Психикалық денсаулықтың бұзылуы жайлы жақындарына
қалай айтуға болады
75
Стигматизацияны қоғам деңгейінде адамдардың ақпараттандырылуына, ұстанымы мен
мінез-құлықтарына ықпал ету жолымен азайтуға болады. Стигматизация көбінде білімнің
жеткіліксіздігі мен ауруларға байланысты аңыздар себебінен көп туындайды. Мысалы,
күйзеліс (депрессия) және онымен ауыру жөніндегі мәліметтердің ұлғаюымен, аурудың өзі
туралы түсініктері де нақтыланды. Қазіргі кезде адамдар бұрынғыға қарағанда өздерінің
күйзеліспен ауыратындары жайлы жиірек айтуға бел буады. Күйзеліске басқа ауруларға
қарағандай қарайды.
Психикалық денсаулық саласындағы қоғамдық ұйымдар стигматизацияның әлсіреуі бойынша
жұмыстар жүргізуде, бұл кезде психикалық денсаулықтың бұзылуынан зардап шегетін әрбір
адамда қоғамдағы стигматизация деңгейіне ықпал ету мүмкіндіктері бар. Олардың кейбіреуін
атап өтейік:
Психикалық денсаулықтың бұзылуы сіздің тұлғалығыңызды тұтастай анықтамайтындықтан,
өзіңізді психикалық денсаулықтың бұзылуы арқылы ғана анықтамаңыз: «мен шизофреникпін»
деудің орнына «мен шизофрениямен ауырамын» деп айтуға болады.
Егер сіз теледидар көріп немесе журнал оқи отырып, психикалық денсаулықтың бұзылуынан
зардап шегушілер жайында қорлайтын немесе күмәнді материалдармен бетпе-бет келсеңіз,
өз пікіріңізді жіберіңіз. Кез келген жазылған мақала туралы пікір білдіруге болады.
Стигматизация қорқынышының сіздің тұлғалығыңыздан жоғары болуына жол бермеңіз.
Қажетті ем алуға өтініш білдіріңіз және елгезек адамдармен (мысалы, қолдау тобына
қатысатын) араласуға тырысыңыз. Психикалық денсаулықтың бұзылуынан ешкім
кемсітушілікке ұшырамауы тиіс.
Әркім шамасына қарай істеуі керек. Ешкім өз ауруы жайында барлық жерде айта жүріп, стиг-
матизациямен күреске аттануға міндетті емес. Соған қарамастан, кейбіреулер көпшіліктің
алдында сөз сөйлеудің өзі сияқтыларға көмектесетінін білгендіктен немесе қайсыбір аурудан
зардап шегушілер жайлы қате таралған түсініктерді түзеткісі келетіндіктен, осындай тәсілді
таңдайды.
http://www.mielenterveysseura.fi
Материалдары бойынша
76
ТІРЕК КӨЗІ
Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы
ШИЗОФРЕНИЯСЫ БАР
ЖОҒАРЫФУНКЦИОНАЛДЫ
АДАМНЫҢ КҮНДЕЛІГІ.
Элин Сакспен жазған сұхбатынан: Психикалық ауытқулары
бар адамдарға деген қарым-қатынастағы стереотипті бұзған,
құқық профессоры, ғалым, өзінің ауруы және оны жеңу туралы
кітап .
Элин Сакс (Elyn R. Saks) – Оңтүстік Калифорния
Университетінде құқық профессоры,
Маршалл бизнес-мектебінің ғалымы, және
Йель университеті заң факультетінің түлегі.
Ол да шизофренияға шалдыққан – көпшіліктің ойларынша оның тамсандыратын резюмесі
мұндай ауруда мүмкін емес дейді.
Элин Сакс «ойлар жайлы рубрика» редакторы Гэрет Кукпен (журнал «ScientificAmerican»)
сұхбаттасқан.
► Кук:
Сіз өзіңіздің шизофрениямен болған алғашқы тәжірибеңізді
айтып бере аласыз ба? Сіз айтқандай, сізге 8 жас болатын, менің
ойымша?
Элин Сакс:
маған бала кезімде шизофрениясы бар деген диагноз қойылды деп ойламай-
мын, бірақ қандай да бір белгілері болған шығар. Мысалы, менде салғырттық ауытқушылық
кезеңдері орын алды, менің ақыл-есімнің талқандалғандай сезімі болды: құбылыстарды
қабылдап және оларды бір-біріне жалғап мән-мағынасын табатын ешқандай орталық
болмады. Сөйтіп, Йейтс тақпағында айтылғандай, мен өз кітабымды «Орталық ұстап тұра
алмайды» деп атадым. Алғашқы анық психоз эпизоды 16 жасқа толғанда болды, мен оқу
күнінің ортасында аяқ астынан мектептен үйге жөнелдім. Мен ғимараттардың біртүрлі бола
бастағанын сездім; олар хабарлар жібере бастады: «Сен ерекшесің. Сен ерекше жамансың.
Ал енді кет». Айқайлар мен сыбырлаулар. Колледжде де кейбір үрейлі белгілер болды, бірақ
менде Оксфордтегі аспирантураға дейін «ресми» «сыну» (авария - breakdown) болған жоқ.
► Кук:
Сіз, адамдарға түсінікті болу үшін, шизофрениясы бар адамдар
неден өтетінін білу үшін, «сынулардың» субъективтік тәжірибесінің
қосындысын бере аласыз ба?
Элин Сакс:
Субъективті дегеніміз, түсіндіре алатын жақсы теңеу, бұл бастығырылып жатып
есіңнің анық болуы. Сізде барлық қорқыныш бар, абыржу, қисынсыз кейіптер және ойлар,
осылардың барлығын бастығырылып жатып көресің. Содан Сіз, бастығырылғаннан кейін
барлық қорқынышпен төсектен ытқып тұрасыз. Бастығырылып жатып Сіз оянып кетесіз, ал
психоз кезінде сіз тек қана көзіңізді ашып барлығын жоғалта алмайсыз.
Шизофрениясы бар жоғарыфункционалды адамның күнделігі. Элин Сакс
77
Бұл субъективті. Объективті түрде менде сандырақ болды (иррационалдық сендіру, өз ойым-
мен мыңдаған адамдарды өлтірген тәріздімін); сирек галлюцинациялар (қабырғада өрмелеп
жүрген үлкен өрмекші); сол сияқты шатасқан ойлар (яғни, «еркін ассоцияциялар», мысалы:
«менің көшірмелерім шашыраңқы. Оларды біріктіру керек. Мен бірігетініне сенбеймін, бірақ
буындарым денемді біріктіреді»). Оларды шизофренияның «позитивті белгілері» дейді.
Оксфордтегі алғашқы екі жыл болмаса, мен «негативтік белгілерден» аулақ болдым: апатия,
жалғыздық, жұмыс істеуге және достасуға қабілетсіздік..
► Кук:
Сіз белгілерді қалай сезінесіз? Күнделікті ме әлде апта сайын ба?
Олар қандай?
Элин Сакс:
Менің жұбайым айтатындай, психоз тоқ қосқышына ұқсамаса да, релеге ұқсайды
деп. Бір спектрдің соңында менде өтпелі есі ауысқан ойлар болады (мысалы, мен адам
өлтірдім), бірақ оны шындық емес, ауру белгісі деп дереу анықтаймын. Әрі қарай, спектр бой-
ынша, менде құтыла алмайтын үш немесе төрт күн есі ауысқан ойлар басым болады. Соңында,
мен бұрышқа тығылып қалшылдап әрі ыңырсып қаламын.
Өтпелі психотикалық ойлар менде күніне бірнеше мәрте болады.
Бірнеше күнге созылған эпизодтар әдетте стресстен болады және жылына үш немесе төрт
рет болуы мүмкін. Бұрышқа тығылып жүресінен отыру тәжірибесі бірнеше жылдың аясында
болған жоқ.
► Кук:
Сіздің академиялық жұмысыңыз өзіңіздің жағдайыңызды
жөндеуге сізге көмектескенін қашан сездіңіз?
Элин Сакс:
Оксфордтегі екі жылды, анда-санда қатты ауырғандағы эпизодтарды есепке
алмасақ, мен әрдайым жұмыс істеуге қабілетті болдым. Мен үшін жұмыстың маңызы зор,
сондықтан оны жібермеймін. Меніңше, әрдайым сезетінім, интеллектуалдық белсенділікті
сақтау – бұл ырыс-берекедегі үлкен қолдау және бастау. Шынымен де, менің тұрақтылығым
үшін жұмыстың маңызы зор екенін байқадым, әр күннің нашар бөлігі кешке басталатын – ол,
мені қолдайтын, өз ойларымды жинақтап отыруға көмектесетін жұмыс құрылымы жоқ уақыт.
► Кук:
Бұл Сізге қазір қалай көмектеседі? Сіз қашан болса да
«тайғанақтамау» үшін кейбір жұмыстарды істеп отыруым керек деп
өзіңізге айтасыз ба? Немесе, керісінше, жұмыстағы стресс шизофрени-
яны ушықтырған кездері болды ма?
Элин Сакс:
Қандай да белгілерін сезсем де, жұмыс барысында олар әдетте қайтады – олар
фронт-орталық болмай қапталмен жүреді. Жұмыс менің ойымды жинақтайды және өз-өзімді
бағалауға мұрша береді. Басқа жағынан, менің жұмыстарымның кейбір аспектілері стресс
туғызады – мысалы, сабақ беру. Сабақ беруге мүмкіндік беретін заң мектебінде жұмыс істеп
жолым болды. Сөйте тұра, саяхаттар мен баяндамалар мен үшін стресс туғызады, ал мен
әдетте баяндамадн кейін кешке бірнеше сағат «психоз аймағында қалып» декомпенсация
аламын. Бұл – шақыруларды қабылдаудан, баяндамалар жасаудан бас тартуымның бірден-бір
себебі. Тоқ етерін айтқанда, сонда да, менің жұмысым маған ойлануға және жазуға мүмкіндік
беретіні мен үшін өте жағымды.