Бала қҰҚЫҚтары жөніндегі идеялардың халықаралық ҚҰжаттарда бейнеленуі



жүктеу 30,5 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі30,5 Kb.
#12659

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ

  • 1989 ЖЫЛҒЫ 20 ҚАРАШАДА БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ БАС АССАМБЛЕЯСЫ ҚАБЫЛДАДЫ

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ИДЕЯЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДА БЕЙНЕЛЕНУІ

  • Бала құқықтары проблемасы, оның өмірі, тәрбиесі, білім беру, тәрбиелеу- жалпы дүниежүзілік проблема. 1959 жылы бала құқықтары Деклорациясы; 1989 жылы бала құқықтары жөніндегі Конвенция; 1990жылы баланы қорғау, дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі Бүкіләлемдік Деклорация; 1995 жылы – толеранттық принциптерінің Деклорациясы- халықаралаық құжаттарда қоғамдағы бала құқықтары берілген, шыдамдылық, зорлық көрсетпеу, тыңдай және ести білу сияқты қасиеттер жөнінде айтылған. Барлық аймақтардағы барлық халықтар үшін маңызды. Адам құқықтарын мектепте оқып-үйрену 1985 жылы 14 мамырда Европа Кеңесінің мүшелері ұсынды. Барлық халықтарды түісну, құрметтеу;

Бұл құжатта мынадай негізгі принциптер берілген:

  • Халықтар мен ұлттар арасындағы байланысты түсіну;
  • Басқалармен қарым-қатынас жасай білу;
  • Құқықтар мен міндеттерді білу;
  • Халықаралық ынтымақтастық, бірлескен қызмет қажеттілігін түсіну;
  • Ең басты педагогикалық мәнді құжат бала құқығы жөніндегі Қонвенция болып есептеледі. Қазақстан республикасы «Бала құқықтары жөніндегі Заң 2002 жылы қабылданды. Оның тұжыпрымдамалары4 тарауға сай келеді: өмір сүру, даму, қорғау, қоғам өміріне белсене қатысу.
  • Заңды үлкендердің балалармен қарым-қатынасының адамгершілік-құқықтың гуманитарлық негізде қарым-қатынас жасауға, баланың жеке тұлғасына, оның пікірі, көзқарасына құрметпен қарауға шақырады, гуманистік тәрбие негізі болып табылады. Бала құқықтары жөніндегі Конвенцияның концептуалды қағидалары білім беру жеке тұлғаны толық дамытуға, адам құқықтарын құрметтеуге, еркіндігіне бағытталуы тиіс.

Қазақстан Республикасының соңғы жылдары қабылданған Заңдары:

  • 1998жылы- «Неке және отбасы жөнінде»
  • 1997жылы- «Отбасылық типтегі балалар деревнылары және жастар үйлері жөнінде»
  • 1998жылы- «Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау жөнінде»
  • 2002 жылы –«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық, коррекциялық қолдау жөнінде»
  • 2002 жылы- «нашақорлық дертіне щалдыққандарлы медициналық-әлеуметтік қолдау жөнінде»
  • 2002 жылы- «Шылым шегу профилактикасы және шекпеу жөнінде»
  • 2002 жылы- «мемлекеттік әлеуметтік бағытталған көмек жөнінде»

Негізгі қағидалардың биресми түрдегі қысқаша мазмұны. КІРІСПЕ

  • БҰҰ негізгі принциптері және адам құқығына байланысты кейбір фактілер мен декларациялардың негізгі қағидалары атап өтіледі. Онда балалардың өздерінің табиғи нәзіктігіне байланысты ерекше қамқорлық пен қорғауды қажет ететіндігі, әсіресе басты қамқорлық пен жауапкершілік отбасы иелеріне жүктеретіндігі расталадаы. Сондай-ақ онда баланы туылғанға дейін және туылғаннан кейін құқықтық және басқалай қорғау қажеттілоігі, оның туған халқының мәдени құндылықтарын құрметтеу маңыздылығы және бала құқығын қорғау жолында халықаралақы ынтымақтастықтың ролі мақұлданады.

1 БӨЛІМ

БАЛА СИПАТТАМАСЫ

  • 18 ЖАСҚА ТОЛМАҒАН ЖЕТКІНШЕК БАЛА ДЕП САНАЛАДЫ. АЛ КЕЙБІР ЖАҒДАЙДА ЖЕРГІЛІКТІ ҰЛТТЫҚ ЗАҢДАР БОЙЫНША КӘМЕЛЕТТІК ЖАС ОДАН ЕРТЕ КӨРСЕТІЛУІ МҮМКІН. (1 бап)

ДИСКРИМИНАЦИЯНЫ, ЯҒНИ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ

  • БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БАРЛЫҚ БАЛАҒА БІРДЕЙ ТАРАЙДЫ. МЕМЛЕКЕТ БАЛАНЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІНЕН ҚОРҒАУҒА ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ҮШІН ТИІСТІ ШАРАЛАРДЫ ҚОЛДАНУҒА МІНДЕТТІ (2 бап)

БАЛА ҚҰҚЫҒЫН АНАҒҰРЛЫМ ТОЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

  • БАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАСАЛАТЫН БАРЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ОНЫҢ МҮДДЕСІН ТОЛЫҚ КӨЛЕМДЕ ЕСКЕРУІ ҚАЖЕТ. ЕГЕР АТА-АНА, НЕМЕСЕ БАСҚА ТҰЛҒАЛАР БАЛАҒА КЕРЕКТІ ҚАМҚОРЛЫҚТЫ КӨРСЕТЕ АЛМАСА, ОНДА БҰЛ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТ ӨЗ МОЙЫНА АЛУЫ ТИІС (3 бап)

ҚҰҚЫҚТЫ ІСКЕ АСЫРУ

  • МЕМЛЕКЕТ ОСЫ КОНВЕНЦИЯДА КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ҚОЛДАН КЕЛГЕННІҢ БАРЛЫҒЫН ЖАСАУЫ КЕРЕК (4 бап)

ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БАЛА ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫ

  • МЕМЛЕКЕТ БАЛАНЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ҚАБІЛЕТІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ОНЫҢ ТӘРБИЕСІ ЖОЛЫНДА АТА-АНАЛАР МЕН КЕҢЕЙГЕН ОТБАСЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ҚҰРМЕТТЕУІ ТИІС (5 бап)

ӨСУ МЕН ДАМУ

  • ӘРБІР БАЛА ӨМІР СҮРУ ҚҰҚЫҒЫНА ИЕ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ОНЫҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ МІНДЕТТІ (6 бап)

ЕСІМ МЕН АЗАМАТТЫҚ

  • БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН СОҢ ӨЗІНЕ ЕСІМ АЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ. БАЛА СОНДАЙ-АҚ АЗАМАТТЫҚ АЛУҒА, ЖӘНЕ МҮМКІНДІГІ БОЙЫНША, ӨЗ АТА-АНАСЫН ТАНЫП БІЛУГЕ, ОЛАР ТАРАПЫНАН ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРУГЕ ҚҰҚЫЛЫ (7 бап)

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚТЫ САҚТАУ

  • МЕМЛЕКЕТ БАЛАНЫҢ ӨЗІНДІК ҚАЙТАЛАНБАС ТҰЛҒАЛЫҒЫН САҚТАУҒА, ТІПТІ КЕРЕК БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ОНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЙТАДАН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ МІНДЕТТІ. АЛ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРДІҢ ҚАТАРЫНА ЕСІМ, АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАТАДЫ (8 бап)

АТА-АНАДАН АЖЫРАУ

  • БАЛА ӨЗ МҮДДЕСІНЕ ҚАРАМА-ҚАЙШЫ КЕЛЕТІН ЖАҒДАЙДА ҒАНА БОЛМАСА, АТА-АНАСЫМЕН БІРГЕ ТҰРУҒА ҚҰҚЫЛЫ. СОНДАЙ-АҚ БАЛА БІРЕУІНЕН АЖЫРАҒАН ЖАҒДАЙДА ОЛАРМЕН БАЙЛАНЫС ЖАСАП ТҰРУҒА ҚҰҚЫЛЫ (9 бап)

ОТБАСЫНЫҢ ҚОСЫЛУЫ

  • БАЛА МЕН АТА-АНА ОТБАСЫН БІРІКТІРУ НЕМЕСЕ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫН НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА КЕЗ КЕЛГЕН ЕЛДЕН ШЫҒЫП ӨЗ ЕЛІНЕ КЕЛУГЕ ҚҰҚЫЛЫ (10 бап)

ЗАҢСЫЗ ОРЫН АЛМАСТЫРУ ЖӘНЕ ОРАЛМАУ

  • МЕМЛЕКЕТ АТА-АНАНЫҢ НЕМЕСЕ ҮШІНШІ БІР ЖАҚТЫҢ БАЛАНЫ ШЕТ ЕЛДЕ ЗАҢСЫЗ ҰСТАП ТҰРУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУГЕ ЖӘНЕ БҰЛ ЖАҒДАЙДА ТИІСТІ ШАРАЛАР ҚОЛДАНУҒА МІНДЕТТІ (11 бап)

БАЛАНЫҢ КӨЗҚАРАСЫ

  • БАЛА ӨЗ ОЙЫН, ПІКІРІН ЕРКІН ЖЕТКІЗУГЕ ҚҰҚЫЛЫ ЖӘНЕ БАЛАҒА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ БАРЫСЫНДА БҰЛ ПІКІРЛЕРГЕ ТИІСТІ НАЗАР АУДАРЫЛУЫ ЛАЗЫМ (12 бап)

ПІКІР АЙТУ ЕРКІНДІГІ

  • БАЛА ҚАНДАЙ ШЕКАРА БОЛМАСЫН ӨЗ ОЙЛАРЫН АШЫҚ ЖЕТКІЗУГЕ, АҚПАРАТ АЛУҒА, СОНДАЙ-АҚ АҚПАРАТТАРДЫ, ИДЕЯЛАРДЫ БЕРУГЕ, ТАРАТУҒА ҚҰҚЫЛЫ (13 бап)

ОЙ, АР-НАМЫС ЖӘНЕ ДІН БОСТАНДЫҒЫ

  • АТА-АНАНЫҢ БАЛАҒА ТИІСТІ ДЕҢГЕЙДЕ ЖЕТЕКШЛІК ЕТУІ БАРЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТ СОЛ БАЛАНЫҢ ОЙ ЕРКІНДІГІН, АР-ҰЯТЫ МЕН ДІНІН ҚҰРМЕТТЕУГЕ МІНДЕТТІ
  • (14 бап)

АССОЦИЯЦИЯ БОСТАНДЫҒЫ

  • БАЛА БАСҚА АДАМДАРМЕН КЕЗДЕСУГЕ ЖӘНЕ АССОЦИЯЦИЯЛАРҒА КІРУГЕ, БОЛМАСА ОНЫ ҚҰРУҒА ҚҰҚЫЛЫ (15 бап)

ЖЕКЕ ӨМІР СҮРУ ҚҰҚЫҒЫН САҚТАУ

  • БАЛАЛАР ӨЗДЕРІНІҢ ЖЕКЕ, ЖАНҰЯЛЫҚ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРІНЕ ҚОЛ СҰҒУШЫЛАРДАН, СОНДАЙ-АҚ ӨЗАРА ХАТ АЛМАСУЛАРЫНА КЕДЕРГІ БОЛУШЫЛАРДАН, ЖӘНЕ АРАНДАТУШЫЛАРДАН ҚОРҒАУ ҚҰҚЫҒЫНА ИЕ (16 бап)

ТИІСТІ АҚПАРАТТАРДЫ АЛУ МҮМКІНДІГІ

  • МЕМЛЕКЕТ БАЛАЛАРҒА АҚПАРАТ АЛУҒА ЖӘНЕ ӘР ТҮРЛІ АҚПАРАТ КӨЗДЕРІНІҢ МӘЛІМЕТТЕРІМЕН ТАНЫСУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАУҒА МІНДЕТТІ. СОНЫМЕН ҚАТАР МЕМЛЕКЕТ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ БАЛАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ МӘДЕНИ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН АҚПАРАТТАР ТАРАТУЫН ҚОЛДАП ҚУАТТАУҒА, СОНДАЙ-АҚ БАЛАЛАРДЫ ЗИЯНДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚОРҒАУЫ ТИІС (17 бап)

АТА-АНАНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

  • АТА-АНА БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН БІРГЕ ТАРТАДЫ. АЛ МЕМЛЕКЕТ БҰЛ ІСТЕ ОЛАРДЫ БАРЫНША ҚОЛДАП-ҚУАТТАУЫ КЕРЕК. СОНЫМЕН ҚАТАР МЕМЛЕКЕТ БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ АТА-АНАҒА ЖЕТКІЛІКТІ ТҮРДЕ КӨМЕК КӨРСЕТІП ОТЫРУЫ КЕРЕК (18 бап)

АСЫРА ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ ПЕН ЖАНЫ АШЫМАУШЫЛЫҚТАН САҚТАУ

  • МЕМЛЕКЕТ БАЛАНЫ АТА-АНАСЫНЫҢ НЕМЕСЕ ҚАМҚОР БОЛУ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МОЙЫНА АЛҒАН БАСҚА ДА ТҰЛҒАЛАР ТАРАПЫНАН ЖАСАЛҒАН ҚЫСЫМ КӨРСЕТУШІЛІКТІҢ БАРЛЫҚ ТҮРІНЕН ҚОРҒАУҒА МІНДЕТТІ. СОНЫМЕН ҚАТАР МЕМЛЕКЕТ ОСЫНДАЙ АСЫРА СІЛТЕУШІЛІКТІ БОЛДЫРМАУ ЖӘНЕ ЗАРДАП ШЕККЕН БАЛАЛАРДЫ ЕМДЕУ ЖӨНІНДЕГІ ТИІСТІ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖАСАУЫ КЕРЕК (19 бап)

ОТБАСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН БАЛАНЫ ҚОРҒАУ

  • МЕМЛЕКЕТ ЖАНҰЯЛЫҚ ОРТАДАН АЙЫРЫЛҒАН БАЛАҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ КӨРСЕТУГЕ МІНДЕТТІ. СОНДАЙ-АҚ МЕМЛЕКЕТ МҰНДАЙ ЖАҒДАЙДА БАЛАҒА АЛЬТЕРНАТИВТІ, ЯҒНИ “БАЛАМА” ЖАНҰЯЛЫҚ ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТУ, БОЛМАСА БЕЛГІЛІ БІР ПӘТЕРДІ БАЛАЛАРДЫ КҮТІП ҚАҒУ МЕКЕМЕСІНЕ АЙНАЛДЫРУ ШАРАСЫН ҚАРАСТЫРУЫ ТИІС. МҰНДАЙ ӘРЕКЕТТЕР БАЛАНЫҢ МӘДЕНИ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ОРТАСЫН ЕСКЕРУІ ҚАЖЕТ (20 бап)

АСЫРАП АЛУ

  • БАЛАНЫ АСЫРАП АЛУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ АСЫРАП АЛУ ӘРЕКЕТТЕРІ ТЕК БАЛАНЫҢ МҮДДЕСІ ҮШІН ТИІСТІ БИЛІКТІҢ РҰҚСАТЫМЕН ҚАТАР БАЛАНЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТОЛЫҚ САҚТАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛУІ КЕРЕК (21 бап)

БОСҚЫН БАЛАЛАР

  • БОСҚЫН БАЛАЛАР, НЕМЕСЕ БОСҚЫН МӘРТЕБЕСІН АЛУҒА ҰМТЫЛҒАН БАЛАЛАР ЕРЕКШЕ ҚОРҒАУҒА АЛЫНУЫ ТИІС. МЕМЛЕКЕТ БАЛАЛАРДЫ ОСЫНДАЙ ҚОРҒАУМЕН ЖӘНЕ КӨМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН АРНАЙЫ ҰЖЫМДАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУҒА МІНДЕТТІ (22 бап)

МҮГЕДЕК БАЛАЛАР

  • МҮГЕДЕК БАЛАЛАР ЕРКІНДІГІ, ӘЛЕУМЕТТІК ИНТЕГРАЦИЯНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ОРТАДА ТОЛЫҚҚАНДЫ ЖӘНЕ ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР КҮТІМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ДАЙЫНДЫҚ АЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ (23 бап)

ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

  • БАЛА НАҚТЫ ТҮРДЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН, ЕҢ ЖОҒАРҒЫ СТАНДАРТТАРҒА САЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК АЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ. МЕМЛЕКЕТТЕР, ӘСІРЕСЕ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК, САНИТАРЛЫҚ НАСИХАТ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ӨЛІМІН АЗАЙТУ ЖҰМЫСТАРЫНА БАСҚА НАЗАР АУДАРУЫ КЕРЕК. ОЛАР БҰЛ САЛАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ БАРЫНША ҚОЛДАП—ҚУАТТАУЫ ЖӘНЕ ЕШҚАНДАЙ БАЛА ЖОҒАРЫ САПАЛЫ САУЫҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІНЕН АЛАСТАТЫЛМАУ ҮШІН ҚОЛДАН КЕЛГЕННІҢ БӘРІН ЖАСАУЫ КЕРЕК (24 бап)

ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ТЕКСЕРУ

  • АРНАЙЫ КҮТІМ, ҚОРҒАУ НЕМЕСЕ ЕМДЕУ КӨРСЕТУ МАҚСАТЫНДА МЕМЛКЕТ АРҚЫЛЫ ҚАМҚОРЛЫҚҚА БЕРІЛГЕН БАЛА, МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН СОЛ ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ ТҰРАҚТЫ ТЕКСЕРІЛІП ТҰРУЫНА ҚҰҚЫЛЫ (25 бап)

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

  • БАЛА ӘЛЕУМТЕТТІК САҚТАНДЫРУМЕН ҚОСА ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ БАСҚА ДА ИГІЛІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУҒА ҚҰҚЫЛЫ (26 бап)

ӨМІР ДЕҢГЕЙІ

  • ӘРБІР БАЛА ӨЗІНІҢ ДЕНЕЛІК, ОЙЛЫҚ, РУХАНИ, ЖӘНЕ СОНДАЙ-АҚ АДАМГЕРШІЛІК ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР ДЕҢГЕЙІНЕ МҮДДЕЛІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫЛЫ. ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР ДЕҢГЕЙІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕНТУДІҢ НЕГІЗГІ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ АТА-АНАҒА ЖҮКТЕЛЕДІ. АЛ МЕМЛЕКЕТТІҢ МІНДЕТІ ОСЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. СОНДАЙ-АҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ МІНДЕТІ АТА-АНА МЕН БАЛАҒА МАТЕРИАЛДЫ КӨМЕК КӨРСЕТУДІ ДЕ ҚАМТИДЫ (27 бап)

БІЛІМ АЛУ

  • БАЛА БІЛІМ АЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ. АЛ МІНДЕТТІ ТҮРДЕГІ АЛҒАШҚЫ ТЕГІН БІЛІМ АЛУДЫ, КЕЗ-КЕЛГЕН БАЛА ОҚИ АЛАТЫН ОРТА БІЛІМДІ ҚОЛДАУДЫ, ЖӘНЕ ҚАБІЛЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ АЛУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ- МЕМЛЕКЕТТІҢ МІНДЕТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫ БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ЖӘНЕ АР-НАМЫСЫН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ТИІС. МЕМЛЕКЕТ ОСЫ ҚҰҚЫҚТЫ ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУЫ КЕРЕК
  • (28 бап)

БІЛІМ АЛУДЫҢ МАҚСАТЫ

  • БІЛІМ АЛУ ТҰЛҒАЛЫҚ, ДАРЫНДЫҚ, САНАЛЫҚ ЖӘНЕ ШЫМЫРЛЫҚ ҚАБЫЛЕТТІҢ БАРЫНША ДАМУЫНА БАҒЫТТАЛУЫ КЕРЕК. БІЛІМ, БАЛАНЫ АЗАТ ҚОҒАМДАҒЫ ЕРЕСЕК ӘРІ БЕЛСЕНДІ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАУЫ КЕРЕК. СОНДАЙ-АҚ ОЛ АТА-АНАНЫ ҚҰРМЕТТЕУГЕ, ТІЛІН, ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН, ЖӘНЕ БАСҚА ҰЛТТАРДЫҢ МӘДЕНИ САЛТ-ДӘСТҮРІ МЕН ҚҰНДЫЛЫҒЫН ҚҰРМЕТТЕУГЕ ТӘРБИЕЛЕУІ КЕРЕК (29)

АЗ ҰЛТТАР МЕН ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚТЫҢ БАЛАЛАРЫ

  • АЗ ҰЛТТЫҢ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚТЫҢ БАЛАЛАРЫ ӨЗ МӘДЕНИЕТІН, АНА ТІЛІН ЖӘНЕ ӨЗ ДІНІН ҚОЛДАНУҒА ҚҰҚЫЛЫ (30бап)

ДЕМАЛЫС, БОС УАҚЫТ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ӨМІР

  • БАЛА МӘДЕНИ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ҚАТЫСУҒА, ДЕМАЛУҒА ЖӘНЕ БОС УАҚЫТҚА ҚҰҚЫЛЫ (31 бап)

БАЛАЛАР ЕҢБЕГІ

  • БАЛА ӨЗІНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА, БІЛІМ МЕН ДАМУЫНА ҚАУІП ТӨНДІРЕТІН ЖҰМЫС ТАПСЫРЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА ҚОРҒАУ ҚҰҚЫҒЫНА ИЕ. МЕМЛЕКЕТ ЖҰМЫСҚА АЛУДА БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ АДАМНЫҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАС МӨЛШЕРІ МЕН ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫНА ҚАТЫСТЫ ТАЛАПТАРДЫ БЕЛГІЛЕУІ КЕРЕК (32 бап)

ЕСІРТКІ ЗАТТАРДЫ ЗАҢСЫЗ ҚОЛДАНУ

  • БАЛАЛАР ЕСІРТКІ ЖӘНЕ “ПСИХОТРОПТЫ” ЗАТТАРДЫ ЗАҢСЫЗ ҚОЛДАУДАН, СОНДАЙ-АҚ ОСЫНДАЙ ЗАТТАРДЫ ӨНДІРУ МЕН САТУ ЖҰМЫСТАРЫНА ТАРТЫРУДАН ҚОРҒАНУ ҚҰҚЫҒЫНА ИЕ
  • (33 бап)

СЕКСУАЛДЫ ҚАНАЛУ

  • МЕМЛЕКЕТ БАЛАНЫ ЖЕЗӨКШЕЛІКТЕН, ПОРНОГРАФИЯДАН ЖӘНЕ СЕКСУАЛДЫ ҚАНАУ МЕН ЗОРЛАУДАН ҚОРҒАУЫ ТИІС (34 бап)

САТУ, КОНТРАБАНДА ЖӘНЕ ҰРЛАУ

  • МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ БАРЛЫҚ КҮШ-ЖІГЕРДІ БАЛАЛАРДЫ ҰРЛАУДАН, САТУДАН ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КОНТРАБАНДАЛАУДАН САҚТАУҒА ЖҰМСАУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ (35 БАП)

Қанаудың басқа түрлері

  • БАЛАЛАР ӨЗДЕРІНІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІРІНЕ ЗАРДАБЫН ТИГІЗЕТІН ЖӘНЕ 32, 33, 34 ЖӘНЕ 35 БАПТАРДА ҚАМТЫЛМАҒАН ҚАНАУЛАРДЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІНЕН ҚОРҒАНУҒА ҚҰҚЫЛЫ (36 бап)

АЗАПТАУ ЖӘНЕ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ

  • ЕШҚАНДАЙ БАЛА ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА, ҚАТЫГЕЗДІККЕ, ЖАЗАҒА, ЗАҢСЫЗ ТҰТҚЫНДАУҒА ЖӘНЕ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛУ ЖАҒДАЙЫНА ҰШЫРАМАУЫ ТИІС. 18 ЖАСҚА ТОЛМАҒАН ЖЕТКІНШЕККЕ ҮКІМ КЕСУ БАРЫСЫНДА ӨЛІМ ЖАЗАСЫ МЕН ЕРКІНДІККЕ ШЫҒУ ҚҰҚЫҒЫНАН ТОЛЫҚ АЙЫРҒАН ӨМІРЛІК БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ЖАЗАСЫН ҚОЛДАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРҒАН КЕЗ КЕЛГЕН БАЛА ЕРЕСЕКТЕРДЕН АЙЫРУ ОНЫҢ МҮДДЕСІНЕ ҚАРАМА-ҚАЙШЫ КЕЛМЕГЕН ЖАҒДАЙДА ҒАНА ОЛАРДАН БӨЛЕК КӨМЕК АЛУҒА ЖӘНЕ ӨЗІНІҢ ЖАН ҰЯСЫМЕН БАЙЛАНЫС ЖАСАП ТҰРУҒА ҚҰҚЫЛЫ (37 бап)

ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫСТАР

  • ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР 15 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ КЕЗ КЕЛГЕН БАЛАНЫҢ ӘСКЕРИ ӘРЕКЕТТЕРГЕ ҚАТЫСПАУЫ ҮШІН МҮМКІН БОЛҒАН ШАРАЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫН ҚОЛДАНУЫ ТИІС. 15 ЖАСҚА ТОЛМАҒАН КЕЗ КЕЛГЕН БАЛА ҚАРУЛЫ КҮШТЕР ҚАТАРЫНА ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРЫЛМАУЫ КЕРЕК. МЕМЛЕКЕТ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТИІСТІ ҚАҒИДАЛАРЫНА СӘЙКЕС, БАЛАЛАРДЫ ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛУДЫ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚАҚТЫҒЫСТАРДАН ЗАРДАП ШЕККЕН БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУҒА АЛУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУІ ТИІС (38 бап)

ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮТІМ

  • МЕМЛЕКЕТ ӘСКЕРИ ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ, ҚИНАУДЫҢ, ЕЛЕМЕУДІҢ, ҰРЫП СОҒУДЫҢ, НЕМЕСЕ ҚАНАУДЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК РЕИНТЕГРАЦИЯЛАНУЫ ҮШІН ОНЫ ҚАЖЕТТІ ЕМДІК ШАРАЛАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУІ КЕРЕК (39 бап)

КӘМІЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЗАҢБҰЗУШЫЛАРҒА ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІН ҚОЛДАНУ

  • ЗАҢ БҰЗҒАН БАЛА ӨЗІНІҢ АР-НАМЫСЫН, ТҰЛДҒАЛЫҒЫН ОЯТАТЫН ЖӘНЕ ОНЫ ДАМТАТЫН ЛАЙЫҚТЫ ІЛТИПАТ АЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ. ОЛ, БАЛАНЫҢ ЖАСЫН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАЙТА ҚАЛЫПТАСУЫНА БАҒЫТТАЛУЫ ТИІС. БАЛА СОТТАҒЫ ҚОРҒАУ ПРОЦЕСІ БАРЫСЫНДА НЕГІЗГІ ТКЕПІЛДІКТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАЛАЙ КӨМЕК АЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ. МҮМКІНДІГІНШЕ СОТ ӘРЕКЕТІ МЕН ТҮРМЕДЕН БОЙДЫ АУЛАҚ ҰСТАҒАН ЖӨН (40 бап)

ЕҢ ЖОҒАРҒЫ НОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

  • ЕГЕР БАЛА ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ НОРМАЛАР, ТИІСТІ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАҢДАРДАҒЫ КОНВЕНЦИЯ БЕКІТКЕН НОРМАЛАРДАН ЖОҒАРЫ БОЛСА, ОНДА БҰЛ ЖАҒДАЙДА ЕҢ ЖОҒАРҒЫ НОРМАЛАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ
  • (41 бап)

2 БӨЛІМ

БҰЛЖЫТПАЙ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ КҮШІНЕ ЕНУ

  • 42-54 БАПТАРДЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ МЫНАДАЙ:
  • Мемлекет осы Конвенцияда қамтылған құқықтармен ересектерді де, балаларды да кеңінен таныстыруға міндетті
  • Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің баяндамалар талқылау мақсатында құрамында он эксперт бар бала құқығы жөніндегі Комитет құру. Мемлекеттер өз ьбаяндамасын осы Комитетке Конвенцияны қабылдағаннан кейін, яғни ратификациялағаннан кейін екі жылдан соң, кейін әр бес жыл сайын тапсырып тұруы керек. Ал жалпы Конвенция, оны 20 мемлекет ратификациялағаннан кейін күшіне енеді, демек, Комитет өз кезегінде осы 20 мемлекет Конвенцияны ратификациялағаннан кейін құрылады деген сөз.
  • Қатысушы мемлекеттер өз баяндамаларымен қоғамды кеңінен таныстыруы керек.
  • Комитет, бала құүқығына қатысты нақты мәселелер бойынша арнайы зерттеулер жүргізуді ұсынуы және оның нәтижелерін оған қызығушылық білдірген әрбір қатысушы мемлекеттермен БҰҰ Бас Ассамблеясына жеткізуі мүмкін.
  • Конвенцияның ойдағыдай жүзеге асырылуына септігін ынтымақтастықты қолдау мақсатында БҰҰ-ның мына сияқты арнайы мекемелері- Халықаралық еңбек ұжымы (МОТ), Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Білім, ғылым және мәдениет мәселесі жөніндегі БҰҰ (ЮНЕСКО) және ЮНИСЕФ, Комитет мәжілісіне қатысуға мүмкіндіктері бар үкіметтік емес ұйымдармен (НПО) және олардың БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Бас комиссары Басқармасы сияқты органдарымен қосыла отырып Комитетке қажетті мәліметтерді ұсынуы және өз кезегінде Комитеттен Конвенцияның тиімді орындауына қатысты арнайы сұрау алуы мүмкін.

жүктеу 30,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау