ОЖЖ оқу сабақтарының кестесін құруға және оқытушының оқу
жұмысының еңбек сыйымдылығын
есептеуге негіз болады.
ЖОЖ және ОЖЖ-ның нысанын, құрылымын жобалау, бекіту тәртібін жоғары оқу орындары өздері
анықтайды.
37. Барлық оқу пәндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен анықталады. Оқу бағдарламалары
үлгілік, жұмыс және силлабус болып бөлінеді.
Үлгілік оқу бағдарламалары (ҮОБ) міндетті компонент пәндері бойынша әзірленеді және оларды
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Оқу жұмыс бағдарламалары мен силлабустар (докторанттарға арналған пән бағдарламалары) оқу
жоспарының барлық пәндері бойынша әзірленеді және оларды жоғары оқу орны бекітеді. Бұл ретте,
олар міндетті компонент пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді, ал
таңдау компоненті пәндері бойынша жоғары оқу орны өзі әзірлейді. Жұмыс оқу бағдарламалары мен
силлабустардың нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту тәртібін жоғары оқу орнының өзі
анықтайды.
38. Докторант ғылыми консультанттардың жетекшілігімен жасалатын жеке жұмыс жоспары
негізінде оқиды.
39. Докторанттың жеке жұмыс жоспары оқудың толық кезеңіне арналып жасалады және мынадай
бөлімдерден тұрады:
1) ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады);
2) ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және
есеп беру нысаны);
3) практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру нысаны);
4) негіздемесі мен құрылымы көрсетілген докторлық диссертация тақырыбы;
5) докторлық диссертацияны орындау жоспары;
6) ғылыми жарияланымдар және тағылымдамадан, оның ішінде шетелдік тағылымдамадан өту
жоспары.
40. Докторантурадағы оқу сабақтары инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивті
әдістерін қолдана отырып жүргізілуі тиіс.
41. Оқу процесін жоспарлау кезінде жоғары оқу орны осы стандартқа
сәйкес
1-қосымшаға
докторантураның білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормаларын басшылыққа алады.
3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
42. Докторанттың оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы бойына әрбір пән немесе оқу
жұмысының түрін игеретін кредиттермен өлшенеді.
43. ПОҚ оқу жүктемесін жоспарлау кредитпен немесе аудиториялық оқу сабақтарын кесте
бойынша немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін жеке бекітілген график бойынша оқытушының білім
алушылармен байланыс жұмысының уақытын білдіретін академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.
44. Студиялық және зертханалық сабақтардан өзге аудиториялық жұмыстың бір академиялық
сағаты 50 минутқа тең. Студиялық сабақтар үшін бір академиялық сағат 75 минутқа және зертханалық
сабақтар үшін 100 минутқа тең.
Докторант практикасының барлық түрлерінің, ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу)
жұмысының және қорытынды аттестаттаудың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең.
45. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит:
1) семестр түріндегі академиялық кезең бойындағы докторанттың аудиториялық жұмысының;
2) докторанттың кәсiби практика кезіндегі жұмысының;
3) докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысы (ДҒЗЖ/ДЭЗЖ) кезінде ғылыми
консультанттармен жұмысының;
4) докторанттың докторлық диссертацияны жазу мен қорғау бойынша жұмысының;
5) докторанттың кешенді емтиханға дайындық және оны тапсыру бойынша жұмысының 15
академиялық сағатына тең екенін ескеру қажет.
46. Білім алушылардың оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу
жұмыстарының әр түрлері үшін академиялық сағатпен жүретін оқу сағаттарының көлемдерімен (50
минуттық байланыс сағаттары) айқындалады.
Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50, 75 немесе 100 минутқа тең болуы мүмкін.
Аудиториялық жұмыстың бір сағаты 50, 75 немесе 100 минутқа тең болғандықтан, докторанттардың
аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары тиісінше ДӨЖ сағаттарымен толығады, осылайша
докторанттың семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір аптасындағы бір кредит жиынтық оқу
жүктемесі 3 сағатқа тең болады.
Практиканың әр академиялық сағаты докторанттың қосымша жұмысының тиісті оқу сағаттарымен
(50 минуттан) толықтырылады: педагогикалық практика үшін – 1 сағат, өндірістік практика үшін – 4
сағат және зерттеу практикасы үшін – 7 сағат.
Докторлық диссертацияның орындалуын қоса алғанда, ДҒЗЖ/ДЭЗЖ-ның әрбір академиялық сағаты 7
сағаттық ДӨЖ-бен толықтырылады.
Қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты докторлық диссертацияны жазу және қорғау
немесе кешенді емтиханға дайындық және оны тапсыру бойынша докторанттың оқытушымен байланыс
жұмысының бір сағаты болып табылады. Докторантты қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты
6 сағаттық ДӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
47. Кредиттік оқыту технологиясында докторанттардың өздігінен орындайтын жұмыстарының
көлемі артады, ол екі түрге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін докторанттың
өзіндік жұмысы (ОДӨЖ) және докторанттың өзі орындайтын жұмысы (ДӨЖ).
48. Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін докторанттың өзіндік жұмысы докторанттың
оқытушымен байланыста орындалатын аудиториядан тыс жұмысының түрі болып табылады. ОДӨЖ оқу
сабақтарының жалпы кестесіне кірмейтін жеке график бойынша орындалады.
49. ДӨЖ бен ОДӨЖ-дің өзіндік жұмыстың жалпы көлеміндегі арақатынасын жоғары оқу орны өзі
анықтайды.
50. Дәріс пен практикалық (семинар) сабақтар кезіндегі докторанттың оқытушымен байланыс
сағаттары жиынтығында әр байланыс сағаты 2 сағат ДӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
Студиялық және зертханалық сабақтар, докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу)
жұмысы, қорытынды аттестаттау сияқты оқу жұмыстарының түрлері үшін ОДӨЖ жоспарлау қажеттілігін
және оның көлемін жоғары оқу орны өзі белгілейді.
51. Докторантурадағы оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңінен,
практикалардан, демалыстардан, докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысынан
және соңғы курста қорытынды аттестаттаудан тұрады.
52. Академиялық кезең ұзақтығы 15 апта болатын семестрден тұрады.
53. Әр академиялық кезеңнен кейінгі аралық аттестаттаудың/қорытынды бақылаудың ұзақтығы
кемінде 1 аптаны құрайды.
Пән бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 %-дан, ал қорытынды
бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс.
54. Оқу жылы бойындағы демалыс ұзақтығы соңғы курстан өзге курстарда 5 аптадан кем болмауы
тиіс.
55. Докторанттардың кәсіби практикасы бекітілген академиялық күнтізбе мен докторанттың
жеке жұмыс жоспарына сәйкес осы стандартпен және мамандықтың ҮОЖ-бен белгіленген көлемде
жүргізіледі.
56. Практикалардың ұзақтығы докторанттың практика кезіндегі 30 сағатқа тең апта бойғы (5
күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) нормативті жұмысын уақытын есепке ала отырып,
аптамен анықталады. Апта санын шығару үшін практиканың кредитпен есептелген көлемін тиісті
практика түрінің байланыс сағатымен есептелген еңбек сыйымдылығына көбейту керек және оны
докторанттың апта бойғы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлу керек.
Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы педагогикалық практика үшін 30 сағатты (50
минуттан), өндірістік практика үшін 75 сағатты (50 минуттан), зерттеу практикасы үшін 120
сағатты (50 минуттан) құрайды. 1 кредитке сәйкес келетін практиканың ұзақтығы аптамен
есептегенде педагогикалық практика үшін 1 аптаны, өндірістік практика үшін 2,5 аптаны, зерттеу
практикасы үшін 4 аптаны құрайды.
57. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау және ДҒЗЖ, ДЭЗЖ аптамен жоспарлау 54 сағатқа
тең докторанттардың апта бойғы жұмысының нормативті уақытына (6 күндік жұмыс аптасы кезінде
ДӨЖ-ді қоса есептегенде күніне 9 сағат) сүйене отырып анықталады.