4
5
6
7
8
12
19
Ұсынылатын траектория Б. Жүйелік талдау және компьютерлік үлгілеу
Ұсынылатын траектория В. Жүйелік әкімшілендіру және компьютерлік бағдарламалау
Білім беру траекторияларының пәндері
Мамандықтың базалық модульдерінің пәндері
Жалпы модульдерінің пәндері
Ұсынылатын траектория А. Жүйелер мен желілерді бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету
Мазмұны
Кіріспе
Оқу барысында әрбір студент, оқу нысанына және негізгі біліміне қарамастан, таңдалған мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алу үшін, міндетті компонент пен таңдау бойынша
компоненттерден (элективті пәндер) тұратын, ең аз кӛлемі - теориялық оқудың 129* кредитін құрайтын білім беру бағдарламасын меңгеруге міндетті.
Міндетті компонент (МК) - студент таңдалған білім беру траекториясына қарамастан міндетті түрде зерделейтін, кредиттердің тиісті кӛлеміне ие оқу пәндері.
Таңдау бойынша компонент (ТК) - студент, олардың пререквизиттері мен постреквизиттерін ескере отырып, кез келген академиялық кезеңде зерделеуге таңдайтын және нақты білім
беру траекториясының ерекшелігін кӛрсететін кредиттердің тиісті кӛлеміне ие оқу пәндері болып табылады.
Білім беру траекториясы - МК және ТК пәндерінің жиынтығы болып табылады, оларды ойдағыдай зерделеудің нәтижесінде, студент кәсіби қызметтің белгіленген түрлеріне қажетті
білімнің, дағдылар мен машықтардың жиынтығына ие болады.
Оқудың кредиттің технологиясы шарттарында әрбір студент эдвайзердің кӛмегімен ӛзінің білім беру траекториясын (бағдарламасын) қалыптастырады.
Студенттің оқу траекториясын жан-жақтан икемді және дербес түрде анықтау мүмкіндігін жасау мақсатымен ЭПК - элективті пәндер каталогы жасалды; аталған каталог, білім беру
траекторияларын (мамандануларын) ескере отырып, таңдау бойынша компонентке кіретін пәндердің тізбесін білдіреді.
Әрбір пәнде қысқаша мазмұн келтірілген, пәнді зерделеудің мақсаттары мен міндеттері кӛрсетілген және пәнді зерделеуден күтілетін нәтижелер сипатталған және пәннің кредит
түріндегі кӛлемі кӛрсетілген.
Білім беру траекториясын қалыптастыру үшін мыналар ұсынылады:
- оқуды тәмамдағаннан кейін кәсіби қызметтің қалаулы саласын анықтау;
- осы қызмет саласы үшін талап етілетін құзыреттерді анықтау;
- осы құзыреттерді қалыптастыратын ТК пәндерін таңдап алу;
- ТК және МК пәндерінің пререквизиттері мен постреквизиттерін ескере отырып, оларды зерделеудің реттілігін анықтау, сондай-ақ оқу семестрлерінің санын және семестрде
ұсынылатын орташа жүктемені анықтау (күндізгі оқу нысанының студенттері үшін - 18-21 кредит, сырттай оқу нысанының студенттері үшін - 15-17 кредит, кешкі оқу нысанының
студенттері үшін - 12-15 кредит).
Элективті пәндерді тәртіпсіз таңдауға жол бермес үшін, студенттерге, еңбек нарығының қажеттіліктері мен жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, «Мирас»
университетінің мамандары тарапынан әзірленген үш білім беру траекториясы** (А, Б, В) таңдауға ұсынылады.
Білім беру бағдарламасы, таңдалатын білім беру траекториясына қарамастан студент тарапынан зерделенетін міндетті компонент пен таңдау бойынша компоненттің пәндерінен
құралған мамандықтың базалық модульдерін, сондай-ақ студент тарапынан мамандықты алу мақсатымен зерделенетін таңдау бойынша компоненттің пәндерінен құралған
мамандықтың модульдерін қамтиды.
Жоғары білім мамандығының мамандануы бойынша білім беру бағдарламасын сапалы түрде меңгеру үшін, оқу аяқталғанға дейін таңдалған траекторияны ұстанған жӛн.
* Кәсіби тәжірибені, дене шынықтыруды, теориялық пәндерді және қорытынды аттестаттауды ӛз ішіне алатын, оқудың қосымша түрлерін (ОҚТ) қоспағанда
** Білім беру траекториялары ұсыну сипатына ие болып табылады және студентті жеке білім беру траекториясын қалыптастыру құқығынан айырмайды
Кіріспе
Ұсынбалы А траекториясы
Жүйелер мен желілерді бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету
Алынатын құзыреттілік пен дағды:
-аппараттық-бағдарламалық кешендер мен сәйкес адам-машиналық интерфейстердің құраушыларының архитектурасын жобалау;
-ақапаратты жне басқаруды ӛңдеудің компьютерлік жүйелерін іске асыру үшін бағдарламалау құралдарын, есептеуіш техника құралдарын қолдана білу;
- кәсіби қызмет объектілерін бағдарламалық және ақпараттық, математикалық қамтамасының элементтерін жобалау;
- тапсырмаларды оңтайландыру әдістерімен және операцияларды зерттеуді шешу, ақпаратты ӛңдеудің кең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуші қолданбалы бағдарламалардың заманауи
пакеттерімен жұмыс жасау тәсілдерін меңгеру;
- ақпараттық моделдер тұрғызу қағидалары мен алынған нәтижелердің талдауын жүргізе білу;
- әртүрлі пәндік аймақтарда әртүрлі аппараттық платформаларда заманауи ДҚБЖ қолдану арқылы ақпараттық қосымшаларды жобалай білу;
- ақпараттық жүйелерді жобалау барысында байланыс құрылғыларын қолдану қағидаларын білу;
- практикалық тапсырмаларды шешу үшін әртүрлі инструменталды құралдардың мүмкіндіктерін білу және бағдарламалаудың заманауи әдістерін меңгеру;
- қойылған тапсырманы шешу үшін қолжетімді инструменталды құралдардың ішінен барынша тиімді және сенімдісін таңдау;
- логикалық шығысты қолдана отырып бағдарламаны құру үшін жалпы инструментарияны білу.
Кәсіби қызметтегі қажетті салалар:
- ӛнеркәсіптік ӛндіріс саласында есептеуіш техника құралдарының жүйелері мен үрдістерінің, құбылстарының математикалық моделдерін іске асыру;
- денсаулық сақтау саласында басқару және ақпаратты ӛңдеудің компьютерлік жүйелерін іске асыру үшін бағдарламалау құралдарын, есептеуіш техника құралдарын қолдану;
- орта және шағын бизнес саласында кәсіби қызмет объектілерін бағдарламалық және ақпараттық, математикалық қамтамаларының элементтерін жобалау;
- мемлекеттік басқару органдарында басқару және ақпаратты ӛндеудің компьютерлік жүйелерін, бағдарламалық ӛнімдерін ұймдастырып іске асыру;
- мәдениет саласында аппараттық-бағдарламалық кешендер мен сәйкес адам-машиналық интерфейстердің құраушыларының архитектурасын жобалау;
- білім және ғылым саласында кәсіби қызметтің объектілерін зерттеу және үрдістерін ұйымдастыру барысында есептеуіш техника құралдары мен инструменталды бағдарламалық
құралдардың технологияларын меңгеру;
- кӛлік және телекоммуникация саласында басқару және ақпаратты ӛңдеудің компьютерлік жүйелері мен есептеуіш техника, жүйелік, инструменталды және қолданбалы
бағдарламалық қамтаманың қызмет кӛрсетуі, инсталляциясы.