Курсы: 1,2 Семестр: 1, 2, 3



жүктеу 3,95 Mb.
Pdf просмотр
бет28/32
Дата17.01.2020
өлшемі3,95 Mb.
#26986
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Тапсырмалар
Ой толғаныс
 V   Білемін
 -  Білмедім
+Жаңа ақпарат
? Мені таңқалдырды
Семантикалық карта толтыру
Аты-жөні
Туған жылдары
Айналысқан істері
Еңбектері
Оқулықпен жұмыс.[3] 134бет
8-жаттығу,   13-15 жаттығу
Бақылау сұрақтары:
      1. Абай кім?                                 2.    Әкесі мен шешесі қандай мінезді адамдар болған?
      3. Қайда және қашан туған?      4.     Абайды кім тәрбиеледі?
      5. Ол қайда оқыды?                    6.     Кімнің шығармаларын көп оқып,қазақ тіліне 
аударған?
      7.Қазақ халқы Абайды қалай бағалайды?
ООӨЖ: [3] 138бет,тезис жазу
ОӨЖ:  [5] 138бет,жаттау
Әдебиеттер      [3] 138бет,   
                           [5] 138бет
Тақырыбы: Жақты, жақсыз, жалаң, жайылма.
Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
Сабақтың мазмұны мен мақсаты

Құрамына қарай. Жақты, жақсыз, жалаң, жайылма . Түрлі жаттығулар арқылы 
қажетті тілдік материалдарды меңгерулері. 

Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып сұхбаттасу

Ғылымның тарихы туралы мәліметі болуы
Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
         Сәтбаев Қаныш Имантайұлы Павлодар облысының Баянауыл ауданының 4 ауылында
1899 жылы туған. 
         Қ.И. Сәтбаев- аса көрнекті қазақ геологі, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақ ССР Ғылым 
академиясын ұйымдастырушысы және оның тұңғыш  президенті (1946), КСРО Ғылым 
академиясының академигі (1946), Қазақ ССР ҒА-ның академигі (1946).
        Қ.И.Сәтбаев Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін геологиялық 
барлау мамандығы бойынша бітірген (1926).
        Қызметін Атбасар, Қарсақбай трестерінде геологиялық бөлімнің жетекшісі және бас 
геологі (1926-1941) болып бастаған, 1941-1964 жылдар КСРО ҒА Қазақ филиалы 
Геологиялық ғылымдар институтының директоры, 1946-1952, 1955-1964 жылдары Қазақ 
ССР Ғылым академиясының президенті қызметін атқарған.
         Ғылыми еңбектерінің көпшілігі рудалық кендер геологиясын және Қазақстанның 
минералдық ресурстарын зерттеуге арналған. Пайдалы қазыналардың карталарын 
құрастырудың принциптерін толық айқындауда Сәтбаевтың еңбегі өте зор. Сәтбаев 
қалдырған ғылыми мұралардың ішінде Жезқазған кені туралы еңбектерінің мәні ерекше. 
Дүниежүзіндегі аса ірі мыс кендерінің бірі саналатын Жезқазғанда салынған мыс балқыту 
комбинаты қазір ірі кәсіпорындарының біріне айналып, қазір де зор байлық беріп жатыр.


       Жезқазған -Ұлытау ауданында Сәтбаев мыстан басқа темір (Қарсақбай), марганец 
(Жезді), көмір (Байқоңыр, Қияқты) қорғасын кендерін ашып барлады.
      Ұлы Отан соғысы жылдарында Сәтбаев танк бронын құюға аса қажет марганец кенін 
Жездіде ашты. Ол Орал қара металлургиясын марганецпен қамтамасыз етті. Бұл - Отан 
соғысы жеңісіне Сәтбаевтың қосқан үлесі.
       Сәтбаев Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай мен Алтайдың темір 
және марганец, Кенді Алтайдың көптеген кендерін, Қаратаудың фосфорит кендерінің т.б. 
көптеген ірі объектілерді игеруге тікелей араласып, ерекше еңбек сіңірді. Суға тапшы 
Сарыарқаның ірі өндіріс орталықтарын сумен қамтамасыз ету мәселесіне, руда байыту 
мен металлургиялық процестерді ғылымның ең соңғы жетістіктеріне сәйкес жетілдіруге 
бағытталған зерттеу жұмыстарын қолдап, оларды кеңінен өрістетуге көп еңбек жұмсады.
         Қазіргі елімізге әйгілі, мол байлық беріп жатқан кен орындарының бәрі дерлік- 
Сәтбаев және оның шәкірттері ашқан байлықтар.
         Сәтбаев есімімен Ұлттық техникалық университет аталды. Университет алдында 
Сәтбаев ескерткіші қойылған. Алматыда Сәтбаев көшесі бар. Сәтбаев есімін халық мәңгі 
ұмытпайды.
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Жаңа сөздерді дәптерлеріңізге жазып, емлесін есте сақтаңыздар.
Тапсырмалар
Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңыз:
1) Сәтбаев Қаныш ...Павлодар... Баянауыл ауданының... 1899 жылы туған.
2) Қаныш... Сәтбаев... технологиялық... тау- кен... геологиялық ... 
мамандығы ..бітірген.
3) 1941-1964 жылдар КСРО ҒА.. филиалы Геологиялық... институтының..., 
1946-1952, 1955-1964 жылдары... Ғылым академиясының... қызметін 
атқарған. т.б.
Семантикалық карта толтыру
Аты-
жөні
Туған 
жылдары
Айналысқа
н істері
Еңбектері
9-модуль тестілері[5] 339бет
Бақылау сұрақтары:
1. Қаныш кім?
2. Қайда және қашан туған?
3. Ол қайда оқыды?
4. Қызмет жолын атаңыз?
5. Қазақ халқы Қанышты қалай 
бағалайды?
ООӨЖ:  [3] 141бет,ережемен жұмыс
ОӨЖ: [5] 348бет,мәтінді аудару
Әдебиеттер:
[3] 141бет
 [5] 348бет
Тақырыбы: Сөйлем мүшелері. Әміре Қашаубаев
Сабақтың мазмұны мен мақсаты



Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы сөйлем мүшелері. Түрлі жаттығуларды орындауға 
қажетті тілдік материалдарды меңгерулері 

Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып сұхбаттасу

Әміре Қашаубаевтың өмірімен таныстыру, шығармашылық жолынан мағлұмат беру
Атақшы  әнші Әміре Қашаубаев
       Семей қаласы, Шығыс көшесі, №78 кварталда «қазақ әншісі Әміре Қашаубаевтың 
Париж қаласындағы жержүзілік көрменің этнографиялық концертіне қатысуға ризалығы 
бар ма? Осыны тез арада анықтап, хабарын беруін сұраймыз»- деген жеделхат Семейдің 
губерниялық оқу бөліміне келген соң, Әміре Қашаубаевтың Мәскеуге баруын 
ұйымдастырды. Барлық елдерден жиналған әнші, биші, сыбызғышы, күйшілер 1925 жылы
22 маусымда Мәскеуде Үлкен театрдың Бетховен залында концерт берді. Әміре Одақтың 
таңдаулы өнерпаздарының бірі болып, Парижге барды.
Бір сәтте жүргізуші:
      -Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев қазақтың ұлттық музыка аспабы- домбырамен өзі 
сүйемелдеп, қазақ әндерін айтады,- деді. Шымылдықтың артында кезек күтіп тұрған 
Әміреге қарап, оны сахна ортасына шақырды.
      Әміре сахна ортасында өзіне арнап қойылған орындыққа тақап келді. Әуелі жұртқа 
ізет көрсетіп, бас иді. Басында оюлы тақия, үстінде жеңіл шапан, қолында домбыра. Ол 
шеті түпсіз көрінген кең зал ішіне бір қарап алды. Езу тартып, ізет білдіріп орындыққа 
отырды. Әміре әуелі «Қанапия» әнін айтты. 
       Жастық шағы киіз үй мен кең далада өткен Әміреге бұл зал үлкен болып көрінсе де,  
ән айтуға келгенде, тар сезілді. Сондықтан оның таудан тау асып, жаңғыртатын сұлу да 
ашық даусы Европа тыңдаушыларын қатты таңдандырады. Мүлдем бөтен құбылыс
таңғаларлық жай болды. Әр халықтың  тіл мен әуен ырғақтары бөлек болса да, музыканың
аты- музыка (кез келген әуеннің құрылыс бітімі болады). «Қанапия» әнінің аяғын созып 
барып, домбыраны желпіндіре бітіргенде, тілдің керектігі болмады. Ән аса күшті 
дауыспен шарықтап барып аяқталғанда, сүйсініп отырғандар қайран қалысып, бас 
шайқасты. Жұрттың зейін қоюы соншалықты, ән тым тез біткендей. Ән аяқталғанда, 
халық Әміреге ауыз ашып, аңырап қалыпты. Ұйып тыңдаған жұрт әнші орнынан тұрып, 
бас игенде ғана, ду қол шапалақтады. Залдың әр жерінен «бис... бис..» деген дауыстар 
жамырай естіліп жатты. Бұдан кейін Париж театрларында берілген концертке Әміре түгел 
қатысты. «Ағаш аяқ», «Сырғақты», «Қызыл бидай» әндерін Әміре 20 шілдеде Париж
қаласындағы  этнографиялық павилонда айтқанда, тыңдаушылар аузын ашып, көзін 
жұмды.
(Жарқын Шәкәрімов)
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Оқулықпен жұмыс.[1] 464бет
4-жаттығу. Сөйлем мүшелеріне талдаңыз
6-жаттығу. Сызбалардың орнына керекті сөздерді қойыңыз
Семантикалық карта толтыру
Аты-жөні
Туған жылдары
Айналысқан істері
Еңбектері
Бақылау сұрақтары
Әміре Қашаубаев кім?
Ол қайда тұрды?
Ол кімнің ризалығын сұраған?


жүктеу 3,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау