Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 1-бөлім. Магистратура



жүктеу 175,04 Kb.
Pdf просмотр
бет4/11
Дата19.11.2018
өлшемі175,04 Kb.
#20565
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ішінде 15 байланыс сағаты магистранттың оқытушымен жұмысына, 90 сағаты МӨЖ-ге бөлінеді.

      Кешенді емтиханға дайындалуға және тапсыруға 1 кредит, яғни 2 апта бөлінеді.

      Магистрлік диссертацияны ресімдеуге және қорғауға 3 кредит, яғни тиісінше 6 апта беріледі.

Магистрлік диссертацияны орындау процесінің өзі алдын ала магистранттың ғылыми-зерттеу

(эксперименталды-зерттеу) жұмысы барысында жүргізіледі.

      70. Магистранттардың қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, оқу жоспарларындағы

академиялық айырмашылықты немесе академиялық қарызды жою үшін, игерген кредиттері өз ЖОО-да

міндетті түрде қайта есепке алынатын жағдайда басқа ЖОО-да оқу пәндерін оқып-үйрену үшін,

үлгерімнің орташа балын (GPA) көтеру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы семестр (бітіруші

курстан өзге курстарда) енгізілуі мүмкін.

      71. Магистрлер даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі өлшемі:

      1) ғылыми және педагогикалық дайындық бойынша - 59-дан кем емес кредитті, оның ішінде

теориялық оқытудың 42-ден кем емес кредитін, практиканың 6-дан кем емес кредитін, ғылыми-зерттеу

жұмысының 7-ден кем емес кредитін игеруі;

      2) бейіндік дайындық бойынша – кемінде 28 кредитті (оқу мерзімі – 1 жыл) және кемінде 48

кредитті (оқу мерзімі – 1,5 жыл), оның ішінде теориялық оқытудың тиісінше кемінде 18 және 36

кредитін, практиканың тиісінше кемінде 2 және 4 кредитін, эксперименталды-зерттеу жұмысының

тиісінше кемінде 4 және 4 кредитін игеруі болып табылады.

      Магистратураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп, оған қойылатын

талаптарды орындаған жағдайда магистрантқа оқу мерзіміне қарамастан «магистр» академиялық

дәрежесі беріледі.

      72. Бейіндік магистратураны бітірген магистрант педагогикалық бейіндегі пәндер циклін

меңгеріп, педагогикалық практикадан өткен жағдайда ғана ғылыми және педагогикалық қызмет атқара

алады. Осы пәндер циклі және педагогикалық практика қосымша академиялық кезең ішінде

меңгеріледі, оны аяқтаған соң негізгі дипломға белгіленген үлгідегі тиісті куәлік қоса беріледі.

      73. Магистратураның білім беру бағдарламасы теориялық оқудың толық курсын меңгерген, бірақ

ғылыми-зерттеу компонентін орындамаған магистрантқа келесі оқу жылында ақылы негізде

ғылыми-зерттеу компонентінің кредиттерін қайта игеруге және диссертацияны қорғауға мүмкіндік

беріледі.

      74. Магистратураның білім беру бағдарламасы теориялық оқытуының толық курсын меңгерген,

бірақ белгіленген мерзімде магистрлік диссертациясын қорғамаған магистрантқа магистратурада оқу

мерзімі ақылы негізде ұзартылады.

      75. Жоғары оқу орны магистратураның оқу процесін алынған лицензияға сәйкес ұйымдастырады

және білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын сақтауы тиіс.

      76. ЖОО білім беру қызметін тиісті материалдық-техникалық базамен, білікті

профессорлар-оқытушылар құрамымен, кітапхана қорымен, Интернет және басқа да ақпараттық

қорлармен, қаладан тыс жерлерден келген магистранттарды жатақханамен және басқа да қолдау

қызметімен қамтамасыз етеді.

      77. Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

      Магистратураның білім беру бағдарламасын іске асыратын жоғары оқу орнында қолданыстағы

санитарлық-техникалық нормаларға сәйкес келетін және оқу жоспарында көзделген теориялық және

практикалық дайындықтың барлық түрлерін жүргізуді, сондай-ақ магистранттың ғылыми-зерттеу және

эксперименталды-зерттеу жұмыстарының нәтижелі орындалуын қамтамасыз ететін

материалдық-техникалық базасы (аудиториялық қор, компьютерлік сыныптар, зертханалар,

құрал-жабдықпен қамтамасыз ету, қор материалдары) болуы тиіс.

      78. Оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

      1) Оқу процесін оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету магистранттардың

магистратураның білім беру бағдарламасын сапалы меңгеруіне кепілдік беруі тиіс.

      2) Білім беру бағдарламасын іске асыру халықаралық ақпараттық желілерге, электронды

деректер қорларына, кітапхана қорларына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және

ғылыми әдебиеттерге еркін қол жеткізу мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс.

      3) Кітапхана қоры мен электронды және магнитті тасымалдаушылардағы оқу әдебиеттерімен

қамтамасыздандыру білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына

сәйкес келуі тиіс.




      79. Практикаларды ұйымдастыруға қойылатын талаптар:

      Ғылыми және педагогикалық магистратурадағы білім беру бағдарламасына практиканың екі түрі

кіреді:

      1) білім беру ұйымдарында өткізілетін педагогикалық практика;



      2) диссертацияны орындау орны бойынша өткізілетін зерттеу практикасы.

      Педагогикалық практика оқытудың практикалық дағдылары мен әдістемесін қалыптастыру

мақсатында өткізіледі.

      Педагогикалық практика теориялық оқыту кезеңінде оқу процесінен қол үзбей өткізіледі. Осы

ретте магистранттар бакалавриатта сабақ жүргізуге тартылуы мүмкін.

      Магистранттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық,

әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеудің, эксперименталды деректерді

өңдеу мен интерпретациялаудың қазіргі әдістерімен таныстыру мақсатында жүргізіледі.

      Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламасы өндірістік практиканы қамтуы тиіс.

      Магистранттың өндірістік практикасы оқу процесінде алған теориялық білімін бекіту, оқып

жатқан мамандығы бойынша кәсіптік қызмет дағдыларын, құзыреттері мен тәжірибесін жинақтау,

сондай-ақ озық тәжірибені игеру мақсатында өткізіледі.

      Зерттеу/өндірістік практиканың мазмұны диссертациялық зерттеу тақырыбымен анықталады.

      80. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:

      Ғылыми және педагогикалық магистратурадағы ғылыми-зерттеу жұмысы:

      1) магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблемасына сәйкес келуі;

      2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығының болуы;

      3) ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік, технологиялық жетістіктеріне

сүйенуі;

      4) ғылыми зерттеудің қазіргі әдістерін қолдану арқылы орындалуы;

      5) негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық)

бөлімдерінің болуы;

      6) тиісті білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге негізделуі тиіс.

      81. Магистранттың эксперименталдық-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар.

      Бейіндік магистратурадағы эксперименталдық-зерттеу жұмысы:

      1) магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблемасына сәйкес келуі;

      2) ғылым мен техниканың, өндірістің қазіргі жетістіктеріне негізделуі және нақты

практикалық ұсынымдарды, басқарушылық міндеттердің өзіндік шешімдерін қамтуы;

      3) алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолдана отырып орындалуы;

      4) негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименталды-зерттеу (әдістемелік, практикалық)

бөлімдерінің болуы тиіс.

      82. Ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмыстарының нәтижесі өтілуіне қарай

әрбір академиялық кезеңнің соңында магистранттың есебі түрінде ресімделеді.

      МҒЗЖ (МЭЗЖ) шеңберінде магистранттың жеке жұмыс жоспарында міндетті түрде шетелдік ғылыми

тағылымдамадан өтуі қарастырылады.

      83. Магистранттың ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмысының ең соңғы

қорытындысы магистрлік диссертация болып табылады.

      84. Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері ең кемі бір жарияланымда және/немесе

ғылыми-практикалық конференцияға қатысуында көрінуі тиіс.

      85. Магистрлік диссертацияның мазмұны мен ресімделуіне, оның дайындалуы мен қорғалуына

қойылатын талаптарды жоғары оқу орны өзі анықтайды.

      86. Магистрлік диссертация міндетті түрде плагиатқа тексерілуден өтуі тиіс, мұндай

тексерісті жүргізу қағидалары мен тәртібін жоғары оқу орнының өзі анықтайды.

      87. ЖОО-ның кадрлық құрамына қойылатын талаптар лицензиялау кезінде білім беру қызметіне

қойылатын біліктілік талаптарымен айқындалған.

      ЖОО оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын ұстанған жағдайда оқу

сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің әдіс-тәсілдері мен нысандарын, оқытудың әдістерін еркін

таңдауға құқылы.

      88. Магистратураға оқуға қабылданғаннан кейінгі екі айдың ішінде магистрлік диссертацияға

жетекшілік жасау үшін ғылыми жетекші тағайындалады.




жүктеу 175,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау