39
38
Денсаул
ық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау жүйелерінің қызм
еткерлеріне арналған анықтамалық
ЖЕР
Г
І
ЛІК
ТІ
ДЕҢ
ГЕЙ
Д
Е
Г
І Ә
Л
Е
У
М
Е
ТТІК
ЖҰМЫ
СТА
Ғ
Ы
К
ЕЙС-
М
Е
Н
ЕД
ЖМЕ
Н
Т
Әлеуметтік жұмыскер осы қоғамдық жағдайдың барлық маңызды тұстарын
мұқият түрде жазуы керек
•
Мектептегі сабақтарға жеткіліксіз бару немесе мектепте оқуға кеш жазы-
лу, себебі қандай?
•
Басқа бауырлары ата-анасымен тұрып жатқанмен, баланың туыстары-
мен бірге тұруы, себебі қандай?
•
Баланың өмірінің алғашқы жылдары туралы ақпараттың болмауы.
•
Баланың ауыр науқасының болуы, алайда медициналық картасында оны
емдеу туралы жазбалардың болмауы.
•
Әкесі туралы ақпараттың болмауы.
•
Кейіннен осы жанұямен жұмыс істейтін кез келген (әлеуметтік) жұмыскер
әлеуметтік жағдайлары туралы ақпараттың мүмкіндігінше толық болуын
қамтамасыз ету үшін осы бастапқы бағалау мәліметтеріне сүйенуі тиіс.
Баламен жасалатын жұмыс жоспары енді құрылатындықтан, бұдан әрі
қосымша ақпарат қажет болуы мүмкін.
Толық ақпарат жинау
•
Жетіспейтін ақпараттың және жетіспейтін ақпаратты бере алатын
ұйымдардың тізімін жасау қажет.
Эмоционалдық жағдайының деректерін зерттеу
•
Ата-аналармен әңгімелесу кезінде тексерілген ақпарат – оларды
түсінудегі айырмашылықтарды атап көрсету. Қайсысы ақиқат, қайсысы
олардың сезімі болып табылады?
•
Баламен әңгімелесу кезінде тексерілген ақпарат – оларды түсінудегі
айырмашылықтарды атап көрсету. Қайсысы ақиқат, қайсысы олардың
сезімі болып табылады?
Бала мен оның жанұясының түсінуі мен сезімдерін осы жағдайды
мамандардың түсінуінен ажыратуға мүмкіндік беретін жағдайдың мәнін
сипаттау
•
Жағдайды түсінудегі айырмашылықтар қалай пайда болды?
•
Бала мен оның жанұясы қандай да бір талқылауға немесе мамандардың
қатысуымен алдыңғы бағалау жүргізуге қатысты ма?
•
Бала мен/немесе оның жанұясы осы жағдайға кәсіби әлеуметтік
жұмыскерлердің тартылуының себебін түсінді ме?
•
Ұйымның/ кәсіби әлеуметтік жұмыскерлердің баламен және/немесе
жанұямен бірлесіп іс-әрекет жасауы бұрын орын алды ма?
Болған жағдайды, мәселенің мәнін, қауырт жағдайларды және
қияндықтарды және олардың балаға тигізетін әсерін түсінуге қол жеткізу
(мүмкіндігінше жанұяның қатысуымен)
•
Осы бағалаудың неліктен жүргізіліп жатқаны бала ұғынады ма?
•
Осы бағалаудың неліктен жүргізіліп жатқаны жанұя түсінеді ме?
•
Баланың оған қойылған сұрақтарға реакциясы қандай?
•
Бала, егер ол оған қойылған сұрақтарға жауап берсе, орын алуы мүмкін
нәрселерден қорқып қалған болып көрінеді ме?
•
Баланың ымдары нені көрсетеді?
•
Ата-анасы қойылған сұрақтарға күдікпен қарайды ма?
•
Өмірінің белгілі бір жақтарына қатысты сұрақтарға жауап беру кезінде
ата-анасы ұстамды ма?
Тиісті жоспар құрудың негізі ретінде жанұя шегіндегі және қоғамның
шегіндегі баланың мұқтаждықтарын және ата-анасының тәрбиелеу
қабілеттерін талдау
•
Барлық алынған ақпаратты қарастырыңыз және мына мәселелер бойын-
ша алынған ақпаратқа қысқаша шолу:
•
Баланың мұқтаждықтары
•
Ата-анасының балаға дұрыс қамқорлық жасау қабілеті
•
Ата-анасының өздерінің баланы тәрбиелеуге қатысты мінез-құлқын
өзгерту қабілеті
•
Баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-анасынан және/немесе
баладан талап етілетін өзгерістерді анықтаңыз
•
Басқа ұйымдардың тарабынан қажет үлесті анықтаңыз.
41
40
Денсаул
ық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау жүйелерінің қызм
еткерлеріне арналған анықтамалық
ЖЕР
Г
І
ЛІК
ТІ
ДЕҢ
ГЕЙ
Д
Е
Г
І Ә
Л
Е
У
М
Е
ТТІК
ЖҰМЫ
СТА
Ғ
Ы
К
ЕЙС-
М
Е
Н
ЕД
ЖМЕ
Н
Т
4 қосымша
Жан-жақты бағалаудың үлгісінің мысалы
Бала мен оның жанұясы туралы ақпарат
Томирис Ахметова, 9 айлық
Анасы Ахметова Сандуғашпен тұрады, туған жылы 1989 жыл, мекен-жайы
........
Әкесі: Санаев Нұрлан, туған жылы 1976 жыл, қайда екені белгісіз.
Бағалауды өткізудің себебі
Сандуғаш жүкті кезінде героин қолданған, соның салдарынан Томирис
абстиненттік синдроммен туған, сондықтан оған күтім жасау қиын болған.
Томирис уақытша «Үміт» бөліміне орналастырылған, бірақ анасы бала-
ны үйіне алып кеткісі келеді. Осы бағалауды бөбектер үйінің әлеуметтік
жұмыскері және қамқорлық және қорғаншылық органының қызметкері
баланың анасымен қосылу мүмкіндігін анықтау мақсатымен өткізеді.
Өтініш 12.10.2011ж. келіп түскен.
Жанұя ағашы (бөлек сызылады)
Бағалау қалай жүргізілді және оған кім қатысты:
Бөбектер үйінің, перзентхананың қызметкерлері, наркологиялық
аурухананың дәрігеру, «Шанс» үкіметтік емес ұйымының қызметкерлері.
Бала анасын 12, 14,19 қазанда көрген.
Жанұя тарихының және келешекте кәсіби көмек көрсетудің жалпы
көрінісі.
8 жасында Сандуғаштың ата-анасы көлік апатында қаза тапқан, оны өзінің
әжесі Қорлан өсірген. 5 жыл бұрын әжесі қатерлі ісіктен қайтыс болған,
ал Сандуғаш есірткі қолдана бастаған. Болашақ күйеуімен өзінің достары
таныстырған. Нұрлан да есірткі қолданатын болған және есірткі сатумен
айналысқан. Сандуғаштың жүктілігінің алты айлығында ол Сандуғашты та-
стап кеткен, ал қазіргі кезде оның қайда екені белгісіз, оны полиция іздеуде.
Жүктілігінің соңғы екі айында Сандуғаш есірткі қолдануды күніне 1 грамм-
нан 200-300 милиграммға дейін азайтқан.
Сандуғаштың туыс тәтесі бар, олардың қарым-қатынастары жақсы, бірақ
тәтесі қазір басқа қалаға көшіп кеткен, сондықтан олар сирек көріседі.
Сандуғаштың басқа жақын туыстары жоқ.
Баланың/балалардың денсаулығы және дамуы
Томирис 3 аптаға мерзімінен бұрын, абстиненттік синдром белгілерімен
туған. Сәби қыз мазасыз болған, өзіне көп көңіл аударуды қажет еткен.
Қазіргі уақытта сәби қыздың жағдайы қалыпқа келген, ол салмақ қосып,
бойы өскен, басын ұстай алады, отырады және еңбектейді, тұруға тырысады,
ұсақ қимылдары жақсы дамып келеді. Сандуғаш қызын көруге күнде дерлік
келіп жүрген, бірақ баланы бөтелкемен тамақтандырған, себебі әлі метадон
қолданады. Томирис анасын таниды және оның келгеніне қуанғаны көрінеді.
Балаға/балаларға жасалатын ата-анасының қамқорлығы
Босанғаннан кейін Сандуғашты есірткіге тәуелділіктен арылуға әрекет жа-
сап жүрген адамдармен жұмыс істейтін «Шанс» үкіметтік емес ұйымына
жіберген, сонымен бірге ол наркологиялық ауруханада метадондық
бағдарламаға қатыса бастады. Сандуғаш өзінің босанғаннан кейін героин
немесе басқа тыйым салынған есірткілерді қолданбағанын мәлімдеді, бұл
зертханалық талдаулармен расталды.
Сандуғаш өз қызына қамқорлық жасауға деген ниеті зор, ол қызын
көруге күн сайын дерлік барады, оны ұзақ уақыт бойы ойнатады, баланы
құндақтауды, жуындыруды, тамақтандыруды үйренді. Сандуғаш Томириске
сүйіспеншілікпен қарайды, оған ән салады, мейірімі мен жылуын танытады.
Сандуғаш сәби қыздың тәрбиесімен айналыса аламын деп санайды, бірақ
оған баланы бала бақшаға орналастыруға көмек керек.
Баланың/балалардың үйі және ортасы
Сандуғаш «Шанс» үкіметтік емес ұйымына баруын жалғастыруда және мета-
донды қолдануды толығымен тоқтатуды жоспарлап отыр, бірақ оның нарко-
лог дәрігері метадонды қолдануды баяу төмендеткісі келеді, бұл абстиненттік
синдром туғызбас үшін және Сандуғашты заңсыз есірткі қолдануға қайта ора-
луын болдырмас үшін қажет. Сандуғаш өзінің бұрынғы достарымен арала-
суды тоқтатты, олардың көпшілігін полиция іздеуде. «Шанс» үкіметтік емес
ұйымында Сандуғаш топтық сабақтарға қатысады, онда басқа қыздармен до-
стасты. Сонымен бірге Сандуғаш мешітке тұрақты түрде баратын болды, тіпті
исламды оқып-білу бойынша әйелдер үйірмесіне жазылған. Әжесі оған өзінің
пәтерін қалдырған, Сандуғаш сонда тұрады. Барып тексергенде пәтер ылғи да
таза, барлық коммуналдық қызметтер бар. Алайда пәтерде бір диван, үстел,
мұздатқыш камерадан басқа ештеңе жоқ. Сонымен бірге сыртқы есіктің кей жері
майысқан және ағаштары жұлынған. Сандуғаш бұны өзінің азаматтық күйеуі
Нұрланның іс-әрекеттерімен және өзінің бұрынғы өмір салтымен түсіндіреді.
Қазіргі кезде Сандуғаш супермаркетке сатушы болып жұмысқа орналасқан,
айына 50000 теңге алады, жөндеу жұмыстарына ақша жинап жүр.
Сандуғаштың көршілері көп жағдайда әйелге көмектеседі, себебі оны бала
кезінен біледі, әйелдің оның азаматтық күйеуі Нұрланнан ажырағаннан
кейін жақсы жағына өзгергенін байқаған.