Біздің әріптестеріміз
61
«Ерекше» балалардың ата-аналары да қолдауды қажет етеді!»
Жас ана жүріп өткен жолы туралы: «Біз бәріміз – мен, Вера, күйеуім екі жылдан астам уақыт
өткен соң ғана «Кеңес» Орталығына келгенге дейінгі кешкен күйзелістен шығып, есімізді жиып
отырмыз, өйткені кез келген массаж, кез келген араласу бізге өте ауыр тиді, жүйкемізді тоз-
дырды. Вера олардан кейін көп уақыт ұйықтай алмай жүрді, түнде шошып оянып жүрді. Біз
өзімізді кінәлі санап, уақыт пен қаражаттың бәрін мәселенің «салдарын» іздеуге жұмсадық».
Осындай жәрдемді Вераның ата-анасы тек қана «Кеңестен» алды. Катя бастапқы кездегі
психологтың, қызды «өз еркіне қою туралы, өзінің жеке өміріне оралып, өз шаруаларын
жалғастыра беру туралы, қоршаған ортаға көбірек сену туралы ақылдарын қабылдамағанын
күлімсіреп еске алады: «Шынымды айтсам, ол кезде бұл менің жоспарымда жоқ болатын,
менің ойым тек қана балаларымда, күйеуімде, отбасымда болатын».
Бүгінде Катя Мухаметова өзінің бар сенімін жоғалтқан үй шаруасындағы әйелге мүлдем
ұқсамайды. Керісінше, энергиясы мол жас ана кәсіпкер атанып, кәсіби түрде үй жағдайында
нан өнімдерін пісіріп сатумен айналысады – және ол оның қолынан керемет келеді. Қыздар
балабақшаға барады, Вера келесі жылы кәдімгі мектептің бірінші сыныбына оқуға бармақшы.
Эпилог
Катя Мухаметова:
«Менің ойымша, осының бәрі «Кеңес» Орталығының мамандары
арқасында болды, олар балалармен ғана жұмыс істеп қойған жоқ, сонымен қатар менімен де
жұмыс істеді. Осындай қиын жағдайларда баладан гөрі ата-анаға көп жәрдем керек сияқты.
Мен өз проблемасында тұйықталып, онсыз да қиын жағдайдың құрбаны болып қалған ана-
ларды көрдім. Біз ата-аналар, өзіміз сондай күйде болған кезде, баламызға көмек бере алмай-
мыз, оны бақытты етуге үйрете алмаймыз!».
62
ТІРЕК КӨЗІ
Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы
ӨМІРДІ ЖАҚСЫЛЫҚ АРҚЫЛЫ ӨЗГЕРТЕМІЗ
«РУХ» қоғамдық бірлестігі (ҚБ) – қаланың картасында пайда болған тағы
бір орын, бұл жерде менталдық және психикалық ауытқулары бар адамдар
армандауды, толыққанды өмір сүруді, алдыңа мақсат қоюды және өз тағдырына
қарай батыл қадам жасауды үйренеді.
«РУХ» ҚБ коммерциялық емес ұйымы 2006 жылы құрылған. Басшысы - Бекпан Алма
Шынбергенқызы.
Ұйымның қызметі төмендегі бағыттарда жәрдем мен қолдау көрсетуге арналған:
- отбасымен бірге тұратын, мүгедектіктің ауыр түріндегі балалармен;
- отбасымен бірге тұратын, 18 жастан асқан мүгедектер;
- арнайы мекемелерде тұратын, мүгедек жетім-балалар;
- мүгедектер үйінде тұратын, 18 жастан асқан мүгедектер;
- мүмкіндігі шектелген балалар мен 18 жастан асқан тұлғаларды тәрбиелеуші отбасы-
лар.
Қызмет түрлері:
•
Мүгедек жетім-балаларға арналған отбасылық үй;
•
Ауыр түрдегі менталдық және физикалық шектеуліктері бар балалар мен 18 жастан
асқан тұлғаларға арналған күндізгі бөлім қызметі;
Біздің әріптестеріміз
63
•
Мүгедек адамдарға өздігінен тұруға арналған оқу (жаттығу) пәтерлері;
•
Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтитын кәсіпкерліктің әлеуметтік Орталығы;
•
Ата-аналардың өзара жәрдем көрсету клубы;
•
Мүгедек балалары бар ата-аналарға арналған тренингтер;
•
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған воркаут-алаңдар.
Жетістіктері.
•
Әлеуметтік, психологиялық түзетулік көмекпен 1000 астам мүмкіндіктері шектелген
балалар мен жасы 18 асқан тұлғалар қамтылды.
•
Мүгедектіктігі бар адамдарды қолдауға бағытталған 400 – ден аса жобалар,
бағдарламалар және іс-шаралар жүзеге асырылды.
•
Шектелудің ауыр түріндегі адамдарды бейімдейтін және әлеуметтендіретін
бағдарламаларға қолдау көрсету үшін 500 – ден астам серіктестер тартылды.
Міндеттің қарапайым тұжырымдамасының, ұйымның алға қойған мақсатының артында – РУХ
командасымен кездескен соң тағдыры өзгерген жүздеген адамдар мен отбасылар бар.
Бекпан Алма Шынбергенқызы:
«РУХ» ҚБ мақсаты - балаларға өмірдің барлық боя-
уын ұстап көріп, оларды сезіну мүмкіндігін беру. Және де ол бояулардың барлығы ашық түсті
бола бермейтінін түсіндіру, олар кездестірген адамдардың барлығы оларды дұрыс түсініп,
қабылдауы міндетті түрде жүзеге аспайтынын және әрдайым бола бермейтінін білгізу. Біз
біздің балаларды қол ұшын бірінші болып созуға үйретеміз. Әрине, ол олардың қолынан
тамаша келеді».
64
ТІРЕК КӨЗІ
Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы
Ұйымның маңызды бағыттарының бірі – шектеуліктің ауыр түрлері бар 18 жастан асқан
тұлғаларға қолдау көрсету. Мүгедектердің тап осы тобы өмірдің «сыртында» қалып қояды.
Олар іс жүзінде өздерінің жабық төрт қабырғасының ішінде болады. Егде тартқан ата-ана-
лары шаршағаннан кейін оларға тиісті күтім көрсете алмайды, олардың өздеріне қолдау мен
психологиялық түзету қажет болады. Міне, осылар үшін РУХ-тың ұжымы арнайы дамытушы
бағдарлама әзірледі, қызмет көрсету бойынша күндізгі бөлім жұмыс істейді, ата-аналармен
тренингтер жүргізіледі және оларға кеңестер беріледі.
«РУХ»-тың қамқорындағы топтың ішіндегі әлсіз бөлігі – арнайы мекемелер мен интернат-
тарда тұратын жетім-балалар мен ересектер. Бірлескен жобалардың кезінде «РУХ»-тың
басшысы, Алма Бекпан бұл адамдардың көпшілігі жабық психоневрологиялық мекемедеден
тыс, жақсы өмір сүруге лайық екенін өкінішпен айтады. Бала кезде қойылған «қабілетсіз»
диагнозы мен статусы еш уақытта қайта қаралмаған, мемлекеттік қамқорлық жүйесі оларға
бірінші реттік қажеттілік саналатын – азық-түлік, киім және тұрғын орынмен қамтамасыз етті.
Ал ол адамдардың арманы, көптеген жұмыстар мен міндеттерді орындау қабілеті, достасу,
отбасын құру мүмкіндігі, қоғамға тигізер пайдасы туралы ешкім ойламайды.
Достарыңызбен бөлісу: |