және 50%
міндетті компонент пәндеріне, ал 38% және 50% таңдау компоненті пәндеріне тиесілі.
25. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі
үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 52%-ын құрайды, оның ішінде 9%-ы міндетті компонент
пәндеріне және 91%-ы таңдау компоненті пәндеріне тиесілі.
Бейіндік бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының
жалпы көлемінің 56%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) және 72%-ын (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды, оның
ішінде 10% және 12% міндетті компонент пәндеріне, ал 90% және 88% тиісінше таңдау компоненті
пәндеріне тиесілі.
26. Міндетті компонент пәндерінің тізбесі үлгілік оқу жоспарымен анықталады. Міндетті
компонент пәндерінің көлемін қысқартуға жол берілмейді.
27. Таңдау компоненті пәндерінің тізбесін жоғары оқу орны өзі анықтайды. Бұл ретте жұмыс
берушілердің талаптары мен еңбек нарығының сұранысы ескеріледі.
28. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының
мазмұны
сәйкес белгіленеді.
1-кестеге
1-кесте
Р/с №
Пән және қызмет түрлерінің атауы
Кредит бойынша
көлемі
1
2
3
1
Базалық пәндер (БП)
20
1)
Міндетті компонент (МК):
8
Ғылым тарихы мен философиясы
2
Шет тілі (кәсіби)
2*
Педагогика
2
Психология
2
2)
Таңдау компоненті (ТК)
12
2
Бейіндеуші пәндер
22
1)
Міндетті компонент (МК)
2
2)
Таңдау компоненті (ТК)
20
Теориялық оқыту бойынша барлығы
42
3
Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)
кемінде 13
1)
Практика (педагогикалық, ғылыми-зерттеу)
кемінде 6**
2)
Магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын магистранттың
ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ)
кемінде 7
4
Қорытынды аттестаттау (ҚА)
4
1)
Кешенді емтихан (КЕ)
1
2)
Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау (МДРҚ)
3
Барлығы
кемінде 59
* Педагогикалық мамандықтар бойынша базалық пәндер цикліндегі шет тілі (кәсіптік) пәні бойынша
кредит саны 3-еуді құрайды, тиісінше таңдауы компоненті 11 кредиттен тұрады.
** Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығына кірмейді. Қажет болған
жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын көбейте алады.
29. Бейіндік бағыттағы магистратураның білім
беру бағдарламасының мазмұны
сәйкес
2-кестеге
белгіленеді.
2-кесте
Р/с №
Пән және қызмет түрлерінің атауы
Кредит бойынша көлемі
1
2
3
Оқу мерзімі**
1 жыл
1,5 жыл
1
Базалық пәндер (БП)
8
10
1)
Міндетті компонент (МК)
5
5
Шет тілі (кәсіби)
2
2
Менеджмент
1
1
Психология
2
2
2)
Таңдау компоненті (ТК)
3
5
2
Бейіндеуші пәндер (КП)
10
26
1)
Міндетті компонент (МК)
1
3
2)
Таңдау компоненті (ТК)
9
23
Теориялық оқыту бойынша барлығы
18
36
3
Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)
кемінде 6
кемінде 8
1)
Практика (өндірістік)*
кемінде 2
кемінде 4
2)
Магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын
магистранттың эксперименталды- зерттеу жұмысы (МЭЗЖ)
кемінде 4
кемінде 4
4
Қорытынды аттестаттау (ҚА)
4
4
1)
Кешенді емтихан (КЕ)
1
1
2)
Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау (МДРҚ)
3
3
Барлығы
кемінде 28
кемінде 48
*Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының көлеміне кірмейді.
Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын көбейте алады.
**Оқу мерзімінің ұзақтығы магистранттардың бұған дейінгі дайындық деңгейіне және алған
мамандығына байланысты осы стандартқа сәйкес анықталады.
30. Бейіндік магистратураны бітірген магистрант педагогикалық қызметке кәсіптік
педагогикалық бейіндегі бағдарламаларды қосымша меңгеріп, негізгі дипломға қосымша тиісті куәлік
берілгеннен кейін ғана жіберіледі.
31. Бейіндік магистратураны бітірген тұлғалар үшін педагогикалық бейіндегі білім беру
бағдарламасының мазмұны
сәйкес белгіленеді.
3-кестеге
3-кесте
Р/с №
Пәндердің және қызмет түрлерінің атауы
Кредит бойынша көлемі
1
2
3
1
Базалық пәндер (БП)
7
1)
Міндетті компонент:
5
Ғылым тарихы мен философиясы
2
Педагогика
3
2)
Таңдау компоненті
2
Теориялық оқыту бойынша жалпы саны
7
2
Практика (педагогикалық)
кемінде 3*
*Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының көлеміне кірмейді.
Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын көбейте алады.
33. Магистратурада оқыту мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Оқу тілін
магистранттың өзі таңдайды.
34. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу
сабақтарын жүргізу тәсілдерін, магистранттың өзіндік жұмысын, олардың оқу жетістіктерін
қорытынды бақылау нысандарын таңдау арқылы жүзеге асады.
35. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-өлшегіш құралдары: оқу жоспары
мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезеңдер ұзақтығына, академиялық
сабақ түрлеріне, оқу материалының көлеміне қойылатын талаптарға сәйкес анықталады.
36. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде жүзеге асады.
Оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ), жеке (ЖОЖ) және жұмыстық (ОЖЖ) болып бөлінеді.
37. ҮОЖ осы стандарт негізінде магистратураның нақты мамандықтары бойынша әзірленеді және
оны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
ҮОЖ-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбек сыйымдылығы және әрбір оқу қызметінің
түрі (практика, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешендi емтихан, магистрлік диссертацияны жазу және қорғау)
кредитпен анықталады, ал оқу пәндерінің әр циклі бойынша таңдау компоненті кредиттердің жалпы
санымен көрсетіледі.
38. ҮОЖ-ға қосымша жыл сайын жоғары оқу орны таңдау компонентіндегі барлық пәндердің
жүйеленген, аннотацияланған тізімі болып табылатын элективті пәндер каталогын (ЭПК) жасайды.
ЭПК-де әр оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіледі. ЭПК
магистранттарға элективті оқу пәндерін баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
39. Мамандық бойынша ҮОЖ мен ЭПК негізінде магистрант эдвайзердің көмегімен ЖОЖ құрады.
ЖОЖ әрбір магистранттың жеке білім алу траекториясын анықтайды.
ЖОЖ-ға ҮОЖ-дан міндетті компонент пәндері мен оқу әрекетінің түрлері (практикалар, МҒЗЖ
(МЭЗЖ), кешенді емтихан, магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау) және ЭПК-дан таңдау
компоненті пәндері кіреді.
40. ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың ҮОЖ-ы мен магистранттардың ЖОЖ-ы негізінде жасалады және
оны Ғылыми кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
ОЖЖ-да оқу жылында оқытылатын пәндер тізбесі және олардың кредитпен санағандағы еңбек
сыйымдылығы, оқытылу реті, оқу сабақтарының түрлері, бақылау нысандары, сондай-ақ оқу қызметінің
басқа да түрлері (практикалар, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешенді емтихан, магистрлік диссертацияны ресімдеу
және қорғау) айқындалады.
ОЖЖ оқу сабақтарының кестесін құруға және оқытушының оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын
есептеуге негіз болады.
41. ЭПК, ЖОЖ және ОЖЖ-ның нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту ретін жоғары оқу орны
өзі анықтайды.
42. Барлық оқу пәндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен анықталады. Оқу бағдарламалары
үлгілік, жұмыс және силлабус болып бөлінеді.
43. Үлгілік оқу бағдарламалары (ҮОБ) міндетті компонент пәндері бойынша әзірленеді және
оларды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітіледі.