Курсы: 1,2 Семестр: 1, 2, 3



жүктеу 3,95 Mb.
Pdf просмотр
бет23/32
Дата17.01.2020
өлшемі3,95 Mb.
#26986
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32

1. Неліктен  М.Мәметованы шығыстың қос жұлдызы дейді?
2. Қай қалаларда Мәншүк Мәметованың атында көшелер бар?
3. М. Мәметованың ескерткішін қай қалаға орнатты?
Глоссарий 
Сан есім- заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, қанша? неше? нешеу? ненінші? тәрізді 
сұрақтарға жауап беретін сөз табы. 
ООӨЖ: Сан есімнің өзгешелігі.Әлия әнін жаттау[3] 64бет,тезис жазу
[5] 300бет
ОӨЖ: [5] 302 бет,аударма жасау
Әдебиеттер:
[3] 64бет
[5] 300бет
Тақырыбы: Сан есімнің түрлері. Шығыстың қос жұлдызы
 Сабақтың мазмұны мен мақсаты:

Сан есімнің түрлерімен таныстыру. Түрлі жаттығуларды орындауға қажетті тілдік 
материалдарды меңгерулері

Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып сұхбаттасу

Шығыс жұлдызы - батыр Әлия Молдағұлованың ерлігімен таныстыру
Шығыс жұлдызы- батыр Әлия Молдағұлова
       Әлия Молдағұлованың атқыштар батальоны жау қоршауын бұзып, алға шықты. 
Шайқас Ұзаққа созылды, барған сайын күшейе түсті. Фашистер жанталасып, үсті-үстіне 
зеңбірек оғын жаудырып жатты. Біраздан соң екі жақ бетпе- бет келіп қалды. Ұрыс қыза 
түсті, екі жақта аянбай атысты. Әлия сол қолына  жараланғанына қарамастан, жаумен 
қасқая атысты. Ол неміс басқыншыларымен қасық қаны қалғанша, батырларша соғысты. 
Бір кезде окопта тасаланып  жатқан неміс офицері  он тоғыз жасар, талдырмаш, ержүрек 
қыз Әлияға тап берді. Әлия оны басынан асырып лақтырып жіберді де, сұм  жауды 
шалқасынан түсірді. Автоматын кезеп, ата жауды құртуға айналғанда, фашист Әлияны 
пистолетпен атып қалды. 
      Қапылыста қазаға ұшыраған Әлияны майдандас жолдастары «Шығыс жұлдызы» деп 
атаған еді.
     Ержүрек, мерген қыз, Шығыс жұлдызы Әлия майданда болған аз уақыттың ішінде 
жүзден аса фашистерді жер жастандырды.
      Үкімет Әлияның майдандағы ерлігін жоғары бағалап, 1944 жылғы  шілде айының 
төртінде оған Кеңес Одағының Батыры Атағын берді.
      Кеңес Одағының Батыры Молдағұлованың ерлігін халқы мәңгі ұмытпайды. Әлияның 
ерлігі туралы шығармалар жазылды, өлең де шығарылды, олар халық есінде мәңгі 
сақталады. (Сейілхан Асқаров).
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Сан есімнің түрлері
Сан есімдер мағынасына (нені білдіруіне) қарай 6 түрге бөлінеді: 


1. Есептік сан есім
2. Реттік сан есім
3. Жинақтық сан есім
4. Болжалдық сан есім
5. Топтау сан есім
6. Бөлшектік сан есім
Тапсыпмалар
11- жаттығу. Сөйлемнен есептік, жинақтық, болжалдық сан есімдерді теріп жазыңдар.
18- жаттығу.  Мәтіннен реттік, топтау, бөлшектік сан есімдерді теріп жазыңыздар.
Салыстыру жасаңыз
ООӨЖ: Сан есімнің түрлері, конспект жазу.
[3] 62бет
[5] 248бет
ОӨЖ:Баяндама жазу
Әдебиеттер:
[3] 62бет
[5] 248бет
Тақырыбы: Есімдік. Мәлік Ғабдуллин
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:

Есімдік туралы жалпы сипаттама жасау. Жіктеу, сұрау, сілтеу есімдіктері

Берілген грамматикалық дағдыларды тәжірибелік тұрғыда мақсатты қолдана алу

Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен еңбектерімен жақынырақ танысып, мәтінмен жұмыс
жасату.
Мәлік Ғабдуллин
       Мәлік Ғабдуллин - жазушы, ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының 
докторы, профессор, академик, Кеңес Одағының Батыры.
       Мәлік Ғабдуллин Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, Қойсалған ауылында туған. Бала 
кезінен ауыз әдебиетіне құмар болған Мәлік Ғабдоллаұлы ел арасынан қисса - 
дастандарды жинауға ден қояды. «Алпамыс», «Қобыланды батыр», «Сал-сал», 
«Зарқұмдарды» жазып алып, әжесі Мәдинаға, анасы Әлияға, ауыл қарияларына оқып 
беріп отырған. Ал «Қобыланды» мен «ЕрТарғын» жырларын зерек Мәлік балалық 
шағында- ақ жатқа айтқан.
      Ұлы Отан соғысында Мәлік Ғабдуллин генерал Панфилов басқарған 316- атқыштар 
девизиясында ротаның саяси жетекшісі болып сайланады. Ерлігін немістің екі танкісін 
жоюдан бастаған батыр жаудың 13 автоматшысы мен 150 фрицін жер жастандырады. Жау 
тылында қалған 187 солдат пен командирді отрядына қосып алып, 27 фрицті тұтқындап 
ала келген. М.Ғабдуллиннің соғыстағы ерлік орыс жазушысы Борис Полевой «Елдің ері» 
деген әңгімесінде: «Мәлік батыр, әрі күшті, әрі ержүрек. Қыр түлкісіндей айлакер, 
ақбөкендей  саққұлақ, жау дүрсілін қырымнан біледі. Ақ тұйғындай қырағы, бұққан жауды
қиядан көреді. 
Әлия
        
Мәншүк


       Темірдей қатты білектері неміс төбеттерін қыраудан қалыраған емес: қанша қырса, 
сонша күшейе береді. Үрейі ұшқан немістер Мәлікті көрген жерден - ақ зыта бастайды»,- 
деп жазған.
        КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылдың 30 қаңтарында  бұйрығымен 
Кеңес Одағының Батыры атағы берілген М.Ғабдуллин соғыстан оралған соң, ғылыми - 
педагогтік жұмыстарын қайта қолға алады. Әдебиет зерттеушісі «Қазақ халқының  ауыз 
әдебиеті» монографиясында барлық жырлар, лиро- эпостық дастандар, айтыс, мақал- 
мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер т.б. жанрларға талдау жасады. Ал «Майдан очерктері», 
«Сұрапыл жылдар», «Менің майдандас достарым» кітаптарында  майдан өмірін, жауынгер
тұлғасын, олардың Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһармандық бейнесін суреттеді. Жас  
ұрпақ тәрбиесіне арналған «Ата - аналарға тәрбие туралы кеңес» еңбегінде бесік жырынан
бастап, батырлық жырларына дейінгі халық поэзиясының тәрбиелік мәнін, оны іс жүзінде 
пайдаланудың тәсілдерін көрсеткен.
        М.Ғабдуллин Әдебиетінің институтының, Қазақтың Абай атындағы педагогикалық 
институтының  (Ұлттық педагогикалық университеті) директоры болған.
        Майдандағы қаһарман батыр, бейбіт күндегі ірі ғалым, педагог Мәлік Ғабдуллин - 
қазақ халқының көрнекті тұлғаларының бірі.
        Алматы қаласындағы бір көшеге М.Ғабдуллин есімі берілген. Алматы, Көкшетау 
қалаларында Мәлік Ғабдуллин атында мектептер бар.
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есімнің) орнына жүретін сөз табы есімдік 
деп аталады. Есімдіктің түрлері.
1. жіктеу есімдігі
2. сілдеу есімдігі
3. сұрау есімдігі
4. өздік есімдігі
5. жалпылау есімдігі
6. болымсыздық есімдігі
7. белгісіз есімдігі
Тапсырмалар. [1] 192бет
14 - 15 жаттығу
16 - жаттығу
20 - жаттығу
24 – жаттығу
Бақылау сұрақтары
 
 :
1. М.Ғабдуллиннің қандай қисса- әңгімелерді жатқа айтқан?
2. Қандай саяси ротаның жетекшісі болды?
3. Ұрпақ тәрбиесіне арналған қандай  еңбектері бар?
4. Есімдік дегеніміз  не?
5. Есімдіктің түрлерін атаңыздар.
Глоссарий 
Есімдік - есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есімнің) орнына жүретін сөз табы. 
ООӨЖ: Есімдіктің түрлері,конспект.[3] 72-74бет
[5] 306бет
ОӨЖ:Мысал келтіру
Әдебитеттер:
[3] 72-74бет
[5] 306бет


жүктеу 3,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау