Кейс-менеджмент



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет5/13
Дата22.12.2019
өлшемі0,63 Mb.
#24781
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

19

18

              



      Денсаул

ық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау жүйелерінің қызм

еткерлеріне арналған анықтамалық

ЖЕР


Г

І

ЛІК



ТІ 

ДЕҢ


ГЕЙ

Д

Е



Г

І Ә


Л

Е

У



М

Е

ТТІК



 ЖҰМЫ

СТА


Ғ

Ы

 



К

ЕЙС-


М

Е

Н



ЕД

ЖМЕ


Н

Т 

Сіздің жоспарларыңызда мыналар болуы тиіс:



  Ата-анасына көмек немесе, бала ата-анасымен бірге тұра алмайтын 

болса, баланың ата-анасымен қарым-қатынас жасауын жалғастыру 

шараларының жоспарлары. Өте сирек жағдайларда ата-аналар балалары-

мен мамандардың бақылауымен қарым-қатынас жасауды тыйым салатын-

дай жарамсыз болады. 

  Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қолдануға мүмкіндік 



беретін жоспар. Осындай жоспар нақты тәуекелді бағалау нәтижесінде 

құрылуы мүмкін. 

  Балалардың білім алуда, эмоционалдық, когнитивтік және физикалық да-



муында табысқа жетуге ең жақсы мүмкіндіктері болуы үшін баланың да-

муына байланысты тұрақты мұқтаждықтарын қанағаттандыру жөніндегі 

шаралар.  

Жоспарларды жалғыз өзіңіз құрмаңыз! Бағалауды өткізгендегідей, сіз басқа 

мамандармен және, әрине, ата-аналармен бірлесіп іс-әрекет жасауыңыз қажет. 

Бұл баланың тиісті тәрбиесін қамтамасыз етуге мүдделі барлық адамдармен 

кездесу ұйымдастыруыңыз керектігін және олармен бірге әлеуметтік көмек 

көрсету шараларының жоспарларын талқылау керектігін білдіреді. Баланы 

білетін және баланың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға үлес қоса алатын 

тиісті тұлғаларды қатыстыруға болады. Шаралар жоспарлары баланы оның өз 

ата-анасынан қорғауға бағытталған кездерден басқа жағдайларда ата-аналар-

ды мүмкіндігінше тартыңыз.  

Жүргізілген бағалау нәтижелерін қарастырғанда 

сіз өз жоспарыңызды құру үшін мына сұрақтарды 

қоюыңыз керек:

  Жоспар құру үшін жеткілікті мәліметтер жинадыңыз ба?



  Ақиқат деректермен бекітілмеген болжамдар жасалды ма?

 Баланың және оның ата-анасының пікірлері мен сезімдері туралы 



жеткілікті білесіз бе?

  Қате түсініктерге немесе тіпті нанымдарға сүйеніп, асығыс қорытынды жа-



саудан сақ болыңыз.

  Сізде басқа ақпарат көздерінен алынған бала және оның жанұясы туралы 



қажетті мәліметтердің барлығы бар ма?

  Өзіңіздің жалпы біліміңізді қолданыңыз, мысалы, жанұядағы зорлық-



зомбылыққа ұшыраған ананың баласы қатыгез көзқарастың құрбаны болу 

ықтималдығы жоғары екенін тәжірибе көрсетіп отыр.

Сіздің жоспарыңызды құру үшін қоюыңыз қажет 

сұрақтардың түрлері:

  Баланың өмір тарихы қандай және оның күнделікті өмірі қалай өтіп жа-



тыр?

 



Баланың дамуына байланысты мұқтаждықтарының қайсысы 

қанағаттандырылады, қайсысы қанағаттандырылмайды?

 

Ата-анасының баланы тәрбиелеу мүмкіндіктерімен байланысты 



мәселелердің сипаты қандай?

  Баланың мұқтаждықтарының қанағаттандырылу ықтималдығын азаюына 



немесе артуына қандай факторлар әсер етеді?

  Баланың және оның жанұясының қандай мықты тұстары баланың әл-



ауқатын қамтамасыз етеді?

  Баланың тәрбиесінің қандай ерекшеліктері оның денсаулығына және да-



муына зиян келтіруі мүмкін?

  Өзгерістерге қол жеткізудің ықтималдығы қандай?



Әрбір жоспардың құрамында балалардың және олардың ата-аналарының 

әлеуметтік маргинализациясына әкелетін күштерге қарсы тұратын бөліктер 

болатынын ұмытпаңыз. Әдетте әлеуметтік маргинализация мына себептерден 

туындайды:

  Баланың ерекшеліктеріне байланысты стигматизация, дискриминация 



және теріс нанымдар;

  Қате түсініктерге негізделген төмен деңгейлі үміт күту;



  Қолдау мен жауапкершіліктің жетіспеуі;

  Инклюзияға физикалық кедергілер;



  Инклюзияға әлеуметтік кедергілер;

 кедейлік;



  ата-аналар мен балаларға арналған ақпараттың жетіспеушілігі.

Табысты жоспарлар күрделі және түсініксіз болмайды. Олар баланың 

мұқтаждықтарына бағытталған бағалауды мұқият қарастыру нәтижесінде 

парасаттылық тұрғысынан құрылады.  

Ең қарапайым жоспар мына бөліктерден тұрады:

  нақты міндет/мақсат;



  міндетті/мақсатты орындауға жауапты тұлға, оның аты-жөні; 

  жоспарды орындау мерзімі.



Қағаз түрінде және электрондық түрде таратылған материалдардағы әлеуметтік 

көмек көрсету шараларының жоспарының үлгісін қарап шығыңыз. Көріп 

отырғаныңыздай, жауапкершіліктің екі деңгейі бар: біріншісі – бүкіл жо-

спарды орындауға және үйлестіруге жауапты негізгі жұмыскер; екіншісі – 




21

20

              



      Денсаул

ық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау жүйелерінің қызм

еткерлеріне арналған анықтамалық

ЖЕР


Г

І

ЛІК



ТІ 

ДЕҢ


ГЕЙ

Д

Е



Г

І Ә


Л

Е

У



М

Е

ТТІК



 ЖҰМЫ

СТА


Ғ

Ы

 



К

ЕЙС-


М

Е

Н



ЕД

ЖМЕ


Н

Т 

жоспардың тиісті бөліктерін орындауға жауапты жекелеген жұмыскерлер. 



Негізгі жұмыскер жоспардың барлық бөліктерінің жүзеге асырылуын және 

жоспардың бөліктерінің орындалуына жауапты тұлғалардың өз міндеттерін 

атқаруын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Негізгі жұмыскер 

бүкіл процесті ұйымдастырады және басшысының алдында жұмысты 

қанағаттанарлық түрде аяқтау үшін жауапты болады. 

Белгіленген мерзімде әлеуметтік көмек көрсету шараларының жоспарларын 

қайта қарауды өткізу қажет. Бұл мүмкіндік жұмысқа түзету енгізуге, жаңа 

мақсаттар мен міндеттерді қоюға, сонымен бірге баланың тіршілік жағдайы 

тұрақты және қауіпсіз болғанда жұмысты ресми түрде аяқтауға мүмкіндік 

береді. 


Балалардың көпшілігі тек қысқа мерзімді көмекті қажет етеді. Балалардың 

тәрбиені басқару жүйесінде қажет болғаннан артық уақытқа қалмағаны өте 

маңызды. Бұл балалардың интернат мекемелеріне орналастырмау үшін және 

мамандардың өтініш білдірген басқа да балаларға көбірек қолдау көрсетуі 

және қорғауы үшін көбірек уақыты болуы үшін қажет. 

Балалар маргинализация мен әлеуметтік оқшаулануға ұшыраған жағдайларда 

немесе мүмкіндіктері шектеулі болғанда жоспар құрған кезде мына қағидаларға 

сүйенуіміз қажет:

  Қоғамдық орындарда болу: қоғамдық орындарға басқа адамдармен бірге 



бару. Біздің міндетіміз – әлеуметтік жағынан осал балалар мен олардың 

жанұялары баратын қоғамдық орындардың санын және әртүрлілігін арт-

тыру.



  Күнделікті мәселелерде таңдау мүмкіндіктері. Біздің міндетіміз – баланың 



жасайтын таңдау мүмкіндіктерінің әртүрлілігін және мағыналылығын арт-

тыру.


  Қажетті қолдау көрсету арқылы мағыналы іс-әрекеттерді орындаудағы 

білімділік. Біздің міндетіміз – баланың өзінің жеке және қоғамдық 

тұрғыдан маңызды мақсаттарына жету қабілетін арттыру.

  Достарымен араласуға және жеке қарым-қатынастар орнатуға қатысу. 



Біздің міндетіміз – баланың адамдардың артып отыратын санымен таны-

суын және әртүрлі қарым-қатынастар орнату мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Есіңізде болсын: баланың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қорғаудың ең сенімді 

шаралардың бірі әлеуметтік байланыстарының санын және баланың және 

оның жанұясының әртүрлілігін арттыру болып табылады.  

Осы бөлімде әлеуметтік жағынан осал балалар және олардың жанұяларымен 

жұмыс кезінде қажетті нәтижелеріне қол жеткізілетін табысты тәжірибелік 

шаралардың қорытындысы жасалады және негізгі жұмыскердің міндеттері 

толығырақ қарастырылады. 

Ең алдымен, «интеграцияланған» деген термин нені білдіреді? Осы ұғым Білім 

және ғылым, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Әділет, Денсаулық сақтау, Ішкі 

істер министрліктері ұсынған «Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің 

интеграцияланған моделін іске асырудың бес қадамы» құжатында кездеседі. 

Ең қарапайым мағынасында «балаларға арналған интеграцияланған қызмет» 

деген ұғым баланы қызмет көрсету орталығына орналастыру және оған бай-

ланысты ережелерді білдіреді. Бұған барлық деңгейлердегі ынтымақтастық 

жатады:



  Орталық үкімет деңгейінде, онда Білім және ғылым, Еңбек және әлеуметтік 



қорғау, Әділет, Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктері бірлесіп 

жұмыс жасайды және бірізді заңнамалық актілер мен ережелерді әзірлеуді 

қамтамасыз етеді; 

  Облыстық деңгейде, онда жалпы алғанда балалардың мұқтаждықтары 



бағаланады және осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін ресурстарды 

қамтамасыз ету шараларының жоспарлары әзірленеді;

  Аудандық деңгейде – барлық мамандардың жекелеген әлеуметтік жағынан 



осал балалардың мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатымен бірлесіп 

жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін.  

Бізді аудандық деңгей толғандырады, сондықтан біз мынадай сұрақ қоямыз: 

«интеграцияланған көзқарас алдыңғы шепте жұмыс істейтін мамандар үшін 

нені білдіреді?»

Жоғары деңгейде бұл мамандардың баланың және оның жанұясының 

мұқтаждықтарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету үшін бірлесіп келісімді 

түрде жұмыс істейтінін білдіреді. Мамандар бірлесіп жұмыс істейтін және 

«баланың айналасындағы топты» құратын жағдайларда, балаға және жанұяға 

қажетті әлеуметтік көмек жақсырақ көрсетіледі. «Бірлескен қызметтердің» 

 

Жоспарларды 



орындауға 

интеграцияланған 

көзқарас



жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау