Сын есім
Сын есім заттың құбылыстың сын- сипатын, көлемін, түр- түсін, сапасын
білдіреді. Сын есімнің мынадай маңызды белгілері болады.
1. Заттың түр- түсін білдіреді.
2. Заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіреді.
3. Заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді.
4. Заттың дәміне, иісіне және басқа сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді.
5. Затқа, қимыл іс-әрекетке, мезгіл- мекенге қатысты сынды білдіреді.
6. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді.
Махамбет Өтемісұлы лексикалық тақырып бойынша мәтінмен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Тапсырмалар[1] 217-218бет
13-14 жаттығу
18-19 жаттығу
26-жаттығу
32- жаттығу. Сөйлемнен сын есімдерді тауып, қай сын есімде тұрғанын ажырат.
36- жаттығу. Сын есімдерді теріп, орыс тіліне аударыңыз.
Глоссарий
Сын есім - заттың құбылыстың сын- сипатын, көлемін, түр- түсін, сапасын білдіреді.
Семантикалық карта толтыру
Аты-жөні
Туған жылдары
Айналысқан істері
Еңбектері
ООӨЖ: Сын есімнің шырай категориясы. Конспект жазу. Наурызбай батыр.
[1] 497бет
ОӨЖ: Өлеңді жаттау. [5] 287бет
Әдебиеттер:
[1] 179бет
[5] 289бет
Тақырыбы: Сын есімнің семантикалық түрлері.
Бауыржан Момышұлы
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Сын есімнің семантикалық топтарымен таныстыру, түрлі жаттығуларды орындауға
қажетті тілдік материалдарды меңгерулері
Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып сұхбаттасу
Бауыржан Момышұлының өмірін, шығармашылыған баяндай, өнегелі сөздерін
жаттау.
Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы
(1910-1982)
Бауыржан Момышұлы - Ұлы Отан соғысында ерлігімен атағы шыққан қаһарман
батыр. Ол Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған.
Бауыржан Момышұлы өзінің еңбек жолын ауылдық мектепте мұғалім болудан
бастайды. Әскери борышын өтеген соң, оны әскери қызметке шақырады, ол түрлі әскери
бөлімдерде командирлік қызмет атқарады.
1941 жылы Бауыржан Алматыда маңында жасақталған генерал- майор Панфилов
дивизиясы құрамында майданға аттанады. Ол Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін
қатысты. Майданда әскер шеберлігімен, ерлігімен ерекше көзге түседі, бірнеше рет
жауынгерлерімен бірге жау қоршауын бұзып шығып, үлкен ерлік көрсетеді. Әсіресе,
немістермен Мәскеу түбінде болған қиян-кескі шайқастағы көрсеткен ерлігі сол кездің
өзінде аңыз болып тарайды. Орыс жазушысы Александр Бектің Момышұлы туралы
поэмасы оның нағыз дәлелі. Бауыржан Момышұлы соғыстың соңғы жылдарында
гвардиялық дивизияны басқарады.
Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Кеңес Армиясы Бас штабының Жоғары
академиясын бітірді және әскери академияда сабақ береді.
Құрметті демалысқа шыққанан кейін, Бауыржан Момышұлы шығармашылықпен
айналысады, бұл салада да ол жақсы нәтижелерге ие болды. Халық оның өз
шығармаларымен бірге, ол туралы жазылған шығармаларды да сүйсіне оқиды. Батыр
Бауыржан көркем сөз шебері екенін оның ақыл сөзінен көруге болады. Мысалы,
1. Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін.
2. Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден аянба.
3. Отан үшін отқа түс, күймейсің
4. Опасызда Отан жоқ.
5. Ел үшін аянба - ерлігіңе сын, жұр үшін аянба жігіттігіңе сын.
6. Арлы адам ардақты...
7. Ердің туы- намыс.
8. Жауды өлтірсең, өлімнен құтыласың.
Өлтірмесең, өлімге тұтыласың.
9. Айбындана шапқаннан ажалда сескенеді.
10. Қара бет болып қашқанша, Қайрат көрсетіп өлген артық.
Қазақстан қалаларында Бауыржан Момышұлы атында көшелер мен мектептер бар. Ал
Жамбыл облысында бір елді мекен батырдың есімімен аталған.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, Президент Жарлығымен оған «Халық
Қаһарманы» атағы берілді.
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Мағынасына қарай сын есім сапалық сын есім және қатыстық сын есім болып
екіге бөлінеді.
Негізгі сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр- түсін тікелей анықтайтын болса, ол
сапалық сын есім болғаны.
Сын басқа сөз табынан жасала береді. Зат есім, есімдік, етістік, үстеуге сын есім
тудыратын жұрнақтар жалғанып, туынды туынды сын есім жасалады. Оны қатыстық
сын есім дейді.
Тапсырмалар.
Топтастыру
Сөйлесім құрастыру.
Бақылау сұрақтары:
1. Сын есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?
2. Б.Момышұлын неге сөз шебері дейді?
3. Қандай нақыл сөздері бар, атаңыз
4. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Б.Момышұлына қандай атақ берілді?
5. Қаһарман сөзінің синонимін айтыңыз?
ООӨЖ: Сын есімнің жасалуы. Өнегелік сөздерді мәнерлеп оқу. [3] 54бет
[1] 293бет
ОӨЖ:Мәтінді мазмұндау. [5] 296бет
Әдебиеттер:
[3] 54бет
[1] 293бет, [5] 296бет
Тақырыбы: Сан есім. Шығыстың қос жұлдызы
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Сан есім турал жалпы мағлұмат беру
Берілген грамматикалық дағдыларды тәжірибелік тұрғыда мақсатты қолдана алу
Батыр қыздардың ерлігін дәріптей білу
Батыр Мәншүк Мәметова
Біз фашистермен шайқасып, тынығуға тоқталғанбыз. Мәншүк Мәметова даңқты
пулеметші еді. Біз Мәншүктен өз өмірі туралы айтып беруді өтіндік.
-Жоқ, алдымен сендерге қазақша ән айтып берейін,- деді ол. Қоршап тұра қалдық. Ол
өзінің нәзік те асқақ әуенімен «Қараторғайды» шырқата айтты. Мәншүк бұдан соң өзінің
Алатауын, Алматысын сағынғанын айтты.
Елінің өнерін, ән- күйін сүйген адам ержүрек те болады екен. Кеңес Одағының батыры
Мәншүк өмірі соның дәлеліндей.
Невель қаласынан қуып шығарылған фашистер қаланы қайта алмақ болып, шабуылға
шығады. Сонда болған шайқаста Мәншүк қасындағы жауынгер жолдастарынан айрылып,
жалғыз қалады. Жалғыз қалса да, ол шегінбей, ерліктің ғажап үлгісін көрсетті. Қасына
келіп жарылған снарядтан қаза тапқанға дейін, күресін тоқтатпай, жауды жер жастандыра
берген.
Мәншүктің қабірі сол Невель қаласында. Қазір басына орнатылған ескерткіш бар.
Мәншүкке арналған ескерткіш Алматыда да бар, Алматыда Мәншүкке арналған Мәметова
көшесі бар. (Әзілхан Нұршайықов).
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, қанша? неше? нешеу? ненінші? тәрізді
сұрақтарға жауап беретін сөз табын сан есім дейді.
Бақылау сұрақтар:
Достарыңызбен бөлісу: |