Бағдарламасы 2013 2014 оқу жылы Астана 2012 Қабылдау емтиханы туралы жалпы ереже



жүктеу 0,51 Mb.
бет1/3
Дата14.05.2018
өлшемі0,51 Mb.
#13227
түріБағдарламасы
  1   2   3

«Қазақстан Республикасы Президентінің жаныңдағы

Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК

БЕКІТІЛГЕН

ҒӘК отырысында

хаттама 5



25 желтоқсан 2012ж.


Академияның Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебіне

6М050200 - «Саясаттану» (Public Policy) мамандығына оқуға түсушілерге

арнайы пән бойынша кешенді қабылдау емтиханының

БАҒДАРЛАМАСЫ

2013 - 2014 оқу жылы

Астана

2012

Қабылдау емтиханы туралы жалпы ереже

1. «Саясаттану» мамандығы бойынша қабылдау емтиханы кешендi емтихан түрінде өткізіледі, соның ішінде «Саясаттану» мамандығы бойынша магистратура келесі негізгі пәндерді қамтиды:

• Саясаттану

• Әлеуметтану

• Экономика

2. «Саясаттану» мамандығы бойынша даярлық курстарының бағдарламасы ЖООдан кейiнгi бiлiмнiң Мемлекеттiк бiлiм беру стандартының негiзiнде құралған.

Бағдарлама талапкерлердің магистратура бағдарламасы бойынша оқу жоспары шеңберiнде оқытылатын ең басты негізгі базалық тәртіп білімдерді, сонымен қатар бұл білімдерді теориялық және тәжірибе жүзінде қолданылатын міндеттерді шешу кезінде қолдану тәртібін жобалайды.

3. Бағдарламаға келесі мәселелер енгізілген:

а) ЖООдан кейiнгi кәсiби бiлiмнiң оқу жоспарының негiзгi пәндері бағдарламаларының мазмұнына сәйкес келедi;

б) кеңес берiлетiн оқу және әдiстемелiк әдебиетте, сондай-ақ ғылыми басылымдар мен жарияланымдарда көрсетілген нормативтiк құқықтық актілер.



4. Кешендi емтихан ЖОО білімінің саясаттану, әлеуметтану, экономика бағдарламалары енгізілген және электрондық тестiлеу түрінде өткiзіледі.

Қабылдау емтиханға қойылатын негiзгi бағдарламалық талаптар
Саясаттану:
1-шi тақырып. Саясат қоғамдық құбылыс ретінде.

Саяси ғылым пәні. Саясат теориялары. Саясат көрісінің ерекшеліктері мен функциялары. Саясат туралы қазiргi көзқарас. Саяси биліктің табиғаты және мәнi. Биліктің әдiстерi. Легитимділік билік қатынастың түсінігі. Легитимділік пен заңдылық өзара арақатынастардың мәселелері. Саяси шешiмдер: әзiрлеу технологиясы, қабылдау, iске асыру.


2-шi тақырып. Саяси процесс.

«Саяси процесс» ұғымы мен оның мазмұны. Саяси процесс кеңістік пен уақытта өзгеретін саяси жағдайлар тізбегі. Саяси процестің құрылымы, оның құрамдас бөліктерінің сипаттамасы. Саяси процестің қызмет етудің бағыты және режимін, сипатын анықтайтын факторлар. Саяси процесті жүзеге асырудың негiзгi кезеңдерi. Саяси қатысу және оның нысандарының алуантүрлiлігi. Саяси құрылыстардың типологиясы.


3-шi тақырып. Саяси партиялар және партиялық жүйелер.

Партиялардың қоғамдағы орны және рөлі. Партиялардың сыныптамасы. Қоғамдағы партиялық жүйенiң орны. Партиялық жүйенiң міндеттері. Партиялық жүйелердiң құрылымы. Партиялық және сайлау жүйелерiнiң өзара байланысы. Партиялық жүйелердiң динамикасы (қозғалысы).


4-шi тақырып. Саяси идеология

Идеологияның пайда болуы және мәнi. Қазiргi идеологиялық тұжырымдамалар. Саяси идеология, қоғамдық қозғалыс және партия.

Қазiргi радикализм және экстремизм. Ұлтшылдық саяси идеология ретінде. Қазiргi «баламалы идеология» (феминизм, экологизм, дiни фундаментализм тағы басқалар).
5-шi тақырып. Саяси элиталар және көшбасшылық

«Саяси элита» ұғымы (түсінігі). Г. Моск, В.Парето және Р.Михельс элиталарының теориялары. Қоғамдағы элиталылығының себептерi.

«Саяси көшбасшылық» ұғымы. Саяси көшбасшылықтың табиғаты. Саяси көшбасшылықтың анықтауы. Жеке басына табыну. Демократия және автократия жағдайларындағы саяси көшбасшылықтың институты.
6-шi тақырып. Азаматтық қоғамдар саяси жүйенiң негiзiн қалайтын инфрақұрылым ретінде.

Азаматтық қоғамның қалыптасуының тарихи алғышарттары мен оның эволюциясының ең маңызды кезеңдерi. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттiң байланысы: адам құқығы мен азамат құқығы. Әлеуметтiк кластар, қабаттар, топтар мен мүдделi топтар, олардың саяси процестегі мүдделері мен ұстанымдарының көрінісі.


7-шы тақырып. Саяси мәдениет және қоғамның саяси санасы.

«Саяси мәдениет» ұғымы. Саяси мәдениеттiң деңгейі және түрлерi. Саяси субмәдениеттiң ұғымы. Қазiргi қазақстандық саяси мәдениеттiң ерекшелiктерi.

«Саяси сана» ұғымы. Саяси сана және саяси мiнез-құлық. Бұқаралық саяси сана. Масс-медиа және бұқаралық сана. Массалардың психологиясы. Бұқаралық санамен манипуляция. Саяси символика. Саяси ғылымның жүйесiндегi Рилейшнз Паблик.
8-шi тақырып. Саяси жаңғырту.

«Демократтандырудың толқындары» теориясы (С.Хантингтон). Қазақстандық қоғамның саяси жаңғыртуы. Атқарушы билікті жаңғырту. Президенттiк институтын енгiзу. Қазақстандағы заң шығарушы билiктi жаңғырту. Ғаламдық бірігу шарттарындағы Қазақстанның партиялық және сайлау жүйені жаңғырту. Қазақстандағы саяси процесті өзгерту перспективалары.



9-шi тақырып. Саясаттағы саяси шиеленістер мен дағдарыстық ахуалдар.

«Саяси дағдарыс» және «саяси дау» ұғымдары және олардың мазмұны. Кризистi және қақтығыс саяси ахуалдардың генезисi. Саяси даулар: мәні, түрлері мен оларды шешудiң жолдары. Саяси даудың даму кезеңдерi. Қазiргi саяси жүйесіндегі даулы жағдайлардың ерекшеліктері мен бәтуаластық мәселелер. Қазiргi қазақстандық қоғамдағы саяси даулар. Саяси дауларды реттеудiң әдiстері мен тәсілдері.


10-шы тақырып. Саяси процесстердiң зерттеуiндегi саяси технологиялар.

«Саяси технологиялар» ұғымы. Саясаттағы заманауи қолданбалы технологиялар. Қоғамның әлеуметтiк саяси өмiрiнiң құбылыстарын зерттеу, бағалау және болжау, саяси процесстердiң талдауы. Жүйелiк амалдарды қолдану және саяси талдау технологиясын саяси құбылыстарды модельдеу. Саяси күштердi орналастыруды талдау және бағалау, контент. Сайлау науқаны, саяси партиялар және олардың жетекшiлерi. БАҚ мониторингі.


11-шi тақырып. Ұлттық саясат және этносаралық қатынастардың мәселелерi.

«Этносаясат» ұғымы. Ұлттық саясат - этникалық процестер мен ұлтаралық қатынастарды реттеу және басқару бойынша мемлекеттiң қызметi. Тiл, дiн, нәсiл, ұлттың өз тағдырын өзi шешу қағидасы, ұлттар және азаматтардың тең құқықтығының қағидасы. Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негiзгi міндеттері. Қазақстанның Тіл саясаты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы - этносаралық қатынастарды үйлестірудің бірегей органы.
12-шi тақырып. Саяси жүйе және Қазақстан Республикасының институттары.

Қазақстан Республикасының саяси жүйесi. Қазақстан Республикасының саяси жүйесiнiң эволюциясы. ҚРның саяси жүйесiндегi мемлекет. Қазақстан мемлекеттiгiнiң қалыптасу және дамуының негiзгi кезеңдерi.

Қазақстандағы партиялық құрылыстың ерекшелiктерi.

Қазақстандағы мүдделер мен қысым топтары.

ҚР-дағы Президенттiк институты: ерекшелiгі және даму кезеңдері.

ҚР-дағы Парламентаризм институты:жай-күйі және перспективалары.

ҚР-дағы саяси процесті демократтандыру: жай-күйі және перспективалары.
13-ші тақырып. Халықаралық және өңірлік қауiпсiздiк Қазақстан Республикасының саясаты.

Жаhандану және оның мемлекеттердің дамуына тигізетін әсері. Халықаралық контексіндегі қауiпсiздiктiң ұғымы, мәні және құрылымы. Халықаралық қауiпсiздiктердің негiзін құраушы: экономикалық, әлеуметтiк, саяси, әскери, экологиялық, рухани-адамгершiлiк, ақпараттық. Өңірлік қауiпсiздiктiң мәселелері. Халықаралық терроризм, саяси экстремизм, қарудың және есiрткiлердiң таралу мәселері. Халықаралық және өңірлік қауiпсiздiк құрылымдағы Қазақстан. Концептуалды негiздер және Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттың негiзгi басымдықтары. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң басымдықтары. Орталық Азияда интеграциялану процестерiнiң келешегi.

Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздiгiнің негiзгi қатерлері.
14-шi тақырып. Қазiргi әлемдегi геосаясат және геосаясаттық кезеңдері.

Геосаясаттың мәні және қазiргi түсiнігі. С.Хантингтонның «Өркениеттердiң соқтығысуы» және З.Бжезинскийдің «Ұлы шахмат тақтасы» геосаясат туралы тұжырымдамалары. Қазiргi халықаралық қатынастардың геосаясаттық талдауы. Қазақстанның қазiргi әлемдік көріністегі геосаясаттағы орны және рөлi. ҚРның геосаясат факторлары. Орталық Азиядағы өңірлік қауiпсiздiгiнiң мәселелерi.

Халықаралық бiрлестіктер типтері мен олардың саяси рөлдерінің айырмашылығы: саяси және саяси емес (экономикалық, дiни), мемлекеттiк және мемлекеттiк емес (үкiметтiк емес) ұйымдар.

БҰҰ, (НАТО, ОБСЕ, СВМДА ШОС) Кеден одағының және басқа институттардың халықаралық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегi саяси рөлi. Қазiргi саяси жүйелердің дамуындағы халықаралық ұлтаралық корпорациялар, кәсiподақтар, әйел, жастар, экологиялық тағы басқа ұйымдардың ықпалы.


нЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТ

  1. Божанов В.А. Саясаттану: заманауи саяси әлем. – М.: оқу әдебиеті баспасы, 2008. – 320 с.

  2. Гаджиев К.С. Саясаттану. Базалық курс. – М.: Жоғарғы білім, 2009. – 505

  3. Жаhандану/ В.А. Михайлов. – М.: Изд-во РАГС, 2008. – 544 с.

  4. Колосов В.А., Мироненко Н.С. Геосаясат және саясаттық география. – М., 2002.

  5. Пугачев В.П., Соловьев А.И. Саясаттануға кіріспе. – М.: Аспект-Пресс, 2008. – 477 с.

  6. Соловьев А.И. Саясаттану: Саясаттық теория, саясаттық технологиялар: . – М., 2010.

  7. Халипов В.Ф. Билік туралы ғылым. Кратология. Оқу әдіс. – М.: ОСЬ-89, 2002. – 448 с.

  8. Шестопал Е.Б. Саясаттық психология. – М.: Аспект-Пресс, 2007. – 427 с.

  9. Щербина Н.Г. Саяси жетекшіліктің теориясы. – М.: Барлық әлем, 2004. – 184 с.

  10. Мухаев Р.Т. Саясаттану: ЖООның студенттеріне арналған оқулық. /Р.Т. Мухаев. – М: ЮНИТИ-ДАНА, 2008,495 с.

  11. Соловьев А.И. Саяси теория. Саяси технологиялар. –М: «Аспект-Пресс баспасы, 2000. – 559 с.



қОСЫМША ӘДЕБИЕТ


  1. Әлемдік саяси ойдың антологиясы: В 5 т. Т. 3, Т. 4. – М., 1997.

  2. Ашимбаев Д., Хлюпин В. Қазақстан: өкімет тарихы. Опыт реконструкции. – Алматы: Credos, 2008. - 920 с.

  3. Ашимбаев М.С: Қазақстандағы саяси транзит: жүйенің мазмұны және оның ерекшеліктері. – Алматы: Ақыл кітабы, 2001. – 56 с.

  4. Беляков А.В. Үлкен өзекті саяси энциклопедиясы. Қазіргі саяси өмірдің 1000 маңызды түсініктері. – М.: ЭКСМО, 2009. – 424 с.

  5. Бурханов К.Н., Карин Е.Т., Сатпаев Д.А., Давыдова И.М. Орталық Азиядағы экстремизм. – Алматы: ИриК, 2000. – 108 с.

  6. Искакова Г.К. Адам құқықтарының саясаты: Уч. пособие. – Астана: Фолиант, 2007. – 406 с.

  7. Кастельс М. Ақпараттық дәуір: экономика, қоғам, мәдениет. – М., 2000.

  8. Олбрайт М. Дін және әлемдік саясат / ағылшын тілінен аударма. – М.: Алтпина Бизнес Букс, 2007. – 352 с.

  9. Сейлеханов Е.Т. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі: даму тәжірибесі мен келешегі. – Алматы: КИСИ, 2009. – 291 с.

  10. Сыроежкин К. ШОС и ОДКБ: өзара әрекеттестіктің мәселелері /IV жыл сайынғы Алматы конференциясының құжаттары «Өңірлік қауіпсіздіктің концепциясы мен тәсілі: тәжірибесі, Орталық Азияның өзара әрекеттесуінің мәселелері мен перспективалары». – Алматы, 7 июня 2006.

  11. Токаев К.-Ж.К. Свет и Тень. Қазақстандық саясаттың очерктері. – Алматы: Батыс-Шығыс, 2008. – 544 с.

  12. Хантингтон С. Өркениеттердің соқтығысуы / ағыл. аударма. Т. Велимеева, Ю. Новикова. – М.: ООО «Изд-во АСТ», 2003. – 603 с.

  13. Хантингтон С.Үшінші толқын. ХХ ғ. соңындағы демократизация. – М., 2003.

  14. Этциони А. Империядан қоғамдастыққа: халықаралық қатынастарға жаңа тәсіл. – М., 2004.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІ


  1. «Қазақстан-2050» Стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы. 14 декабря 2012 г. - Астана, 2012.

  2. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқына Жолдауы – Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының жаңа бағыты», Астана, 2012 ж.

  3. Мемлекет Президентінің бағдарламалық мақаласынан «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» // Казахстанская правда 10 шілде 2012 ж.

  4. Болашақты бірге саламыз! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы. 28 қаңтар 2011 ж. – Астана, 2011.

  5. Дағдарыстан жаңару және дамуға. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы. 6 наурыз 2009 ж.// Казахстанская правда. – 2009. – 7 наурыз.

  6. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы
     Астана, 1 наурыз 2006 ж. // Казахстанская правда. – 2006. – 2 наурыз.

  7. «Ғаламдық қоғамдастықтың радикалды жаңару және өркениеттер серіктестігінің стратегиясы» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев – Алматы, 2009.

  8. Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы: Білім, 1997. – 120 с.


«6М050200 - «Саясаттану» мамандығы бойынша кешенді емтиханға тестілік тапсырмаларды енгізуге ұсынылған сұрақтар
1. Саяси ғылым пәні.

2. Демократияның қазiргi теориялары (И. Шумпетер, Р. Даль, А. Лейпхарт, А. Этциони).

3. Саяси технологиялар ұғымы.

4. Саяси элиталардың теориялары (В. Парето, Г. Моск, Р. Михельс).

5. «Демократтандырудың толқындары» теориясы (С. Ханингтон ).

6. «Этносаясат» ұғымы.

7. Саяси биліктің мәнi. Үстемдiктiң әдiстерi.

8. Саяси шешiмдер: технологияларды әзiрлеу, қабылдау, iске асырудың жолдары.

9. Билік қатынастарының заңдылығы ұғымы. Легитимдік және заңдылық ара қатынасы мәселесі.

10. Сайлау және партиялық жүйелерiнiң өзара байланыстары.

11. С.Хантингтонның өркениет тұжырымдамасы

12. Саяси қатысу және оның формаларының алуантүрлiлігi

13. Ұлттық қатынастардың мәні және құрылымы

14. Саяси жетекшiлiктiң табиғаты

15. Саяси элиталар

16. Саяси символика

17. Саяси ғылым жүйесiндегi Рилейшнз Паблик

18. Саяси мәдениет

19. Биліктік қатынастар жүйесiндегі партиялар

20. Мемлекет және өкiмет бұл саясаттың негiзiн қалайтын санаттар

21. Сайлау жүйесiнiң негiзгi түрлерi

22. Бұқаралық ақпарат құралдары және саясат

23. Бюрократизм және демократия

24. Саяси тәртiптердiң типологиясы

25. Саяси шиеленістер және оларды шешу әдiстерi

26. Қазақстандық саяси жүйенiң өзгеруiндегі электоралдық процесс

27. Қазақстандық сайлаушылардың саяси мiнез-құлығының ерекшелiктерi

28. ҚР-ның iшкi және сыртқы саясатының өзара байланысы

29. БАҚ және ҚР-дағы билік құрылымдарының өзара қарым-қатынасы.

30. Қазақстандық қоғамның саяси мәдениетiнiң негізгі сипаттамасы.

31. Қазақстандық мемлекеттiктiң перспективалары

32. ҚР-дағы сайлау жүйесiнiң даму перспективалары туралы

33. Партиялардың қоғамдағы орны және рөлі. Қазақстандық партиялық жүйесінiң ерекшелiктерi

34. Президенттiк республиканың қазақстандық үлгiсiнiң ерекшелiктерi

35. Саяси жаңғыртудың белгiлерi. ҚР-дағы саяси жаңғыртудың ерекшелiгi

36. ҚР-дағы жергiлiктi өзiн-өзi басқаруы

37. ҚР-ның саяси жүйесiнiң эволюциясы

38. ҚР-ның саяси жүйесiндегi мемлекет. Қазақстан мемлекеттiгiнiң қалыптасуы және дамуының негiзгi кезеңдерi

39. ҚР-дағы партиялық құрылысының ерекшелiктерi

40. ҚР-дағы саяси элиталар мүдделер мен қысым топтары

41. ҚР-ның президенттiк институты: ерекшеліктері және даму жолдары.

42. ҚР-ның парламентаризм институты: жай-күйі мен перспективалары

43. ҚР-дағы саяси процесін демократтандыру: жай-күйі мен перспективалары

44. ҚРдағы этносаясаттық процестерi

45. ҚРдағы саяси ақиқатына қоғамдық пiкiрi әсерi

46. Қазiргi Қазақстанның мемлекеттiк идеологиядің қалыптасу мәселелерi

47. Қазiргi Қазақстандағы саяси социализацияның ерекшелiктерi

48. ҚР-дағы мемлекеттiк басқару жүйесінiң құрылымы мен жұмыс істеу принциптерінің ерекшеліктері

49. ҚР-ның ұлттық саясатының негiзгi міндеттері

50.Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгiсi. Ұлттық бiрлiктiң доктринасы.

51.Дүниежүзілік саясат және қазiргi дүниежүзілік саяси процестiң ерекшелiктері, халықаралық қатынастар.

52. Халықаралық қауiпсiздiктiң ұғымы, мәні және құрылымы

53. Халықаралық бiрлестіктер типтері және олардың саяси рөлдердің айырмашылықтары.

54. Сыртқы саясаттың мәні және негiзгi факторлары, ұғымы.

55. Мемлекетаралық қарым-қатынастар және әлемдiк саяси жүйедегі орны және рөлі.

56.Концептуалды негiздер және Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттың негiзгi басымдықтары.

57. Халықаралық қауiпсiздiктiң ұғымы, мәні және құрылымы. Халықаралық қауiпсiздiкке тұжырымдамалық көзқарастар.

58. Геосаясаттың жағдайы және ҚР-ның сыртқы саясаты.

59.Жаңа геосаясат жағдайындағы Қазақстанның ұлттық-мемлекеттiк мүдделері.

60. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгінің мәселесі.

61. Жаhандық және өңірлік қауiпсiздiктің қазiргi қатерлері.

62. Қазiргi әлемдегі саяси жанжалдар және олардың шешу жолдары.

63. Халықаралық жанжалдардың себептері мен оларды шешу формалары.

64. Орталық Азияда интеграциялану жүйелерінің келешегi.

65. Халықаралық бiрлестiктердің түрлері және олардың саяси рөлдерінің айырмашылығы: саяси және саяси емес (экономикалық, дiни), мемлекеттiк және мемлекеттiк емес (үкiметтiк емес ) ұйымдар.

66.БҰҰ, (НАТО, ОБСЕ, СВМДА ШОС) және басқа институттардың халықаралық қауiпсiздiктiң қамтамасыз етудегi саяси рөлi.

67.Қазiргi саяси жүйелердің дамуындағы халықаралық ұлтаралық корпорациялар, кәсiподақтар, әйел, жастар, экологиялық тағы басқа ұйымдардың ықпалы.

68. Геосаясаттың қазiргi түсiнігi.

69. Қазiргi халықаралық қатынастардың геосаясаттық талдауы.

70. Қазiргi геосаясаттың әлемдік көрiнiсiндегі Қазақстанның рөлi және орны.

71. Қазақстан Республикасының геосаясат факторлары.

72. Орталық Азияда өңірлік қауiпсiздiк мәселесі.

73. Халықаралық терроризм, саяси экстремизм және есiрткiлердiң таралу мәселесi.

74. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздік мәселесі.

75. Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздiгiнің негiзгi ықтимал қауіп-қатерлері.

Әлеуметтану:



  1. Әлеуметтану ғылым ретінде.

Әлеуметтану пәні мен объекті туралы қазіргі түсінік.

Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымның қазіргі жүйесіндегі әлеуметтанудың рөлі. Социологиялық бiлiмнiң ерекшелiгi. Социологиялық бiлiмнiң деңгейі мен түрлерi. Пәндiк және әдiстемелiк бiлiм. Теориялық және эмпирикалық бiлiм. Iргелi және қолданбалы бiлiм.

Социологиялық бiлiмнiң негiзгi құрылымдық бiрлiктерi: әлеуметтанудың әлеуметтiк мәдениет және философиялық - әдiстемелiк негiздеулерi; жалпы әлеуметтік теория; әлеуметтану тарихы, әлеуметтік ойдың бағыттары мен мектептері; әлеуметтік-салалық пәндер; зерттеу әдістері және тәртібі; персоналия.

Әлеуметтік ғылымның негiзгi функциялар танымдық, дүниетану, прогностикалық, жаттығу, тәрбиелiк және т.б. Әлеуметтанушының кәсiби кодексi. Әлеуметтанушының кәсибі қызметінің құқықтық және адамгершілік аспектілері.


2. Әлеуметтану тарихы.

Әлеуметтанудың дербес ғылым ретінде қалыптасуы. XIX - XX ғ. басындағы негiзгi әлеуметтік мектептер. XX ғасырда әлеуметтану дамуының негізгі бағыттары. Қазіргі әлеуметтік теориялардағы іздеудің негізгі бағыттары.


3. Әлеуметтік өмірдің негізін құрушы.

Адам биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде. Адам және тұлға. Тұлғаны танудың философиялық, психологиялық, антропологиялық тәсiлдердің ерекшелігі. Индивид және даралық. Индивидтың әлеуметтануы: мәні, пiшiні және кезеңдері.

Тұлға - әлеуметтiк өзара iс-әрекеттер мен өзгерiстердің белсендi субъектісі. Тұлғаның әлеуметтiк типологиясы. Тұлғаның рөлдi және диспозиция тұжырымдамасы.

Мәдениеттiң әлеуметтік түсiнушiлiгi. Мәдениеттің құрылымы (морфологиясы) және құрамдас бөлiктерi. Мәдени қызмет және оның құрылымдық элементтері. Социомәдени құбылыстардың материалдық тасушылары. Рухани байлық мәдениеттiң елеулi символдары ретінде. Мәдениеттiң нормативтiк сипаты. Социомәдени құбылыстардағы мағына, құндылық және нормасы. Мәдениеттердің алуантүрлiлігі, жаппай және мамандандырылған мәдениет, субмәдениет. Қазiргi әлемде әлеуметтiк мәдениет жүйелерінің жаhандануы.


4. Қоғам әлеуметтiк өмiрдiң нысаны мен жүйесі ретінде.

Социетальді жүйе: ұғымы және құрылымы. Адамның әлеуметтік өмiрі және оның табиғи және биологиялық алғышарттары. Қоғамның белгiлерi. Қауым және қоғам. Дүниежүзiлiк қоғамдастық. Социетальді және әлеуметтiк жүйе. Әлеуметтiң ұғымы. Әлеуметтiк жүйе және оның құрылымы, элементтері. Социум және мәдениет. Әлеуметтiк жүйелердің экономикалық, саяси және басқа жүйелермен ара қатынасы. Әлеуметтiк ортақтықтар, оның түрлері және құрылымдары.

Әлеуметтiк топтар. Әлеуметтiк топтың негiзгi сипаттамасы. Топтық сана, мiнез-құлық және топтық қызмет ерекшелігі. Әлеуметтiк топтардың типологиясы. Шағын әлеуметтiк топтың ерекшелiктері.

Әлеуметтiк таптар. Таптың негiзгi белгiлерi. Индустриалдануға дейiнгi, индустриалды және индустриядан кейiнгi қоғамның таптық құрылымы.

Ұлт (нәсiлдер) және ұлттық (этникалық ) ортақтықтар. Ұлттық сана-сезiм. Ұлт мүдделерi және ұлтшылдық.
5. Әлеуметтiк стратификация

Қоғамның әлеуметтiк қабаттарға бөлінуі және әлеуметтiк теңсiздiк. Әлеуметтiк қабаттарға бөлінудің объективті және субъективті көрсеткiштері. Әлеуметтiк қабаттың ұғымы. Әлеуметтiк стратификация және өлшеуі. Әлеуметтiк мәртебе және рөлдер. Орта таптың мәселесi. Қоғамның элитасы: құрылымы мен функциясы.

Ресейлiк қоғамның әлеуметтiк стратификацияның ерекшелiгi: тарихы және қазiргiсі.
6. Әлеуметтiк институттар

Әлеуметтiк институттың ұғымы, оның құрамы. Әлеуметтiк институт қоғамның әлеуметтiк құрылымының құрамдас бөлiгі ретінде. Әлеуметтiк институттардың типологиясы. Әлеуметтiк институттардың негiзгi сипаттамалары: отбасы, мемлекет, экономика, бiлiм, ғылым, дiн, тағы басқалар. Әлеуметтiк институттардың функциясы және дисфункциясы, айқын және жасырын функциялар және дисфункция. Қазiргi ресейлiк қоғамның әлеуметтiк институттарының дағдарысы.


7. Әлеуметтiк ұйымдар және басқару

Әлеуметтiк ұйым жүйе ретінде. Әлеуметтiк ұйымдардың негiзгi сипаттамалары. Олардың типологиясы. Ұйымдастыру иерархиясы. Өздiгiнен ұйымдасу және өзiн-өзi басқару. Үстiрт және бейресми ұйым. Бюрократия. Әлеуметтiк ұйымдарды басқару. Адам факторының рөлi.


8. Әлеуметтiк өзара iс-әрекеттер және процестер

Әлеуметтiк әрекеттiң ұғымы, оның құрылымы. Әлеуметтiк әрекет бұл әлеуметтiк қызметтiң бiрлiгi. Әлеуметтiк әрекеттердiң типологиясы. (М. Вебер). Т. Парсонстың әлеуметтанудағы әлеуметтiк әрекеттiң тұжырымдамасы. «Ортақ жүйенің адами әрекетi» ұғымы.

Әлеуметтiк өзара iс-әрекет бұл әлеуметтiк субъектiлердiң арасындағы қарым-қатынастар түрi. Тұлғаның әлеуметтiк мiнез-құлығы және әлеуметтiк топтар. Әлеуметтiк мiнез-құлықтың түрлерi. Әлеуметтiк бақылау, оның ұстауы, механизмі мен пiшiні. Әлеуметтiк бақылаудың объектісі және субъектiсi.

Нормативтiк және девиантты мiнез-құлық.

Қоғамның қызметіндегі коммуникацияның орны мен рөлі. Байланыстардың түрлері. Әр түрлi ортақтықтардағы байланыстарының ерекшелiктері, институттар, ұйымдар.

Байланыстардың негiзгi элементтері. Коммуникациялық желiлер. Байланыстың қаржысы. Жаппай байланыс және әлеуметтiк таптаурындар.

Қоғамдық ақпараттық жүйелердің негiзгi тарихи кезеңі.

Әлеуметтiк жинақылықтың мәнi. Әлеуметтiк жинақылықтың бiр түрi. Ерекшелiк көлбеу және тiк қозғалғыштық.

Әлеуметтiк шиеленістер. Әлеуметтiк шиеленіс ұғымы және (құрылымы) оның құрамы. Шиеленіс типологиясы және олардың себептері. Даулы жағдайдың даму кезеңі. Әлеуметтiк шиеленістерді шешу тәсiлдерi.

Қазiргi ресейлiк қоғамының шиеленісуі.

Қоғамдық пiкiр әлеуметтiк феномен ретінде. Объект және қоғамдық пiкiрдің субъектiсi. Қоғамдық пiкiр және қоғамдық көңiл-күй.

Қоғамдық пікірді қалыптастыру және жұмыс істеу ерекшелігі. Осы процесстегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі. Қоғамдық пiкiр қоғамның саяси өмiр сүру және әртүрлі деңгейде шешімдер қабылдау факторлары.


жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау