58
ТІРЕК КӨЗІ
Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы
«Майра Мағауияқызымен кездесу біздің өмірімізді өзгертті…»
Неліктен олар «Кеңес» Орталығын таңдағандарын және ол бір қазақстандық отбасының
өміріне қандай өзгеріс алып келгенін білу үшін, біздер Вера және Полина деген екі қыздың
анасы
Мухаметова Катямен
тілдестік.
Үлкен қызым Вера бір жарым жасқа келгенде оған өте ауыр диагноз - балалардың
церебральдық сал ауруы қойылды. Катя әлі күнге дейін баланың медициналық картасын бер-
ген дәрігердің кесіп айтқан «жазасын» толғаныспен еске алады: «Бәрі бітті, енді сіз осымен
өмір сүресіз! Сіздің балаңыз алдағы бір уақыттарда жүріп кетсе де, қисық басып жүреді».
Дәрігер картаны жауып маған есік жақты көрсетті, менің өмірім таусылғандай болып көрінді,
қорқыныш сезім пайда болып, кімге барып кеңес аларымды, қолдау табарымды білмедім.
Әріптестерімнің, тіпті туыстарымнан көзқарастарынан «Бұл қалай болды, сіздер аман-сау
отбасы едіңдер ғой!» деген сұрақтары көрініп тұрды.
Отбасым ол кезде Қостанай қаласында тұратын. Анасына жұмысын тастауға тура келді. Саны
жетпес массаждардың, сапарлардың материалдық шығынын өтеуге байланысты мәселелер
күйеуінің мойнына ілінді.
Үш жыл ішінде отбасы мүмкіндіктердің барлығын пайдаланды – оңалту бойынша бірде бір
бағдарламаларды жібермеді, көрші Ресей еліне жиі шығып жүрді. Бірақ та нәтиже уақытша
болды, қыздың жағдайы тұрақты түрде жақсармады.
Біздің әріптестеріміз
59
«Кеңес» Орталығы туралы Катя алғаш рет қызы екеуі Ресейде ем алып жүргенде естігенін, ол
кезде оған аса мән бере қоймағанын айтады. Бірнеше уақыттан кейін, Алматыда ем қабылдап
жүріп, туыстарының үйі жағында қыдырып жүріп, Катя «Кеңес» - «Әлеуметтік бейімделу және
еңбектік оңалту» жазуы бар қақпасы мен тақтайшасын көреді.
«Тағдырдың белгісі»
Әлі күнге дейін отбасы және Катяның өзі мұны тағдырдың белгісі деп санайды. Келесі
таңертеңгісін Катя күйеуімен, қызын алып Орталықтың басшысы Сүлеева-Хамзина Майра
Мағауияқызының кабинетіне келеді.
Біз жас ата-ананың Майра Мағауияқызымен не туралы сөйлескенін сөзбе-сөз жеткізіп бере
алмаймыз, алайда «Кеңес» Орталығының ауыспайтын басшысының өмірден күдерін үзген
адамдарға «құпия әдістері мен білімін» пайдалана отырып, оларға үміт отын жағып, сенімділік
бергені туралы жорамалдаймыз.
Катяның еске алуы:
«Біз жай ғана адаммен сөйлестік, сол сәттен кейін бүкіл өміріміз
басқаша болып өзгеріп кетті. Біз оған дейін әртүрлі мамандармен бірнеше рет сөйлескенбіз,
олар көп нәрсеге уәде беріп, үміттендіретін. Бірақ та бұл кездесу, әрине айрықша болды.
Майра Мағауияқызы елден ерекше адам. Ол кісімен жай ғана сөйлесудің өзі жеткілікті, сен
өзіңді сабырлы ұстап, тығырықтан шығар жолыңды көресің, өзіңді жоғалтқан және дәрменсіз
адам сезімінен арыласың. Осыған дейін дәрігерлер бізді бірінен біріне «лақтырып» отыратын,
оңалтудың барлық бағдарламалары тек уақытша нәтиже беретін.
Ойлануға уақыт аз болды, ата-ана өздері үшін күрделі шешімді – «Кеңес» орталығына бару үшін
Алматыға көшу туралы шешімді қабылдады. Біз Қостанайда барлығын – туыстарды, жұмысты,
достарды және жақсы пәтерді қалдырып, Алматыға келгенімізге бір сәт те өкінбейміз. Бәрі
өте қиын болды, күйеуім бірден жұмыс таба алмады, қанша дегенмен Алматының өмір сүру
деңгейі басқаша, шығын көп. Көшу туралы шешім қабылдаған кезде, жақын арада тағы да ана
болатынымды білдім, ол біраз жағдайды қиындатты. Алайда біз шешім қабылдадық, қазір біз
Алматыдамыз.
Вера топқа бірден түсе алмады – орын болмады, қыз алдымен дамытушы сабақтарға қатысты,
инклюзивті топта орын босағанын күтті. Сіңлісі Полина туылды, уақыт өте берді, кіші қыз жүре
бастады.
Осындай орталық Қазақстанның әр қаласында болуы керек!
Бүгінде қыз инклюзивтік топқа барады. Барғанда 2017 наурыз айында 6-ға толған Вера өз
күшімен жүріп барады! Бұл қыз бен оның отбасы үшін ғана емес, сонымен бірге «Кеңес»
Орталығына да өте маңызды оқиға болды».
60
ТІРЕК КӨЗІ
Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы
Катяның еске алуы:
««Кей кезде оған қиын болатын – қасындағы балалардың бәрі ойнап,
жүгіріп жүреді. Бірақ бір жағынан бұл да қызыма қосымша түрткі болған сияқты. Вераның
жүріп кетуі - ең біріншіден «Кеңес» Орталығының барлық мамандарының еңбегі арқасында,
әсіресе, оның физикалық дамуы мен психологиялық жағынан қолдау көрсеткендері. Бүгін
менің түсінгенім, массаждар, екпелер, дәрі-дәрмектер – бұл оңалтудың тек бір бөлігі болып
табылады. Оған қоса маңыздысы, психотерапевтік жәрдем көрсету, баланы ұжымда, ортада
жүруге бейімдеу ісі. Орталықтың педагогтары қыздың коммуникативтік дағдыларын және
білімін жоғары бағалайды. Бүгінде Вера даму жағынан өз қатарынан артта қалмайды, соны-
мен қоса, ол бірқатар басымдылыққа ие – себебі, «Кеңесте» ол балалармен, оның ішінде даму
ерекшеліктері бар балалармен қарым-қатынас, өзара іс-әрекет жасаудың жақсы мектебінен
өтті. Қызының тәжірибесіне талдау жасап отырған анасы, әртүрлі балалардан құралған
инклюзивтік топ балаларға бір-біріне деген сыйластықты сақтауға, қоршаған ортасындағы
адамдарды сол күйлерінде түсіндіретінін, қабылдауды қалыптастыратынын, барлықтарына
дамыту мен үйретудің жоғарғы нәтижесіне қол жеткізуге мүмкіндік беретінін айтады. Катяда
балам менталдық ауытқулары бар балалармен бірге бір топқа барады деген үрей сезім
о бастан болмаған. Керісінше, ол қызының болашақта пайдасына жарайтын құны жетпес
тәжірибе жинағанын айтады.
Катя «Кеңес» сияқты Орталықтар қазақстандық әр қалада болу керектігіне сенімді: «Менің
әр кезде өкінетін бір нәрсем, егер біз осындай жәрдемді ертерек Қостанай қаласында алған
болсақ, біз мүмкін осы нәтижеге ертерек жетер ме едік».