Сабақтың тақырыбы
|
Теріден кәде сый бұйымдарын жасау
|
Сабақтың мақсаты
|
Тері өңдеу технологиясы туралы, түсінік беру үйрету, жұмыс жасау
|
Сабақтың түрі:
|
Аралас сабақ
|
Сабақтың әдісі:
|
Түсіндірме — практикалық
|
Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер:
|
Топтастыру әдісі,СТО әдістері
|
Сабақтың көрнекілігі:
|
1 ұйымдастыру
2 оқушыларды түгелдеу
3 тақта, көрнекілік, жұмыс орнын даярлау
4 үй тапсырмасымен жұмыс
5 жаңа сабақ
6 үйге тапсырма
|
Сабақтың барысы:
|
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі.
|
а) Сабаққа дайындық жүргізу
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Оқушы назарын сабаққа аудару
|
Сабаққа дайындалып, оқу құралдарын шығарады.
|
Үй тапсырмасын тексеру
|
Қашаумен өрнек ою
«Өзіндік бағалау» әдісі:
Оқушылар берілген үй тапсырмасына өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім «беске» дайын? Кім «төртке» дайын? Кім «үшке» дайын? Кім мүлде дайын емес?
Қашау түрлерін слаид арқылы сұрау (6 қашау) «Тізбектей сұрау» әдісі:
Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы кез келген жерінен тоқтатылып, ары қарай басқа оқушының жауап берілуі сұралады. Бұл әдіс оқушылардың зейінін аудару және байқағыштығын дамытуға пайдалы.
|
Сұрақтарға жауап береді.
|
Жаңа сабақ.
|
Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату көптен бері келе жатқан тәсілдердің бірі.
Ірі қара малының иленбеген терісін шылғи тері ал иленіп ұқсатылғаннан кейін оны қайыс деп атайды.
Шылғи теріні ұқсатудың екі түрі бар
Бірі – оның жүнін сылып тастап пайдалану
Екіншісі – теріні жүнін сылмай - ақ пайдалану
Негізінен жаңа сойылған мал терісін тұз сеппей орап жылы жерге қойса ол өз - өзінен 2 - 3 күннің ішінде жидіп жүні түсіп қалады, терінің ең сапалы тұсы малдың жоны мен сауырында, қабырғалық деп аталатын қос қапталында болады. Мойын терісі жұқалау болады, Терісі ең қалың мал – сиыр, содан кейін – түйе, ең жұқа тері – жылқы терісі.
ірі қара терісін – сиыр терісі. Өгіз. Тайынша. Бұзау
жылқы терісін – бие, жабағы. Құлын.
түйе терісін – атан. Бота.
қой терісін – жабағы. Қырықпа, күздік, соғым, тықыр,
аң терісін – түлкі, қарсақ, қоян,
Тері қабаты – эпидермис, тері негізі, шел...
|
Оқушылардан қандай қауіпсіздік ережесін білетіндігін сұрау және де арнаулы пышақпен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру
Арнаулы пышақпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Арнаулы пышақты ағашқа терең қадама.
2. Жұмысты сабы мықты бекітілген, шытынап-жарылмаған, өткір арнаулы пышақпен істе.
3. Құрал-сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал және мұғалімге хабарла
4. Ойықтағы артық жаңқаны уақытылы алып тастап отыр.
5. Ұшы өткір пышақты қалтаңа салма.
6. Арнаулы пышақты ұстағанда, екінші қолың пышақ жүзінің кері бағытында болсын.
7. Пышақтың жүзін саусағынмен сипама.
8. Екінші кісіге пышақты сабы жағымен ұстат.
9. Екінші кісіге қарай пышақты сілтеме.
10. Пышақтың жүзін жоғары қаратып қойма.
11. Жұмыс кезінде пышақтың үстіне тым еңкейме. Денеңді тік ұстап жұмыс істе
|
Сергіту сәті
|
Оқушыларды екі топқа бөліп қағазға 1 минут ішінде ағашқа түсірілген өрнектер қандай затта кздесетінін жазу керек. Қай топ көп және дұрыс жазса, сол топ жеңімпаз болып есептелінеді
|
|
Сарамандық жұмыс
|
Практикалық сабаққа дайындық:
Арнаулы пышақты тарату
Ағаш дайындамаларын әр оқушыға үлестіру
Практикалық жұмыстың аяғында жүргізілуге тиіс жұмыстар:
- бұйымның негізін талаптарға сай тазалау
- өрнектерді кесу
- бұйымдарды бояу, оған әр беру
- боялған бұйымды тазалау
- бұйымды лактау
|
Жұмыс киімін киеді. Арнаулы пышақпен ағашқа ою түсіреді.
|
Жаңа сабақты бекіту
|
«Тақырыптардың түйісуі» ойыны:
Оқушылар топтарға бөлініп, өтілген материалдың мұғалім көрсеткен тақырыппен байланысатын тұстарын табады, мысалдар келтіріп, тапсырмалар құрастырады, сұрақтар дайындап, жорамалдар жасайды.
|
|
Кері байланыс
|
Оқушылардан бүгінгі сабақтан не түсінгендерін сұрау
|
Стикерге жазады
|
Бағалау
|
Жасалған жұмыстары бойынша
|
|
Үйге тапсырма беру
|
«Идеал тапсырма» әдісі: Әр оқушы өзі орындайтын үй тапсырмасын өзі таңдайды. Мысалы: біреу қосымша дерек жинаса, келесі сурет салуы, үшіншісі мақала жазуы не бұйым жасауы мүмкін.
|
|