Біздің әріптестеріміз
69
Өз өмірі туралы сөз қозғаған жүректі әйел сөз арасында «РУХ» командасына ризашылығын
білдіріп отырады: «Біздің «РУХ» сияқты орталықтар өте керек, мен қалада ерекше балаларды
көп кездестіремін, олардың ата-аналары көмек алатын, қолдау табатын жерлер бар екенін
біле бермейді. Бұл жерде педагогтардың, тәрбиешілердің ұйымдасқан командасы жиналған,
оларға әрқашанда кеңеске жүгінуге болады. Мен ата-аналар комитетіне кіремін, ол жерде
олардың біздің балаларымыздың жағдайларын жақсарту көптеген жұмыстар атқарылып
жатқанын білемін.
Сөз соңында Тамара Ермеклаевна «ерекше» балалардың ата-аналарына бір ауыз сөз айтқысы
келді, біз әрине оған ол мүмкіндікті ұсындық.
Тамара Ермеклаевна Куанышева: «Барлық аналарға айтарым, дәрігер
қандай диагноз қоймасын, еш уақытта қолдарыңызды қусырып, өздеріңді
душар жан сезінбендер. Өзіңді жеудің қажеті жоқ, «не үшін», «неліктен»
сұрақтарын анықтауға тырыспау керек. Не болғанын сезіну керек, әрі қарай
өмір сүру керек. Бар нәрсені қабылдау және балаға көмектесу керек. Мен
сияқты әйелдер өте көп, менде оның ішінде жалғыз емеспін. Біз бәріне іштен
тынып, бар ауыртпалық алып жүре береміз. Бірақта өзіне өзін көмектесуің
керек – тұйықталмау керек, өз балаң үшін қысылмауын керек, қисық көзімен
қарағандарға, саусағын шошайтқандарға назар аудармау керек. Алдыға қарай
жылжып, өзің үшін, балаларың үшін өмір сүруің керек».
70
ТІРЕК КӨЗІ
Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы
«Мен емес қой мұндай болған. Олар
сондай. Біз барлығымыз әртүрліміз»
Сания Валерьевна Карасёва
«Усман және Марьям» ҚҚ президенті
Сания Валерьевна Карасёва
- ерекше тағдыры
бар адам. Ол өзінің диагнозын жасырмайтын және
одан ұялмайтын Еліміздегі азғантай адамдардың
бірі, одан бөлек өзінің күшіне және мүмкіндіктеріне
сәйкес өзі сияқты психикалық және ментальды
проблемалары бар адамдарға көмектеседі.
Өз жұмысына немқұрайлы қарамайтын, белсенді адам Сания
Валерьевна әрдайым да қым-қиғаш істердің арасында әуре-сарсаңға түсіп, қамқорлықпен
көмек қолын созуға дайын. Ол екі бала тәрбиелеп өсірді, психикалық ауытқулары бар
адамдарға көмек ұйымдастыру үшін «Усман және Марьям» (ата-анасының есімдерімен) атты
қоғамдық ұйым құрып оны басқаруда, көптеген мемлекеттік емес ұйымдармен серіктестік
қарым-қатынас орнатты, коалициялар мен бірлестіктердің жұмыстарына қатысады, психоа-
нализ сеанстарына барып тұрады, «Психикалық саулық саласында жұмыс істейтін мамандар
Ассоцияциясы» РҚБ бірлесіп жұмыс атқарады, кітап жазады.
Бүгінгі таңда, Сания Валерьевна барлық ерік-жігері біздің қоғамдағы «шизофрения» диа-
гнозы бар адамдарға деген көзқарастарындағы стигманы жеңуге, психикалық ауытқулары бар
адамдарға адаптация орталығын құруға және оларға көмектесуге бағытталған.
Сания Валерьевна өзінің диагнозының кесірінен лайықты білім ала алмады және кезінде
жіберіп қойғандарын қуып жетпекші – көп оқиды, әлеуметтік желілерде парақша жүргізеді.
Біз Сания Валерьевна Карасевамен біздің қоғамда психикалық ауытқулары бар адамдар
өздерін қалай сезінеді және қандай проблемалар мазалайтыны жайлы сөйлестік.
► Сұрақ:
Сания Валерьевна, Сіз, айналаңыздағы адамдардан қандай да
бір айырмашылығыңыз бар екенін қашан ұқтыңыз?
С.В.:
Егер шынымды айтсам, мен бұл жайлы бұрын ойламаппын. Бала кезімнен басқа адам-
дар сияқты қалыпты өмір сүрдім. Өз бақытым жайлы, отбасым жайлы, туыстарым жайлы,
қашанда болса олар мені жақсы көретін болады деп армандадым. Бірақ, жылдар өтті,
армандар орындалмады. Керісінше, жат болу сезімдері мен өшпенділік құлдилата бастады.
Мені алғаш рет психиатриялық ауруханаға жатқызғанда, мен үшін ол түсініксіз болды.
Мен оның не екенін ұғына алмадым. Мен ауруханадан шыққан кезде сыныптастарым мен
мектептегілер мені мазақтай берді. Сонымен не керек, барлықтарымен төбелесуге тура келді.
Есім ауыспағанын барлығына дәлелдегім келді. Күндердің бір күнінде маған ой келді. Мен
емес қой мұндай болған. Олар сондай. Біз барлығымыз әртүрліміз. Кішкентай жасымнан
Біздің әріптестеріміз
71
оқшаулануды және жалғыз болуды ұнататынмын. Өзіммен өзім, өз ойларыммен болатынмын.
Алғашқыда басымдағы барлық ойларды басқара алмайтынмын. Өйткені, олардың ағымы
ауқымды болатын. Ол бір сарқырама тәрізді менің басыма құйылып жататын. Кейіннен ойлар
бөлінетін болды және бөліктерге ажырайтын. Бірақ, шындықты қалай жасырасың. Шизоф-
рения 16 жастан емес, ол бала кезден басталады. Бұл ойлар бала кезден келеді. Мен бала
кезімнен аспанға қарайтынмын және Құдайды білемін. Маған оны ешкім үйреткен жоқ. Жай
ғана білемін. Мен оны бала кезімнен көретінмін. Өйткені, мен ойларым қайда тартса сонда
баратынмын. Ал, Құдай мені қорғады.
► Сұрақ:
Өзіңіздің балалық шағыңыздағы ең жағымды естеліктерден
айтып беріңізші
С.В.:
Бұл өзіммен өзім үйде жалғыз қалғанда болатын. Үйден ұзаққа кеткенді ұнатпайтынмын.
Таңертең атам мен әжем шай беретін. Мен шешемді қатты жақсы көретінмін және жақсы
көре беремін. Мен сияқты баланы не істеу керек екенін білмей, бар ашуын менен алатын.
Шешемнің менен басқа 5 баласы болатын, мен оларға қиянат жасап қояды ма деп, амал-
сыздан оларды қорғағысы келетін. Оны дәрігерлер мен басқалар не бір нәрселерді айтып
үрейлендіріп қойған. Ол оларға сенді. Ал маған сенбеді.
Ең бір керемет сәттер шешем мені құшақтап аймалағаны, бірақ жылай беретін және бақытсыз
болдың деп айтатын. Ол маған түсініксіз болатын. Менімен туыстарымның арасында болған
көптеген жағдайлар маған түсініксіз болатын.
► Сұрақ:
Сіз кім болуды армандадыңыз?
С.В.
Бала кезімде дәрігер болуды армандадым. Емдегенді жақсы көретінмін. Әжем медик
болатын. Мектепте археолог болуды армандадым. Кейін, мұғалімдер психикалық аурусың,
сенің болашағың жоқ, саған оқудың да қажеті жоқ деді. Содан соң мектепке баруды қойдым.
Соңынан, психикалық ауруы бар деген желеумен мені мектептен қуып шықты.Ал, мен барлық
науқастарды емдеу үшін ғалым болуды армандадым. Мұндай ұятты атақ болмас еді.
► Сұрақ:
Сіз қоғамдық белсенділіктерін көрсету үшін адамдарға қашан
көмектесе бастадыңыз?
С.В.:
Негізінен бала кезімнен. Менде әрдайым әділеттілік нышаны болатын. Сондықтан
да, біреуге көмек, қорғау және қорған болу керек болса, сол сәттерді өзім қолыма алатынмын.
Өзімді білгелі біреуге көмектесіп келемін.
► Сұрақ:
Өз диагноздарын (психикалық ауытқулар) жақын арада білген
адамдарға қандай кеңес берер едіңіз?
С.В.:
Қоғамға қолғабыс етіп өмір сүру. Өз проблемаңызда тұйығып тоқырап қалмау. Өз
ойларыңызды және дауыстарыңызды басқара білу. Егер олай істемесеңіз, олар сізді басқарады.
Емделу, Құдайға, кітаптарға, табиғатқа және жақындарыңа көбірек уақыт бөлу керек.
► Сұрақ:
Сізге өмір сүруге, қатардан қалмай алға жүруге кім және не
көмектеседі?