Жоғары оқу орындарындағы өлкетану жұмыстарының жағдайы



жүктеу 70,88 Kb.
Pdf просмотр
Дата10.02.2018
өлшемі70,88 Kb.
#9180


Жоғары оқу орындарындағы өлкетану жұмыстарының жағдайы 

 

  Кез  келген  әлем  елдерінің  болашағы  білім  беру  жүйесі  мен  зиялылар  қауымының 

деңгейіне  байланысты  болғандықтан,  Қазақстан  халқына  да  әлемнің  дамыған  елдерімен 

тең  дәрежеде  білім  беру  қажеттілігі  күмән  тудырмайды.  Жастардың  ақыл  –  ойы  мен 

интелектісін барынша дамыту үшін білім беру  жүйесін тиімді  құра білген ұлттың еңсесі 

биік, абыройы артық болмақ. 

  Өлкетану жұмысының қазіргі кездегі маңыздылығы туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев, 

«Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  қоғамына  қарай  20 

қадам» атты Жолдауында, қазіргі кезде еліміздегі оқу – ағарту саласында,  өте көкейкесті 

болып табылатын өлкетану сынды пәннің жоқтығын атап көрсетті [1]. 

  Оқу  үдерісінде  өлкетану  жұмыстарын  ұйымдастыру  мен  оның  деректерін 

пайдалану  тек  тәуелсіздік  алған  тұстан  бері  қозғалып  келе  жатқан  мәселе  емес  ол  өз 

тарихында ұзақ даму жолынан өтті.  

 

Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мәдени-рухани мұралар, тастағы жазбалардағы өсиет, 



өнеге,  нақыл  сөздер,  өлкетану  мұражайларына  орналасқан  жәдігерлер  қазіргі  жас 

ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ерлік сезімді ұялатып, олардың туған жерге, өскен елге, 

ұлт мәдениетіне деген сүйіспеншілік қасиеттерді қалыптастыруға игі ықпал етеді. 

  Қазақ  халқы  ежелден  –  ақ  қоршаған  орта  болмысын,  оны  бүкіл  өзінің 

шаруашылығының  дамуы  мен  қалыптасуының,  тіршіліктің  даму  жүйесінің  көзіне 

айналдыра білген. Қазақтың көшпелі өмірінің өзінде табиғатты пайдаланумен қатар, оны 

аялаудың, қорғаудың тамаша үлгілері қалыптасқанын байқауға болады.  

Туған  өлкедегі  табиғат  пен  тарихты,  шаруашылық  пен  саясатты,  мәдениет  пен 

адамдардың тіршілік әрекетін қосып адамға ауқымды білім мен тәрбие беретін өлкетану 

психолого  –  педагогикалық  мәселе  ретінде  зерттеушілерге  әрқашанда  үлкен 

қызығушылық тудырған [2]. 

Қазақстанда  өлкетану  ғылымы  патшалық  Ресейдің  қазақ  даласын  отарлау 

мақсатында  алдын  -  ала  арнайы  әскери  экспедиялар  шығарып,  ғылыми-танымдық 

зерттеулер  жүргізу  шеңберінде  енсе,  оқытудың  ғылыми  деңгейін  арттыруда  өлкетану 

жұмыстарының  құндылығын  ерте  кезде  –  ақ  түсінген.  Алғашқы  өлкетанымдық 

зерттеулердің  алғышарттарын  біз  көне  дәуір  оқымыстылары    Геродот,  Эмпедокл, 

Гиппократ,  Теофсраст  еңбектерінен  байқауымызға  болады.  Өлкенің  құбылыстарын 

зерттеушілер  өсімдіктер  мен  жануарлар  әлемінің  қоршаған  ортаға  тәуелділігін 

қарастырған [3]. 

Ел  ішінде  халқының  болашағы  үшін  жұмақ  өмір  іздеген  Қорқыт  ата,  Асан  қайғы 

туралы  толып  жатқан  аңыз  -  әңгімелер  бар.  Қорқыт  атаның  даналық  мұралары  тұтас 

жылдар бойы ұлттық дүниетаным мен өлкетанудың негізгі өзегі болды.  

Асан  қайғы  толғауларында  туған  елінің  табиғаты,  жер  бетінің  ерекшеліктері  мен 

оның  қойнауындағы  байлықтары,  өсімдік  –  жануарлар  дүниесі  кеңінен  сипатталады.  Ол 

жүрген  жеріндегі  әрбір  өзен,  көл,  сай  –  сала  мен  елді  мекенге  сын  айтып,  баға  беріп 

отырған. 

  Ауыз  әдебиетінің  ойшылдары  Бұхар  жырау,  Шал  ақын,  Шортанбай,  Ақтанберді, 

Қазтуған,  Шалкиіз,  Дулат,  Майлықожа,  Ақан  сері,  Махамбет,  Шернияз,  Сүйінбай  және 

тағы басқалар өздерінің қоршаған ортаға, табиғатқа деген көзқарастарында материалдық, 

рухани  байлықтарын,  ақыл  –  парасатын,  адамгершілік,  қоғамдағы  байлықтарды  игеру 

мақсаттарын  паш  етті.  Бұл  өлкетанымның  ақыл  –  ойымен  парасаттылық  деңгейіне 

көтерілген  шегі  болатын.  Олардың  көксегені  теңдік,  бостандық,  жерді  сақтау,  өлкені 

қорғау,  адамдар  арасындағы  қарым  –  қатынас,  үлкенді  сыйлау  және  тағы  басқалар  өмір 

тіршілігіне тікелей қатысы бар мәселелерді талдау болды. 

  Асан  қайғыдан  бастап,  Шал  ақын,  Шортанбай,  Ақтанберді,  Қазтуған,  Шалкиіз, 

Дулат, Майлықожа, Ақан сері, Махамбет сияқты ақын – жыраулар шығармаларында ой – 

толғаныстары,  тіршілік,  өлке  сырының  мән  -  мағынасы,  адам  өмірінің  әр  кезеңімен, 



олардың  іс  -  әрекеттері  сөз  болып  отырады.  Халқымыздың  өлкеге  деген  сүйіспеншілігі 

және  оны  көзінің  қарашығындай  ұстап  келуі  жайында  қазіргі  ұрпаққа  үлгі  -  өнеге 

боларлық  дана  ұғымдар,  мақал  –  мәтелдер,  нақыл  сөздер,  аңыз  әңгімелер  арқылы  жетіп 

отырған [4]. 

  Өлкетану  деректері  бұрыннан  бері  халықтар  арасында  ауызша  ұрпақтан-ұрпаққа 

таралып,  жалғасын  тауып  келді.  Ресей  патшасы  I  -  Петрдің  жарлығымен  1718  жылы  13 

ақпанында  өлкетанушылардың  тапқан  тарихи  жәдігерлері,    заттары  патшаға  жеткізіліп,  өз 

өлкесіндегі  ізденіс  жұмыстары  үшін  марапаттап  отыру  талап  етілді.  Бұл  сол  кездегі  қазақ 

даласына да қатысты еді. 

  ХІХ ғасырдада Қазақстанның ғылыми-танымдық өлкетануында орыс географиялық 

қоғамының  1868  жылы  құрылған  Орынбор  бөлімшесі  жетекші  орын  алды.  Бөлімше 

өлкенің географиясын, тарихын, этнографиясын, қазба байлықтарын және статистикасын 

зерттеумен айналысты.  Бұл бөлімшемен қатар  Торғай статистика комитеті мен  Орынбор 

ғылыми  мұрағат  комиссиясы  (1887)  ашылды.  Бұл  өлкеде  атқарылған  жұмыстарға 

қазақтың  біртуар  ғалымдары  Ы.Алтынсарин,  С.Бабажанов,  Б.Дауылбаев,  Т.Сейдалин, 

С.Жантөрин және т.б. өз үлестерін қосты [5]. 

  Еліміздің педагогикалық тархында 1920 жылдан бастап өлкетану жұмыстары бірте 

–  бірте  жолға  қойыла  бастады.  Осы  жылы  Қазақстанда  зерттеу  қоғамы  құрылды,  1921 

жылдың  7  ақпанында  Қазақ  АКСР  Халық  ағарту  комиссариаты  тарихи,  мәдени 

ескерткіштерді  қорғау  туралы қаулы қабылданды. Онда Халық  ағарту комиссариатының 

ғылыми  бөлімінің  рұхсатынсыз  өлкедегі  тарихи  қорғандар  мен  ескерткіш  орындар,  

төбелерді қазып, өздігінен зерттеу жұмыстарын жүргізуге тиым салынды.  

  1924 жылы зерттеу қоғамы өлкетанудың бесжылдық жұмыс жоспарын қабылдады. Онда 

елді  мекеңдердің  орналасу  картографиясың,  табиғи  байлықтарын  және  табиғат  жағдайларын 

зерттеу,  гидрографикалық  комиссия  құру  секілді  мәселелер  күн  тәртібіне  қойылды.  Ең 

маңыздысы сонда бұл өлкетанымдық зерттеу қоғамы ауыл шаруашылығындағы мәселелерді де 

күннің  кезек  күттірмес  мәселесі  ретінде  алға  қойып,  халыққа  өлкетану  ісіне  байланысты  дәрістер 

оқуды мақсат етті. 

  1929  жылы  барлық  мұражайлар  мен  Қазақстанды  зерттеу  қоғамдары  алдында 

ескерткіштерді есепке алу жұмысы кең көлемде жүргізіліп, оларды ұқыпты түрде картаға 

түсіру мен сипаттау талап етілді.  

  Қазақстанда өлкетану ісінің дамуы С.Аспандияров, М.Д.Жолдыбаев, Ә.Жангелдин 

сында  аса  көрнекті  мемлекет  қайраткерлерінің  есімдерімен  байланысты.  Сол  кездегі 

О.Жандосовтың  «Өз  өлкеңді  таны»  мақаласы  өлкетануға    елеулі  үлес  қосты. 

В.Д.Гордецкийдің «Жетісу өлкесіндегі мектеп топсаяхатына мәліметтер» атты оқу құралы 

Жетісу  өңіріндегі  мектептерге  таратылды.  Бұл  мектептердің  оқушылары  мен 

мұғалімдеріне арналған ең алғашқы өлкетану бойынша оқу құралы еді. 

  1930  жылы    Қазақстанда  зерттеу  қоғамынының  белсенді  мүшесі  Ә.Жангелдин, 

ғалым – филолог Ә.Қоңыратбаев мүшелікте елеулі қызметтер атқарды. 

   1930  жылы  сәуірде    Өлкетану  Бюросының  жетекшісі  қызметін  атқарған 

С.Аспандияровтың  басшылығымен  алғаш  рет  бүкіл  қазақтық  өлкетанушылар  съезі 

шақырылды. Оның жұмысына ірі ғалымдармен қоса 238 делегат қатынасты. 

  Шақырылған    жиында,  жоғары  оқу  орындарының  студенттерін  және  мектеп 

оқушыларын тәрбиелеу барысында өлкетану ісін жандандыруға көңіл бөлініп, шешімдер 

шығарады.    

  Әр  жеке  тұлғаның,  өз өлкесін,  табиғатын,  өндіргіш  күштерін,  тарихын,  климатын, 

өсімдіктер әлемін т.б.  білу, оны ғылыми тұрғыда еліміздің тарихын дамытуға пайдалана 

білу  аса  қажетті  белгі  болып  табылатындықтан,  өлкені  танып  –  білу  мен  зертеу,  оны  іс 

жүзінде дәлелдеу жұмыстары студенттердің арасында әлі де болса кемшін қалып келеді - 

деген  шешіммен,  жоғары  оқу  орындарында  өлкетану  жұмыстарын  жан  –  жақты 

жандандырып, үйірмелер ашуды көздеген. 



  «...Болашақ  жастар  өмір  сүріп  отырған  мемлекеттің  өткені  мен  келешегін,  оның 

алдында  тұрған  жоспарларды  жақсы  білуі  қажет.  Оқушы  өз  елінің  басынан  кешкен 

қиындықтарымен  танысып  қана  қоймай,  сондай  қиындықтан  елін,  халқын  алып  шығуға 

белсене  қатысып,  оған  өзінің  үлесін  қосатындай  болып  тәрбиеленуі  тиіс»  -  дей  келе, 

«өлкетану  жұмыстары  Отанды  сүю  мен  патриоттық  тәрбие  беруде  маңызды  роль 

атқарады» - деп тұжырымдады С.Аспандияров өз еңбегінде [6].  

  Педагог  –  ғалым  өлкетану  жұмысын  туған  өлкенің  тарихын,  мәдениетін,  әдебиеті 

мен табиғатын, халық шаруашылығын танып білуде аса маңызды деп санады. 

 

Егемендікке  қол  жеткізген  уақыттан  бастап  туған  өлкеге,  туған  жердің  тарихын 



оқытуға  ерекше  назар  аударылды,  себебі  өз  өлкесінің  тарихын  білмей  ұлтжанды  ұрпақ 

қалыптаспайды.  Бұған  нақты  дәлелдер  де  жетерлік,  мысалыға  1994  жылы  26  тамыздағы 

гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, 1995 жылы 30 маусымда қабылданған тарихи 

сананы  қалыптастыру  тұжырымдамасы,    1996  жылғы  15    шілдедегі  этникалық  –  мәдени 

білім  тұжырымдамасында  сондай  -  ақ

 

Қазақстан  Республикасының  азаматтарына 

патриоттық  тәрбие  берудің  мемлекеттік  бағдарламаларында  өлкетану  жұмыстарының 

тәрбиелік мүмкіндіктері мен маңыздылығына ерекше мән берген.   

Ал  жоғары  оқу  орындарында  өлкетану  материалдарын  пайдаланудың  кейбір 

тұстарын    Г.В.Аверкиева,  Т.В.Данилова,  И.В.Кишкин,  А.А.Хуснитдинов  отандық 

ғалымдардан

 

Г.Қ.Тұрабаева, 



 

Д.Д.Байдалиев өз еңбектерінде  қарастырған. 

 

Жаңа білім беру жүйесіне көшу рухани бай, денсаулығы мықты, туған елін, жерін 



сүйетін, қадірлейтін оқушыны тәрбиелеуді ұсынады. Бүгінгі таңдағы білім  берудегі басты 

мақсат  жас  ұрпақтың  білім  деңгейін  көтеру  және  жан-жақты  дамыған,  білімді,  сауатты, 

өмір  сүруге  бейім,  белсенді,  қабілетті  жеке  тұлға  қалыптастыру  болып  табылады.  Бұдан 

шығатын  қорытынды,  жаңа  қоғамда  мұғалімнің  ішкі  жан  дүниесі  де  жаңаша  болмақ, 

демек болашақ ұрпақтан да үлкен үміт күтіледі.  

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жергілікті жерлердегі өлкетану мекемелерінің 

ісін  жандандыру,  бұрынғы  жер-су  атауларының  шығу  тегін  зерттеп,  қалпына  келтіру, 

халыққа  көп  танымал  емес  бай  мұраны  жинастыру,  тарихи-мәдени  ескерткіштерді 

қорғауға алу ісі қолға алынды. Жергілікті жерлерде облыс, аудан өлкетану мұражайлары 

жұмыс  істейді.  Қазақстанның  әр  өлкесіне  арнайы  ғылыми-зерттеу  экспедицияларын 

ұйымдастыру да ілгері даму үстінде болды. 

Алайда, қазіргі кезде өлкетану жұмыстарын дұрыс жолға қойып, ұйымдастыру, ол 

бойынша  жүргізілетін  жұмыстың  дәрежесі,  оқу  –  тәрбие    үдерісінде  кеңінен  әрі  тиімді 

пайдалану  барлық  білім  беру  мекемелерінде  бірдей  емес.

 

Осы  уақытқа  дейін  белгілі 



болғандай  тек  өз  пәні  мен  мамандығын  сүйетін  алдыңғы  қатарлы  мұғалімдер  мектептің 

тұрған  жерін  жүйелі  түрде  зерттеп  білуді,  ол  жұмысқа  оқушыларды  көптеп  тартып, 

ғылыми  –  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуді  жақсы  ұйымдастырады  және  өзінің  іс  – 

тәжірибелерімен бөлісіп отырады.  

 

Осы мәселелерді негізге ала отырып, соңғы уақыттағы жоғары оқу орындарындағы 



өлкетану  жұмыстарының  жай  –  күйіне  талдау  жасай  кетсек,  еліміздегі

 

2004  жылғы 



«Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасын  және    іс  –  шараларын  жүзеге  асыру 

мақсатында және Қазақстан Республикасы Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның 

әлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  қоғамына  қарай  20  қадам»  атты 

Жолдауының  негізінде  көптеген  жоғары  оқу  орындарының  іс  –  тәжірибелері  мен  оқу  – 

тәрбие  үдерісінде    өлкетану  жұмыстарының  жандана  бастағанын  көреміз.  Болашақ 

тарихшыларды  даярлау  жүйесінде  «Тарихи  өлкетану»  міндетті  пән  ретінде  енгізілсе, 

география  саласында  «Географиялық  өлкетану»  таңдау  компоненті  есебінен  құрыла 

бастады.  Сондай  –  ақ  қазіргі  жоғары  оқу  орындарында  өлкетанымдық  жорықтардың 

жанданғандығын атап өту қажет. 

 

Соның  бірі  2008  –  2009  жылдары  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым 



министрлігінің    Археология  институты,  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 

университеті, Қарағанды,  Көкшетау, Қостанай университеттері Қазақстанда 30 – ға жуық 




қалашықтарда,  қоныстарда,  қорғандарда  археологиялық  зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп, 

тұрғындармен  пікір  алмасқан.  Аталған  қалалардың  оқу  орындарында  өлкетану 

мұражайлары  ашылған.  Мұндай  өлкетанымдық  жорықтар  мен  практикалық  жұмыстар 

барлық  өңірлерде  де  қолға  алынған.  Осындай  өлкетанымдық  іс  –  шараларды 

Сұлтанмахмұт  Торайғыров  атындағы  Павлодар  мемелекеттік  университеті  2001  жылдан 

бері  жүзеге  асырып  келеді.  Осы  жылы  алғаш  рет  студенттер  мен  мектеп  оқушыларын 

ұйымдастырып  «Өлкетану»  экспедициясын  құрды.  Жастар  Павлодар  облысының 

мазарларын,  ескерткіштерін,  мұражайларының  т.б.  тарихи  орындардың  жай  –  күйімен 

танысып,  универсиет  мұғалімдері    бағыт  –  бағдар  беріп,  дәрістер  оқыған.  Ал  мұның 

бәрінің  астарында  танымдық  мән  жатқаны,  патриоттық  сезім  мен  ұлттық  намысты 

оятатын құндылықтар жатқаны айтпаса да түсінікті. Университет басшылығымен болашақ 

мұғалімдерді  педагогикалық  өлкетану  жұмысына  даярлауда  ауқымды  істер  атқарылған. 

Сондай – ақ бұл оқу орнының басшылығымен «Өлкетану - Краеведение» журналы шығып 

тұраған. 

 

Қазір  жоғары  оқу  орындарының  білім  беру  саласында  белгілі  бір  жүйеде  өлке 



тарихы  бойынша  материал  беріп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  мұражай  бойынша  және 

өлкетану  көздерін  оқыту  мүмкіндігі  туды.  Мәселен  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық 

универсиетінің  туризм  кафедрасы  жыл  сайын  студенттерді  ұйымдастырып  еліміздегі 

өлкетану  мұражайларына  барып,  түрлі  орындарға  танымжорықтар  ұйымдастырып 

отырады.  Аталмыш  оқу  орнында  мұндай  іс  –  шара  жылдан  –  жылға  жақсарып  келе 

жатқандығын аңғаруға болады.  

 

Көптеген жоғары оқу орындарының іс – тәжірибелерінде экскурсиятану, аймақтану 



секілді  пәндер  енгізілуде.  Бұл  студенттерді  соның  ішінде,  болашақ  педагог  мамандарды 

өлкетану жұмыстарына даярлауда маңызды белгі болып табылады.  

 

Бірақ  жоғары  оқу  орындарының  да  бұл  салада  әлі  де  болса  шешімін  таппаған 



мәселелер  баршылық,  олар  студенттерді  өлкетану  жұмысына  даярлау    керектігіне 

байланысты  пікірлер  айтылғанмен  де,  мұнда  аяқталмаған  нақты  теориялық  және 

практикалық  мәселелер  жеткілікті.    Оған  жататындар:  білім  беру  мен  тәрбиені  тұтас 

үдеріске біріктіру, өлкетану үйірмелері, тарих және қоғамтану сондай – ақ педагогикамен 

байланысы,  өлкетану  кешенінің  болашақ  педагог  мамандарды  мектептегі  жұмыстарға 

даярлаудағы  ролі  және  оның  тәрбиелеудегі  орны,  өлкетану  материалдарын  зерттеу, 

жинау, педагогикада пайдалану мәселелері және т.б. 

 

Жоғары  оқу  орындарындағы  өлкетануға  даярлау  ісін  ұйымдастырудағы 



кемшіліктерді  былайша  түсінідіруге  болады,  негізгі  себеп  өлкетануға  байланысты  іс  – 

тәжірибелердің өз дәрежесінде еместігі, оқытушының өлкетанымдық іс  – әрекеті тек пән 

негізінде болмаса, оның педагогикалық маңыздылығына қарамастан ақшасыз, төленбейді, 

мемлекеттік  құжаттарда  көрсетілсе  де  –  кей  жағдайларда  міндетті  емес  деп  те 

есептелінеді,  тек  мерейтой,  түрлі  іс  –  шараларға  орайластырып  қана  тәрбие  түрінде 

ұйымдастырылады. 

 

Туған  өлкенің,  жергілікті  жердің  қала  берді  аймақтардың  өзіндік  ерекшеліктерін, 



табиғатын,  тарихын, халқы  мен  шаруашылығын  жан  –  жақты  сипаттайтын  факторларды 

зерттеу қазіргі білім беру саласының маңыздылығын арттыра түспек.  

 

Қорытындылай  келе  айтарымыз,  өлкетану  жұмыстары  жеке  тұлғаның  дүниеге 



дұрыс 

көзқарасының 

қалыптасуына 

қоршаған 

шындықты 

түсінуге, 

сенімін 

қалыптастырудың  негізі  болып  табылады.    Өлкетануды  оқытудың  жетістігі  –  ол  

оқытушылар  мен  мұғалімдердің,  мектеп  оқушыларының  ізденісін,  олардың 

шығармашылықпен  жұмыс  істеу  қабілетін  арттыра  түсу,    өлкетануға  деген 

қызығушылығын  арттыру,  туған  өлкесіне  деген  сүйіспеншілігін  тереңдету  болып 

табылады.  



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 

 


1. 

Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек 

Қоғамына қарай 20 қадам». 

//

Егемен Қазақстан, 2012, 10 шілде. 

2. 

 Байдалиев Д.Д. Болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына кәсіби 



даярлау: автореф. ...пед. ғыл. канд. дисс.  

Алматы, 2009. – 23 б. 



3. 

Орынбеков С. Өлкелік принцип негізінде жануартанудан экологиялық білім беру 

әдістері: пед.ғылым. канд. дис... –Алматы, 1996. –186 б. 

4. 


Текесбаева  А.М.  Өлкетану  негізінде  бастауыш  сынып  оқушыларының 

дүниетанымын қалыптастыру: автореф. ...пед. ғыл. канд. –Алматы, 2004. – 26 б. 

5. 

Раймханова К.Н. Тарихи өлкетану. – Тараз, 2004. - Б – 14-17. 



6. 

Аспандияров С.Д. Қазақстан тарихының очерктері (оқу құралы). Алматы: Санат, 

1994.  - Б – 12-15.  

 

Байдалиев Дархан Дәулетжанұлы. п.ғ.к., доцент, М.Х.Дулати атындағы Тараз 



мемлекеттік университеті, Тараз қаласы  

 

 



жүктеу 70,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау