Кейс-менеджмент



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет13/13
Дата22.12.2019
өлшемі0,63 Mb.
#24781
түріАнықтамалық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

51

50

              



      Денсаул

ық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау жүйелерінің қызм

еткерлеріне арналған анықтамалық

ЖЕР


Г

І

ЛІК



ТІ 

ДЕҢ


ГЕЙ

Д

Е



Г

І Ә


Л

Е

У



М

Е

ТТІК



 ЖҰМЫ

СТА


Ғ

Ы

 



К

ЕЙС-


М

Е

Н



ЕД

ЖМЕ


Н

Т 

Сіздің жеке өзіңіз байқағаныңыз ( баланың көзге түсетін дене жарақаттары



эмоционалдық жай-күйі және т.б.). 

Ненің шынымен ақиқат дерек екенін және ненің тек пікір немесе өсек сөз 

екенін анық ажыратыңыз.  

Сізге баланың немесе ақпарат көзінің не туралы хабарлағанын және 

өзіңіздің оған қандай шара қолданғаныңызды толық сипаттап жазыңыз. 

Балаға жетелеуші сұрақтар қоймаңыз, ақиқат мәліметтерді сипаттап 

жазыңыз.  

Іске қатысы бар, бұрын аталмаған басқа мәліметтерді көрсетіңіз

Осы оқиғаға тағы басқа адамдар қатысты ма – бала немесе ересек? 

Қолданылған шаралар:

Қолы  

Күні   


10 қосымша 

Тренингте қолданылатын өмірден алынған 

оқиғалар 

* 1 оқиға 



Негізгі қатысушылар (аты-жөндері ойдан шығарылған): 

Мейрамгүл (Астана) 22 жаста, – 6 айлық сәби қыздың анасы (Жұлдыз). 

Мейрамгүл Астанаға бір жыл бұрын жақсырақ жұмыс іздеп келген, оның 

ата-анасы Жезқазғанда тұрады, оның екі ағасы бар, екеуі де үйленген. 

Мейрамгүлдің жанұясы – қатаң мұсылмандар.



Данияр (Астана), 20 жаста, Мейрамгүлдің бұрынғы жігіті және Жұлдыздың 

әкесі. Даниярдың жанұясы Қарағандыдан, оның жанұясы сонда тұрады, бірақ 

ол – Астана қаласындағы университеттердің бірінде оқитын студент, оқуын 

келесі жылы тәмамдайды. 



Лейла (Жезқазған) 50 жаста, Мейрамгүлдің анасы, вокзалда кассир болып 

жұмыс істейді. Лейланың үш баласы бар, екі ұлы Жезқазғанда тұрады және 

олар да темір жолда жұмыс істейді, ал қызы Мейрамгүлдің Астанада тұрғанына 

бір жыл болған. Лейла Мейрамгүлдің қыз туғанын біледі және олардың екеуін 

де көргісі келеді. Алайда оның күйеуі Мейрамгүлге оның некесіз бала туғаны 

үшін қатты ашулы, сондықтан оған баламен үйіне қайта оралуына рұхсат 

етпейді. 

Роза (Астана) 28 жаста, перзентханада психолог болып жұмыс істейді. 

Оның баладан бас тарту оқиғалары жағынан жұмыс тәжірибесі, сондықтан 

ол Мейрамгүлге көмектесе алмайтынын ойлап мазасызданады, себебі 

Мейрамгүл тап болған барлық мәселелердің қоғамдық сипаты бар. Алайда ол 

депрессия белгілері анық көрінген (үнемі жылайтын, өзіне зақым келтірген 

– қолын кескілеген және т.б.) және өзінің туыстарынан қолдау ала алмаған 

Мейрамгүлмен жұмыс істегенде психологиялық кеңес беру әдістерін қолданды. 

Сәби қыз Жұлдыз Астана қаласындағы перзентханада дүниеге келді. Баланың 

салмағы төмен болды, сондықтан бөлімшенің медбикелері Жұлдыздың 

анасының баланы перзентханада қалдырғысы келетінін тез арада хабарлады, 

себебі ол баланы уақытысында емізбеген, оның атын кім деп қоятыны туралы 

ойланбаған және құжаттары болмаған. Мейрамгүл өзінің анасы Лейлаға теле-

фон соғып, оған өзінің балалы болғанын айтқан, алайда оның әкесі ашуланып, 

оған баламен оралуға тыйым салған. 

Жұлдыздың әкесі (Данияр) Мейрамгүлге бұл өзінің баласы еместігін айтып, 

оны жалғыз қалдырып кеткен. Даниярдың жанұясы Қарағандыда тұрады 

және олар Жұлдыздың туғанын білмейді. Мейрамгүлдің арнаулы орта білімі 

бар, мамандығы – бастауыш сыныптардың мұғалімі. Ол бұрын Астанадағы 

супермаркеттердің бірінде сатушы болып жұмыс істеген, бірақ келісімшартсыз 



53

52

              



      Денсаул

ық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау жүйелерінің қызм

еткерлеріне арналған анықтамалық

ЖЕР


Г

І

ЛІК



ТІ 

ДЕҢ


ГЕЙ

Д

Е



Г

І Ә


Л

Е

У



М

Е

ТТІК



 ЖҰМЫ

СТА


Ғ

Ы

 



К

ЕЙС-


М

Е

Н



ЕД

ЖМЕ


Н

Т 

жұмыс істеген, сондықтан ол босануына байланысты арнайы жәрдемақы ала 



алмайды. Мейрамгүлдің жүктілігі Мейрамгүл үшін де, Данияр үшін де күтпеген 

жағдай болған, қыз бұл туралы кеш білген, дәрігерге баруға қорыққан, уақыт 

өте берген, бала қозғала бастаған, ол дәрігерге есепке тұрмаған және аборт 

жасауға әрекет жасамаған. 

Жұлдыз бен Мейрамгүлді туыстарының ешқайсысы ол перзентханада он 

күн жатқанда көруге келмеген. Перинаталдық бөлімшенің психологы 

Мейрамгүлмен жұмыс істей бастады және әйелдің шынымен де баладан бас 

тартқысы келетінін анықтаған, себебі оның жанұясы некесіз туған баланы 

үйіне алып келуіне рұхсат бермеген. Мейрамгүл мамандардан ерекше көмек 

алмаған, бірақ әйелдер консультациясының медбикелеріне және перинаталдық 

бөлімшенің психологы Розаға риза. Мейрамгүлдің әлеуметтік жұмыскермен 

көп байланысы болған жоқ, бірақ Роза оны емханаға, әлеуметтік жұмыскердің 

кеңесін алуға жібере алатын еді. 

Мейрамгүл Астанада жеке өзі сәбимен тұра алмайды, себебі оның тұрақты ба-

спанасы мен табысы жоқ. Перинаталдық бөлімшедегі Роза оған осы мәселелерді 

шешуге көмектесе алмады, сондықтан сәбидің анасы нотаруһиуысқа барып, 

баладан бас тарту жөнінде өтініш жазуға мәжбүр болған. Мейрамгүлді «Үміт» 

бөлімшесіне қабылдай алмады, себебі оның құжаттарының барлығы болмаған. 

Мейрамгүл мәжбүр болған бас тартудың саладарынан қатты қтиналған және 

оның депрессиясы күшейген. Мейрамгүлге дағдарыс орталығы көмектесе 

алар еді, онда ол баламен тұра алар еді және дүрыс заңгерлік, психологиялық 

және әлеуметтік көмек алар еді, алайда осындай орталықтар жұмыс істеуі 

үшін жеткілікті қаржыландырылмайды. Мұқтаждықтарды ведомствоаралық 

бағалау өткізілмеген, баламен жеке жұмыс жоспары Мейрамгүлмен жұмыс 

істеуге қатысатын мамандармен құрылмаған. 

Жұлдыз қазір 6 айлық, анасы бас тартқаннан кейінгі барлық уақытта ол 

бөбектер үйінде болды. Оны енді асырап алуға болады және оны келесі айда 

асырап алуы мүмкін. Ол өзінің шын ата-анасы кім екенін ешқашан білмеуі 

мүмкін.  

* 2 оқиға



Саша (Глубокое ауылы), ер бала, 10 жаста. 2 апта бұрын оны полиция ин-

спекторлары Өскеменнен тапқан, онда ол тәуліктің қараңғы кезінде жалғыз 

өзі, лас және аш күйінде көшеде жүрген. Бала сөйлескісі келмеген, өзінің 

қайдан келгенін, аты-жөнін айтқысы келмеген, сондықтан оны КБО-на 

орналастырған. 

Тамара (Глубокое ауылы), 35 жаста, Сашаның анасы. Оның тек орта білімі бар, 

ол бұрын шаруа қожалығында жұмыс істеген, бірақ 5 жыл бұрын жұмысынан 

айрылған, енді жазда басқа адамдардың бақшаларында жұмыс істеп табыс та-

бады. Бірнеше жыл бұрын Тамара көп ішімдік ішетін болды, бірақ өзін бұны 

шектей аламын деп санаған, бірақ күйеуі қайтыс болғаннан кейін ол одан да 

көп іше бастаған және тіпті бір бөтелке арақ үшін үйіне басқа ер адамдарды 

ертіп келетін болған. Ол өзінің ұлы Сашаны өте жақсы көреді, бірақ өзін жа-

ман анамын, балаға қарауға қабілетсізбін деп шешкен. Ол күйеуінің ағасы 

ұлына қамқор болады деп үміттенген. 

Венера (Өскемен), 43 жаста, КБО-ның әлеуметтік педагогы. Саша КБО-на 

бірінші реет түскенде ол өте тыныш жүрген. Бірақ Венера баламен қарым-

қатынас орната білген және баланың қайдан келгені туралы ақпарат алған. 

Венера Сашаның анасы өз баласына қарай алмайтынына толық сенімді болған 

және оның баланы жалғыз өзін жаяу Өскеменге жібергеніне ашулы болған. 

Гүлнар (Өскемен), 45 жаста, қамқорлық және қорғаншылық органының 

қызметкері. Ол негізінен Өскемендегі балалар үшін жауапты, бірақ сонымен 

бірге ШҚО-ның басқа аударындағы жақын жердегі ауылдардан қашып келетін 

балаларға жиі тап болады. Саша – Гүлнар үшін ата-анасының маскүнемдігі 

балаларға қалай әсер ететінінің жиі кездесетін оқиғасы. Ол осы уақытқа 

дейін көптеген осындай жанұяларды көрген. Әдетте осындай жағдайларда 

баланы қамқорлыққа алу немесе балалар үйіне орналастыру туралы шешім 

қабылданады. Сашаның оны қамқорлыққа алуға ниетті және қабілетті туы-

стары болмағандықтан, ол балалар үйіне жіберілуі әбден мүмкін. 

Лариса (Глубокое ауылы), 25 жаста, ауыл мектебінің әлеуметтік педагогы, 

сонымен бірге бейнелеу өнерінің мұғалімі. Лариса әлеуметтік педагог ретінде 

жұмыс істеуді 9 ай бұрын бастаған, бірақ Сашаның жанұясымен танысып 

үлгерген және олардың үйіне сынып жетекшісімен бірге бірнеше реет барған. 

Сашаның ата-анасы үнемі ішетін, бірақ Сашаның әкесі шаруа қожалығында 

жұмыс істеген, сондықтан азды-көпті тұрақты табысы болған. Сонымен бірге 

ол ұлын тәртіпке үйреткен және Саша үшін беделді болды. Ауыл тұрғындары 

оның ішімдікпен уланып өлгеніне қайғырды. Ол қайтыс болғаннан кейін 

Саша, әдетте еті тірі бала, томаға-тұйық болып қалды. Лариса кейде Сашамен 

жеке жұмыс жасады, себебі бала сурет салуды ұнатады. 

Баланың анасы, Тамара, бұрынғысынан да көп ішетін болды, үйіндегі 

заттардың барлығын, тіпті еден ағаштарын да сата бастады. Саша үлкен бала-

лармен достасып, асханадан тамақ ұрлай бастады (тіпті оған тамақты тегін беріп 

жүрсе де), кейде гардеробтан басқа балалардың шарфтарын/ қалпақтарын 

ұрлаған. Сөйлескенде бала өзінің істеген істеріне өкінбейтіндей көрінген. 

Мектептің барлық мұғалімдері Ларисаға Тамараны ата-ана құқығынан айыру 

үшін құжаттарды дайындауға және оны Әйелдер ісі жөніндегі комиссияның 

қарауына тапсыруға кеңес берген. 



Ренат (Өскемен), 42 жаста, Сашаның көкесі. Таксист болып жмыс істейді, 

2 ұлы бар (12 және 14 жаста). Ренат ағасына жеткілікті түрде жақын болған 

және ағасы қайтыс болғанда қатты қайғырған. Ол ылғи да ағасының әйелі 

Тамараға риза болмаған, себебі ол ағасына теріс әсер еткен. Қамқорлық 

және қорғаншылық органының қызметкерлері оған хабарласып, Сашаны 

қамқорлыққа алуды ұсынғанда, оның бірінші реакциясы баланы өзіне алу 




55

54

              



      Денсаул

ық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау жүйелерінің қызм

еткерлеріне арналған анықтамалық

ЖЕР


Г

І

ЛІК



ТІ 

ДЕҢ


ГЕЙ

Д

Е



Г

І Ә


Л

Е

У



М

Е

ТТІК



 ЖҰМЫ

СТА


Ғ

Ы

 



К

ЕЙС-


М

Е

Н



ЕД

ЖМЕ


Н

Т 

болды, алайда оның әйелі қатаң тыйым салған, себебі баланың гендері на-



шар, ол қиын бала, үйдегі заттарды ұрлайтын болады, өздерінің де тұрғын үй 

жағдайлары үш бала үшін жеткіліксіз. 

КБО-нда Сашаға жаңа киім беріп, тамақтандырған. Ол жақын жердегі Глубо-

кое ауылынан жаяу келгенін, онда өзінің анасымен тұратынын айтып берген; 

ол өзінің Өскеменде тұратын көкесін тапқысы келгенін айтқан. Келесі күні 

Венера мен Гүлнар Ларисамен хабарласып, Сашаның анасының (Тамараның) 

шынымен де сол ауылда тұратынын, күшті алкогольдік тәуелділігі бар екенін, 

үйіндегі заттардың барлығын, еден ағаштарын араққа сатқанын, үйде салқын, 

лас, иісі жаман екенін анықтаған. Тамара өзінің 6 ай бұрын алкогольмен 

уланып қайтыс болған күйеуінің, Сашаның әкесінің қайғысынан ішетінін 

айтқан. Ол өзінің баласына қарай алмайтынымен келіскен, сондықтан бала-

ны Өскеменге көкесімен тұруға жіберген. Лариса өзінің Сашаның анасын ата-

ана құқығынан айыру үшін Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға 

тапсыратын құжаттарды дайындай бастағанын хабарлады. Венера мен Гүлнар 

Сашаның көкесі Ренатпен хабарласқан, ол баланы өзіне алуға ешқашан 

келісім бермегенін айтқан, себебі бала қиын, ұрлық жасайды. Баланың басқа 

туыстарын табуға әрекет жасалды, бірақ олардың ешқайсысында жарамды 

тұрғын үй жағдайлары болмаған. 

 Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия ата-ана құқығынан жартылай 

айыруды ұсынды, бұнымен сот келіскен. КБО-нда 3 ай тұрғаннан кейін Саша-

ны оның соңғы құжаттары дайын болғанша панаға көшірілді, Тамара баланы 

көруге өте сирек келеді.  

*3 оқиға

Светлана (Семей), 40 жаста, Светлананың жанұясы 2011 жылдың қыркүйек 

айында Жанұяны қолдау орталығына Семей қаласының әлеуметтік 

жұмыскерімен жолданған. Жанұяны қолдау орталығына барғанда 

Светлананың 4 баласы болған – қызы Д. – 21.101995 ж.туған, қызы Г. – 

30.01.1999ж. туған, ұлы Б. - 23.08.2000ж. туған, қызы Н. – 16.08.2007 жылы 

туған. Светлана жұмыс істемейді, көп балалы болғаны үшін жәрдемақы ала-

ды, кардиологияда Д есепте тұр және дос әйелімен бірге пәтер жалдап тұрады. 

Светлананың кәсіби білімі жоқ, бірақ ол жақсы тігеді. Светлананың ата-анасы 

қайтыс болған, оның әпкесі бар (В.), ол күйеуге шыққан және 2 баласы бар. 

В. Светлананы «сәтсіз» және «ақымақ» деп атайды, екеуінің қарым-қатынасы 

нашар. В.-ның күйеуі ақша табуға Ресейге жиі барады (вахталық тәсілмен), 

В. Балаларын өзі тәрбиелеуге мәжбүр. 



Рүстем (Семей), 45 жаста, Светлананың бұрынғы күйеуі. Күшті алкоголдік 

тәуелділігі бар, анасымен тұрады. Светланадан екі баласы бар және Светлананың 

үлкен қызы Д.-ны да өзінің баласы деп санайды. Рүстем – мамандығы бой-

ынша ағаш ұстасы, бірақ маскүнемдікке байланысты дұрыс жұмыс істемейді, 

бұл оған еңбек тәртібін сақтауға кедергі жасайды. Ол тоқтатқысы келеді, бірақ 

өзінің ағасымен тұрады, ол да ішеді және Рүстем ішуді тастау мүмкін емес деп 

санайды. 

Гүлзира (Семей), 32 жаста, жанұяны қолдау орталығының қызметкері, 

мамандығы бойынша әлеуметтік педагог. 

Гүлзира балалармен қуана жұмыс істейді және олармен топтық жұмыс 

өткізуге шығармашылықпен қарайды. Ол Светланамен және оның бала-

ларымен сенімді қарым-қатынас орната алды. Ол ең басты міндет жанұяға 

жақсы тұрғын үй алуға және тиісті жәрдемақы алуға көмектесу деп санайды. 

Балалардың мінез-құлықтары жөнінде мазасызданады, себебі қыздар тиіскіш 

және ашулы болуы мүмкін, ал ер бала Б. керісінше томаға-тұйық. Гүлзира 

қыздарды орталықта жұмыс істейтін бисер тоқу үйірмесіне қатыстырды, ал ер 

бала қазір өз мектебіндегі футбол секциясына барып жүр. Ол балағаи санау 

мен жазуға үйренуге көмектесті. 

Светлана өзінің балалық шағын және ата-анасын есіне түсіргенді ұнатпайды, 

оны және оның әпкесін әкесінің ата-анасы тәрбиелеген. Светлана бірінші ба-

ласы Д.-ға аяғы ауыр болғанда, оның азаматтық күйеуі түрмеге отырған. Алай-

да Д. дүниеге келердің алдында, Светлана Рүстемге күйеуге шыққан. Ол одан 

екі бала туған – қызы Г. және ұлы Б.. 2003 жылы олар ресми түрде ажырасқан, 

себебі Рүстем көп ішетін болған. Светлана алимент алуға сотқа шағым жазған, 

бірақ Рүстем ештеңе төлемеген, себебі ол ішімдік ішкен және жұмыссыз 

қалған. Осы жылы Светлананың бұрынғы азаматтық күйеуі түрмеден шыққан, 

сөйтіп олар қайта кездесе бастаған. Бір жыл өткен соң Светлана кіші қызы 

Н.-ны босанған. Бірақ азаматтық күйеуімен бірге өмірі үйлеспеген, себебі ол 

жұмыс істегесі және жанұясын асырағысы келмеген. Осыған қоса, Светлана-

ны және оның балаларын «өзінің жалқаулығынан және сыйламағандығынан» 

ұрып-соғатын болған. Светлана сонымен бірге үлкен қыздарының өгей 

әкелерінен, тіпті оның «көңіл күйі жақсы болғанда» қашып, тығылатынын 

байқаған. Ашық әңгімелескеннен кейін Д. Светланаға өгей әкесінің оған және 

екінші қыз Г.-ға қолын тигізіп жанасқанды ұнататынын және осыны соңғы 4 

ай ішінде істеп жүргенін айтқан. Светлана балаларын алып тез арада кетуге 

шешім қабылдаған және азаматтық күйеуінің оларды жайына қалдыруын та-

лап еткен, әйтпесе милицияға шағым жазатынын айтқан. 

Осы кезде жанұя қиындықтарға тап болған, себебі Светлананың кішкентай 

баламен отырған және жұмыс істей алмаған және өзінің баспанасы болмаған. 

Светлана тұрғын үй кезегіне тұрған. Ол өз балаларын асырай алмайтынын 

түсінген, сондықтан үш қызын балалар үйіне өткізген, ұлын Рүстем мен оның 

анасы алып кеткен. Алайда балалар үйіндегі балаларына барып жүргенде, Свет-

лана онда олардың жағдайлары нашар екенін және оларға өзінің керек екенін 

түсінген. 6 айдан соң ол балаларын өзіне қайта алған. Осы уақытта Светлананың 

ұлы Б. бірінші сыныпқа барған, ол өзінің әкесінің қамқорлығында болған, ал 

әкесі ішуін жалғастыра берген, сондықтан баланың сабақ оқуына ешқандай 

көмек көрсетілмген. Сабақ үлгерімі төмен болғандықтан бала екінші жылға 




56

              

      Денсаул

ық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау жүйелерінің қызм

еткерлеріне арналған анықтамалық

қалған. Бұл туралы Светлана білгенде, ол баласын өзіне қайта алу туралы 

шешім қабылдаған. Жанұя Светлананың дос әйелінің үйінде тұра бастаған. 

Мектеп және емхананың әлеуметтік жұмыскері Светланаға жанұяны қолдау 

орталығына баруға кеңес берген. Светлана орталыққа бару керектігі жөнінде 

күмәнді болған, себебі бұрын ол көптеген ұйымдарға өтініш білдірген, бірақ 

ешқашан көмек алмаған. Алайда ол орталыққа бара бастаған, Гүлзирамен 

кездескен, келісімге қол қойған және оның жанұясын бағалау жүргізілген, 

бүкіл жанұяға арналған жеке жоспар құрылған. Светлананың балалары қазір 

көптеген мектеп үйірмелеріне барып жүр. Д. колледжге түскен, жанұя тұрғын 



үй кезегінде тұрады, ал Светлана тігінші болып жұмыс істейді. 

жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау