Біздің әріптестеріміз
65
2016 жылғы қараша айында «РУХ» ҚБ ұйымдастыруымен өткен «Көрсет – мен түсінемін,
айт – мен естимін» атты психикалық, менталдық, физикалық шектеулері бар адамдарға
арналған республикалық форум бүкіл ел үшін маңызды оқиға болды. Психоәлеуметтік
мүгедектер, арнайы мекемелердің және интернаттардың тәрбиеленушілері алғаш рет таны-
мал тележүргізушілермен, шоумендермен, спортшылармен, қоғам қайраткерлерімен кездесті.
Бұл іс-шара ешкімді де бейжай қалдырмады. Көптеген адамдар мүгедектіктің кез келген
түріндегі адамдарға деген қоғамның көзқарасының өзгеру керектігін, қоғам оларға ашық
және қолжетімді, мейірімді болу керегін түсінді, өйткені, бұл адамдар басқалардан гөрі біз
бен сіздің қолдауымызға мұқтаж келеді.
«РУХ» ҚБ мен Алматы қаласы қамсыздандыру мен әлеуметтік қолдау басқармасының өзара
бірлескен әрекетінің жалғасуы Форумның маңызды нәтижесі болды. Қазіргі кезде 18 жасқа
дейінгі балаларға арналған психоневрологиялық интренаттардың және арнайы мекемелердің
тәрбиеленушілерін жабық мекемелерден шығарып, қоғамдағы дербес өмірге дайындайтын
әлеуметтік бейімдеу бойынша үлкен жоба жүзеге асырылуда!
66
ТІРЕК КӨЗІ
Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы
Бекпан Алма Шынбергенқызы:
«Мен не туралы ойлаймын ....
Біздің балалардың қоғаммен, ұйымдармен, жалпы білім беретін және мемлекеттік
құрылымдармен байланыстарын қалыптастыру үшін ортада жүруші мемлекеттік емес
ұйымдардың қажеті болмайтын уақыт келеді.
Қашан әр адам, физикалық және психологиялық, әлеуметтік жағдайына тәуелсіз, өз шама-
сына қарай толыққанды өмір сүру мүмкіндігіне ие болады.
Біздің тәрбиеленушілерге, менталдық шектеулігі бар барлық адамдарға ешнәрсе сұрауға,
өмір сүруге құқығын дәлелдеуге қажет болмайтын уақыт туады деп ойлаймын.
Осының бәрі жақын арада болады деп сенемін.
Әйтпесе, бұл біреулерге кеш те болып қалуы мүмкін…».
Біздің әріптестеріміз
67
«Мен ешқашанда өз ұлым үшін
ұялмаймын!»
Мүгедектігі бар 18 жастан асқан
тұлғаларға арналған «РУХ» ҚБ
күндізгі бөлімінің қызметі туралы,
біз, екі жылдан астам қызметтің
күндізгі бағдарламасына қатысатын
Асқар деген баланың анасы
Куаны-
шева Тамара Ермеклаевнадан
айтып
беруді өтіндік..
Куанышева Тамара Ермеклаевна – бес баланың
анасы. Алғашқы отау құруынан үлкендері ұлы,
қызы туылды, отасу ұзаққа бармай ажырасты.
Асқар 1979 жылы Екібастұз қаласында туылды, ол жас әйел комсомол-жастар құрылысына
қатысу үшін барғанды. Ол отбасының қалаулы ұлы болды.
Бала аурушаң болды, балабақшадан бастап ауруы қозып, ақырында мекемеден шығуына тура
келді, невропатолог пен психиатрдың қарауына жіберілді.
Осыдан кейін балабақшаға да, мектепке де бармады. Екібастұзда ондай балаларға арналған
ешқандай орталықтар жоқ. Асқар үнемі үйде болды, сол арада тағы екі бауыры туылды.
Үлкендері кішілеріне қарады, ал бәрі жабылып Асқарға қарады.
Үлкен де ұйымшыл отбасына түскен ауыртпалықтар аз болмады. 1993 жылы Тамара Ермекла-
евна қайтыс болған апасының ұлы мен қызын асырап, тәрбиелеуге алды. 1997 жылы анасы
– басты көмекшісі қайтыс болды, одан күйеуі қайғылы қазаға ұшырады. Өсіп келе жатқан
балаларды бағып-қағу машақаты жас келіншектің мойнына түсті, оған үш жерде жұмыс істеуге
тура келді.
Асқарға жақындарының мейірімі мен қамқоры болғандығына қарамастан, қарым-қатынас
әрине аз болды. Анасы сол баяғы Екібастұзда жүрген кездерінде, қонаққа барғанда пробле-
масы ұқсас баланы жолықтырғанын еске алады. Асқардың ол балаға жасаған қамқорлығы
барлығын таң қалдырды, балалар ортақ тіл табысып, достасып кетті.
Тамара Ермеклаевна:
«Бір күні мен онымен санаторийге барғым келді, бізге кәсіподақ
жолдама алып берді, алайда Асқарды көрген де олар бізді кіргізбей қойды. Мен ешкімге менің
ұлым қауіпті емес екенін дәлелдеп жатпай, үндеместен ұлымды алып қайтып кеттім».
Алматыға отбасы Асқардың інісі мамандық иесі болып, үйленіп, алдымен пәтер сатып алып,
сосын үй салғаннан көшіп келді.
68
ТІРЕК КӨЗІ
Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы
Т.Е.:
«РУХ» туралы біз кездейсоқ біліп қалдық, келін шаштаразда отырғанда осындай
адамдарға жәрдемдесетін жер барын естіп қалған. Бірден хабарластық. Айта кетерлік жайт,
Асқарды қараған дәрігер-психиатрлар біздің қандай да бір орталықтарға баруымызға үзілді-
кесілді қарсы болды, рұқсат бермеді. Тек қана Алма Шынбергенқызының қолдауы және
табандылығы арқасында біз осы рұқсатты алдық».
Т.Е.:
«Алғашқы қатысу Асқарда үлкен әсер қалдырды, ол айналасында өзімен ұқсас про-
блемалары бар адамдарды көрді, таңырқады, қуанды. Бүгін де ол барлық тапсырмаларды,
жаттығуларды орындауға тырысады, ал үйде болса әрине олай жасау қолынан келмейді».
Т.Е.:
«Егер де Асқармен қазіргі «РУХ»-тағыдай бала кезден жұмыс істелінгенде, нәтиже тіпті
басқа болар ма еді деп ойлаймын. Мен Асқар үшін ешқашан ұялған емеспін, оны адамдардан
жасырған емеспін».
Бүгінгі күні Тамара Ермеклаевнаның ұйымшыл отбасы одан сайын көбеюде – немерелер өсуде,
барлық балалар мен жиендер білім алды, барлығы жабылып Асқарға қамқорлық жасайды.
Тамара Ермеклаевна келіні - Асқардың тете інісінің әйелі туралы жақсы лебіздер білдіреді,
алғысын жаудырады. Бұл отбасына мейрімділік, сүйіспеншілік, қамқорлық сезімі ұзақ жыл-
дардан бері берік ұялаған. Өздерінің қиындықтары мен проблемалары туралы үйдің үлкен
қызы күлімсіреп айтады: «Білесіздер ме? Біздер, әйелдер өте шыдамды келеміз, іс жүзінде біз
өте мықтымыз, әсіресе, кім үшін өмір сүретінін белгілі болған жағдайда».
Достарыңызбен бөлісу: |