметтік желілерді жасай және
оларды қолдай біледі (networking)
2.Жоғары білім беруде жұмыс берушімен, барлық
стейкхолдерлермен
(қызығушылық
танытқан
тараптармен) байланыс орнату және өзара әрекет
жасау.
3.Әлеуметтік зерттеулер жүргізеді.
Білім:
1.Педагогикалық менеджмент саласында кіріктірілген
6
білімді меңгерген.
2.Кәсіби қарым-қатынас жасау психологиясы.
Жеке құзыреттеріне
қойылатын талаптар
1. Педагогикалық шеберлікті, педагогикалық тактіні,
білім алушылармен жариялылық қарым-қатынас
стилін, өзіндік жұмыс сапасына жауапкершілігін және
тиісті пәндер бойынша білім алушылардың оқу
жетістіктерін көрсете біледі.
2. Кәсіптік қызметке қажетті жаңа білімді өз бетімен
алу дайындығын көрсете біледі.
3. Академиялық және кәсіби ортадағы ғылыми
пікірталастарда өз ойын ауызша да жазбаша да
жеткізе
алатын,
сонымен
қатар
зерттеулер
нәтижелерін
түрлі
деңгейдегі
академиялық
басылымдарда жариялау қабілетін көрсете біледі.
4. Кәсіби қызметінің нәтижесіне жауапкершілікпен
қарайтын қабілетін көрсетеді.
5. Мемлекеттік және басқа да тілдерде табысты және
позитивтік іскерлік коммуникацияларға қабілеттілігін
көрсете біледі
6. Жоғары моральдық, рухани құндылықтарға, ҚР
ұлттық идеяларына шынайылықты көрсете біледі.
7. Жоғары әлеуметтік құндылықтарға, білімнің
гуманистік идеяларына шынайылықты көрсете біледі.
Басқа
мамандықтармен
СБШ
байланыс
жасау
профессор,
қауымдастырылған
профессор, доцент
аға
ғылыми
қызметкер
әдіскер
Мамандық коды
2310
1237
2429,24(сала
бойынша)
2351
КӘСІП КАРТОЧКАСЫ
«Педагог (мамандық: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім)»
Кәсіптер тізбесі
«Педагог (мамандық: жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім)»
Мамандық коды
2310
ҰБШ
бойынша
біліктілік деңгейі
8
КС бойынша
біліктілік деңгейі
4
Кәсіби деңгейі
жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Еңбек функциялары: 1)оқыту
2)ғылыми-зерттеу жұмыстары
7
3)ғылыми-әдістемелік жұмыстары
4)тәрбие жұмыстары
5)әлеуметтік-педагогикалық жұмыстары
1-Еңбек функциясы
Оқыту
Біліктері мен дағдылары:
1.Оқытудың алдыңғы қатарлы және инновациялық
технологияларды енгізу.
2. Курстың (модульдің) мазмұнын өзінше анықтайды.
Білім:
1.Ғылыми-педагогикалық
зерттеу
әдіснамасы
бойынша білімі бар.
2.Жоғары мектеп дидактикасында білімі бар.
3.Жоғары мектепте оқу үдерісін ұйымдастыра білу.
2-Еңбек функциясы
Ғылыми-зерттеу
жұмыстары
Біліктері мен дағдылары:
1.Арнайы саладағы, кәсіптік білімнің теориясы және
әдістемесі саласындағы жаңа білімдерді дамыта біледі.
2.Жүргізілетін
ғылыми
зерттеу
нәтижелерін
практикаға енгізудің әлеуметтік, экономикалық,
экологиялық салдарын болжайды.
3.Студенттер
мен
магистранттардың
ғылыми
жұмыстарына ғылыми жетекшілікті өз бетінше жүргізе
біледі.
Білім:
1.Ғылыми философия және білім беру.
2.Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы.
3.Арнайы саладағы бірегей ерекше білімі.
3-Еңбек функциясы
Ғылыми-әдістемелік
жұмыстары
Біліктері мен дағдылары:
1.Ғылыми зерттеудің нәтижелерін оқу пәндерінің
мазмұнына жобалауды біледі.
2. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуын және
ұлттық экономиканың дамуын ескере отырып, жаңа
курстар жасайды.
3. Білім беру бағдарламаларының мақсаттарына
сәйкес жаңа курстардың оқу-әдістемесін әзірлеуді
қамтамасыз ету.
4.Авторлық оқыту технологияларын жасап, енгізе
біледі.
Білім:
1. Инновациялық-кәсіби қызметтің әдіснамасы.
2. Педагогикалық бірлесудің әдіснамасы.
3. Жаңашыл педагогикалық бірлесу әдіснамасы.
4. Педагогикалық менеджмент әдіснамасы.
5. Жоғары мектептің (дидактика) педагогикалық
әдіснамасы
8
4-Еңбек функциясы
Тәрбие жұмыстары
Біліктері мен дағдылары:
1.Білім
беру,
пәнді
оқытуға
арналған
бағдарламаларды жалпы адамзаттық және ұлттық
құндылықтар модулі негізінде жобалау.
2.Қазақстанды
дамытуда ұлттық басымды
бағыттарына
сәйкес
ғылыми-педагогикалық
қызметтің стратегиясын анықтау.
Білім:
1. Жоғары мектеп педагогика-психология әдіснамасы.
2. Білім алушы жастарды заманауи теориялар мен
технологиялар арқылы тәрбиелеу.
5-Еңбек функциясы
Әлеуметтік-
педагогикалық
жұмыстары
Біліктері мен дағдылары:
1.Білім беру бағдарламалары бойынша жүргізілген
әлеуметтік зерттеулер нәтижесін кеңейтіп көрсету.
2. Қоғамдағы өзгерістерге білім алушылардың
әлеуметтік-экономикалық бейімделу қабілетін, білім
алушыларды өмір бойы өзіндік білім алуға
дайындығын қалыптастыруды көрсете біледі.
3.Білім алушыларды өмір бойы өзіндік білім алуға
дайын болуын қалыптастыру.
Білім:
1. Педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік білім
саласында кіріктірілген білім.
2.Заманауи
ақпараттық-коммуникативтік
технологиялар.
Жеке құзыреттеріне
қойылатын талаптар
3. Педагогикалық шеберлікті, педагогикалық тактіні,
білім алушылармен жариялылық қарым-қатынас
стилін, өзіндік жұмыс сапасына жауапкершілігін және
тиісті пәндер бойынша білім алушылардың оқу
жетістіктерін көрсете біледі.
4. Кәсіптік қызметке қажетті жаңа білімді өз бетімен
алу дайындығын көрсете біледі.
5. Академиялық және кәсіби ортадағы ғылыми
пікірталастарда
қатысуға
қабілетті,
зерттеулер
нәтижелерін
түрлі
деңгейдегі
академиялық
басылымдарда жариялау.
6. Кәсіби қызметінің нәтижесіне жауапкершілікпен
қарайтын қабілетін көрсетеді.
7. Мемлекеттік және басқа да тілдерде табысты және
позитивтік іскерлік коммуникацияларға қабілеттілігін
көрсете біледі
8. Жоғары моральдық, рухани құндылықтарға, ҚР
9
ұлттық идеяларына шынайылықты көрсете біледі.
9. Жоғары әлеуметтік құндылықтарға, білімнің
гуманистік идеяларына шынайылықты көрсете біледі.
СБШ шеңберіндегі
басқа кәсіптермен
байланысы
Аға
оқытушы,
оқытушы, ассистент
Ғылыми
қызметкер
Әдіскер
Мамандық коды
2310
1237,2429,24
(сала бойынша)
2351
КӘСІПТІҢ КАРТОЧКАСЫ:
«Әдіскер»
Коды:
2351
Кәсіптер тізбесі:
әдіскер (мамандық: жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім)
СБШ
бойынша
біліктілік деңгейі
7 деңгей
КС
бойынша
біліктілік деңгейі
4
Кәсіби деңгейі
жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Еңбек функциялары: 1)әдістемелік жұмыс
2)ұйымдастырушылық жұмыс
1-Еңбек функциясы
Әдістемелік жұмыс
Біліктері мен дағдылары:
1.Тәрбие және оқыту саласы бойынша зерттеу жүргізе
біледі.
2.Жоғары оқу орындарына арналған оқу- әдістемелік
материалдарды әзірлейді, талдайды.
3.Жоғары оқу орындарында оқыту үдерісіне жаңа
әдістер мен оқыту құралдарын енгізу бойынша кеңес
беруді енгізу.
Білім:
1.Білім алушылардың білімі мен тәрбие мәселелері
бойынша нормативтік құқықтық актілер.
2. Заңдар, білімді дамытудың мемлекеттік
бағдарламалары.
3. Педагогика мен психология негіздері.
4. Басқарудың инновациялық әдістері.
5. Әдістемелік және ақпараттық материалдарды
жүйелеу қағидаттары.
6.Оқу бағдарламалық құжаттарды жасаудың
қағидаттары мен реті.
7.Заманауи ғылым мен практиканың жетістіктері.
10
8. Еңбек туралы заңнама .
2-Еңбек функциясы
Ұйымдастырушылық
жұмыс
Біліктері мен дағдылары:
1.Жоғары оқу орнының ОПҚ жұмыс жоспарымен
және оқу бағдарламаларымен, ОӘК қамтамасыз етуге
қатысу.
2.Әдістемелік
конференцияларды,
оқыту
семинарларын, тренингтерді және т.б. ұйымдастыра
және жүргізе біледі.
Білім:
1.Педагогикалық менеджмент.
Жеке құзыреттеріне
қойылатын талаптар
2.Педагогикалық шеберлікті, педагогикалық тактіні,
әріптестермен қарым-қатынаста жариялылық стильді
көрсете біледі.
3.Өзіндік білім көтеру.
4.Ұйымдастыру қабілетін, өзіндік білім алу қабілетін,
мемлекеттік
және
басқа
тілдерде
іскерлік
коммуникацияны көрсетеді.
СБШ шеңберіндегі
басқа кәсіптермен
байланысы
профессор,
қауымдастырылған
профессор, доцент аға
оқытушы, ассистент
Ғылыми қызметкер әдіскер
Мамандық коды
2310
1237,2429,24(сала
бойынша)
2351
3. Кәсіби стандарттың техникалық деректері
Әзірледі:
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Версия нөмірі және
шығарылған жылы:
1-нұсқа, 2016 жыл
Болжамды
қайта
қарау күні
01.09.2018 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |