Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 1-бөлім. Магистратура



жүктеу 175,04 Kb.
Pdf просмотр
бет9/11
Дата19.11.2018
өлшемі175,04 Kb.
#20565
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

негізінде жүзеге асырылады. Мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің нысанын,

құрылымын және әзірлеу тәртібін білім беру ұйымы өзі айқындайды.

      17. Жұмыстың барлық түрлерінің еңбек сыйымдылығын есептеу меңгерілген материалдың көлемі

бойынша жүзеге асады және оқудың нақты нәтижелеріне жетуге қажетті докторант пен оқытушының

еңбек шығынының өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді. Бұл ретте алдыңғы білім

деңгейінде игерілген кредиттерді ескеретін жинақтаушы кредиттік жүйе қолданылады.

      Докторанттың докторантураға түсер алдында докторантураның тиісті кәсіптік оқу

бағдарламасын меңгеруге қажетті барлық пререквизиттері болуы тиіс. Қажетті пререквизиттер

тізбесін жоғары оқу орны өзі айқындайды.

      Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда докторантқа оларды ақылы түрде меңгеруге рұқсат

етіледі. Мұндай жағдайда докторантурада білім алу докторант пререквизиттерді толық меңгергеннен

кейін басталады.

      18. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру кезінде оқу пәнінің

көлемі кредиттердің бүтін санын құрауы тиіс. Бұл ретте әр пән, әдетте, 2 немесе 3 кредиттен кем

болмайтын өлшеммен бағаланады.

      19. Докторантураның оқу жоспарларының барлық нысандарында пәндерді кодтаудың бірыңғай

жүйесі қолданылады.

      Әрбiр пән қайталанбайтын бір атауға ие болуы тиіс. Ол бiр академиялық мерзiмде меңгеріліп,

аяқталған соң докторанттар емтихан нысанындағы қорытынды бақылауды тапсырады, ал кәсіптік

практиканың барлық түрлері, курстық жұмыстар (жобалар), докторанттардың ғылыми-зерттеу

(эксперименталды-зерттеу) жұмыстары бойынша дифференциалды сынақ тапсырады.

      20. Докторантураның білім беру бағдарламалары пәнді оқудың модульді жүйесі негізінде

жобаланады.

      21. Базалық пәндер циклі (БП) міндетті компонент пен таңдау компоненті пәндерінен тұрады.

      22. Базалық пәндер (БП) циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 50%-ын

немесе 18 кредитті құрайды, оның ішінде 17%-ы міндетті компонент пәндеріне, ал 83%-ы таңдау

компоненті пәндеріне бөлінеді.

      23. Бейіндеуші пәндер циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 50%-ын немесе

18 кредитті құрайды.

      Бейіндеуші пәндер циклінің пәндері таңдау компонентіне жатады және оларды жоғары оқу орны

өзі айқындайды.

      24. Міндетті компонент пәндерінің тізбесі үлгілік оқу жоспарымен анықталады. Міндетті

компонент пәндерінің көлемін қысқартуға жол берілмейді.

      25. Таңдау компоненті пәндерінің тізбесін жұмыс берушілердің талаптары мен еңбек нарығының

сұранысына сәйкес жоғары оқу орны өзі айқындайды.

      26. Докторантураның білім беру бағдарламасының мазмұны 

 сәйкес белгіленеді.

1-кестеге

1 кесте



Пәндердің және қызмет түрлерінің атауы



Кредит

бойынша


көлемі

1

2



3

1

Базалық пәндер (БП):



18

1)

Міндетті компонент (МК)



3*

2)

Таңдау компоненті (ТК)



15

2

Бейіндеуші пәндер



18

Теориялық оқыту бойынша жалпы саны

36

3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)



кемінде 34

1)

Практика (педагогикалық, зерттеу немесе өндірістік) (ПЗӨП)



кемінде 6**


2)

Докторлық диссертацияның орындалуын қамтитын докторанттың

ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысы, (ДҒЗЖ/ДЭЗЖ)

28

3)



Докторлық диссертацияны орындау

15

4



Қорытынды аттестаттау (ҚА)

5

1)



Кешенді емтихан (КЕ)

1

2)



Докторлық диссертацияны ресімдеу және қорғау (ДҚ)

4

Барлығы



Кемінде 75

Ескерту:


* 2008-2010 жылдарда қабылданған білім алушылардың базалық пәндер циклінің

міндетті компонентінің кредиттер саны 6 кредитті құрайды.

** Практикаға бөлінетін кредиттер санын жоғары оқу орны өзі айқындайды және жалпы

еңбек сыйымдылығына кірмейді.

      27. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 

 бекітілген Ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру қағидаларына сәйкес, докторанттың

бұйрығымен

ғылыми зерттеулерінің нәтижелері ғылыми, ғылыми-аналитикалық және ғылыми-практикалық

басылымдарда жариялануы тиіс.

      28. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін және білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу

сабақтарын жүргізу тәсілдерін, докторанттың өзіндік жұмысын, олардың оқу жетістіктерін қорытынды

бақылау түрлерін таңдау арқылы жүзеге асады.

      29. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-өлшегіш құралдары: оқу жоспары

мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезеңдер ұзақтығына, академиялық

сабақ түрлеріне, оқу материалының көлеміне және т.б. қойылатын талаптарға сәйкес айқындалады.

      30. Доктор даярлаудың білім беру бағдарламасына оқу жоспары, пәндердің оқу-әдістемелік

кешендері, практикалар (педагогикалық, зерттеу немесе өндірістік) бағдарламалары және

ғылыми-зерттеу жұмысының жоспары кіреді.

      31. Білім беру мазмұнын жоспарлауды, оқу процесін ұйымдастыру мен өткізу тәсілін кредиттік

оқыту технологиясы негізінде жоғары оқу орны өз бетінше жүргізеді.

      32. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарлары негізінде жүзеге асады.

      Оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ), жеке (ЖОЖ) және жұмыстық (ОЖЖ) болып бөлінеді.

      33. ҮОЖ осы стандарт негізінде докторантураның нақты мамандықтары бойынша әзірленеді және

оны білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      ҮОЖ-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбек сыйымдылығы және әрбір оқу қызметінің

түрі (практика, ДҒЗЖ (ДЭЗЖ), кешендi емтихан, докторлық диссертацияны ресімдеу және қорғау)

кредитпен анықталады, ал оқу пәндерінің әр циклі бойынша таңдау компоненті кредиттердің жалпы

санымен көрсетіледі.

      34. ҮОЖ-ға қосымша жыл сайын жоғары оқу орындары таңдау компоненті бойынша барлық

пәндердің жүйеленген, аннотацияланған тізбесі болып табылатын элективті пәндер каталогын (ЭПК)

жасайды.

      ЭПК-да әр оқу пәні бойынша пререквизиттер мен постреквизиттер көрсетіледі. ЭПК

докторанттарға элективті оқу пәндерін баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

      35. Мамандық бойынша ҮОЖ мен ЭПК негізінде докторант эдвайзердің көмегімен ЖОЖ құрады. ЖОЖ

әрбір докторанттың жеке бiлiм траекториясын айқындайды.

      ЖОЖ-ға міндетті компонент пәндері мен ҮОЖ-дан алынған оқу әрекеттерінің түрлері

(практикалар, ДҒЗЖ (ДЭЗЖ), кешенді емтихан, докторлық диссертацияларды ресімдеу және қорғау)

және ЭПК ішінен таңдап алынған пәндер компоненті енеді.

      36. ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың ҮОЖ-ы мен докторанттың ЖОЖ-ы негізінде жасалады және оны

Ғылыми кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.

      ОЖЖ-да оқу жылында оқытылатын пәндер тізбесі және олардың кредитпен санағандағы еңбек

сыйымдылығы, оқытылу реті, оқу сабақтарының түрлері мен бақылау нысандары, сондай-ақ оқу

қызметінің басқа да түрлері (практикалар, ДҒЗЖ (ДЭЗЖ), кешенді емтихан, докторлық

диссертацияларды ресімдеу және қорғау) анықталады.




жүктеу 175,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау