31
30
Денсаул
ық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау жүйелерінің қызм
еткерлеріне арналған анықтамалық
ЖЕР
Г
І
ЛІК
ТІ
ДЕҢ
ГЕЙ
Д
Е
Г
І Ә
Л
Е
У
М
Е
ТТІК
ЖҰМЫ
СТА
Ғ
Ы
К
ЕЙС-
М
Е
Н
ЕД
ЖМЕ
Н
Т
Баланың жанұялық және қоғамдық қарым-
қатынастары
Эмпатияны дамыту және өзін басқаның орына қою қабілеті. Бұған ата-анасы-
мен немесе қамқоршыларымен тұрақты қарым-қатынастары, бауырларымен
жақсы қарым-қатынастары, құрдастарымен және өміріндегі маңызды басқа
адамдармен достасуға мұқтаждығының өсуі, сонымен бірге осы достыққа
жанұясының мүшелерінің көзқарасы кіреді.
Қоғамдағы келбеті
Бұған баланың өзінің басқа адамдар назар аударатын сыртқы келбетіне, мінез-
құлқын және кез келген кемшіліктерін түсінуінің артуы және осының балаға
әсері кіреді.
Бұған баланың оның жасына, жынысына, мәдениетке және дініне, тазалық
және жеке гигиенаға сәйкес киінуі, сонымен бірге оның әртүрлі жағдайларда
қандай келбеті болуы керектігі туралы ата-анасынан немесе қамқоршыларынан
кеңес алу мүмкіндігі кіреді.
Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары
Бұған баланың дербестігін арттыруға қажетті тәжірибелік, эмоционалдық
дағдыларын және адамдармен араласу қабілетін дамыту кіреді. Бұған киінуге,
тамақтануға қатысты тәжірибелік дағдыларын ерте дамыту, сенімділікке
ие болу мүмкіндігі және жанұя мүшелерінің жекелеген тапсырмаларын
орындауға қатысты тәжірибелік дағдылары, ересек балалар үшін – тәуелсіз
бөлек тұру дағдылары кіреді.
Бұған қоғамдық мәселелерді шешу дағдыларын иеленуге ынталандыру кіреді.
Физикалық және ақыл-ойы жағынан артта қалуына, сонымен бірге басқа
осалдықтарға және дербестікті дамытуға әсер ететін қоғамдық жағдайларға
ерекше назар аудару керек.
Ата-ана қамқорлығының мүмкіндіктері
Негізгі қамқорлық
Баланың физикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру және тиісті
медициналық және тіс дәрігерлік көмек көрсету. Бұған тамақпен, жылумен,
баспанамен, таза және тиісті киіммен және дұрыс жеке гигиенамен қамтамасыз
ету кіреді.
Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Бұған баланы аса қауіпті зияннан, қауіпті ересектермен/ басқа адамдар-
мен байланыстан төнетін қауіптерден, сонымен бірге баланың өзіне-өзі зиян
келтіруінен қорғау, үйдегі және басқа жерлердегі кедергілер мен қауіптерді
анықтау кіреді.
Эмоционалдық жылылық
Баланың эмоционалдық мұқтаждықтарын қанағаттандыру және балаға өзінің
мәдени және нәсілдік ерекшеліктерін жағымды түрде түсіндіру, сонымен бірге
баланың өзін бағалау сезімі.
Бұған бала үшін маңызды ересектермен қауіпсіз, тұрақты және сүйіспеншілікке
негізделген қарым-қатынастарға мұқтаждықтарын қанағаттандыру, соны-
мен бірге баланың мұқтаждықтарына сезімталдық және қайырымдылық,
жылылық танытуға жеткілікті орынды физикалық байланыс, ыңғайлылық
және мейірім, сонымен бірге мақтау және ынталандыру кіреді.
Ынталандыру
Баланы мақтау және когнитивтік ынталандыру және қоғамдық мүмкіндіктерді
насихаттау арқылы оқыту және зияткерлік жағынан дамыту. Бұған баламен
сөйлесу және бала тіліне және сұрақтарына жауап беру, мақтау және бала ой-
ынына қатысу арқылы оның когнитивтік қабілеттерін дамыту және білім алу
мүмкіндіктерін дамыту кіреді. Баланың табысқа жетуіне мүмкіндік туғызу
және мектепке баруын қамтамасыз ету. Қиын өмір жағдайларында көмек
көрсету.
Басшылық жасау және шектеу
Балаға өзінің эмоцияларын және мінез-құлықтарын реттеуге жәрдемдесу.
Ата-ананың негізгі міндеті – тиісті мінез-құлық көрсету және үлгі болу, эмо-
цияларын басқару және басқа адамдармен араласу, сонымен бірге басшылық
жасау, сонымен бірге тәртіп орнату, баланың нормаларға сай моральдық
құндылықтарының, санасының және қоғамдық мінез-құлқының ішкі үлгісін
жасауына жәрдемдесу. Мақсаты – баланың өзінің құндылықтарын анықтауға
қабілетті және басқа адамдармен араласқанда тиісті мінез-құлық көрсететін
ересек адам болып өсуіне көмектесу. Бұған балаларға жаңа білімдерді зерттеп,
33
32
Денсаул
ық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау жүйелерінің қызм
еткерлеріне арналған анықтамалық
ЖЕР
Г
І
ЛІК
ТІ
ДЕҢ
ГЕЙ
Д
Е
Г
І Ә
Л
Е
У
М
Е
ТТІК
ЖҰМЫ
СТА
Ғ
Ы
К
ЕЙС-
М
Е
Н
ЕД
ЖМЕ
Н
Т
ұғынуына мүмкіндік беру, балаға тым артық қамқорлықпен қысым көрсетпеу,
сонымен бірге мәселелерді шешуге, ашу-ызаны шектеуге, басқа адамдардың
сезімдеріне көңіл бөлуге үйрету кіреді.
Тұрақтылық
Баланың оңтайлы дамуын қамтамасыз ету үшін оның негізгі қамқоршысымен
қауіпсіз жақындық орнатуға және баланың дамуына жәрдемдесу үшін
жеткілікті түрде тұрақты жанұя ортасын көздейді. Бұған қауіпсіз жақындықты
сақтауды қамтамасыз ету, эмоционалдық жылылықтың тұрақтылығы және
осындай мінез-құлық көрсеткенде үнемі мақтау кіреді. Ата-аналардың жауап
реакциясы баланың дамуындағы жетістіктерге қарай өзгереді және дамиды.
Жанұя және орта факторлары
Жанұяның тарихы және жанұяда тұру
Жанұя тарихына генетикалық және психоқоғамдық факторлар кіреді.
Жанұяда тұру бірнеше белгілермен сипатталады: үйде кім тұрады және олар
балаға кім болып келеді; жанұяның құрамының едәуір өзгерістері; ата-ана-
сы туралы баланың алған әсері; өмірде орын алған оқиғалардың хронологи-
ясы; жанұяның сипаты, соның ішінде бауырларының қарым-қатынастары
және олардың балаға әсері; ата-анасының қамқорлығының мықты тұстары
және қиындықтар; ата-анасының бірінің болмауы; ажырасқан ата-анасының
арасындағы қарым-қатынас.
Туыстары
Бала мен ата-ана кімді туыс деп санайды?
Бұған туыстық және туыстық емес байланыстар кіреді. Осы адамдардың
баланың өмірінде қандай рөлі мен маңызы бар?
Тұрғын үй жағдайы
Тұрғын үйде баланың дамуына, басқа тұрғындарға және жанұя мүшелеріне
қажетті коммуналдық қызметтер бар ма? Тұрғын үй жанұяның мүгедек
мүшелері үшін ыңғайлы ма?
Тұрғын үйдің ішкі және сыртқы көрінісі. Негізгі қызметтерге мыналар жата-
ды: су, жылу, канализация, тамақ пісіру мүмкіндігі, ұйықтайтын орын, соны-
мен бірге тазалық, гигиена және тұрғын үйдің қауіпсіздігі және оның баланың
тәрбиесіне әсері.
Жұмыс істеу мәселесі
Жанұяда кім жұмыс істейді, қай уақытта жұмыс істейді? Бұның балаға тигізетін
әсері қандай? Жанұя мүшелерінің жұмыс істеуге және жұмыссыздыққа
көзқарасы қандай? Бұның олар мен баланың арасындағы қарым-қатынастарға
тигізетін әсері қандай?
Табыс мәселесі
Нақты уақытта табуға мүмкіндік бар табыс қарастырылады. Жанұя
қандай да бір жәрдемақы алуға құқылы ма, егер құқылы болса, жанұяға
барлық жәрдемақылар беріліп жүр ме? Табыс жанұяның мұқтаждықтарын
қанағаттандыруға жеткілікті ме? Жанұя қолда бар қаражатты қалай
қолданады? Балаға әсер ететін қаржылық қиындықтар бар ма?
Жанұяның қоғамдық интеграциясы
Жанұя тұратын мекеннің тұрғындарын кеңінен зерттеу және оның бала мен
жанұяға әсерін анықтау. Бұған жанұя интеграциясының мен оқшаулануының
дәрежесі, құрдастарының, достарының және басқа қоғамдық желілерінің бо-
луы және оларға деген жақындық сезімі кіреді.
Жергілікті деңгейдегі қызметтер
Барлық қызметтерді және оларды көрсететін жергілікті ұйымдарды, соның
ішінде емханалардың, күндізгі орталықтар мен мектептердің, мінәжат ету
орындарының, көлік, дүкендердің, ойын-сауық мекемелерінің қызметтерін
сипаттайды.
Бұған ресурстардың мүмкіндігі, оларға қол жеткізу және олардың деңгейі, со-
нымен бірге олардың жанұяға, оның мүгедек мүшелеріне әсері кіреді.