жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясынан алған бiлiмін
өз педагогикалық қызметiнде
қолдана білуі;
оқытудың интерактивті әдiстерін қолдана білуі;
ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысты қазiргi ақпараттық
технологияларды қолданып жүргізуі;
жаңа проблемалар мен жағдайларды шешуде креативтi ойлауы және шығармашылықпен қарауы;
ғылыми зерттеулер жүргізуге және ЖОО-да арнайы пәндер бойынша сабақ жүргізуді жүзеге
асыруға мүмкіндік беретіндей кәсіптік деңгейде шет тілін еркін меңгеруі;
диссертация, ғылыми мақала, есеп, аналитикалық жазбалар және т.б. түрінде ғылыми-зерттеу
және аналитикалық жұмыс нәтижелерін жалпылай білуі тиіс.
4) мынадай:
ғылыми-зерттеу әрекеттері, қалыпты ғылыми мәселерді шешу;
кредиттік оқыту технологиясы бойынша білім беру және педагогикалық қызметті жүзеге асыру;
кәсiптік пәндердi оқыту әдiстемесі;
білім беру процесінде қазiргi ақпараттық технологияларды қолдану;
кәсiптік қарым-қатынас және мәдениетаралық байланыс;
шешендік өнер, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалық тұрғыдан ресiмдеу;
күнделiктi кәсiптік қызметте және докторантурада білімін жалғастыру үшін бiлiмін кеңейту
және тереңдету дағдысының болуы қажет.
5) мына:
ғылыми зерттеулердің әдіснамасы саласында;
жоғары оқу орындарындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында;
қазiргi бiлiм беру технологияларына қатысты мәселелерде;
кәсiтік салада ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда;
бiлiмдi үнемі жаңартуды, кәсiптік дағды мен білікті кеңейтуді қамтамасыз ету әдістерінде
құзыретті болуы тиіс.
93. Магистратураның әр мамандығы бойынша арнайы құзыреттер жұмыс берушілер талаптары мен
қоғамның әлеуметтік сұраныстарын ескере отырып анықталады.
94. Міндетті минимум мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің көлемі аясында алынған
білім деңгейі әртүрлі бақылау түрлері арқылы қамтамасыз етіледі.
95. Магистранттардың оқу жетістіктерін бақылау және олардың оқу пәндері немесе модульдер
бойынша білімін бағалауды оқу процесінің межелік кезеңдерінде (әр академиялық кезең мен оқу жылы
аяқталған кезде) Офис регистратор (бөлім, сектор) жүргізеді және бақылау мен бағалау білім
берудің қорытынды нәтижесіне бағдарлануы тиіс.
96. Білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын Офис регистратор есепке алып отырады
және магистранттардың белгіленген нысандағы транскрипінде көрінеді.
Транскрипт магистрантқа білім алудың кез келген кезеңінде оның жазбаша өтініші негізінде
беріледі.
97. Магистранттардың білімін, іскерлігін, дағдысын және құзыреттерін бақылау оларды
қорытынды аттестаттау кезінде жүргізіледі.
98. Магистранттарды қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу
жоспарында қарастырылған мерзімде кешендi емтихан тапсыру және магистрлiк диссертацияны қорғау
нысанында өткізіледі.
99. Кешенді емтихан диссертация қорғауға дейін 1 ай қалғаннан кешіктірмей өткізіледі.
Мамандық бойынша кешенді емтиханға магистратураның білім беру бағдарламасындағы бейіндеуші
пәндер циклдерінің пәндері кіреді.
100. Магистрлік диссертацияны қорғау рәсімін Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың
үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне сәйкес
ЖОО-ның өзі анықтайды.
101. Магистратураның оқу бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған тұлғаларға «магистр»
академиялық дәрежесі және қосымшасы (транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом тапсырылады.
Жоғары оқу орны бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымша (Diploma Supplement) бере
алады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына 1-қосымша
Ғылыми және педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасының компоненттерін
бөлу нормасы (оқу мерзімі 2 жыл)
№
Қызмет түрлері
Кредит
саны
Апта
саны
Жалпы
сағат
саны
Оның ішінде
Орташа
апталық
жүктеме
аудиториялық/оқытушымен
байланыстағы сағаттар
МӨЖ
1
2
3
4
5
6
7
8
1 Теориялық оқыту (1:2)
42
45
1890
630
1260
52,0
2
Магистрлік
диссертацияны
орындауды қоса алғанда
магистранттың
теоретикалық оқытудан
алшақсыз
ғылыми-зерттеу жұмысы
(1:7)
3
-
360
45
315
Магистрлік
диссертацияны
орындауды қоса алғанда
магистранттың
ғылыми-зерттеу жұмысы
(1:7)
4
9
480
60
420
54,5
3
Қорытынды аттестаттау
(1:6)
4
8
420
60
360
52,5
БАРЛЫҒЫ
53
62
3150
795
2355
4
Теоретикалық оқытудан
алшақсыз практика
(педагогикалық) (1:1)
3
-
90
45
45
30,00
5
Практика (зерттеу)
(1:7)
3
12
360
45
315
30,00
6 Демалыс
13
7 Емтихан сессиясы
9
Барлығы (52 апта х 2
ж. – 8 апта= 96 апта)
59
96
3600
885
2715
Ескерту:
1. «Магистр» академиялық дәрежесін алу үшін теориялық оқытудың кемінде 42 кредитін,
практиканың кемінде 6 кредитін, магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 7 кредитін
меңгеруі керек (мамандықтың ҮОЖ-да жоспарланған кредиттер санына қарамастан)
2. Кешенді емтиханға 1 кредит, магистрлік диссертацияны ресімдеуге және қорғауға 3 кредит
жоспарланады (мамандықтың ҮОЖ-да жоспарланған кредиттер санына қарамастан)
3. Магистратураның барлық мамандықтары үшін кемінде 3 кредит педагогикалық, кемінде 3
кредит зерттеу практикасы белгіленеді (мамандықтың ҮОЖ-да жоспарланған кредиттер санына
қарамастан)
4. Бітіруші курсты есептемегенде оқу жылындағы демалыс ұзақтығы кемінде 7 аптаны құрауы