Ал екіншісі- 1999 жыл тұңғыш рет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың сайланған жылы, 1998 жыл- мемлекетіміздің жаңа астанасының Ақмолаға
көшіп Астана аталуы. Абай, Жамбыл, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Қаныш Сәтбаев
мерейтойлары, Түркістанның 1500 жылдығы, Тараз қаласының 2000 жылдығы, Алматы
қаласының 150 жылдығы - ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен тойлар.
Қазақ халқы - тойшыл халық. Тәуелсіз ел болғалы облыстарда, аудандарда, тіпті
ауылдарда тойларын өтуде. Бұл - еліміздің әл-ауқаты жақсарып келе жатқанның белгісі.
Мұның бәрі- тәуелсіз ел болғанымыздың арқасы. Қазақ халқында жақсы тілек бар: «Той
тойға ұлассын!» Біз осы тілекті тәуелсіз елімізге тілейік.
Сөздік
ұлттық- национальный
аталу- называться
үкімет-правительство болғалы- со времени становления
ресми- офицальный әл-ауқаты- блогосостаяние
бекіткен- утвержденный бұрыннан- с давних времен
егеменді- суверенный тойланатын- празднуемый
тәуелсіз- независимый бақытты- счастливый
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Нақ осы шақ. Нақ осы шақ қимылдың, іс- әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте істеліп, болып
жатқанын білдіреді.
Нақ осы шақ
Жалаң
жайылма
Тапсырмалар
12- жаттығу. Сөйлемнен нақ осы шақты теріп жазаңыз.
15- жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз.
Топтастыру
Бақылау сұрақтары:
1. Нақ осы шақ дегеніміз не?
2. Қ.Р-ның ұлттық мерекелерін атаңыздар
3. Ресми емес мерекелерді атаңыз.
ООӨЖ: Нақ осы шақтың күрделі түрі
ОӨЖ: Құттықтау түрлерін жазу
Әдебиеттер:
[3] 96бет, сөйлесу құрастыру
Тақырыбы: Келер шақ. Қазақ батырлары
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Келер шақ туралы жалпы мағлұмат беру
Қазақ батырларының бірегейлеріне тоқталу
Өмірлерімен және еңбектерімен танысу
Қазақ батырлары.
Қазақ батырлары француздың рыцарлары, жапонның самурайлары, индиялықтардың
кшатрийлері сияқты тек әскери кәсіппен шұғылданған. Сондықтан батырлардың бар өмірі
соғыста өткен. Соғыс негізінде Отанды жаудан қорғау, елді басқыншылардан азат ету,
халықтың қонысын, жерін кеңейту, жау қолында өлген ата кегін қайтару мақсаттарымен
жүргізілген. Үлкен соғыс алдында батырлар үлкен жекпе-жекке шығуы – олардың басты
міндеттері болған. Жекпе - жек бірнеше күнге созылған.
Қабанбай батыр туған, өлген жылдары белгісіз Қабанбай Ерасыл – XVIII ғасырдағы
қазақ батыры, әйгілі қолбасы.
Қабанбай Найман тайпасының Қаракерей руынан шыққан, сондықтан оны «Қаракерей
Қабанбай», ал батырлығы үшін «Хан батыры», «Дарабоз» деп атады. Ол осы рудың биі де
болған. 1745 жылы Қабанбай батыр Ресей қол астына өтуге тілек білдірді. Жоңғарларға
қарсы күресте Ресейді қолдауға уәде берген билердің бірі Кіші жүз ханы Әбілқайыр
болатын. Барақ сұлтан Әбілқайырды өлтірген кезде оны айыптап, оның Жоңғар
хандығымен жақындасу әрекетіне қарсы шыққан.
Қабанбай батыр тек Орта жүзде ғана емес, Кіші жүздегі уақиғаларға араласқан.
Қабанбай батырдың ерлік істері Абылай ханның жоңғарларға жасаған жорықтарына
байланысты. Мұны «Ер Қабанбай» дастанынан оқып алуға болады.
Қабанбайдың қайда жерленгені туралы ғалымдар әркелкі айтып жүр. Қабанбай батыр
атында Қазақстан қалаларының көбінде көшелер бар.
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Тапсырмалар
Бес жол өлең құрастыру
Топтастыру құрастыру
Бақылау сұрақтары
ООӨЖ:Ауыспалы келер шақ.Абылайхан. [3] 98бет
[5] 271бет
ОӨЖ: Мәтінді баяндай білу
Әдебиеттер:
[3] 98бет
[5] 271б
Тақырыбы: Келер шақ. Жіктелуі. Бөгенбай батыр
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Етістік категорияларымен жұмыс жасау, қажетті тілдік материалдарды меңгеру
Берілген грамматикалық дағдыларды тәжірибелік тұрғыда мақсатты қолдана алу
Бөгенбай батырдың өмірі мен ерлік істерімен танысу, баяндай білу
Бөгенбай батыр.
1690 – 1775
Бөгенбай батыр – Абылай хан заманындағы атақты қолбасы, батыр. Ол Абылай
ханның батырларының ішіндегі ең үлкен ағасы және Қанжығалы руынан, сондықтан оны
халық аңызында «Қанжығалы қарт Бөгенбай» деп атаған.
Бөгенбай батыр Сыр бойында туып, Торғай өзенінің бойында қайтыс болған. Сүйегі
Түркістан қаласындағы Ахмет Йассауи күмбезінде жатыр. Оның Тұраналы, Тұрымбет
деген екі баласы болған.
XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқын торлаған көп жаудан елді қорғауда
Бөгенбай батыр көп ерлік көрсетті. Оның даңқы, әсіресе, жоңғармен, кейін Қытай
әскерімен соғысқанда ерекше көзге түсті. 1725 – 1727 жылдары қазақ жұртының астанасы
– Түркістанды қорғауды Абылай ханмен бірге соғысып, жоңғарларды қуып шықты. 1756 –
1758 жылдары Түркістанға келген Қытай әскерін Үрімшіден асыра қуды.
Бөгенбай батыр – ақылды, білгір болған адам. 1761 жылы Абылайдың Әділ деген
баласымен бірге бітім жасау мәселесімен Қытайға барған. Бөгенбай батыр 1728 жылы 38
жасында 30 мың қолға қолбасшы болды.
Қазақ халқы батырын әр уақытта аса құрметтеген. Қазақстанның көптеген қалаларында
оның атында көшелер бар.
Мәтінмен жұмыс
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Келер шақтың түрлері.
1. Болжалды келер шақ
2. Ауыспалы келер шақ
3. Мақсатты келер шақ
Болашақта істің істелуі белгісіз болса, болжалды келер шақ деп аталады. Болжалды
келер шақтың \
көрсеткіштері –ар, -ер, -р. Бұлар жіктеледі.
Мысалы: мен кел-ер-мін, сен қайт-ар-сын, ол отыр-ар.
Істің істелетіндігін мақсат ете көрсететін етістіктерді мақсатты келер шақ дейді.
Мысалы: келмек, айтпақпын, жазбақсын, сөйлеспекпін, үйренбексіз т.б.
Мақсатты келер шақтың көрсеткіштері –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек. Бұлар
жіктеледі: мен келмекпін, сен келмексін, ол келмек.
Ауыспалы келер шақтың жасалуымен бірдей бірақ мағынасы ыңғайға қарай
ажыратылады. Мысалы: Мен ертең 7-де тұрамын, сендерге біз екі күннен кейін
келеміз. Мұнда тұрамын, келеміз сөздері келер шақтық мағынада жұмсалып тұр, ал құс
ұшады, ол орысша сөйлейді дегенде ұшады, сөйлейді дегендері осы шақ мәнінде
жұмсалып тұр.
Тапсырмалар
23- жаттығу. Мәтіннен болжалды келер шақта тұрған сөздерді көшіріп жазыңыздар
25- жаттығу. Мәтінді ауыспалы келер шаққа айналдырып жазыңыз.
ООӨЖ: Мақсатты келер шақ. Қабанбай батыр [3] 98бет, [1] 496ет сұрақтар құрастыру
Әдебиеттер:
[3] 98бет
[1] 496бет
Тақырыбы: Сын есім. Махамбет Өтемісұлы
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Сын есім туралы жалпы мағлұмат беру
Берілген грамматикалық дағдыларды тәжірибелік тұрғыда мақсатты қолдана алу
Махамбеттің өмірі мен шығармашылық жолын баяндай білу
Достарыңызбен бөлісу: |