Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы Алматы, 2017 жыл «Аман-Саулық»



жүктеу 25,93 Mb.
Pdf просмотр
бет28/30
Дата13.11.2018
өлшемі25,93 Mb.
#19108
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

78 

ТІРЕК КӨЗІ

   

Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы



 

► Кук: 



Сіздің еркіңізге қарсы емделген кездеріңіз болды ма, егер солай 

болған болса, Сіз үшін осы жағдайлар мен тиімділігін айтып бере ала-

сыз ба?

Элин Сакс: 

Иә, маған көп жағдайда күш жұмсалды. Еркіме қарсы ауруханаға жатқызылдым. 

Айтуларынша, мен өзіме де, айналадағыларға да қауіп төндірген екенмін. Айтуларынша, мен 

«ауыр  мүгедек»  болыппын,  сондағы  келтірген  сылтаулары  Йель  заң  мектебінде  өзімнің үй 

жұмысымды атқара алмаппын!        

Оқтын-оқтын мені күштеп емдейтін, амалым қанша, ем алу немесе алмау жайлы таңдауым жоқ 

болатын, оны түсінетінмін.

Ең  жарақаттық  тәжірибе  механикалық  шектеуде  болады.  Ауруханадағы  алғашқы  бірнеше 

күнім, күніне шамамен жиырма сағаттай шектеулі болады. Содан соң, үш апта бойы күніне 

төрт-он бес сағат бойы шектеулі болдым. Кейіннен басқа ауруханаға ауыстырылдым, бірақ 

жағдайымның  өзгермегеніне  қарамастан,  мені  шектеуді  қойды.  Шектеудің  бұл  эпизодтары 

жарақат туғызатын еді. Қатты ауыртатын он сағаттық шектеулерге түсіп әрі ұсталу, деградация 

мен қауқарсыздық тарапынан қорқынышты. Бұл қашандағы мен душар болған жарақаттардың 

ең  сорақысы.  Маған  бірнеше  жылдар  бойы  ұйықтағанда  осындай  бастығырылатын  түстер 

кіретін.  Менің  күштеуге  түскен  тәжірибеме  қосымша  (танысуыма),  мен  өз-өзімді  жоғалту 

тәжірибесін  алдым.  Мысалы,  алғашында  кейде  мені  қадағалайтын,  душ  немесе  ванна 

қабылдағанда қарап тұратын. Ауруханадағы бес немесе алты апталық кезеңде өзіммен өзім 

бола алмадым – ата-анаммен болсын, әр әңгімелескен сайын қасымда персонал тұрады. Күш 

қолданудағы әкеліп соғатын жалғыз нәрсе – менің жағдайымда да – бұл адамдарды қайта 

емделуге  бет  қаратпау.  Басымнан  өткен  естеліктерімді  ойлап,  ауруханаға  жатып  ем  алуға 

мүдделі болсам да, соңғы госпитализациядан кейін қайтадан жатуға жүрегім дауаламайды. 

Жолымның болғаны, менің (психиатрларым) аналитиктерім мен үшін қатерге барып, ауруха-

надан тыс емделуіме көмектесті. 

Менің тәжірибелік нәтижем? Мен психиатрия жайлы жақсы айтамын, бірақ күш қолдануға 

қарсымын.

 

► Кук: 



Сіз психикалық аурулары бар адамдардың құқықтары жайлы өз 

ұстанымыңыз тарапынан көп нәрсе айта аласыз ба?

Элин Сакс: 

Мен пациенттердің өз еркінде, автономиялы болғанын қолдаймын. Мүмкін мен 

көп ұяла беретін шығармын, алдында айтып кеткендей, менің басымнан өткен жағдайлар, күш 

қолданған кезде жарақаттайтын әрі абыройсыз ететін. Сөйте тұра, кейде адамдарда өздері 

жеке  шешім  қабылдау  мүмкіндіктері  болмайды  (менің  зерттеулерімнің  көп  бөлігі  мұндай 

мүмкіндіктерді түсініп және өлшеуге бағытталған болатын). Мұндай жағдайларда, олар үшін 

ниеті түзу басқа біреу шешім қабылдауы керек. Стандартты жолдан ауытқуымның себебін, мен 

«бір рет еркін ату» деп атаймын, оны азаматтық міндеттеуге, амбулаторлық міндеттеуге және 

күштеп емдеуге қолданамын. Негізінен, кімде кім жедел психозға түскенде мен  алғаш рет 

қолдану критерийлерін босататын едім. Мысалы, алғашқы қатты психоздық эпизод кезінде 

еріксіз  госпитализация  критерий  ретінде  қауіпті  (өзіне  немесе  айналасындағыларға)  талап 

етпес едім. Менің түсіндіруім бұл үшін – көптеген адамдар еріксіз емделгендеріне алғыстарын 

білдіреді, егер ол солай болса оны жақсы нәтиже деп санаймыз. Олар «бір рет еркін ату» 



Шизофрениясы бар жоғарыфункционалды адамның күнделігі. Элин Сакс

 

79



аясында емделіп шыққан болса, олар басқа эпизодтарда қалай емделгілері келетіні жайлы 

алдын ала нұсқауға қол қоюмен мадақталуы қажет. Сол сәтте олар аурудың жойқындылығын, 

емделудің  ұтымды  екенін,  болашақта  не  қалайтындарын  таңдай  алатын  тәуір  жағдайда 

екендерін сезінеді. Мен механикалық шектеулерді қатаң реттеуді талап етемін, атап айтқанда, 

адамдардың автономиялық мүдделерін сыйлағандықтан.

 

► Кук: 



Сіздің академиялық жұмыстарыңыз бен мүдделеріңіз 

ауруыңыздың қажеттілігінен туындады дегенге  қандай мысал келтіре 

аласыз?

Элин  Сакс: 

Менің  аймағым  –  жеке  тәжірибем  көп  болған  заң  және  психиатрия.  Алды-

менен  «көпшілік  тұлға»  (қазіргі  таңда  тұлғаның  диссоциативтік  бұзылысы  деп  аталады) 

бұзылыстарымен айналыстым, өйткені бұл бұзылыстармен болатын философиялық пробле-

малар маған жақын деп санап, оларды зерттеуге ұмтылдым. 

Уақыт өте келе, жаныма жақын заттар, еріксіз емдеу мәселері бойынша жаза бастадым. Менің 

үшінші кітабым («Емделуден бас тарту: күштеп емдеу және психикалық науқастардың құқығы» 

- «Refusing Care: Forced Treatment and the Rights of the Mentally ІІІ») азаматтық міндеттеме 

және  емделуден  бас  тарту  құқықтары  мәселелерін  қарастырады.  Менің  пайымдауынша, 

күштеп шектеу салдарынан мен алған жарақат осыларды оқуға итермеледі. 

Менің тәжірибем менің ғылыми жұмыстарыма көмектеседі деп үміттенемін. Мен салыстыр-

малы түрде «емделу айнасының» барлық бетінде болдым, айта кететін болсақ: пациент, паци-

ент үшін заңгер, пациент үшін ұстаз, пациент жайлы жазушы және де пациент үшін дәрігер 

(менде  философия  докторы  дәрежесіне  қарасты,  зерттеулермен  байланысты,  психоанализ 

аясында бірталай клиникалық жұмыстар болған). 

Мен ұстанатын позициялар – бұл маған көмектеспесе де, басқа да психикалық аурулары бар 

көптеген адамдарға пайдалы болады деп санайтын заттар. 

Барлық басымдықтарды назарыма алуға тырысатынымның дәлелі ретінде бір қызықты оқиға 

болған.  Менің  «Емделуден  бас  тарту....»  кітабым,  қолданыстағы  заңнамалардан  гөрі  азды-

көпті патерналисттік позиция ұстанады (сөйте тұра менің жеке басымдығым – бұл аз патер-

нализм және көбірек автономия). Кітап «Таймс» Әдебиеттік қосымшасында қарастырылған 

болатын және автор, психиатр Модсли өз шолуын былай аяқтады: «Бұл – академиялық және 

білімді кітап, бірақ авторға басымдықтарды ескере отырып патернализмнің басқа шетінде 

болатындарға көбірек мән беру керек еді»!



 

► Кук



: Сіздің, пациент әрі ғалым ретінде тәжірибеңіз, шизофреник 

миында не болып жатқанын анықтауға көмектесе алады деп санайсыз 

ба?

Элин  Сакс: 

Мен іс жүзінде Калифорнияның Сан-Диего (UCSD) университетінде, Оңтүстік 

Калифорния Университетінде (USC) жүргізіліп жатқан зерттеулердің бір бөлігі болып табы-

ламын. Зерттеу барысында мені басқа да он адаммен салыстырады, олардың жартысы дені 

сау  өзіндік  бақылауда,  қалған  жартысы  шизофрениядағы  өзіндік  бақылау  (және  менікіне 

ұқсайтын  демографиялық  мәліметтер).  Біз  үш  затқа  қараймыз:  психиатриялық  бағалауға, 

нейропсихологиялық тестке және мидың сканына (мысалы, ФМРТ және ЭЭГ). Шизофренияға 



жүктеу 25,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау