72
ТІРЕК КӨЗІ
Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы
С.В.:
Балалар. Менің балаларым және немерелерім. Негізінен маған Құдай көмектеседі.
Құдайға сену, о дүниеде мені не күтіп тұрғаны маған серпіліс береді, мен дұрыс жолда
келемін. Мен үшін алдымен Құдай, сосын шешем, әрі қарай балаларым, қоғам. Осы кескінді
құрастырып, осы үлгіде өмір бақи сүріп келемін. Бұл маған құламауыма және жолдан тайма-
уыма көмектеседі. Ал менің ориентирім – бұл өзімнен кейін айналамдағы адамдарға жақсы
іс қалдыру, ең алдымен психикалық ауытқулар диагнозымен өмір сүріп жүрген адамдарға.
Сания Валерьевнаның қамқорлықтары шынымен де өте көп. Ол Солтүстік Қазақстан
облысындағы өзінің кішігірім қожалығы базасында адаптация орталығын және еңбек реа-
билитациясын ашпақшы. Бұл өз кезегінде көптеген ауқымды проблемаларды шешуді талап
етеді – жергілікті шенеуніктер мен тұрғындардың сенбеуі, қаржылық көмек алудағы өтініш
пен жобалар жазу қиындықтар. Бүкіл Қазақстан аумағынан, өмірден тірек іздеуге ұмтылған,
психикалық диагноздары бар адамдар Сания Валерьевнадан кеңес сұрайды. Басқаларға
көмектесе отырып, бүгінгі күні өзі де біздің көмегімізге мұқтаж. Өз бетінше өзінің жобаларын
жүзеге асыру қиын болса, тәжірибелері мол және тұрақты қоғамдық ұйымдармен, бизнес-
құрылымдармен бірлесе отырып, ол алға қойған мақсаттарына қол жеткізу жолында сенімді
серіктес бола алады.
Психикалық денсаулықтың бұзылуы жайлы жақындарына
қалай айтуға болады
73
Анна Саук, «Белорусиялық ассоциациясының әлеуметтік жұмыскерлер» ҚҚ
http://stopstigma.by/2017/05/03/
ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ
БҰЗЫЛУЫ ЖАЙЛЫ ЖАҚЫНДАРЫНА
ҚАЛАЙ АЙТУҒА БОЛАДЫ
Психикалық денсаулығының бұзылуы туралы жақындарына естірту қазіргі уақытта әлі қиынға
соғып тұр, өйткені психикалық денсаулықтың бұзылуы туралы жалпы ақпараттылық кейде
жеткіліксіз болады. Психикалық денсаулықтың бұзылуы туралы түсінік өткеннің зұлматтығына,
сапасыз ем-домға және жағымсыз қарым-қатынасқа негізделе алады.
Әрбір адам психикалық денсаулықтың бұзылуы туралы жақындарына айту-айтпау жөніндегі
шешімді өзі қабылдауы тиіс. Егер ауытқушылықтар көзге көрінетін сыртқы белгілері туын-
дап тұрса, түбінде жасырғаннан гөрі айту анағұрлым жеңіл. Мәселенің неде екенін білсе,
жақындарына анағұрлым жеңіл болады. Айналасындағы жақындарына да емдеу тәсілдері
жөнінде айтқан жөн.
Балаларға қалай айту керек
Психикалық денсаулықтың бұзылуын өз баласынан жасырмау керек, себебі бала өзгерген
жағдайды байқайды және оған қорқу немесе қобалжумен жауап қайтарады. Егер бала
не болып жатқанын түсінбесе, ата-анасының проблемалары үшін көбінесе өзін кінәлі
санайды. Балаға психикалық денсаулықтың бұзылуы туралы оның жасын және даму деңгейін
ескере отырып, өз сөзіңізбен айтқан дұрыс. Әсіресе, психикалық денсаулықтың бұзылуының
ата-ана мінез-құлқына қалай әсер ететінін түсіндіру аса маңызды. Мысалы, былай деп айтуға
болады: «мамаң күйзелісте (депрессия) жүр, бұл ұйқының бұзылуы кезіндегі сияқты – үнемі
өзін шаршаңқы сезінеді».
Балаға оның сұрақ қойғанын күтпей-ақ, психикалық денсаулықтың бұзылуымен байланысты
мәселелер туралы айтқан жөн. Балаға бұзылудың қалай көрініс табатынын, оның неге әсер
ететінін, ата-ананың психикалық денсаулықтағы проблемаларға байланысты дәрі және басқа
да ем қабылдайтынын түсіндірген жөн. Ата-ананың мінез-құлқында бір нәрсе алаңдатса, ол
кез келген кезде ата-анасымен бөлісе алатыны жөнінде балаға айтуға болады. Қажеттілік
кезінде болып жатқан оқиғалардың барлығын талқылауға болатыны маңызды.
Егер үйдегі ахуал қуантарлық болмаса, үйден тыс жерде балаға рахат сыйлайтын
әуестенушіліктерінің болуы маңызды. Мысалы, отбасы мүшелерінің біреуі күйзелісте болса,
ол амалсыз осы отбасының әлеуметтік өмірінің шектелуіне әкеледі. Балаға ата-ананың
науқасына қарамастан, бала болуға және жеке өзінің өмірімен өмір сүруіне құқығының бар
екенін еске салған жөн.
•
Балаға психикалық денсаулықтың бұзылуының оның өмірінде қалай көрініс табаты-
нын түсіндіріңіз (жылаңқылық, шаршағыштық, көңілсіздік....)
74
ТІРЕК КӨЗІ
Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы
•
Баланың психикалық денсаулықтың бұзылуына оның еш қатысы жоқ екенін
түсіндіріңіз.
•
Қажетті ем алып жатқаныңызды айтыңыз.
•
Ол жайында сұрағысы келсе, кез келген уақытта сұрай алатынын есіне салыңыз.
•
Балаға ата-анасы жайлы алаңдаудың қажеті жоқ екенін, өз істерімен шұғылдануды
және өз достарымен бұрынғыдай араласуды жалғастыруы керектігін айтыңыз.
Өз ата-анасына қалай айту кер
Көбісі психикалық денсаулықтың бұзылуы жайында өз ата-анасына айту өте қиын деп
ойлайды. Оның себебі, психикалық денсаулықтың бұзылу проблемалары тұрғысындағы кейде
шынайы немесе ата-ананың ойдан шығарған ұстанымы, кейде ата-ананың аурудың туындау-
ында өздерін кінәлай бастайды деген қорқыныш болуы мүмкін.
Егер психикалық денсаулықтың бұзылуы жайында ата-анаға айту мүмкіндігі немесе
қажеттілігі болса, тыныш сәтті таңдап, сұрақтар үшін уақыт қалдырған жөн. Ата-анаға
психикалық денсаулықтың бұзылуына нақты ешбір адамның себепкер болмайтынын, көптеген
жағдайларда оның пайда болуына көп сәттердің әсер ететінін түсіндіру қажет. Әдетте, қайғылы
оқиға нәтижесіндегі бас жарақатынан басқа, психикалық денсаулықтың бұзылуының нақты
себептерін анықтау мүмкін емес.
Биологиялық тұқым қуалаушылық, жүктіліктің барысы және бала туу, қоршаған орта және
қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас, физикалық аурулар мен өмірлік тарих
– осылардың барлығы аурудың туындауына өздігінше әсер етеді. Көбінесе психикалық
денсаулықтың бұзылу себептері табылмаған күйі қалады.
Ата-анаға психикалық денсаулықтың бұзылуының емделетінін айтып, сонымен бір мезетте
оның өмірге қалай ықпал ететін түсіндірген жөн. Әркім өз психикалық денсаулығының сарап-
шысы болып табылады және оның бұзылуының өз өміріне қалай әсер ететінін басқалардан
гөрі жақсырақ біледі.
Ата-анаға психикалық денсаулықтың бұзылуы жайындағы алаңдаушылық туралы айтудың ең
маңызды екеніне қарамастан, осы проблема бойынша әдебиет оқуға ұсыныс жасауға немесе
басқа уақытта таныса алатын ғаламтор-парақшаның сілтемесін беруге болады. Егер проблема
жайлы айту қажет болып, бірақ ол қиынға соқса, бұрыннан сырлас досыңыздан көмек сұрауға
болады. Досыңыздың конструктивтік және бірқалыпты мінез-құлқы жағдайды жеңілдете
алады.
«Жаман атақ алу» қорқынышы
Стигма немесе қара таңба деп адамның қандай да бір ауру, жарымжан болып қалу, сыртқы
ерекшеліктері және т.б. себебінен кемсітушілік немесе жалған наным және төмендетудің
нысанына айналатын оқиғаны түсінеді. Стигматизация салдары мысалы, жұмысқа орналасу
кезіндегі кемсітушілік немесе басқа адам тарапынан жоқ нәрсеге сенімі болуы мүмкін.
Жаман атақты таңбаға ие болу қорқынышы мысалы, дәрігерге қаралуға немесе психикалық
денсаулықтың бұзылуы жайында біреуге айтуға кедергі болуы мүмкін.