Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 1-бөлім. Магистратура



жүктеу 175,04 Kb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата19.11.2018
өлшемі175,04 Kb.
#20565
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

      44. Жұмыс оқу бағдарламалары мен силлабустар (магистранттарға арналған пән бағдарламалары)

оқу жоспарының барлық пәндері бойынша әзірленеді және оларды жоғары оқу орны бекітеді. Бұл

ретте, оларды әзірлеу міндетті компонент пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде

жүзеге асырылады, ал таңдау компонентінің пәндері бойынша жоғары оқу орны өзі әзірлейді. Жұмыс

оқу бағдарламалары мен силлабустардың формасын, құрылымын, әзірлеу және бекіту тәртібін жоғары

оқу орнының өзі анықтайды.

      45. Магистрант ғылыми жетекшісінің көмегімен жасалатын жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды.

      46. Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқудың толық кезеңіне жасалады және мынадай

бөлімдерден тұрады:

      1) ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады);

      2) ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және

есеп беру нысаны);

      3) практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру нысаны);

      4) негіздемесі мен құрылымы көрсетілген магистрлік диссертация тақырыбы;

      5) магистрлік диссертацияны орындау жоспары;

      6) ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалардан өту жоспары.

      47. Магистратурадағы оқу сабақтары инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивті

әдістерін қолдана отырып жүргізілуі тиіс.

      48. Оқу процесін жоспарлау кезінде жоғары оқу орны білім беру бағдарламасы компоненттерін

бөлу нормаларын осы стандартқа 

 (ғылыми және педагогикалық бағыттар үшін) және  ,  

1-қосымшаға

2

(бейіндік магистратура үшін) сәйкес басшылыққа алады.



3-қосымшаларға

3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

      49. Магистранттың оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы ішінде әр пән немесе оқу жұмысының

түрі бойынша игеретін кредит санымен өлшенеді.

      50. ПОҚ оқу жүктемесін жоспарлау кредитпен немесе аудиториялық оқу сабақтарын кесте

бойынша немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін жеке бекітілген график бойынша оқытушының

магистранттармен байланыс жұмысының уақытын білдіретін академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.

      Студиялық және зертханалық сабақтардан өзге аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты

50 минутқа тең. Студиялық сабақтар үшін бір академиялық сағат 75 минутқа және зертханалық

сабақтар үшін 100 минутқа тең.

      Магистрант практикасының барлық түрлерінің, ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу)

жұмысының және қорытынды аттестаттаудың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең.

      51. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит:

      1) семестр түріндегі академиялық кезең бойындағы магистранттың аудиториялық жұмысының;

      2) кәсiби практика кезеңіндегі магистранттың оқытушымен жұмысының;

      3) ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысы кезеңіндегі магистранттың оқытушымен

жұмысының;

      4) магистранттың магистрлiк диссертацияны жазу және қорғау бойынша жұмысының;

      5) магистранттың кешенді емтиханға дайындық және оны тапсыру кезіндегі жұмысының 15

академиялық сағатына тең екенін ескеру қажет.

      52. Магистранттардың оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу

жұмыстарының түрлері үшін академиялық сағатпен ілесе жүретін оқу сағаттарының көлемдерімен (50

минуттық байланыс сағаттары) анықталады.

      53. Аудиториялық жұмыстың бір сағаты 50, 75 немесе 100 минутқа тең болуы мүмкін.

Магистранттардың аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары тиісті МӨЖ сағаттарымен толығады,

осылайша бір кредитке магистранттың семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір аптасындағы

жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады.

      54. Практиканың әр академиялық сағаты магистранттың қосымша жұмысының тиісті оқу

сағаттарымен (50 минуттан) толықтырылады: педагогикалық практика үшін – 1 сағат, өндірістік

практика үшін – 4 сағат және зерттеу практикасы үшін – 7 сағат.

      55. Магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысының, магистранттың




магистрлiк диссертацияны орындауын қоса алғанда, әрбiр академиялық сағаты 7 сағаттық МӨЖ-бен

толықтырылады.

      56. Магистрантты қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты магистрлік диссертацияны

жазу және қорғау немесе кешенді емтиханға дайындық және оны тапсыру бойынша магистранттың

оқытушымен байланыс жұмысының бір сағаты (50 минут) болып табылады. Магистрантты қорытынды

аттестаттаудың әр академиялық сағаты 6 сағаттық МӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.

      57. Кредиттік оқыту технологиясында магистранттардың өздігінен орындайтын жұмысының көлемі

артады, ол екі түрге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың өзіндік

жұмысы (ОМӨЖ) және магистранттың өзі орындайтын жұмысы (МӨЖ).

      58. Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы жеке график

бойынша оқытушымен байланыста орындалатын магистранттың аудиториядан тыс жұмыс түрі болып

табылады және жалпы оқу кестесіне енбейді. ОМӨЖ барысында оқу бағдарламасындағы анағұрлым қиын

сұрақтар, үй тапсырмалары, курстық жобалар (жұмыстар) бойынша консультациялар өткізіледі, МӨЖ

тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізіледі.

      59. ОМӨЖ бен МӨЖ-дің өзіндік жұмыстың жалпы көлеміндегі арақатынасын жоғары оқу орны өзі

анықтайды.

      60. Дәріс пен практикалық (семинар) сабақтар кезіндегі магистранттың оқытушымен жұмысының

байланыс сағаттары жиынтығында әр байланыс сағаты 2 сағат МӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.

      61. Студиялық және зертханалық сабақтар, магистранттың

ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмыстары, қорытынды аттестаттау сияқты оқу жұмысының

түрлері үшін МОӨЖ сағаттарын жоспарлау қажеттілігін және оның көлемін жоғары оқу орны өзі

белгілейді (мысалы, магистрлік диссертацияны орындау барысын бақылау үшін).

      62. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңінен, практикалардан,

демалыстардан, магистранттың ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысынан және соңғы курста

қорытынды аттестаттаудан тұрады.

      63. Академиялық кезең ұзақтығы 15 апта болатын семестрден тұрады.

      64. Әр академиялық кезеңнен кейінгі аралық аттестаттаудың ұзақтығы кемінде 2 аптаны

құрайды.


      65. Аралық аттестаттау кезеңінде барлық оқытылған пәндер бойынша қорытынды бақылау

жүргізіледі және ағымдағы үлгерім бағаларын (ағымдағы және межелік бақылаулар бойынша бағалардың

арифметикалық ортасы) ескере отырып, пәндердің қорытынды бағалары шығарылады.

      Пән бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 %-дан, ал қорытынды

бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс.

      66. Оқу жылы ішіндегі демалыс ұзақтығы соңғы курсты қоспағанда, курстарда 7 аптадан кем

болмауы тиіс.

      67. Магистранттардың кәсіби практикасы бекітілген академиялық күнтізбе мен магистранттың

жеке жұмыс жоспарына сәйкес осы стандартпен және мамандық бойынша ҮОЖ-бен белгіленген көлемде

жүргізіледі.

      68. Практикалардың ұзақтығы магистранттың практика кезіндегі 30 сағатқа тең апта бойғы (5

күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) нормативті жұмыс уақытын есепке ала отырып, аптамен

анықталады. Апта санын шығару үшін практиканың кредитпен есептелген көлемін тиісті практика

түрінің байланыс сағатымен есептелген еңбек сыйымдылығына көбейту керек және оны магистранттың

апта бойғы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлу керек.

      Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы педагогикалық практика үшін 30 сағатты (50

минуттан), өндірістік практика үшін 75 сағатты (50 минуттан), зерттеу практикасы үшін 120

сағатты (50 минуттан) құрайды. 1 кредитке сәйкес келетін практиканың ұзақтығы аптамен

есептегенде педагогикалық практика үшін 1 аптаны, өндірістік практика үшін 2,5 аптаны, зерттеу

практикасы үшін 4 аптаны құрайды.

      69. Магистранттарды қорытынды аттестаттау және МҒЗЖ, МЭЗЖ аптамен жоспарлау 54 сағатқа тең

магистранттардың апта бойғы жұмысының нормативті уақытына (6 күндік жұмыс аптасы кезінде МӨЖ-ді

қоса есептегенде күніне 9 сағат) сүйене отырып анықталады.

      МҒЗЖ, МЭЗЖ бір кредитіне магистрант жұмысының 120 (15х8) сағаты, яғни 2,2 апта сәйкес

келеді.

      Қорытынды аттестаттаудың бір кредитіне 105 (15х7) сағат, яғни 2 апта сәйкес келеді. Оның




жүктеу 175,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау